Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г. А. Кисленковаға



Дата23.02.2016
өлшемі15.83 Kb.
#10061
Қостанай облысы әкімдігі

экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының

басшысы

Г.А. Кисленковаға

Бухгалтерлік есеп және ұйымдастыру жұмысы бөлімінде өткізілген тематикалық бақылау: 2013 жылдың 01 қаңтарынан 25 қыркүйегіне дейінгі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2007 ж. № 1374 қаулысымен бекітілген «Орта еңбек ақысын есептеу бірыңғай қағидаларына»; 15.05.2007 ж. №252 «ҚР ЕК қолданысқа енгізу туралы»; 10.12.2008 ж. № 99-IV «ҚР Салық кодексіне» сәйкес мекемеге бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау.

Жұмысшылар және қызметшілермен есептеу бойынша операциялар Қағидаларға сәйкес өткізілді. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ еңбек ақы қорын пайдалану бақылауымен еңбек ақы штаттық кесте, базалық лауазымдық жалақыға сүйене отырып, уақыт есебінің табелі, түзету коэффициенті және еңбекақы желісі коэффициенті негізінде есептеледі. Еңбекақы қоры бекітілген қаржы ассигнованияларға сәйкес келеді. Лауазымдық жалақылар негізгі лауазымдық жалақыларға қолданылған негізгі лауазымдық жалақылар коэффициентінен байланысты есептеледі. Бекітілген штаттық санның лимиті еңбекақы қорына сәйкес келеді.

Мекеменің штаттан тыс жұмысшыларының еңбекақысы жеке еңбек шарты және «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Сыйақы ережелер негізінде жүзеге асырылады, бұзушылық анықталған жоқ. Қызметкерлерді ауыстыру және көшіру туралы бұйрықтар шығарылады және бұйрықтарды тіркеу журналы жүргізіледі.

Бақылаумен жұмысшылар мен қызметкерлермен есептесу жөніндегі бұзушылықтар белгіленген жоқ.



бөлім басшысы Ларькова Т.А – барлық кезең

бас маман Филиппова Е.Ф – барлық кезең

Ішкі бақылау қорытындылары бойынша 2013 жылғы «30» қыркүйектегі қорытынды.



Ішкі бақылау қызметінің

бас маманы Нугуманова У.Ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет