Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет105/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Трансляция.  Трансляция  (латынша.  "трансляцио"-  көшіру, 
аудару) деген мағынаны білдіреді. Синтезделуге тиісті ақуызмолеку-
ласының  құрылымы  туралы  информацияны  ядрода  тұрған  ДНҚ-
молекуласы  ген  түрінде  беретіңдігі  белгілі.  Ал,  ол  информация 
ядроның  ішіңдегі  артық  нуклеотидтердің  есебінен  информасома 
денешігі  түрінде  синтезделіп,  эндоплазмалық  тордың  үстіндегірибо-
сома органоидына келеді. Осыдан кейін іле-шала синтездеу реакция-
сы  басталады.  Ақуыздың  синтезделуі  а-РНҚ-ның  тізбегіне  алғашқы 
рибосоманың  кіруінен  басталады.  Рибосома  реакциясының  сол 
жағынан кіріп бірнеше ангестрем онға карай жылжығаннан кейін іле-
шала екіншісі, т.б. ретімен жылжи береді. Егер а-РНҚ-ның кодесіне т-
РНҚ-ның  үшөрімі  сәйкес  келсе,  сол  жағдайда  ғана  т-РНҚ  өзінің 
әкелген  аминқышкылын  рибосома  бетіңде  тастайды.  Жоспарланған 
ақуыздың  молекуласы  а-РНҚ  тізбегінің  оң  жақ  ұшына  жеткеңде 
толықтай  синтезделіп,  рибосома  бетінен  эндоплазмалық  тордың 
қуысына  аударылып  түседі,  сондықтан  болу  керек  осы  әрекетті 
трансляция  дейді.  Прокариоттарда  ақуыз  синтезі  а-РНҚ  молекула-
сындағы  АУГ  үшөрімі  мен  коден  рибосомамен  байланысқан  кезден 
басталады.Ал эукариоттардікі қандай  үшөрімнен басталатыны әзірге 
толық ашылған жоқ. 
Әрбір  аминқышқылын  рибосомаға  оған  сәйкес  келетін  т-РНҚ 
тасиды. Бұл ақуыз биосинтезінің бірінші сатысы болып табылады. Ал 
әрбір  т-РНҚ-ға  сәйкес  келетін  аминқышқылы  бір-бірімен  қалай 
байланысады? деген заңды сұрақ еріксіз туады. Әрине, оған фермент-
тер көмектеседі. Әр аминқышқылы бір-бірінен молекулалар құрылы-
мының  өзгешелігімен  ерекшеленеді.  Осыңдай  айырмашылықтар              
т-РНҚ молекулаларының арасында да болады. Белгілі фермент өзіне 
тән  т-РНҚ-ны  анықтап,  оны  аминқышқылымен  байланыстырады. 
Содан  кейін  т-РНҚ  жабыстырып  алған  аминқышқылын  рибосомаға 
жеткізеді. Бұл жерде т-РНҚ аминқышқылын өзінің үшөріміне сәйкес 
келгенге  дейін  ұстап  тұрады  да,  артынан  полипептидке  қосады.  т-
РНҚ  молекуласының  бір  белігі  аминқышқылымен,  ал  кодеге  қарсы 
жағы  (антикоде)  сол  аминқышқылын  анықтайтын  а-РНҚ-мен 


95 
 
қосылады. Антикоде кодеге сәйкес үш негізден (үшөрімнен) тұрады. 
Мысалы,  метионин  аминқышқылын  тасымалдайтын  т-РНҚ-ның 
антикодесі  УАЦ  а-РНҚ-дағы  АУГ  кодесімен  байланысады.  Осымен 
ақуыз  синтезінің  екінші  сатысы  аяқталады.  т-РНҚ  өзінің  аминқыш-
қылымен  бірге  а-РНҚ  -  рибосома  жиынтығымен  косылғаннан  кейін, 
оның  антикодені  (кодеге  қарсы  үшөрім)  а-РНҚ-ның  кодесіне  сәйкес 
т-РНҚ-ға тіркеледі. Одан кейін т-РНҚ аминқышкылдарын ферменттің 
жәрдемімен  рибосома  бетінде  бір-біріне  жалғайды.  Соңынан 
метиониннің  т-РНҚ-сы  рибосомадан  шығып,  метиониннің  жана 
молекуласымен  қосылуға  кетеді.  Осы  кезде  рибосома  а-РНҚ-ның 
бойымен  қозғалады  және  екінші  т-РНҚ  қосылған  аминкышкылымен 
рибосомада  біріншісінің  орнын  басады.  Рибосомада  үшінші  коде 
пайда  болады,  оған  сәйкес  атикодесі  бар  т-РНҚ  аминкышкылымен 
қосылады. Осы әрекет а-РНҚ аялдау белгісіне жеткенге дейін жүреді. 
Бұл ақуыз синтезінің үшінші сатысы болып есептеледі. 
а-РНҚ-ның  молекуласы  бірнеше  полипептидтің  тізбегін 
синтездейді және өздері бірнеше рет трансляцияланады. а-РНҚ-ға бір 
мезгілде  бірнеше,  кейде  жүзден  астам  рибосома  бекітіліп,  оның 
бойымен  тасымалданады.  а-РНҚ  молекуласының  ұзындығы  алдын 
ала жоспарланған ақуыз молекуласына байланысты. а-РНҚ-ға сиятын 
рибосомалардың  жиынтығын  полирибосома  деп  атаймыз.  Рибосома 
а-РНҚ-ның  сол  жақ  ұшынан  кірісіп  онға  қарай  жылжыған  сайын 
бірінің  орнын  бірі  баса  береді.  Рибосома  а-РНҚ-ның  он  жақ  ұшына 
жеткеңде ақуыз синтезі аяқталады.Ақуыз синтезі аяқталғаннан кейін, 
ақуыз  а-РНҚ-дан  тасымалданып  эндоплазмалық  тордың  шұрығына 
түседі.  Одан  эндоплазмалық  тордың  шұрығы  арқылы  ақуыз 
молекуласы, жарғақшаның қажетті жеріне жеткізіледі. 
Жасушаның  цитоплазмасында  а-РНҚ  бактерияда  екі  минут, 
эукариоттарда  бірнеше  күнге  дейін  созылады.  Оларды  ферменттер 
нуклеотидтерге  дейін  бөлшектейді  де,  жаңа  а-РНҚ  молекуласының 
негізін  салады.  а-РНҚ-ның  ескі  молекуласын  ыдыратып,  жана 
молекуласын  құрғанда  жасушада  синтезделетін  акуыздың  түрі  мен 
мөлшерін  қатаң  қадагалайды.  Мұны  транскрипция  дәрежесіндегі 
реттеу дейді. 
 
 
 
 


96 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет