Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет132/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Популяция  дегеніміз  белгілі  ареалды  мекендейтін,  өзара  еркін 
будандаса алу қабілеті бар бір түр ішіндегі организмдер  тобы болып 
саналады.  Популяциялар  үздіксіз  ұрпақтардың  қатары  болып 
табылады.  Бұдан  басқа,  популяцияның  генетикалық  құрылымы 
өзгеруі  мүмкін  яғни  ұрпақтан  ұрпакқа  эволюция  жолымен  дами 
алады.Мал  шаруашылығында  популяция  деп  белгілі  санымен  және 
нақты  ареалда  таралумен  сипатталатын  мал  тобын  түсінеді.  Мұндай 
популяция  басқа  популяциялардан  генетикалық  құрылымымен, 
өнімділік  сапасымен  тағы  басқа  белгілерімен  айырмашылығы 
болады.  Популяция  малдың  белгілі  бір  тұқымынан  құралуы  мүмкін, 
егер  шаруашылық  сол  тұқыммен  ғана  айналысса,  сонымен  қатар 
популяцияның  құрамына  әр  түрлі  тұқымдар  кіруі  де  мүмкін.  Әдетте 
популяция  -  тұйықталған  топ,  себебі  малды  басқа  популяциядан 
шеттен  әкелу  және  шетке  шығару  шектелген,  өйткені  көпшілік 
жағдайда  популяциядағы  малдардың  көбеюі,  сол  популяциядағы 
аналық  және  аталық  малды  жұптау  арқылы  іске  асады.  Белгілі  бір 
популяцияның  басқа  популяциядан  генетикалық  құрамы  бойынша 
айырмашылығы  болады.  Мәлім  популяцияға  дарақтардың  барлық 
гендерінің  жиынтығы  генофонд  деп  аталады.  Популяциялардың 
қалыптасуы  эволюциялық  негізі  үш  фактор  -  тұқым  қуалаушылық, 
өзгергіштік  және  сұрыптау  арқылы  іске  асады.  Популяцияның 
қалыптасуы  кезінде  пайда  болатын  эволюциялық  өзгерістер 
микроэволюция  деп  аталады.  Популяциялардың  екі  түрін  -  табиғи 
және  жасанды  -  ажыратады.  Табиғи  популяцияның  генетикалық 
құрамы  негізінен  табиғи  сұрыпталудың  нәтижесінде  анықталса,  ал 
жасанды  популяцияның  қалыптасуы  адам  арқылы  жүретін  қолдан 
сұрыптау  арқылы  іске  асады.  Осыған  байланысты  ауыл 
шаруашылығында
 
өсірілетін  малдартұқымын  алуан  түрлі  жасанды 
популяциялар  ретіндеқарауға  болады.  Генетикалық  құрылымы 
жағынан  популяцияға  қарама-қарсы  түсінік  -  таза  линия.  Өздігінен 
тозаңданатын жеке өсімдіктің ұрпақтары таза линия болып саналады. 
Әрине  мұндай  будандастырудан  алынған  дарақтар  бір-бірімен 
генетикалық  құрамы  жағынан  айырмашылығы  жоқ  болады  деп 


117 
 
санауға болады, өйткені олар популяцияға қарағанда толық гомозиго-
талық  генотиппен  сипатталады.  Мал  өсіруде  таза  линия  алу  қиын, 
себебі  ұрпақтың  гомозиготалық  дәрежесін  жоғарылататын  туыс 
малдарды шағылыстыру инбредті депрессияға соқтырады. Сондықтан 
мал шаруашылығы практикасында таза линия алуға тырыспайды, мал 
тұқымын  асылдандыру  әр  уақытта  популяцияда  жүреді.  Ал  лабора-
ториялық жануарлардың (тышқан, егеуқүйрық т.б.) жоғары гомозиго-
талы линияларын алудың генетикалық тәжірибелер үшін маңызы зор. 
Мысалы,  жаңадан  алынған  вакциналардың,  мутагендердің  және  т.б. 
препараттардың  организмге  әсерін  генетикалық  біркелкі  дарақтарға 
(линияларға) енгізу арқылы анықтау өте ыңғайлы. Сонымен популя-
циялық  генетика  тұқым  қуалаушылықтың  кәдімгі  механизмімен 
айналыспайды,  бірақ  ол,  осы  механизмнің  популяцияның 
эволюциясында  атқаратын  рөлін,  Мендель  заңдарының  популяция 
деңгейінде  іске  асуын  және  қарапайым  эволюциялық  факторлардың 
популяцияның генетикалық құрылымына әсерін зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет