176
түрлі химиялық қалдық заттардың әсерінен озон қабатының ыдырап,
онда тесіктер пайда болғандығы туралы жазылып жүр. Озон қабаты
Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыны ғарыш сәулелері мен Күннің
ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерінен қорғайды. Сонымен,
биосфера қабығы - Жер ғаламшарының тіршілігі бар бірнеше қабық-
тарынан құралған (Биосферадағы ұсақ ағзаларды, саңырауқұлақ-
тарды, өсімдіктерді, жануарларды және адамдарды тірі ағзалар (кейде
“тірі заттар") деп атайды. Биосфера шекарасы әр түрлі ағзалардың
тіршілік етуіне қажетті жағдайлар арқылы анықталады. Биосфера-
дағы тіршілік шекарасының жоғары шегі ультракүлгін сәулелердің
қарқынды әсері, ал төменгі шекарасы - жер қойнауының жоғары тем-
пературасы арқылы шектеледі. Оның ең жоғары шегінде тек төменгі
сатыдағы
ағзалар
- бактериялар мен саңырауқұлақтар таралған.
Биосферадағы тірі ағзалар биомассасының ең көп шоғырланған
аймағы құрлық пен мұхит бетінде, яғни литосфера мен
атмосфераның, гидросфера мен атмосфераның, литосфера мен
гидросфераның түйіскен шекараларында байқалады. Бұл жерлерде
тіршілікке өте қолайлы жағдайлар: температура, ылғалдылық, оттегі
және ағзалардың қоректенуін қажетті заттар және басқада элементтер
жеткілікті түрде кездеседі. Биосферадағы тірі ағзалардың ең көп
шоғырланган аймағын В. И. Вернадский “тіршіліктің беткі қаймағы”
деп атаған, Атмосфераның жоғары қабатына көтерілген сайын және
мұхит пен литосфераның терең қабатына жақындаған сайын
тіршіліктің шоғырлануы азая береді. Биомассаның жиналуы жасыл
өсімдіктердің тіршілік әрекетіне тікелей байланысты болады.
Жалпы тірі ағзалардың химиялық құрамы атмосфера және
литосфера құрамынан көп айырмашылық жасайды. Оның есесіне
олардың химиялық құрамы гидросфера құрамына ұқсас болып келеді.
Өйткені олардың құрамында сутегі мен оттегі атомдарыкөбірек
кездеседі, бірақ тірі ағзалар құрамында көміртегі, кальций және
азоттың мөлшері басым болады. Тірі ағзалардың құрамында
Менделеев кестесіңдегі элементтердің бәрі де кездеседі деп айтуға
болады. В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша тірі ағзалар Әлемдік
материяның ең белсенді бөлігін құрайды. Олар биосферадағы күрделі
геохимиялық жұмыстарды жүзеге асырып, Жердің беткі қабықтарын
түрлі өзгерістерге ұшыратады.
Достарыңызбен бөлісу: