Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Пластикалық  алмасу.  Ақуыз  биосинтезі.  а-РНК  синтезі



Pdf көрінісі
бет100/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
Пластикалық  алмасу.  Ақуыз  биосинтезі.  а-РНК  синтезі.
 
ДНҚ-коді. Ақуыз молекуласының құрылымын анықтауда ДНҚ-
ның  атқаратын  рөлі  зор  болса,  ал  ақуыздың  ағза  тіршілігіндегі 
маңызы ерекше. Олардың молекуласы 20 түрлі аминқышқылдарынан 
тұратындығы белгілі. Енді біз төрт әріптен (А, Т, Г, Ц) тұратын ДНҚ 
қалай 20 аминқышқылына коде болатының қарастырамыз. 
 
Әр  аминқышқылын  кодтеу  үшін  кем  дегенде  үш  нуклеотидтен 
болу керек. Себебі төрт нуклеотидтен тұратын ДНҚ екеуден болса, не 
бары  16  әр  түрлі  сәйкестік  болар  еді  (4
2
  =  16)  (40),  ал  ол  20 
аминқышқылын синтездеуге жетпейді. Егер төрт негіздің әрқайсысы 
үш  нуклеотидтердің  үйлесімінен  тұрса,  онда  әріп  саны  (64/  4
3
  =  64) 
болады,  бұл  қосылыс  аминқышқылын  кодтауға  молынан  жетеді. 
Яғни,  аминқышқылын  анықтайтын  “генетикалық  тіл”  үш  нуклео-
тидтен немесе үшөрімнен (триплет) тұрады. 
1960  жылдары  генетикалық  кодеге  сәйкес  келетін  үшөрім 
туралы  көптеген  жаңалықтар  жинақталған  болаты.  Бірақ  қай 
үшөрімге  қандай  аминқышқылының  сәйкес  келетіндігі  туралы 
нақтылы  мағлуматтар  болмады.  Кейіннен  биохимиктер  жасанды 
жолмен  аминқышқылдарын  алуды  үйренді.  Ол  үшін  құрамы  белгілі 
нуклеотидтерді  жасанды  р-РНҚ,  аминқышқылдары,  т-РНҚ  және 
ақуыз  синтезіне  қажетті  заттары  бар  ортаға  салғанда  полипептид-
тердің  бір  бөлігі  синтезделген  (бұл  жұмысқа  көп  уақыт  қажет). 


90 
 
Осындай  тәжірибелердің  нәтижесінде  1961  жылы  ғалымдар  тек 
урацил нуклеотидінен тұратын жасаңды РНҚ-дан тек бір полипептид 
синтезделетінін,  оның  аминқышқылы  фенилаланинге  сай  келетінін 
анықтады. Сонымен РНҚ-дағы У - У - У үшөрімге фенилаланин сай 
келеді, ол ДНҚ тілінен төмендегідей аударылады.  AAA-ААА  -  ДНҚ 
-ның бір тізбегі.  УУУ - УУУ - ДНҚ-дан синтезделген РНҚ. Фен - Фен 
- РНҚ-дан синтезделген аминқышкылы. 
 
Міне,  осы  жолмен  1965  жылы  барлық  үшөрімге  сәйкес  келетін 
аминқышқылдары  анықталды.  Осы  аминқышқылдарына  сәйкес 
келетін  коде  немесе  коден  көрсетілген  “64"  үшөрімнің  үшеуі 
ешқандай аминқышқылдарын коделемейді (коде бола алмайды): олар 
УАА, УАГ және УГА - полипептидтердің синтезін тоқтататын аялдау 
белгілері.  Яғни,  аминқышқылдарын  синтездейтін  үшөрімнің  саны 
"61".  Көптеген  аминқышкылдары  бірнеше  үшөрімнен  синтез-
делетіндіктен, ауыспалы болып келетіңдігін көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет