Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Экологиялық  болжау  және  үлгілеу



Pdf көрінісі
бет166/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Экологиялық  болжау  және  үлгілеу.  Қазіргі  кездегі  ғылыми- 
техникалық  прогрестің  жан-жақты,  әрі  қарқынды  түрде  дамуы  және 
оның табиғатқа әсері келешекте қандай жағдайларға әкеп соғатынын 
алдын ала болжау және оны үлгілеу шараларын жүргізуді талап етеді. 
Экологиялық жүйедегі (табиғи бірлестіктегі) өзара қарым-қатынасты 
зерттеп  білу  үшін  әр  түрлі  әдістер  қолданылады:  эксперимент, 
табиғатқа  ұзақ  мерзімді  салыстырмалы  бақылаулар  жүргізу,  әрбір 
популяциялардағы  жеке  даралар  санын  есепке  алу,  жануарлардың 
қоныс аударуларын анықтау, т. б. жатады. 
 
Табиғатта болып жатқан сан алуан өзгерістерді толық және жан-
жақты  танып  білу  үшін  соңғы  кезде  үлгілеу  әдісі  де  (жасанды 


165 
 
экологиялық жүйе) кеңінен пайдаланылуда. Мұндай жағдайда зерттеу 
кезінде  алынған  деректерді  математикалық  әдіспен  шешеді  (матема-
тикалық  үлгілеу).  Ресейде  биосфераны  мұндай  математикалық 
үлгілеу  жұмыстары  1972  жылдан  басталды.  Математикалық  үлгілеу 
әдісі  арқылы  биосфераға  адамның  іс-әрекетінің  қаншалықты  ықпал 
ететінін,  оның  келешектегі  әсері  қалай  болатының  және 
биосферадағы  тіршілік  жағдайларының  қалай  өзгеретінін  алдын  ала 
болжауға мүмкіңдік береді. Алынған деректерді математикалық ЭВМ 
арқылы есептейді. 
 
Экологиялық  болжаулар  мен  үлгілеу  жұмыстарын  жүргізген 
кезде  күрделі  экожүйелерді  жеке  бөліктерге  бөлу  арқылы  жүзеге 
асырады. Мысалы, күрделі экожүйе су айдыны болса, ондағы балық-
тар,  фитопланктон,  зоопланктон,  су  түбіндегі  (бентосты)  өсімдіктер 
мен  жануарлар,  т.  б.  көптеген  жеке  бөліктерге  бөлуге  болады.  Су 
айдынының экожүйесін зерттеу кезіңде оның үлгісі ретінде аквариум 
жиі  қолданылады  да,  аквариумға  табиғи  экожүйенің  әр  түрлі 
бөліктері жіберіледі және олардың арасындағы өзара қарым-қатынас 
жағдайлары  зерттеледі.  Қазіргі  кезде  экологиялық  үлгілеу  әдістері 
кеңінен  жүргізілуде.  Сол  арқылы  экожүйелерде  болып  жатқан 
өзгерістерді  (ауа  құрамыңдағы  СО
2
  мөлшерінің  өзгеруі,  озон 
қабатының  бұзылуы,  т.б.)  және  биосферадағы  заңдылықтардың 
бұзылуына  антропогендік  іс-әрекеттердің  тигізіп  отырған  әсерін 
айқындай  түсу  арқылы  келешекте  биосфераның  қалыпты  жағдайын 
қамтамасыз етуге кеңінен жол ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет