Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Факторлардың ағзаға ықпалы. Шектеуші фактор



Pdf көрінісі
бет165/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Факторлардың ағзаға ықпалы. Шектеуші фактор. Кез келген 
ағзаларға ықпал ететін факторлар бір-біріне байланысты болады және 
оған  ағза  түрліше  бейімделе  алады.  Ағзаға  әсер  ететін  орта 
жағдайларының қолайлы әсері мен оның шегі басқа әсерлердің ықпал 
ету деңгейіне де тікелей байланысты болады. Мысалы, егер қолайлы 
температуралық  жағдай  болса,  айналадағы  ортаның  ылғалдылығы-
ның  қолайсыздығына  және  қорегінің  жеткіліксіздігіне  қарамастан, 


164 
 
ағзаның орта жағдайына төзімділігі арта түседі. Екінші жағынан алып 
қарағанда,  қоректің  көп  болуы  сол  ағзаның  ауа  райының  түрліше 
өзгерістеріне  төзімділігін  арттыра  түседі.  Бірақ  та  мұндай  бірін-бірі 
толықтыра түсудің де шегі болады, соның арасында ағзаның тіршілігі 
үшін  қажетті  бір  фактордың  орнын  басқа  фактор  баса  алмайды. 
Кейбір  әсерлерді  қолайлы  деп  айтуға  мүлде  болмайды.  Мысалы, 
ағзаға  әсер  ететін  радиация  сәулелерінің  қандай  мөлшері  болса  да 
зиянды  ықпал  жасайды.Егер  оның  мөлшері  артатын  болса,  ол 
соғұрлым қауіпті болып саналады. 
 
Бір түрдің санының көбеюі және оның басқа түрлермен бәсекеге 
түсу  қабілеті  сол  түрге  тән  қолайлы  факторларды  шамадан  тыс 
ауытқытатын  факторлар  арқылы  шектелетін  болады.  Егер  де  ағзаға 
ықпал  ететін  факторлардың  біреуінің  сандық  мөлшері  төзімділік 
шегінен  артып  кетсе,  онда  басқа  жағдайлар  қанша  қолайлы 
болғанымен  де  түр  тіршілік  ете  алмайды.  Ағзаның  тіршілігіне 
қолайлы әсерлердің ең төменгі, әрі ең жоғары шегінен шығып кететін 
факторларды  шектеуші  факторлар  деп  атайды.  Орта  жағдайының 
шектеуші  факторлары  кез  келген  түрдің  географиялық  таралу 
аймағына  тікелей  әсер  етеді.  Мысалы,  көптеген  өсімдіктер  мен 
жануарлардың  таралуына  жылудың  жетіспеуі  шектеуші  фактор 
болса, керісінше сол түрлердің оңтүстікке таралуына ылғалдылықтың 
жетіспеуі  немесе  өте  жоғары  температуралық  факторлар  шектеуші 
әсер  болып  саналады.  Сонымен  қатар,  ағзанын  таралу  аймағының 
шектеуші факторларына биотикалық әсерлер де ықпал жасайды, яғни 
өзінен  күппі  қарсыластарының  болуы  (жануарлар  үшін)  немесе 
өсімдіктерді тозандандыратын жәндіктердің жетіспеуі, т.б. факторлар 
әсер етеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет