66
бактериялар клеткасының біразы сыртқы ортафакторларының
колайсыз әсерінен қырылып кетеді. Аман қалған бірер организм
қолайлы ортаға түссе тез бөлініп, жаңа ұрпақтар бере бастайды.
Жіп тәрізді бактериялардың бөлінуі ерекше. Бүлар жіпшелері-
нен жеке вегетативтік - конидий немесе гонидий деп аталатын арнау-
лы клеткалар түзу арқылы көбейеді. Клеткалардың кейбір түрлері
козғалаалады. Оны зооспоралар деп атайды
Ғылымда бактериялар көбеюінің бірнеше фазалары белгілі. Бұл
микроорганизмдер тіршілігін байқауға мүмкіншілік береді.
1. Көбеюдің тежелу фазасы.
Мұны лагфаза деп те атайды. Бұл фазада бактериялардың
көбеюі байқалмайды, олар мұнда жаңа қоректік ортаға бейімделіп
жатады. Бұл фаза 1-2 сағатқа созылады. Фазаның аяқ шенінде клетка-
лар көбейе бастайды. Қоректік ортаға олардың әсері күшейе түседі.
2. Көбеюдің актив фазасы. Бұл кезеңде бактериялар қарқындап
бөлінеді. Клеткалардың көбеюімен байланысты өсу жылдамдығы
дарта түседі. Бұл екі сағаттай мерзімге созылады.
3. Стационарлық фаза. Қоректік ортадағы клеткалар саны ең көп
мөлшерге жетіп, осы күйінде біраз уақыт тұрады. Көбеюдің осы
фазасында тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған заттар микро-
организмдердің көбеюін тежей бастайды. Клеткалардың көбею
қарқыны баяулап, олардың біразы қырылып қалады. Сөйтіп жаңа
пайда болған клетка саңы, елген клеткалар санына теңеледі. Бұл фаза
бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылады.
4. Қырылу фазасы. Тіршілік әрекеті барысында пайда болған
заттардың көптігі және күштілігі соншалық, ол бактерияларға
зиянтигізе бастайды. Бұл кезде ортадағы бактерияның қоректік
заттары таусылады. Бұл фазаның үзақтығы түрлі микроорганизмдер
үшін
түрліше
болып
келеді.
Мәселен,
сүт
қышқылы
бактериялары+30° температурада 5—7 күн өткен соң қырылатын
болса, шіріту бактериялары одан ұзағырақ тіршілік етеді.
Достарыңызбен бөлісу: