Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет135/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Гендер  дрейфі  (шайқалуы)  немесе  генетикалық  автоматты 
процестер  популяциядағы  аллельдер  жиілігіне  әсер  етеді.  Бұл 
құбылысты 1931 жылы бір-біріне байланыссыз түрде бұрынғы Кеңес 
одағында  Н.П.  Дубинин  мен  Д.Д.  Ромашов  және  Англияда  С.  Райт 
анықтады.  Гендер  дрейфі  дегеніміз  кездейсоқ  себептерден,  мысалы, 
популяция санының азаюына байланысты болатын, келесі ұрпақтарда 
қайталанып отыратын аллельдер жиілігінің өзгерісі. Гендер дрейфінің 
мәні  популяция  мөлшерінің  генотиптік  құрылымына  әсер  ете 
алатындығында, популяцияның саны күрт өзгерген жағдайда, мысалы 
қыста  қатты  суық  болғанда,  дарабастар  жаппай  қырылған  кезде, 
кездейсоқ себептермен сирек кездесетін кейбір эволюция процесінде 
аз  сандылыққа  айналған  жағдайда  да  пайда  бола  алады.  Мұндай 


119 
 
құбылыс  «бөтелке  мойыны»  деп  аталады.  Популяция  тарихындағы 
кезеңдер:  1.  Алғашқыда  популяция  санының  көптігінің,  қоршаған 
ортаның  қолайлы  факторлары  және  өмір  сүру  ареалының  кеңдігі 
арқасында  жоғары  генетикалық  алуантүрлілікке  ие.  2.  Климаттық 
немесе  басқа  да  өмір  сүру  жағдайлары  қолайсыздана  бастағанда 
популяция  саны  шұғыл  кысқарып  оның  толық  жойылу  қаупі 
туады.3.Кейіннен мұндай популяция өз санын қайта қалпына келтіруі 
мүмкін,  алайда  гендердің  дрейфі  салдарынан  аллельдердің  жиілігі 
өзгереді және ол өзгерістер келесі ұрпақтарда сақталады.  
 
«Бөтелке  мойын»  эффектісі  атауы  популяция  санын  көрсетудің 
әдістерінің  бірі.  Егер  схема  түрінде  популяция  санын  бір  мезгілде 
эллипс түрінде бейнелесе, ал санын келесі уақытта тура солай, бірақ 
пропорцинальды  көлемін  бірінші  бейнеден  жоғары  қылса,  онда 
популяция  санының  кенеттен  төмендеуі  –  бөтелкенің  мойны  сияқты 
көрінеді.«Бөтелке  мойын»  эффектісінің  классикалық  мысалы 
гепардтар  популяциясы.  Генеткалық 
анализдердің  заманауи 
әдістерінің 
арқасында 
гепардтар 
шамалы 
генетикалық 
алуантүрлілікке  ие  екендігі  анықталды.  (қандай  да  бір  апаттың 
арқасында  бір  ғана  жұп  аман  қалған).  Генетикалық  алуантүрліліктің 
төмендігі  аталған  түрдің  толық  жойылу  қаупін  тудырады.  Қазіргі 
таңда  гепардтар  саны  төмендеп,  20000  ғана  дара  қалды.  «Бөтелке 
мойын» эффектісі гепардтардың барлық түрінің өмір сүру қабілетінде 
байқалды:  гепардтар  ауруларға  сезімтал  және  ұрпақ  қалдыру 
мүмкіндігін шектейтін түрлі ауытқулар мүмкіндігі жоғары. «Бөтелке 
мойын»  эффектісінің  тағы  бір  мысалы  ақбөкендер  популяциясы. 
Казахстанда ақбөкендер саны 1970 жылың ортасында - 1,2 миллионға 
жететін,  1980  жылдың  аяғы-  1990  жылдың  басы  600-900  мың  дара 
ғана  қалды  Ақбөкендер  саны  1990  ж.  1  миллионнан  95%  қысқарды. 
Қытай  халық  медицинасына  дәрі  ретінде  қолдануға  байланысты 
броконьерлік мақсатпен ауланды. 
 
Табиғатты  кез  келген  жануар,  өсімдік  немесе  ұсақ  ағза 
түрлерінің  даралары  өз  ареалының  көлемдігі  аймақты  толық 
иемденбей,  тек  тіршілігіне  қолайлы  белгілі  үлескілерді  ғана 
мекендейді.  Мысалы,  бір  түрге  жататын  бунақденелілердің  ағаш 
жапырақтарымен қоректенетін даралары орман алқаптарында ғана, ал 
шөптекті 
өсімдіктермен 
қоректенетін 
даралары 
шалғындық 
үлескілерде  мекендейді.  Сол  себепті  түрдің  даралары  өз  аймағының 
көлемінде  түрлі  тіршілік  жағдайларына  байланысты  жиілігі  әр  түрлі 


120 
 
топтар құрып бытырап кетеді. Олай болса, мұндай жекелеген табиғи 
топтар құрып бытырап кетеді.  
 
Популяция  дегеніміз:  эволюциялық  ұзақ  уақыт  бойы  ареалдың 
белгілі  бір  бөлімінде  тіршілік  етіп,  өз  алдына  дербес  генетикалық 
жүйе  құра  алатын,  еркін  шағылысып,  өсімтал  ұрпақ  беретін  бір  түр 
дараларының  шағын  тобы.  Бұл  анықтамадан  популяцияны  тіршілік 
әрекеттері  эволюциялық  заңдылықтарға  сай  жүретін  даралардың  ең 
кіші  қарапайым  тобы  деп  түсінуге  болады.  Ал  табиғатта  кездесетін 
шағын ұрпақтар тобында, мысалы, «тұқымтоп панмиксиялық бірлес-
тіктер». Сондай-ақ кішігірім жай топтасуларда немесе жеке эволюция 
көлемінде олар өз уақыт аралығында ғана тіршілік етуіне байланысты 
эволюциялық  өзгерістерге  ұшырап  үлгермей  жайылып  кетеді.
 
Популяция  даралары  оқшаулануға  көршілес  популяциямен 
салыстырғанда  барлық  қасиеттері  мен  белгілері  бойынша  өзара  өте 
ұқсас болып кетеді. Сонымен қатар популяция ішіндегі жынысты әр 
түрлі  даралардың  бір-бірімен  кездесу  мүмкіндігі  де  едәуір  жоғары 
болады. Популяциялардың араласып кетуіне көптеген кедергілер тау, 
өзен,  теңіз,  құм  т.б.  биологиялық  кедергілер  –  жануарлардың  ұя,  ін 
салу  мерзімдері  мен  шағылысу  кезіндегі  мінездегі  және  аталық  пен 
аналық  құрлысындағы  ерекшеліктері,  ал  өсімдіктерде  гүлдеу, 
тозаңдану  кезіндегі  және  аталық  пен  аналық  құрылысындағы 
ерекшеліктер болып табылады.  
 
Популяция  -  эволюцияның  негізгі  өлшем  бірлігі.  Себебі  барлық 
бастапқы  эволюциялық  әрекеттер  популяция  ішінде  жүреді.  Мәдени 
өсімдік  іріктемелері,  үй  хайуанаттарының  қолтұқымдары  және  ұсақ 
ағзалардың штаммдары – адамның қолымен жасалған популяциялар.
 
Популяциялық 
ареалдың 
көлеміне 
байланысты 
ондағы 
даралардың  сан  мөлшері  де  айтарлықтай  өзгеріп  отырады.  Далалы 
жерлердегі бунақденелілер мен майда өсімдіктер популяцияларының 
сан  мөлшері  көбінесе  жүз  мыңдаған  және  миллиондаған  даралардан 
құралады.  Кез  келген  популяция  табиғи  сұрыпталудың  нәтижесінде 
өзі тіршілік еткен ортаға бейімделетін болады. Ұзақ уақыт әсер еткен 
табиғи  сұрыпталуға  байланысты  популяциядағы  даралар  біркелкі 
генотиптерге  ие  болуы  тиіс.  Бірақ  шын  мәнінде  олай  болмайды. 
Популяциядағы  генотиптер  жағынан  гетерогенді  болып  келеді.               
С.С.  Четвериковтың  айтуынша  суға  қаныққан  губка  тәрізді 
популяция  да  алуан  түрлі  мутацияларға  толы  болады.  Мұны  ол 
дрозофилл  шыбынының  жабайы  популяцияларына  туыстық  шағы-


121 
 
лыстыру  жасай  отырып  дәлелдеді.  Популяциядағы  генетикалық 
гетерогендікті  С.С.  Четвериков  былай  түсіндіреді:  кез  келген  түр 
немесе  популяциядағы  даралар  тіршілік  барысында  бірнеше  ұрпақ 
бойы  үздіксіз  мутантты  гендермен  толықтырып  отырады.  Сонымен 
қатар  басқа  популяциядан  ауысып  келетін  даралардың  шағылысуы 
арқылы жаңа генетикалық материалдың популяцияға енуі байқалады. 
Мутациялардың  көпшілігі  әдетте  рецессивті  болады.  Сондықтан  сан 
мөлшері  жоғары  популяцияларда  мұндай  рецессивті  мутациялар 
гетрозиготалық  жағдайда  тіпті  байқалмайды.  Құрамындағы  даралар-
дың  гетрогендігіне  қарамастан,  кез  келген  популяция  динамикалық 
тепе-теңдікте  тұрған  күрделі  генетикалық  жүйе  болып  табылады. 
Популяциядағы гендер артқан сайын гетрозиготалы ағзалардың өзара 
шағылысуы  мүмкіндігі  де  артады.  Соның  нәтижесінде  даралардың 
бірқатары  гомозиготалы  жағдайға  көшіп,  ұрпақтар  арасында 
мутациялық өзгерістер айқын көрініс береді. Олардың ішінде ағаның 
тіршілік қабілетін төмендететін мутациялардың да кездесуі ықтимал. 
Бірақ  табиғи  популяцияларда  генетикалық  гетрогендік  жеткілікті 
дәрежеде болғандықтан, популяцияның қалыпты тіршілігі ұзақ уақыт 
бойы  сақталады.  Қорыта  келгенде  популяция  –  кішігірім,  дербес 
эволюциялық құрылым.  Сондықтан  табиғатта  ақиқат  тіршілік  етіп, 
өзіне  тән  экологиялық  морфофизиологиялық  және  генетикалық 
қасиеттерге  ие  болған  популяция  -  эволюцияның  қарапайым  өлшем 
бірлігі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет