78
жасуша сырткы ортадан келген энергиясы мол органикалық заттар-
дың ыдырауы нәтижесінде босап шығатын химиялық реакциялардың
энергиясын пайдаланады. Бұл энергия энергияның басқа түріне
айналады. Энергияның өзгеруі термодинамиканың заңдарымен сипат-
талады.
Термодинамиканың бірінші заңы бойынша энергия жойыл-
майды және жоқтан пайда болмайды: ол бір түрден екінші түрге
өзгеріпотырады.
Термодинамиканың екінші заңы бойынша: энергия
бір түрден екінші түрге ауысқанда, ол энергияның бір бөлігін
пайдалы қызметке жұмсаса, қалған бөлігі пайдасыз жылуға айналады.
Пайдалы жұмысқа жарамайтың энергия
энтропия деген өлшеммен
сипатталады; энергия өзгерген сайын энтропия көбейеді. Мысалы,
салқын уақытта ағзалар энергияны негізгі жұмыспен катар денесің
жылытуға, ал ыстықта тұрақты температурасың сақтау үшін
жұмсалады.
Жасушаны
энергиямен
қамтамасыз
ететін
реакциялардың жиынтығы энергиялық алмасу немесе
диссимиляция
деп аталады. Ал қазір катабализм деген терминді пайдаланып жүрміз.
Ағзадағы энергияның көзі АТФ түріңде сақталынады, оның
молекуласының құрылысы төмендегідей. Аденозинтрифосфор
қышкылының молекуласы азотты негізден (аденин), көмірсутектің
(рибоза) және үш фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. АТФ-
тің молекулалық құрылысы тұрақты болмайды. Егер ферменттердің
әсерінен бір молекула фосфорқышқылы гидролизденсе 40 кДж/моль
энергия бөліп аденозинтрифосфор, аденозиндифосфор қышқылына
айналып отырады. Бұл қайтымды әрекет, оны мына реакция
теңдеуінен қараңдар АТФ + Н
2
О→ АДФ + Н
3
РО
4
, яғни АДФ + Н
3
РО
4
→ АТФ. Сондықтан да АТФ қышқылы жасушадағы энергия
алмасудың негізгі көзі болып табылады.Бұл қышқыл жасушадағы
гликолиздің оттекті және оттексіз ыдырауы кезінде көп мөлшерде
синтезделеді.
Достарыңызбен бөлісу: