82
артқан сайын олардың арасыңдағы потенциал айырмашылығы да
арта түседі.
Жарғақшаның кейбір жерлерінде АТФ-ті синтездейтің фермент
молекулалары орналасқан. Ол фермент молекуласында Н
+
катионда-
ры өте алатын каналдар болады. Жарғақшаның сыртыңдағы
катиондардың (Н
+
) потенциал айырмашылығы шамадан тыс көбейіп
кеткен жағдайда электр өрісінің күшімен оң зарядталған бөлшектер
(Н
+
) фермент молекуласының каналдары арқылы жарғақшаның ішкі
жағына
отеді де оттегімен әрекеттесіп, су түзіледі:
4Н
+
+ 2О
-
→ 2Н
2
О
Электрон тасымалдаушы тізбек жарғақшаның ішкі қабатында,
ал Н
+
қойма ішкі және сыртқы жарғақшалар арасында болады.Н
+
иондарының қоймаға толуымен энергия жиналады да, бұл энергия
АТФ синтезіне пайдаланылады. Осы жолмен АТФ синтезделген
сайын Н
+
- қоймадағы жиналған энергия азаяды. НАД • Н жәнеФАД •
Н
2
-ден электрон тасымалдаушы тізбек арқылы келген электрондар
қойманы тағы да Н
+
ионымен толтырады. Бұл әрекеттің
митохондрияда үздіксіз жүріп отыратындығың ескерген жөн. 7-кесте
митохондрияда тынысалу әрекеті кезіндегі реакциялардың жүрісін
қорытындылау мақсатында беріліп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: