Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі «Қостанай облысы



Дата14.06.2016
өлшемі53.77 Kb.
#136015
Қостанай облысы әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі
«Қостанай облысы «ГрИн» азаматтық альянсы» Қостанай облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, Қостанай қаласында 23 қазанда 2012 жылы болатын әлеуметтік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесіне шақырады.

Әлеуметтік жобалардың жәрмеңкесі – бұл дәрежелері мен жұмыс бағыты әр түрлі әріптестердің ортақ мәселелерді шешуге бағытталған кездесуіне арналған коммуникациялық алаң.

Бұл ҮЕҰ үшін бастамашыл топтың саяси маңызды жобаларын таныстыруға тамаша мүмкіндік, бұл жаңа тәжірибе мен заманауи технологиялардың таралымын арттыру деген сөз, әрі кәсіби қауымдастықтардың білім алаңқайы.
Өту күні және орны:
Жәрмеңкелердің мақсаты:

Қоғамдық сананы мобилизациялау және мемлекетпен тікелей әріптестікке мүмкіндік туғызу, әрі бұл мүмкіндік Қостанай облысы тұрғындарында кездесетін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге ықпалын тигізбек.

Жәрмеңке итапсырмалары:

1. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарлама аясында мемлекеттік әлеуцметтік тапсырыстарды талқылауға арналған пікір алысу алаңын қалыптастыру, осы орайда жергілікті Қостанай облысы аумағында жұмыс істейтін ҮЕҰ мүмкіндігін ескерген жөн;

2. Үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін көрсету, тұрғындар арасында ұшырасатын мәселелерді шешудегі жаңа тәсе,лдер мен тың технологиялар, қазақстандықтардың әлеуметтік стандарттарын қалыпастыру сапалы жүйелеріне қатысты әлеуметтік әріптестік механизмдерін қалыптастыру;

3. Әріптестік қарым қатынас негізіндегі барлық азаматтық институттарды жаңғыртуға ортақ амалдарды жасақтау; яғни бұл деген сөз, мемлекет, бизнес пен азаматтардың өзара тығыз қарым-қатынасы.

Жәрмеңкенің басты тақырыптары:


  • Тұрғындардың азаматтық бастамаларын жүзеге асыру және қолдау;

  • Азаматтық қоғам институттарының дамуы мен нығаюы;

  • Барлық азаматтық институттар арасындағы әріптестіктің дамуы, мемелекетпен аралықтағы әлеуметтік әріптестік;

  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың жүзеге асыру механизмін дамыту;

  • ҮЕҰ ұйымдастырушылық және кадрлық құрамын дамыту;

  • Тұрғындардың құқықтық мәдениетін дамыту, азаматтық құқықтардың және бастамалардың қорғалуы.

Жәрмеңке аясындағы шаралар:

Жәрмеңкені ұйымдастыру барысында ұйымдастырушы тараптың мақсаты мен міндетін толықтай көрсететін болады:

Жәрмеңке бағдарламасында көрсетілген алғашқы тапсырманы жүзеге асыру бойынша ҮЕҰ мүшелерінің және профильдік департаменттер мен ведомстволардың отырысын өткізу жоспарланып отыр, отырыстардың барысында мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты талқылау ұсынылатын болады. Әрі олардың мемленкеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асырудағы саясаттары байқалатын болады.


Жәрмеңке аясында жүзеге асырылған, жоспарда бар әлеуметтік жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, жобалар ойының байқауы ұымдастырылады келесі номинациялар бойынша:

1. «Мен қазақстан азаматымын» - бұл жобаның бығыты:

- елжандылық пен азаматтық сезім тәрбиесі;

- қоғамдық маңызды шараларға тұрғындарды тарту;

- тұрғындар арасынан бастамашыл топтарды құру;

- қазақстандықтардың өмір сүру сапасы стандарттарын қалыптастыру;

- тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастыру деңгейін жоғарлаты.

2. «Тең мүмкіндіктер қоғамы» - бұл жобаның бығыты:

- облыстағы әлеуметтік әлсіз тұстардың мәселесін шешетін бастамашыл топтар.

- қоғамға қажетті адамдарды интеграциялауға қатысты тың жобаларды қалыптастыру

- тұрғындар арасындағы өз-өзінің белсенділігін арттыруға, өмір сапасының жоғарлатуына бағытталған жобаларды әзірлеу.

3. «Құқық» - бұл жобаның бығыты:

- Облыстағы азаматтық құқықтарды қорғайтын бастамалар, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын жоғарылату.

- белсенді азаматтық ұстанымға қолдау білдіру, азаматтық бастамаларға, азаматтық мәдениеттің танылуына демеу көрсету.

4. «Жастар» - бұл жобаның бығыты:

- жастарды қоғам мәселелерін шешуге тарту, яғни анық азаматттық ұстанымды тәрбиелеу.

- жастар үшінг тиімді «әлеуметтік» лифттер механизмін қалыптастыру.

- жұмыспен қамтуға қатысты мүмкіндіктер жобасын жасақтау, және қызметтік жоғарылау, жастар арасындағы сенімсіздікті сейілту.

5. «Саламатты Қазақстан» - бұл жобаның бығыты:

- денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу және тұрғындар денсаулығ,ын сақтау бастамалары.

- дәрі –дәрмектерді орынды пайдалануды үйрету жобаларын жасақтау.

- белсенді демалыс пен денешынықтыруға және спортқа жағдайға жасау.

6. «Білімді ұлт» - бұл жобаның бығыты:

- білім беру технологиялары мен әдістемелерінің дамуы.

- жасөспірімдер мен балалардың рухани тәрбиесі.

- жеке бас жетістігін қалыптастыру жобаларын жасақтау.

- кәсіптік бағытталу бюойынша жаңа бастамаларды жасақтау.

- студенттер мен оқушалыра арасында еңбектік мамандықтарды насихаттау.

7. «Кәсіби» - бұл жобаның бығыты:

- ҮЕҰ ұйымдастырушылық және кадрлық дамуына жәрдемдесу.

- ауылдық елді мекендердегі үкіметтік емес ұйымдардың дамуына жағдай жасау.

- мемелекеттік тапсырыстар ауанында жұмыс істейтін қызметукерлердің, әсіресе ҮЕҰ мамандарының біліктіліг арттыру бағджарламасын жасақтау.

Бағалау талаптары


  • Жобаның әлеуметтік маңыздылығы, байқаудың талаптарына сәйкестігң.

  • Өзектілігі, әлеуметтік мәселелерді шешуге икемділігі.

  • Жобаны жүзеге асырудағы шикізаттық және кадрлық мүмкіндіктері.

  • Жобаны басқарудағы тиімділік.

  • Әлеуметтік жұмыста заманауи технологиялар мен қалыптарды пайдалану.

  • Жобаның жүзеге асырылған шағында күтілетін нәтиженің ақылға қонымдылығы.

  • Экономикалық мақсат.

Байқау шарттары:

Байқауға ҮЕҰ мен азаматтардың бастамашыл топтары қатыса алады.

Жәрмеңкеге қатысқысы келген ұйым 2012 жылдың 15 қазанына дейін қатысушының тапсырысын беруі тиіс. Тапсырыста ұйым және қатысушы хақындағы мәлімет пен жәрмеңкеге ұсынылатын жоба көрсетіледі. Бұл ақпарат әлеуметтік маңызды жобалардың электрондық мекен-жайында орналастырылатын болады. Электронды каталог Қостанай облыстық әкімдігі ішкі саясат басқармасының сайттарында және ҮЕҰ шикізаттық орталығында орналастырылатын болады.

Конкурстық тапсырыс қосымшаға сәйкес жасақталады:



  • Қауымдастықтың суреттелуі.

  • Жоба бағытталған мәселенің ау-жайы.

  • Жобаның мақсат, міндеттері.

  • Күтілетін нәтиже.

  • Нәтиже бағалары.

  • Жоба тұрақтылығы.

  • Жоба бюджетін қатысты мәлімет.

Қорытынды және марапаттау.

Байқау жеңімпаздары дипломдар мен сыйлақтармен марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталады.

Жәрмеңкеге халықаралық донрлық ұйымдарының мүшелері, бизнес-структуралардың және осы жобалардың қаржыландыруына тікелей ықпал ете алатын мемлекеттік ұйымдар шақырылады.

Жәрмеңке жұмысы хақындағы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралатын болады. Қатысушылармен арнайы сұхбат жұмыстары жүргізілетін болады.

Жәрмеңкеге қатысу үшін және әлеуметтік бастамалар байқауына қатысуға тапсырыстар электронды қалыпта 2012 жылдың 20 қазанына дейінгі аралықта сағат 16.00.-ге дейін қабылданады.

Электронды пошта: grin_kost@mail.ru (Жәрмеңкеге деген ескертпесімен)

Мекен-жайы: Қостанай қаласы, 1 Май көшесі 151. Ұйымдастырушы комитет «Қостанай облысы ҮЕҰ Әлеуміттік бастамалар мен жобалардың жәрмеңкесі».


Қосымша ақпарат мына сайтта орналастырылатын болады: : www.gakogrin.kz


Жоба кураторы:

Жаринова Елена



Тел.: 8-7142-54-14-69, 54-48-40

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет