Хлоропластың құрылысы. Биологиядағы барлық органоидтар
сияқты, хлоропластың құрамы оның қызметіне сай күрделі болады.
Хлорофилдер көк және қызыл түсті сәулелерді жұтып, жасылды
шағылыстырады. Ол сәуле хлоропласт жасушасын жасыл етіп
көрсетеді. Хлоропластарда хлорофилдерден басқа сары, қоңыр,
қызғылт сары түсті каротиноидтар болады. Ол пигменттер ұзындығы
басқа толкындағы сәулелерді шағылыстырып, өз энергиясын
хлорофильдерге беріп, фотосинтездің жүрісін тездетеді. Каротиноид-
тар жасыл хлорофилдермен бүркеніп, көрінбейді, бірақ күзде,
хлорофилдер бұзылғаннан кейін, оның жарқыраған түсі көрінеді.
Сондықтан да күзде жапырақтардың түсі сары және қызғылт көрініс
береді.
Хлоропластағы хлорофилл пигменті граналарда орналасқан.
Граналар бірінің үстіне бірін жинап қойған күміс ақша сияқты
тақташалардан тұрады. Тақташалар өзара шұрықтармен байланысады
да, ал фотосинтез әрекеті бүкіл хлоропласт жасушасында емес осы
граналарда жүреді.
Кейбір фотосинтезге қатысатын молекулалар мен пигменттер
хлоропластағы фотосинтетикалық қабықшаны құрастыруға қатыса-
ды. Фотосинтетикалық қабықшаларды строма немесе хлоропластың
негізгі заты қоршайды. Строманың өзі хлоропласт және жасушаның
цитоплазмасын бөлетін қабықшадан тұрады. Фотосинтез әрекеті
кезінде АДФ-тің ағзаларда атқаратын рөлі зор. АДФ - ағзалар деп
отырғанымыз АТФ синтезіне Н
+
- қоймасындағы энергияны
пайдаланатын ферменттер.
Достарыңызбен бөлісу: |