Қостанай қаласының 2015 жылға арналған бюджетінің кіріс бөлігінің атқарылуы туралы



жүктеу 78.32 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі78.32 Kb.
Қостанай қаласының 2015 жылға арналған бюджетінің кіріс бөлігінің атқарылуы туралы
(млн.теңге)




2014 жылы іс жүзінде

2015 жылға жоспар

2015 жылы іс жүзінде

Жоспардың орындалуы

сомасы

(+,-)

%

1-3 санаттағы кірістер, оның ішінде:

18537,6

18876,5

19410,0

533,5

102,8

Салықтық түсімдер

16818,1

17165,2

17592,7

427,6

102,5

оның ішінде:
















Төлем көзінен алынатын кірістердің ЖТС

6953,3

6899,3

6805,6

-93,7

98,6

Төлем көзінен алынбайтын кірістердің ЖТС

1048,2

1159,6

1178,8

19,2

101,7

Әлеуметтік салық

5629,9

5650,0

5705,3

55,3

101,0

Салықтық емес түсімдер

178,8

92,2

129,0

36,7

139,8

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

1540,8

1619,1

1688,3

69,2

104,3

оның ішінде:
















Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер

1371,8

1435,7

1449,9

14,2

101,0


2015 жылы Қостанай қаласының бюджетіне 1-3 санаттағы кірістер бойынша 19410,0 млн.теңге келіп түсті, жоспар 18876,5 млн.теңге, жоспар 102,8% орындалды, 533,5 млн.теңгеге артық орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсімдер 872,4 млн.теңгеге немесе 4,7 % ұлғайды.



Салықтық түсімдер бойынша кірістер 17592,7 млн.теңгені құрады, жоспар (17165,2 млн.теңге) 102,5 % орындалды, артық орындау 427,6 млн.теңгені құрады. Оның ішінде төлем көзінен алынбайтын кірістерден ЖТС 19,2 млн.теңгені, әлеуметтік салық бойынша 55,3 млн.теңгені, мем. баж салығы бойынша 215,4 млн.теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 774,6 млн.теңгеге немесе 4,6 % ұлғайды.

Салықтық емес түсімдер бойынша 129,0 млн.теңге келіп түсті, жоспар (92,2 млн.теңге), 139,8 % орындалды және 36,7 млн.теңгеге артық орындалды.

Негізгі капиталды сатудан 1688,3 млн.теңге түсті, жоспар (1619,1 млн.теңге) 104,3 % орындалды және 69,2 млн.теңгеге артық орындалды. 301103 «Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдер» коды бойынша жоспар бойынша 1435,7 млн.теңге болса, қала бюджетіне 1449,9 млн.теңге түсті, жоспар 14,2 млн.теңгеге артық орындалды.

Қостанай қаласының 2015 жылға арналған бюджетінің шығыс бөлігінің атқарылуы туралы
2015 жылы кассалық шығындар 34901,4 млн. теңгені немесе жылға түзетілген бюджетке 99,3% құрады.

Функционалдық топтар бойынша шығыстар бағытталды:




Атауы

Сомасы

Жалпы шығыстарға %

- Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

389,3

1,12


- Қорғаныс

41,8

0,12

- Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

29,7

0,09

- Білім

7686,5

22,02

- Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек

884,4

2,53

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

10154,9

29,10

- Мәдениет, спорт, туризм және ақпарттық кеңістік

747,7

2,14

  • Жылу-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану

1,6


0,00

66,3



0,19

- Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

103,6

0,30

- Көлік және коммуникациялар

3040,4

8,71

- Басқалар

89,2

0,26

- Қарызға қызмет көрсету

0,3

0,00

- Трансферттер

10483,6

30,04

- Қарыздарды өтеу

1182,0

3,39


01.01.2016 ж. Қостанай қаласының бюджеті бойынша 230,67 млн.теңге бюджет қаражаты игерілмеген (атқару пайызы 99,3 %), оның ішінде:

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер және кредиттер бойынша 136,44 млн. теңге, оның ішінде:

Объективті себептер бойынша – 80,16 млн.теңге, оның ішінде:

  • мем.мекемелер мен кәсіпорындардың мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне ерекше жұмыс жағдайлары үшін үстемеақы төлеуге бөлінген трансферт бойынша бос орындарға, науқас қағаздарына байланысты – 4,86 млн.теңге;

  • үшдеңгейлік жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбек ақысын арттыруға бөлінген трансферт бойынша, бос лауазым орындарына байланысты – 3,7 млн.теңге;

  • инженерлік коммуникацияларға бөлінген трансферт бойынша – 3,12 млн.теңге, мем.сатып алу бойынша үнемдеу (солтүстік-батыс инженерлік коммуникацияларының құрылысы);

  • инженерлік коммуникацияларға ұлттық қордан бөлінген трансферт бойынша - 4,6 млн.теңге «Әуежай ауданындағы инженерлік коммуникациялар. Алаң сыртындағы желілер», құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша үнемдеу;

  • тұрғын үй құрылысына ұлттық қордан бөлінген несиелер бойынша – 31,32 млн.теңге, мем.сатып алу бойынша үнемдеу;

  • тұрғын үй құрылысына бөлінген несиелер бойынша – 32,5 млн.теңге, «9 шағын аудандағы тұрғын үйдің құрылысы» объекті бойынша жұмыстарды орындау кестесінен ауытқу, 30.11.2015 ж. шарт, Қазынашылық органдарында желтоқсан айында тіркелген.


субъективті себептер бойынша – 56,34 млн. теңге, оның ішінде:

  • ұлттық қордан инженерлік коммуникацияларға бөлінген трансферт бойынша – 6,78 млн.теңге, 5 % «№ 3 мектеп ауданындағы тұрғын үйлерге абаттандыру», тех.бақылау асфальт жабынына келісім бермейді;

  • тұрғын үй құрылысына бөлінген нысаналы трансферттер бойынша – 14,98 млн.теңге шарттың шарттары бойынша 5% «Мирошниченко көш. тұрғын үйдің құрылысы»;

  • тұрғын үй құрылысына бөлінген несиелер бойынша – 34,4 млн.теңге, шарттың шарттары бойынша 5% «№ 3 мектеп ауданындағы тұрғын үйдің құрылысы. В блогы».


Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша – 60,97 млн.теңге, оның ішінде:

объективті себептер бойынша – 41,72 млн.теңге, оның ішінде:

  • тұрғын үй құрылысына бөлінген трансферт бойынша – 0,5 млн.теңге, үнемдеу;

  • тұрмысы аз қамтылған азаматтарға келісім-шарт негізінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі өңірлік жобаларды енгізуге бөлінген трансферт бойынша – 0,02 млн.теңге, үнемдеу;

  • ҰОС мүгедектері мен қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждықтарына әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайтуға бөлінген трансферт бойынша – 0,09 млн.теңге, бюджет қаражатын алушылар санының азаюы;

  • сумен жабдықтау жүйесін дамытуға бөлінген трансферт бойынша – 2,74 млн.теңге, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезіндегі үнемдеу;

  • көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген трансферт бойынша – 0,28 млн.теңге, мем.сатып алу бойынша үнемдеу;

  • инженерлік коммуникацияларға бөлінген трансферт бойынша – 38,18 млн.теңге, оның ішінде 24,8 млн.теңге «Әуежай ауданындағы инженерлік коммуникациялар. Алаң сыртындағы желілер», құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша үнемдеу;


субъективті себептер бойынша – 19,25 млн.теңге, оның ішінде:

  • елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге бөлінген трансферт бойынша – 11,85 млн.теңге жауын кәрізін ағымдағы жөндеу бойынша. конкурс өткізілген жоқ, бәсекелі ортаның жоқтығы;

  • тұрғын үй құрылысына бөлінген трансферт бойынша – 2,5 млн.теңге, мем.сараптамаға шарттар жасалмаған;

  • инженерлік коммуникацияларға бөлінген трансферт бойынша – 4,9 млн.теңге 5% «№ 3 мектеп ауданындағы тұрғын үйлерге абаттандыру» тех.бақылау асфальт жабынына келісім бермейді.


Жергілікті бюджет бойынша – 33,26 млн.теңге, оның ішінде

объективті себептер бойынша – 12,66 млн.теңге, оның ішінде:

8,0 млн.теңге – мем.сатып алу бойынша үнемдеу,

0,23 млн.теңге – бос лауазым орындарына, науқас қағаздарына байланысты;

2,93 млн.теңге – Әкім резервінің бөлінбеген қалдығы;

1,5 млн.теңге «Аскос» ЖШС-нің шартты міндеттемелері: Дружба к. шағын қабатты құрылысына көлікпен өту жолдарын орындамауы.

субъективті себептер бойынша – 20,6 млн.теңге, оның ішінде

- елді мекендерді абаттандыру және жасыл желектендіру – 11,1 млн. теңге, МК-58 көлді тазарту жұмыстарын орындаудың қажеттілігі жоқ;



- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша – 9,5 млн.теңге, Дружба. Газбен жабдықтау – шарт бұзылды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет