Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


  Вирустстар және олардың негізгі ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет69/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

5.3  Вирустстар және олардың негізгі ерекшеліктері 
 
 
Вирустарды  вирусология  ғылымы  зерттейді.  Вирусология 
ғылымының негізін орыс ғалымы Д.И. Ивановский қалаған. 
Д.И.  Ивановский  ХІX  ғасырдың  аяғында  темекі  теңбілі  ауруын 
зерттеп,  ол  аурудың  қоздырғыштары  микробтардан  да  ұсак  тіршілік 
иесінің  әсерінен  болатынын  дәлелдеп,  бірнеше  енбектер  жазған 
болатын.  Тәжірибенің  нәтижесіңде  бұл  аурудың  әдеттегі  бактерия-
ларды  сүзетін  сүзгілер  көзінен  де  өтіп  және  ол  сүзінді  сұйықтықты 
темекіге  жұқтырса,  темекіні  сол  аурумен  кайтадан  зақымдайтыны, 
зақымданған  темекінің  жапырақтары  теңбілденіп,  сарғаятыны 
далелдеңді.  Зақымдалған  темекі  жапырағына  арнаулы  тексеру 
жүргізген сүзіңдіде кристалдардың бар екені анықталган 1935 жылы 
америка ғалымы У. Стенли бұл кристалдар темекі теңбілі вирустары-
ның шоғырланған жиынтығы екенін дәлелдеген болатын. 
 
Ал,  XIX  ғасырдың  аяғы  XX  ғасырдың  басында  өте  кішкене 
тіршілік иелерінің зардабынан болатын көптеген аурулардың түрлері 
ашылды. Ақыры аяғында, Д. И. Ивановскийдің ашқан тіршілік иесі - 
вирустар екені анықталды. 
 
Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы табылды. Бұл сырқат 
ертеден белгілі. Кейде бұл ауру үш күндік деп немкұрайлы қарайды, 
ол  дұрыс  емес.  Тұмау  індеті  адам  баласына  шешек  пен  обадан  кем 
тимеген.1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып,  
оның 20 млн. қайтыс болған, ал мұның өзі бірінші дүние жүзілік 


57 
 
соғыста қаза тапқандар санынан әлдеқайда көп екенің көрсетеді. 
Полиомиелит  вирусы  тұмау  вирусымен  салыстырғаңда  өте 
кішкене,  тез  таралатын  індет.  1916  жылы  тек  Нью-Йоркте  полио-
миелиттен  2  мыңдай  адам  өліп,  7  мыңдай  адам  сал  ауруына  душар 
болды. Бұл ауру әсіресе балалар арасыңда көп тараған, оның қоздыр-
ғышы  әдетте  тағам  арқылы  және  ауамен  де  келіп  түседі.  Полио-
миелит  індеті  Қазақстаңда,  әсіресе,  1961  жылы  кең  өpic  алды.  Бұл 
аурудың  қоздырғыштары  жүйке  жасушаларына  еніп,  адам  қозғалы-
сын басқаратын жүйкелерді бұзады да, жансыздандырады. 
 
Вирус (латынша“вирус” - у) - тірі ағзалардың жасушасыз пішіні. 
Әрбір  вирус  нуклеин  қышқылдары  (ДНҚ  немесе  РНҚ)  мен  оны 
қоршаған ақуыздан  тұрады. Вирустар  тек  басқа ағзалардың жасуша-
ларында  ғана  тіршілік  етіп,  көбейе  алады.  Олар  тірі  ағзалардың 
барлығын  уландырады.  Вирустың  жылы  қанды  омыртқалыларды 
уландыратын  500-дей  және  өсімдіктерді  уландыратын  300-дей  түрі 
белгілі. Олар улаңдырған жасушалар қалыпты дамуын бұзып, ағзада 
әр түрлі ісіктер (анкоген) тудырады екен. 
Вирустардың негізгі ерекшеліктері: 
1. Вирустың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ 
(рибону  клеин  қышқылы)  немесе  ДНҚ  (дезоксирибонуклеин  қыш-
қылы).  Сондықтан  да  вирустар  құрамында  РНҚ-лы  немесе  ДНҚ-лы 
бар  вирустар  болып  бөлінеді.  Ең  негізгісі  РНҚ-лы  вирустардың 
барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. 
2. Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, 
демек тек клетка ішінде ғана көбейеді. 
3.  Вирустардың  көбею  ерекшеліктерін  «дисьюнктивтік»  түрге 
жатқызады.  Себебі  барлық  жанды  дүние  екіге  бөліну,  бүршіктену, 
спора  арқылы  көбейсе,  вирустардың  өсіп-өнуі  одан  да  ерекше. 
Вирустар  клетка  ішінде  болады  да  жоғалып  кетеді.  Себебі  вирус 
бөлшектерін,  серологиялық  не  микроскоп  әдістері  арқылы  клетка 
ішінен  кездестіре  алмаймыз,  клетка  ішінде  белок  пен  нуклеин 
қышқылына  бөлініп  кетеді.  Ал  болашақ  вирустың  компоненттері 
клетканың  әр  жерінде  пайда  болады:  нуклеин  қышқылы-ядрода, 
цитоплазмада, белоктары - цитоплазмада, содан кейін барып вирион-
дар  кұралады.  Күрделі  вирустардың  өсіп-жетілуі  бұдан  көп  ерекше. 
Олар уақыт және кеңістікте бірнеше сатыға бөлінеді. Себебі олардың, 
көбеюі де бірнеше сатыдан тұрады. 
4. Вирустардың белок құрайтын жүйесі- рибосомдары жоқ. 


58 
 
Демек вирустар өздері белок құрай алмайды. 
 
5.  Вирустар-генетикалық  деңгейдегі  арамтамақтар.  Вирустар 
жасанды орталарда (ЕПА, ЕПС) өспейді. Себебі оларда ассимиляция, 
диссимиляция, тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмей-
ді. Вирустардың  көбеюі үшін тек  қана  тірі клетка  керек, тек  клетка-
ның  ішінде  ғана,  клетка  материалдарын  пайдаланып  қана  көбейе 
алады.  Вирустар  өзінің  геномымен  (РНҚ  не  ДНҚ)  клетка  геномына 
әсер  етіп  белгілі  бір  байланысқа  түседі.  Осылайша  клетка  бірге 
жұмыс  істейтін  күйге  түседі,  мысалы,  рак  ауруының  вирустары. 
Осының салдарынан торшаның өлуі де мүмкін, себебі торша геномы 
зақымдалады,  сондықтан  торшалық  РНҚ-ы  құралмай,  вирус  геномы 
рибосомаға  еніп,  оны  жеңіп  шығуы  мүмкін.  Осындай  зақымға 
ұшыраған  клеткаларда  вирустар  көбейе  бастайды.  Демек  вирустар 
клетканың генетикалық аппаратына "өз дегенің"істетіп көндіреді. 
 
6. Вирустардың ендігі бір ерекшелігі ол өте ұсақ. Олар нанометр-
мен өлшенеді. 1 нм - метрдің миллиардтан бір бөлігі 1/1000000000 м. 
Демек 1 метрде - 1 000 000 000 нм, ал 1 мм  - 1 000 000 нм, 1 мкм  -              
1 000 нм, 1 нм - 10 А°. Мысалы, ең ірі деген шешек ауруы вирусының 
мөлшері  жөнінен  бактерияға  жақындайды.  Үлкендігі  250  —  350  нм. 
Ең  кіші  вирустың  ірілігі  (мысалы,  аусыл  ауруын  қоздыратын  вирус) 
20 - 30 нм. Осындай өте ұсақ вирусты тек электрондық микроскоппен 
ғана көруге болады. Себебі ондай микроскоп 200000- 500000, не 1- 2 
млн  рет  үлкейтіп  көрсетеді.  Вирустардың  осындай  ұсақ  болуына 
байланысты  оларды  зерттеу  үшін  сүзгіден  өткізу  тәсілдері 
қолданылады.  Сондықтан  да  уақытында  "  Сүзгіден  өтетін  вирус" 
деген  ұғым  пайда  болды.  Қазіргі  кезде  "Вирус"  деген  ұғым  ғана 
қолданылады. 
 
7.  Вирустардың  тағы  бір  ерекшелігі  -  олар  кристалл  ретінде  де 
кездеседі.  Мұндай қасиет тек өлі  дүниеде ғана болады  (минералдар-
да).  Темекі  жапырақтарының  ауруын  қоздыратың  вирусты  кристалл 
түріндегі  вирусты  американдық  ғалым  -  биохимик,  вирусолог 
Уэнделл  Стенли  алған  еді.  Оған  сол  еңбегі  үшін  Нобель  сыйлығы 
берілді. 1955 жылы полиомиелит (балалардың сал ауруы) вирусының 
кристалл түрі алынды. Вирустардың кристалл түрін жай микроскоп-
пен де көруге болады. Бір кристалда бірнеше миллион вирус болады. 
Кристалдар оншақты жыл бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен кез кел-
ген уақытта олардың өсіп-өніп миллиондап көбейіп кетуі де мүмкін. 


59 
 
 
8.  Вирустардың  кейбір  түрлері  торша  ішінде  "денешіктер", 
"қосылыстар" ретінде кездесуі мүмкін және олар торшада өздері өсіп 
көбейген жерде ғана болады. Мысалы: құтырық жұқтыратын вирусы 
-  цитоплазмада,  аденовирустар-  ядрода  болады.  Вирустардың  тағы 
бір  айта  кететін  ерекше  қасиеті  бар  -  ол  тек  белгілі  органдар 
клеткаларында  және  клетка  ішіндегі  органеллаларда  өніп-өседі. 
Демек,  вирустар  клетка  ішіндегі  ядрода,  ядрошықтар  мен 
рибосомдарда, митохондрияларда кездеседі. 
 
Осы  айтқандардан  нендей  шешімге  келуге  болады?  Вирус 
дегендер  қандай  заттар?  Оларды  тірі  организмге  жатқызуға  бола  ма 
немесе олардың табиғаты қандай? Вирустардың пайда болу табиғаты 
вирустарды  жай,  майда  торша  ретінде  қарауға  болмайды.Вирустар  - 
клеткаға  дейін  пайда  болған  нәрселер.  Оларды  организм  ретінде  де 
қарауға  болмайды.  Себебі  организм  дегенімізА.  Львовтың  айтуы 
бойынша-  өзімен-өзі  байланысып  жатқан  кейбір  ерекше  құрамдар 
мен  қозғалыстар.  Мысалы,  ит  -  жүгіреді,  үреді,  тірі;  құрбақа  - 
секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама 
қозғалыстардан  тұрады.  Бұл  -  организмдер.  Бір  торшадан  тұратын 
қарапайымдылар (амебалар)  -  организмге жатады,  ал торша ішіндегі 
органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге жатпайды. 
Себебі  олар  өздігінше  тіршілік  ете  алмайды.  Демек,  вирустарды 
организм  деуге  болмайды.  Өйткені,  олар  өздігінен  тіршілік  етпейді, 
олардың өсіп-өнуіне торша керек. Сонда вирустарды қайда жатқызуға 
болады: жануарлар әлеміне ме немесе жансыздар әлеміне ме? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет