37
т-РНҚ-ның мөлшері 10%-тей болып, молекулалық салмағы 20000 -
50000-ға
дейін жетеді. т-РНҚ-ның негізгі қызметі ақуыз
молекуласының синтезі кезіңде аминқышқылдарын рибосомаларға
тасиды. Әрбір аминқышқылының өзіне тән ерекше т-РНҚ-сы болады,
яғни аминқышқылының әркайсысына бір т-РНҚ сәйкес келеді.
Сондықтан да т-РНҚ-ның жиырмадан астам түрі бар. Олар
бірінші
реттік құрылымымен ерекшеленеді. т-РНҚ молекуласының бірнеше
нуклеотидтері комплименттік негіздеріне сәйкес бір-бірімен өзара
байланысады да, оның пішіні жоңышқа жапырағына ұқсас болып
келеді. Мұны
екінші реттік құрылымы деп атайды. т-РНҚ- ның «Е»
бөлігіңде ДНҚ-ның ақпаратына сәйкес үшөрім (триплет) болса, ал
оған қарама-қарсы тұрған «Д» бөлігіне үшөрімге сәйкес келетін
аминқышқылын жабыстырып алып, ақуыз молекуласы синтезделетін
жерге сол қышқылдарды тасымалдай ды. Ендеше т-РНҚ деп
аталуының өзі осы атқаратын қызметіне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: