Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет130/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
Дегенерация.  Дегенерация  нәтижесінде  организмдердің  дербес 
дамуында  жеке  ұлпалардың  және  мүшелердің  құрылым  деңгейі 
қарапайымдала  түседі.  Мысалы,  бақаның  дернәсілінің  (шөміш-
балықтың) құйрығы бірте-бірте жойылып, ересек бақаға айналады. 
Дегенерация  (лат.  degenero  –  біртіндеп  жойылу)  -  табиғаттағы 
тірі организмдердің эволюциялық даму бағытының бірі. Кейінгі кезде 
дегенерацияны катагенез және регресс деп те атап жүр. Табиғаттағы 
кейбір  түрлердің  көбейіп,  таралу  аймағының  ауқымды  болуы  -  сол 
түрлердің  құрылымдық  деңгейінің  қарапайымдала  түсуіне  әкеліп 
соғады. Жалпы дегенерация биологиялық прогреске жол ашады. Бұл 
көп  жағдайда  паразитті  немесе  бір  орында  бекініп  тіршілік  ететін 
түрлерге  тән.  Мысалы,  паразитті  тіршілік  ететін  өсімдіктердің 
тамыры,  жапырақтары  болмағандықтан,  фотосинтез  процесі 
жүрмейді.  Мұндай  өсімдік  түрлері  тек  өздері  бірге  тіршілік  ететін 
иесінің есебінен өсіп, көбейеді. 
 
Паразитті  тіршілік  ететін  таспа  құрттардың  (сиыр  және  шошқа 
цепендері)  сезім,  ас  қорыту  мүшелері  жойылған,  ал  жүйке  жүйесі 
қарапайымдала  түскен,  оның  есесіне  өзіне  ғана  тән  сорғыштары, 
тісшелері, бекитін қармақшалары, т.б. жақсы дамыған. Сол мүшелері 
арқылы  олар  өз  иесінің  ішегіне  бекініп  тіршілік  етеді.  Мұндай 
құрттардың  жыныс  мүшелері  өте  жақсы  дамыған.  Мысалы,  өгіз 
цепені  өзінің  18  -  20  жылдық  тіршілік  ету  кезеңінде  11  миллиардқа 
жуық  жұмыртқа  береді.  Соның  нәтижесінде  олар  табиғатта  кеңінен 
таралып, өз түрін сақтап қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет