Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет101/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Генетикалықкод
 
8– кесте 
 
 
 
Қорыта  келгеңде,  хабарлар  мен  жеделхат  беру  үшін  арнайы 
шартты  белгілер  -  «нүкте»  мен  “сызықша”  қолданылады.  Бұл  белгі-
лердің  әрқайсысы  бір  әліпбиге  сәйкес  келетіні  морзе  әліппесін 
білетіндерге  жақсы  таныс.  Сол  сияқты  полипептид  молекуласы 
синтезделгеңде  әрбір  аминқьппқылдарына  сәйкес  келетін  үшөрімді 


91 
 
ДНҚ-кодесі  деп  атайды.  Яғни,  әрбір  үшөрім  белгілі  бір 
аминқышқылын анықтайтын коде. 
 
Гендер.  Әр  түрлі  коделердің  негізінде  синтезделген  амин-
қышқылдары  мен  олар  құрайтын  ақуыздың  құрылысы  ерекше 
болады. Ондай ақуыз ағзадағы белгілердің қалыптасуын қамтамасыз 
етеді.  Әр  белгіні  қалыптастыратын  ақуызды  синтездейтін  ДНҚ-ның 
бөлігін ген деп атаймыз. 
Жасушадағы  тұқым  қуалаушылықтың  реттелуі  ДНҚ  -  кодесі 
арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан ДНҚ тірі табиғатта генетика-
лық ақпараттың рөлін атқарады. 
Транскрипция.  Кейінгі  кезде  ғалымдар  көпжасушалы  ағзалар-
дың  кейбір  гендерінің  құрылысын  және  оған  сәйкес  келетіна-РНҚ-
лармен салыстырып зерттеу арқылы гендердің ішіңде көптеген артық 
ДНҚ  бөліктерінің  бар  екенін  анықтады.  Зерттеушілер  геннің  ішінде 
10-нан  200-ге  дейін  нуклеотидтен  тұратын  қажетсіз  тізбектердің 
болатынын  тапты.  Осы  нуклеотидтерден  ДНҚ-ның  ақпараты 
бойынша геннің ұзындығына сәйкес келетін а-РНҚ синтезделеді. Оны 
ізашар -а-РНҚ деп атайды. Ізашар -а-РНҚ-дан арнаулы ферменттердің 
көмегімен  нуклеотид  тізбектерінің  артық  бөлігі  бөлініп  қалады  да, 
қалған бөліктері бір-бірімен жалғанады. Осындай принцип пен а-РНҚ 
молекуласы түзіледі. Осы әрекетті сплайсинг деп  атайды. Ізашар -а-
РНҚ-  дан  алынып  тасталған  бөліктерін  интрон,  ал  ақуызды 
синтездеуге қажет қалған бөліктерін экзон дейді. 
Ядрода  болатын  РНҚ-лар  сплайсингті  жүргізетін  ферменттерге 
көмектесіп,  ерекше  коферменттер  қызметін  атқарады.  Осы 
коферменттер қызметін атқаратын РНҚ-лар экэондардың ұшы, ізашар 
-а-РНҚ-ның  тізбегін  бір-бірімен  жақыңдастырып  ұстап  тұрады  екен. 
Ізашар  -  а-РНҚ  ешбір  ферменттің  көмегінсіз-ақ  өзіне  сплайсинг 
жүргізе алатындығы тәжірибе жүзіңде дәлелденді. Мысалы, ізашар — 
а-РНҚ-ның  генін  бактерия  плазмидасының  құрамына  ендіріп,  ал 
плазмиданы  қайтадан  бактерия  жасушасына  ендірген.  Сонда, 
плазмадағы  әлгі  геннен  көшіріп  алынган  ізашар  а-РНҚ  бактерия 
жасушасындағы  кәдімгі  -  а-РНҚ-ға  айналған,  бұлай  болудың  негізгі 
себебі,  тәжірибенің  алдында  геннің  интрондарының  алынып 
тасталуына  байланысты  болу  керек.  Бактерия  жасушасында 
сплайсинг  жүргізетін  ферменттер  болмағандықтан,  ізашар  -а-РНҚ 
өздігінен а-РНҚ-ға айналған болу керек. Бұдан РНҚ-ның ферменттік 
те қасиет көрсететіні дәлелденді. Осындай өзіне-өзі ферменттік ката-


92 
 
лиз  жүргізетін  ізашар  -а-РНҚ-ға  рибоим  деген  ат  берілді  ("рибо"  - 
РНҚ  дегенді,  ал  "зим"  фермент  дегенді  бүлдіреді).  Геннен  а-РНҚ 
ойдағыдай  транскрипцияланғанмен,  а-РНҚ  ядродан  цитоплазмаға 
шыға  алмайды  екен,  ал  сплайсинг  а-РНҚ-ның  ядро  жарғақшасынан 
шығуына  мүмкіндік  береді.  Яғни  сплайсинг  а-РНК-ның  ядро 
жарғақшасынан шығуына “рұқсат беретін” өзгеріс деген сөз. 
Жоғары сатыдағы ағзалардың а-РНҚ-сының тағы бір ерекшелігі 
мынадай:  олардыңа-РНҚ-сының  ұшына  транскрипциядан  кейін 
ерекше “қалпақ”  кигізіледі. "Қалпақ" деп отырғанымыз  - 7 көміртегі 
атомына метил тобы жалғасқан гуанозин. Қалпақтың негізгі қызметі 
а-РНҚ-ны сол ұшынан бастап ыдырататын ферменттерден қорғайды. 
Сонымен  қатар  тек  адениннен  тұратын  тізбек  "құйрық"  болады.Осы 
адениннен тұратын тізбек транскрипциядан кейін ізашар -а-РНҚ-ның 
ұшына  поли-А-синтеза  деген  фермент  арқылы  жалғасады. 
"Құйрықтың"  мөлшері  а-РНҚ-ның  түріне  қарай  әр  түрлі  болып 
келеді:  ол  20-дан  250-ге  дейін  "А"  нуклеотидтерінен  тұрады. 
Сонымен  қатар  а-РНҚ-ның  "құйрығына"ядроның  ішіндегі  арнайы 
ақуызбен  байланысып,  информасома  деп  аталатын  жиынтық 
құрайтындығы дәлелденді. 
Информасоманы  ашқан  -  Қазақстан  Республикасы  Ғылым 
академиясының  академигі  М.Ә.  Айтқожин  болды.  Осы  информасо-
маны  ашып,  оның  биологиялық  маңызын  түсіндіруге  қатысқан 
казақстандық ғалым МӘ. Айтқожин және т. б. ғалымдар 1976 жылы 
Лениндік сыйлыктың лауреаттары атағын алды. 
Сонымен  а-РНҚ  ядросындағы  ДНҚ-дан  синтезделуге  тиісті 
ақуыздың 
құрылымы 
туралы 
ақпаратты 
нуклеотидтерді 
комплементтік  негізге  сәйкес  көшіріп  жазып  алады.  Мысалы,  Ц
днк
-
қарсысында  Г
рнқ
,  А
днқ
  қарсысында  У
рнк
,  Г
днк
  қарсысында  Ц
рнқ
,  т.  б. 
болып 
жазылады. 
Осындай 
комплементарлық 
принциппен 
жазылудың  нәтижесінде  а-РНҚ-ның  тізбекшесі  ДНҚ  тізбегінің 
көшірмесі  болып  шығады.  Бұл  әрекет  транскрипция  (латынша. 
"Транскрипцио"— көшіріп жазу) деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет