Қостанай облысы әулиекөл ауданының



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/2
Дата25.02.2016
өлшемі0.49 Mb.
  1   2


Қостанай облысы Әулиекөл ауданы бюджеттік комиссия отырысында мақұлданды

(2013 жылғы 28 қазандағы № 365хаттамасы)




ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫНЫҢ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ

2014-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БОЛЖАМЫ

2013 жыл


Мазмұн



Кіріспе ………………………………………………………………………...3

1 . Болжам, даму бағыттары, басымдықтар, мақсатты индикаторлары және экономикалық даму көрсеткіштері ... ................. ………………………… 3






    1. 2012-2013жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму

үдірісі ………………………………………………………….………….....3

    1. 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық

басымдықтары……………..……………………………………………… ...12


    1. Жылдар бойынша бөлінген әлеуметтік-экономикалық мақсатты

индикаторлар………………………………………….....................................14


    1. 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық болжам

және көрсеткіш ……………………………………………………………. 17

  1. 2014-2016 жылға арналған бюджеттік параметрлер.……………… 21

    1. Әулиекөл ауданының салық бюджетінің саясаты..............................21

    2. Аудан бюджетінің болжамы ................................................................ 22

  2. Үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттік басым инвестициялардың тізбесі (қосымша)....................................................................................

  3. Қосымша
















Кіріспе
2014-2018 жылдарға арналған Әулиекөл ауданының бюджеттік параметрі және әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1251 бекітілген қаулысымен әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Ережесіне сәйкес дайындалды.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Стратегия «Қазақстан-2050» мемлекетте тұрған жаңа саясаттық курс Жолдауында анықталған ауданның экономиялық дамуының ұзақ мерзімдік стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, алға қойған мақсаттарына және міндеттеріне қол жеткзуге бағытталған.


  1. Болжам, тенденции, басымдық, мақсатты индикаторлар және экономикалық даму көрсеткіштер.




    1. 2012-2013 жылдардағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы.

Әулиекөл ауданы 1921 жылы құрылған, Қостанай облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, ауданның аумағы 11,1 мың шаршы километр немесе облыстың жалпы аумағының 7 пайызы. Аудан тұрғындарының саны 2013 жылғы басында 46 мың адамды құрайды. Аудан аграрлық мамандандырылған. Ауданның негізгі тауар өнімі бидай, ет, көмір болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі факторлары 2013 жылы 2012 жылғыдай еңбек рыногындағы жағдайды жақсартумен қолдау көрсететін табыстардың өсуі мен тұтыну сұраныстарының жандануы болды. Бюджеттің табысы 2013 жылы жалпы экономикалық өсуге сәйкес өсті. Экономикадағы инвестициялық белсенділіктің көздерінің бірі республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жобалар. 2013 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен инвестициялық құрылымда негізгі капиталда өз қаражатының үлесі 64,6 %. құрады.

Өнеркәсіп.

Ауданда өнеркәсіп өнімін өндірумен 28 кәсіпорын айналысады, оның ішінде 5 ірі кәсіпорын.

Ауданда қоңыр көмір, табиғи құм, тамақ өнімдері, ұн, нан, макарон өндіріледі,тігін өнімдері, жылу мен су өндіріледі және таратылады, тепловоздар мен вагондар жөндеу, жүк вагондарына детальдар мен қосалқы бөлшектер жасайды. Ауданның өнеркәсібінің үлесі облыстың жалпы өнеркәсіп көлемінің 0,8 % құрайды.

Өнеркәсіп кәсіпорындары өнімінің көлемі 2012 жылы өндіріс өнімін 3940 миллион теңге сомасында өндірді немесе өткен жылы өндірілген өнімінің 1,7% құрайды.

Өнеркәсіп өнімінің жеке көлемінің индексі 101 % құрады.

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 3187,3 млн. теңге өнеркәсіп өнімдерін өндірді, өсу қарқыны былтырғы жылы 97,8% құрайды. 2013 жылдың қаңтар –қыркүйек айының жеке көлемінің индексі 96,6 % құрайды. Өнеркәсіп өнімі мөлшерінің төмендеуі ұн және нан өнімдерінің өндіріс мөлшері төмендеуіне байланысты.

Ауданның өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібі басым, оның үлесі 2013 жылғы 9 айына 85,2% құрады, тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі-4%, жылу энергиясы мен суды өндіру және тарату -8,6%, сумен жабдықтау-2,2%.

Әулиекөл ауданының өнеркәсібінде «Приозерный Разрезі» Қазақстан – Ресей компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі маңызды орын алады, карьер сапалы , өзіндік ерекшелігі бар. Өткен жылдағындай проблемалық мәселе нарық өткізілімінің болмағандығы болып тұр. Осыған байланысты 2013 жылы 2,2 мың тонна көмір өндірілді немесе өткен жылғы деңгейге қарағанда 19,4 %. Тауар өнімінің көлемі 6,3 млн. теңге немесе 2012 жылғы деңгейге қарағанда 19,4%.

Кәсіпорын сату рыногын іздестіруді жалғастыруда, мүмкіндігінше шарттар жасалуда. Кәсіпорын көмір сату рыногы болғанда және қажеттілік туындағанда 1 млн.тонна көмір өндіре алады.

Қолда бар машина құрылыс кешені ұсынылды:



  • «Болашақ А» ЖШС базасында ТЭМ және ЧМЭЗ маркалы тепловоздар

жөнделеді және техникалық қызмет көрсетіледі. 2012 жылы орындалған қызмет көрсету үлесі 979,8 млн. теңге немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 115,8%. 2013 жылдың 9 айында қызмет үлесі 125,6% құрады, өткен жылдың кезеңіне сәйкес.

депосы» филиалы вагонның қажетті бөлшектерін және жүндеу жүргізеді. 2012 жылы өнім көлемі 64,7 млн. теңге немесе 2011 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 113%. Кәсіпорынға 2013 жылы «Өндірістік кешенді қайта құрастыру» инвестициялық жобаны іске асыру басталды. ЖСҚ әзірлеуге 77 млн.теңге бөлінді. 2013 жылы индустрияландыру картасы жобасына қосылды.

Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен айналысатын мынадай тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар- «Аманқарағай элеваторы» ЖШС, «ИНСПЭК» ЖШС, жеке кәсіпкерлер Мороз А. С., Худяков В.А. және басқалары. Өңдеу кәсіпорындарының дамуына шікізаттың болуы және рынокта сату ықпал етеді.

Ауданда үш кәсіпорын: «Болашақ А» ЖШС-тепловоз жөндеу және Диев агрофирмасы» ЖШС-ұн өндіру, ИСО сәйкес 9001-2001 сертифиакты бар.

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарына халықаралық стандарттарды енгізу ішкі және сыртқы рынокқа халықаралық стандарттарға сәйкес өнім жеткізуге мүмкіндік береді.



Ауыл шаруашылық

Ауданның аграрлық секторы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. 2012 жылы - ауыл шаруашылығы жалпы өнім шығарылымы 11075,9 миллион теңге құрады 2013 жылғы 9 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнім шығарылымы 10283 млн. теңге құрады. Ауыл шаруашылық өнімінің жеке индекс көлемі -54 %.

Барлығы 206,5 мың га. алаңнан 76 мың тонна астық жиналды. Аудан бойынша орташа астық қоры 3,7 ц/га құрайды. Ауарайының қолайсыздығы жем шөп өніміне және малшруашылық өнімі өндірісінеде төмендетуіне әкеліп соқтырды.

Қазіргі уақытта 2013 жылы көктемгі-егістік жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. 21,4 мың санында сорттық және аудандық тұқым бар.ЖШС «ОХ Заречное» келісім шарт жасалды 2,5 мың тонна тұқым сатып алында.

2012 жылы 104,3 млн.теңге өсімдік шаруашылық саласына субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Арзандатылған ЖЖМ 6620 тонна алынды.

Мал шаруашылығымен 10 шаруашылық айналысады, оның 8-ірі қара мал

өсіру, 2-жылқы өсіру. Мал шаруашылығының өнімдері ауданның ішкі рыногында және облыстың, республиканың басқа өңірлерінде сатылады. Төрт шаруашылық асыл тұқымды санатында: «Москалевское» ЖШС асыл тұқымды зауыты, Диев агрофирмасы» ЖШС және «Б. Қойшыбаев» шаруа қожалығы, «Сұлукөл» ЖШС, олар барлық мал басының 16% ұстайды. Малдың негізгі бөлігі (82 пайызға дейін) жеке қосалқы шаруашылықтарда.

2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда шошқа басы 2 % , қой 5,3%, жылқы 2,1%, құс 7,3 %, ІҚМ 7,1% ұлғайды. Ет-16719,6 тонна, сүт- 28772,2 тонна, жұмыртқа- 18478,6 млн. дана өндірілді.

2012 жылы мал шаруашылығында «Тимофеевка - Агро» ЖСШ базасында жалпы құны 890,6 млн. теңге болатын Қостанай облысы индустрияландыру картасына қосылған «2 мың бас аналық ІҚМ арналған бордақылау алаңының құрылысы үшін мал шаруашылығы базаларын жаңарту мен салу» Қостанай облысы бойынша индустрияландыру картасы жобасына қосылды

«Сыбаға» бағдарламасы іске асыру кезеңінде ІҚМ 610 бас мал немесе 112% жоспардан тыс сатып алынды.

2013 жылы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 11049 млн.теңге құрауды күтілуде.

ЖШС «Тимофеевка-Агро» базасындағы инвестициялық жобаны орындау мал шаруашылық өнімінің өсуіне жағымды әсер етеді. Ауданда ауыл шаруашылығын қалыптастыру 8 мың га.май мәдениетінің алаңын, жем шөп мәдениетін 18 мың га дейін ұлғайту күтілуде. Барлық егілген алаң 240 мың. га.

ортамерзімдік кезеңдегі саясат ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде жаңа технологияларды енгізу және заманауи ауыл шаруашылығы техикасын сатып алуды топтау болады, бұл аграрлық сектордың экономикалық тиімділігін және азық – түлік тәуелсіздігін арттырады.
Сауданы және кәсіпкерлікті дамыту

Облыстың аумақтары шегінде Әулиекөл ауданына жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының 3,7 пайызы келеді.

Сала құрылымында субъектілердің негізгі үлесі саудамен айналысады. Бұл жағдай сауда қызметі шағын бизнес кәсіорындары үшін ең қолайлы екенін түсіндіреді, себебі үлкен капитал айналымын қажет етпейді және қысқа мерзімде қаржылық қаражат айналымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін аса тартымды болып қалады.

2012 жылғы ауданда 28 белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді, 318 сауда объектісі бар, оның 206 ауылдық жерде орналасқан. 3 рынок әмбебап рынок үлгісінде тіркелген, 315 сауда орнына арналған.

2012 жылғы бөлшек тауар айналымы сатудан 1966 млн. теңге құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағамен) 4,5% көбейді . Бөлшек тауар айналымы құралымында азық – түлік тауарлары басым.

Көтерме тауар айналымы 2210 млн.теңгені құрады. Тамақтандыру саласында қызмет көрсету 2011 жылы 26 млн.теңге сомасында болды. 2013 жылғы1 қазанға тауар айналымы 1574,9 млн.теңге, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,3%.

Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдан бастап ауылдық кәсіпкерлерді және өз ісін ашқысы келетін және мүмкіндігі бар өз бетінше жұмыс істейтін, жұмыссыз және тұрмысы төмен тұрғындарға шағын несие беру

жүзеге асырылады


Инвестициялық сала

Инвестиция көлемінің серпіні жыл сайынғы өсуінің оң беталысын көрсетеді. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2012 жылы 5 млрд.12 миллион теңге құрады, оның ішінде: республикалық бюджет қаражаты-398 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты-255 млн. теңге, кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың қаражаты-3857 млн. теңге және басқалай қарыздық қаражат-502 млн. теңге. 2012 жылы жалпы инвестиция көлемі 2011 жылға қарағанда 33,9% пайызға артты немесе 1270 млн. теңге. 2013 жылдың 9 айында 3521 млн. теңге игерілді, өткен жылдың кезеңге сәйкес 0,1% төмендетілді.

Келешекте инвестициялық үдерісті ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

2013 жылы республикалық бюджеттен қаржыланатын инвестициялық жоба жоспарланған, бұл

-«Әулиекөл ауданының Құсмұрын поселкесінде «Южный» қазандығының құрылысы», «Әулиекөл ауданының Құсмұрын поселкесінде «Южный» қазандығынан жылу қазандығынан жылу желілері құрылысы», жобаларды іске асыру Құсмұрын поселкесіндегі әлеуметтік сала нысандарын орталықтан жылытуды қамтамасыз етеуге мүмкіндік береді;

-«Әулиекөл селосында мемлекеттік тілде оқытатын 600 орындық орта

мектептің құрылысы» , жобаны іске асыру мемлекеттік тілде оқыту үшін жағдай жасайды және жұмыс істеп тұрған мектептің жүгін жеңілдетеді.

-« Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл селосында Строительная 6 көшесіндегі 2 қабатты тұрғын үйді қайта жаңарту» жалға беру, іске асырылуы әлеуметтік-қорғалатын тұрғындар мен жастардың үй-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

-Болжалды кезеңде заем қаражаты мен кәсіпорындардың қаражаты есебінен аудан 2013 жылы экономикасын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру жоспарлануда:

-өнеркәсіпте- «Қазтеміртранс» Құсмұрын вагон жөндеу депосы» АҚ филиалының 1 млрд 328 млн. теңге сомасында. Индустрияландыру картасы жобасына қосылды.

өндірістік кешенді қайта құрастыру инвестициялық жобаны іске асыру басталды:

-ауыл шаруашылығында- «Агрофирма Диевка» базасында сомасында «Диевка селосында нан қабылдау пункт алаңын қайта жабдықтау» екі инвестициялық жобасын орындау жоспарланып отыр және 200 млн теңге сомасында «Үшқарасу селосында №2 ферманы қайта құрастыру» жалпы сомасы 221 млн.тенге 20 жұмыс орыны құрылды.


Құрылыс

2012 жылы құрылыс жұмысын орындау көлемі 697,9 млн.теңге. құрайды. Құрылыс жұмысының орындалған құрылымы 60,8 индустрияландыру картасы жобасына қосылды.

құрылыс-монтаждау жұмысы, күрделі жөндеуге 8,9 % және ағымдағы жөндеуге 30,3% алады.

2013 жылдың 9 айында жалпы алаңы 2291 шаршы метр жеке тұрғын үйді пайдалануға берді, өткен жылдың кезеңіне қарағанда 39,4 % көп. 2012 жылы тұрғын ғимараттын жалпы аланының 1шаршы метрінің нақтылы бағасы 40,2 мың теңгені ал 2013 жылы 52,1 мың.теңге құрайды. Тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тарту мен тұрмысы орташа және әлеуметтік қорғалатын тұрғындар үшін жеке тұрғын үй құрылысына ынталандыру көзделуде.

2013 жылдың аяғында жалға берілетін 2 қабатты үйді жаңарту аяқталады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі 2013 жылдың 1 қазанына-139,4 % құрайтын болады.
Коммуналдық мүлікті басқару

2013 жылғы 1 қаңтарында Әулиекөл ауданында тіркелген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар-3 және 10 коммуналдық қазыналық кәсіпорын, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Қазіргі уақытта ауданның ірі елді мекендерін, Әулиекөл селосында, Құсмұрын поселкесінде ауыз сумен және жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар «Мерей» МКК, «Құсмұрын ЖЭК» МКК, «Әулиекөл-сервис» ЖШС. Бұл кәсіпорындар жылу энергиясын, суды беру мен тарату, су және кәріз жүйесін ұстау, ТҚҚ көму бойынша қызмет көрсетеді. «Мерей» МКК 9 айдың ішінде 8,7 млн. теңге залалмен жұмыс істеді. «Құсмұрын ЖЭК» МКК 9 айдың ішінде35 млн. теңге залалмен жұмыс істеді.

«Мал дәрігері» МКК ветеринарлық және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында облыста ветеринарлық қызметін жүзеге асыруда. «Әулиекөл-сервис» ЖШС ТҚҚ көму бойынша қызмет көрсетеді.

Аудандық бюджетті толықтыру және коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану мақсатында коммуналдық мүлік нысандары жалға беріледі.

2012 жылы 69 жалға алу шарты (637,3 шаршы метр) жасалды, жалға алу төлемақысы 1,8 млн.теңге сомасында.


Автомобиль жолдары, көлік және коммуникация

Ауданда екі ірі темір жол стансасы бар: Аманқарағай селосында және Құсмұрын кентінде. Темір жол пайдаланатын ұзындығы 63 км,стансасы 53,15 км.

Ауданның аумағында облыстық маңызы бар автожолы бар, ұзындығы 237 км, жабынды үлгісі асфальт бетонды 18 км, қиыршық тас 189 км, ақ жол 12 км, топырақ - өңделген 18 км.

Ұзындығы 211 км жергілікті маңызы бар 11 автомобиль жолы бар, оның 95 км қатты жабынды, оның ішінде 2 автомобиль жолы 3 санатты және 9 автомобиль жолы 4 санатты.

Автомобиль жолының жабынды үлгісі асфальт бетонды 22 км, қиыршық тас 73 км, ақ жол 82 км, топырақ - өңделген 34 км.

2012 жылы ағымдағы жөндеуге, аудандық маңызы бар автожолды ұстауға 51 млн.теңге бөлінді, 2013 жылы 9 айында 25 млн.62 мың.теңге.

Жолаушылар тасымалдауды жеке кәсіпорындар және кәсіпкерлер жүзеге асырады. 2012 жылдың тоғыз айында жүк ағымы 1,4 млн. адамды құрады. Барлық елді мекендеріне автобус қатынасымен қамтылған.

2013 жылы 2012 жылғыдай аудан аумағында тұрғындар үшін байланысын «Қазақтелеком» АҚ филиалының Әулиекөл аудандық бөлімшесі , ұялы байланыс компаниялары атқарады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің ұлғаюы көлік қызметінің артуына ықпал етеді.


Сыртқы экономикалық қызмет

Ауданның негізгі тауар өнімі – бидай, көмір. 2013 жылы 2012 жылғыдай бидайды экспорттау және импорттау болған жоқ. Негізгі тауарларды шығару және әкелу Қазақстан Республикасы шегінде, Қостанай, Астана қалаларының делдалдық фирмалары арқылы жасалды.


Демография және көші – қон

Ауданда демографиялық жағдай тұрғындардың көшу ағынына байланысты санының кемуі мен табиғи өсуінің азаюымен сипатталады.

2013 жылдың басында халық саны 46068 адам, 2012 жылы 46475 адам, жалпы азаюы 407адамды құрады, өзгеру қарқыны 99,1 пайыз. 2013 жылғы қазан айының басына халық саны азайып, 46009 адамды құрады.

2012 жылы тууы туралы 579 акті тіркелді, 2011жылы 584. АХАЖ органдарының тіркеген қайтыс болғандар саны 2012 жылы – 526, 2011 жылы 515. Тұрғындардың табиғи өсуі 2012жылы 53 болды, 2011жылы – 69.

Өңір экономикасының дамуы, тұрмыста экономикалық жағдайдың жақсартылуы еңбекке жарамды тұрғындардың кетуін азайтуға әкелуі тиісті.
Білім беру

2013 жылы 1 қаңтарда ауданының білім беру жүйесі 7 мектепке дейінгі мекеме, 3 күндізгі білім беретін мектеп шағын орталықтарымен, 2 кешкі мектеп мекемесі бар. Ауданда 20 жалпы білім беретін орта мектептер жұмыс істейді, соның ішінде 1 С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы, 8 негізгі мектеп, 7 бастауыш мектеп.

2012-2013 оқу жылында 1 бастауыш мектебі жабылды (мемлекеттік тілде оқытылатын), 2 орта мектеп(1-мемлекеттік тілде, 1 орыс тілінде оқытылатын) негізгі , 4- бастауыш мектебі (3 мемлекеттік тілде, 1 аралас тілде оқытылатын ) болып қайта ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілде оқытылатын мектеп саны-15, орыс тілінде оқытылатын-6, аралас -14.

2012-2013 оқу жылының басында оқушылар саны өткен жылға қарағанда бала саны 358-ге азайды, 5723 адамды құрады.

Білім беру жүйесінде мақсатты бағытталған оқу кабинеттерін, мектеп кітапханаларының қорын жабдықтау жүргізілуде.

2012 жылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, ауданның үш мектебі үшін химия кабинетін сатып алынды және автоматты өрт дабылы орнатылды.

Әулиекөл селосында мемлекеттік тілде оқытатын 600 орындық мектептің құрылысы аяқталуда.

Бастапқы кәсіби білімді Әулиекөл селосындағы Ауылшаруашылық колледжі береді. 2012 жылы 6 мамандық бойынша 551 бала оқыды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 175 оқушы.2013 жылы барлығы 485 оқушы оның ішінде мемлекеттік тапсырыстың 6 мамандығы бойынша 135 оқушы оқуда.

Мектептен тыс 3 оқу орыны-балалар өнер мектебі: Аманқарағай селосындағы, Құсмұрын поселкесіндегі филиалымен және балалар –жасөспірімдер спорт мектебі Новонежин селосында, Құсмұрын поселкесінде грек-рим күресі бойынша және поуэрлифтингтен, Аманқарағай селосында волейболдан, Тимофеевкада полиатлон, Новонежинде қазақша күрес, «Достық» БСЛ. Ауданның қосымша білім беру ұйымдарында балаларды қамту 2049 бала, немесе 34%.

2013 жылы шағын орталықтарды толық күнге ауыстыру есебінен мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қысқарту жалғасуда, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша топтарды ашу мен кеңейту.


Денсаулық сақтау

2012 жылы ауданның медициналық мекемелері: 6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 22 медициналық пункт (МП), «Әулиекөл АОА» МКҚК 165 керует, «Құсмұрын поселкелік ауруханасы» МКҚК 35 керует, «Әулиекөл аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы» МК 30 керует.

2012 жылы ауданның тұрғындарына медициналық көмек көрсететін 359 адам жұмыс істейді, оның ішінде 71 адам – дәрігер және 288 орта медицина қызметкері. Ауданның 10 мың тұрғынына дәрігермен қамту 2012 жылы 15,2 2013 жылы -14,4, орта медицина қызметкерлері 60,4 (2011 жылы-60,1). Учаскелерде дәрігер мамандар жетіспейді. Дәрігер кадрлардың қажеттілігі-8 дәрігер.

Жас мамандарды ауылға бекіту бағдарламасы аясында 2012 жылы 13 жас маманға көтермеақы төленді, 2013 жылы -3, бюджеттік несие -1 медициналық қызметкерге. Дәрігер кадрлардың қажеттілігін азайту мақсатында жас мамандарды тарту жұмысы жалғастырылатын болады.

Алдағы уақытта алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесін дамыту мен нығайтуға материалдық-техникалық базасын жақсарту және денсаулық сақтау нысандарын, ең алдымен ауылдық жерді, кадрлармен қамтамасыз ету шаралары көзделуде. Тұрғындарға дәрі - дәрмектердің сапасын жақсарту және қолжеткізуін, әсіресе ауылдық жерлердің, денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу бойынша, салауатты өмір сүруді насихаттау жөнінде бағдармаларды әрі қарай іске асыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. 2013 жылы республикалық трансферттен Диевка және Новонежинка селоларында екі амбулатория салынатын болады.
Жұмыспен қамту

2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда тіркелген тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендеу үдерісі байқалады – 0,2 пайыздан (2011) 0,3 0,1 пайызға дейін (2012). 2013 жылғы 1 қазанына тіркелген жұмыссыздық деңгейінің артуы – 0,1 пайыз.Оған жұмыспен қамту Стратегиясы ықпал етті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 216 адам жұмысқа орналастырылды. Жүгінген жұмыссыздардың жұмысқа орналастырылғаны 82,4 % құрады. 2013жылдың 9 айында 294 жұмыс орны, оның ішінде 75 тұрақты жұмыс орны құрылды.

2012 жылы ауданның 15 округі аумағында тұратын 130 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. 28 жұмыссыз кәсіби даярлықтан өтеді деп күтілуде. Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына тұрғындардың мақсатты тобынан 11 жұмыссыз орналастырылды.

2013 жылы қоғамдық жұмысқа 150 жұмыссыз алынды, бюджеттен 11062 жұмсалды.


Әлеуметтік қорғау

Кедейшілікті азайту бойынша шаралар өткізу кедейшіліктің көлемін азайтуға, тұрмыс деңгейін жоғарлатуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға. Кедейшілік деңгейі 2012 жылғы 0,5 пайыздан 2013 жылы 0,4 пайызға төмендеді, тұрмысы төмен азаматтар саны 2013 жылғы 1 сәуірінде 208 адам болды.

2012 жылы 245 аз қамтылған (орта есеппен айына 170 адамға) азаматқа 6208,7 мың теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы алушылар саны 76 адамға кеміді. МАӘК сомасы 25 пайызға азайды.

Тұрғын үй көмегі 2012 жылы - 260 отбасына төленді. 2012 жылы тұрғын үй көмегінің жалпы сомасы 6793 мың теңгеге төленді.

2013 жылы аз қамтылған азаматтар саны 44 отбасы немесе 184 адам. Мемлекеттік атаулы жәрдемақы 18 ге дейінгі балаларға – 2393 балаға төленді.

Тұрғын- үй көмегі 272азаматқа 6 млн. 228 мың. тенге сомасына көрсетілген.


Мәдениет

2012 жылы мәдениет мекемелері желісі өзгеріссіз, 2011 жылғы деңгейде қалды және мәдениет ұйымы желісінде 29 кітапхана және 16 клуб болды. Мәдениет мекемелерін ұстауға 2012 жылы 112,2 млн. теңге жұмсалды. Мәдениет нысандарын нығайту мен жабдықтау шығынының жоспарлы өсуі байқалады. Жыл сайын кітапханалардың кітап қоры толықтырылады, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мәдениет жүйесін дамыту мақсаттарында 2013 жылдары материалдық-техникалық базаны күшейту, тарих, археология және сәулет ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіруді қамтамасыз ету, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау; өңірдің имиджін жоғарылату, мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін халықаралық байланыстарды одан әрі кеңейту бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Спорт

2012 жылы 439 спорттық шара өткізілді, оған 13760 адам қатысты. 2012 жылы аудан аумағында облыстық «Тың-Целина-2012» спартакиадасы өткізілді, 2012 жылы аудан спортшылары 26 облыстық жарысқа қатысты.

2012 жылы спорт кешенін жөндеуге облыстық бюджеттен 73 млн. теңге және 60 млн. теңге тартылған қаражат жұмсалды. 15 млн. теңге сомасына спорттық жабдық сатып алынды. 2013 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен қамту 27,2 пайызды құрайды.

Алдағы уақытта ауданның спорттық мекемелерінің желісін сақтап қалу және спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күшейту күтілуде.


Аумақты дамыту

2012 жылы аумақты дамыту бағдарламасының аясында Әулиекөл, Аманқарағай, Новоселовка, Новонежинка селосында қоқысты жою бойынша жұмыстар жүргізілді. 2013 жылы қоқысты жою бойынша жұмыстар жалғасын табады, Әулиекөл, Аманқарағай және Құсмұрын поселкесінде поселок ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.




    1. 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік- экономикалық даму басымдығы


Индустриалдық-инновациялық дамуы

Ауданның экономикалық дамуының келешектегі негізгі басымдылығы агроөнеркәсіп кешені мен өнеркәсіп өндірісінің қолда бар шикізат ресурстарын оларды кешенді өндеуді және инновациялық өндірісті және жаңа технологияларды енгізумен бәсекеге қабілетті өнім түрлерін шығаруға бағытталуын қамтамасыз етумен бұдан да толықтай пайдалану жолымен белсендірілуі болып табылады..



Өнеркәсіп.

Қолда бар қоңыр көмірді өндіру кен өндіру өнеркәсібін дамыту болжамы. Қоңыр көмірдің көлемін өткізім рыногы табылған кезде көмір сұранысы ұлғаяды деп күтілуде.

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорының бір жүйеге қалыптастыру («Казтеміртранс», ЖШС «Болашак-А») технологияны және өндірісті кеңейту, заманауй техникамен жабдықтауды өндіру, жаңа инновациялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға есептеу. «Казтеміртранс» филиалы өндіретін инвестициялық жобаны индустриализациялау картасына қосуды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылық.

Алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешенін дамыту жаңа технологияны енгізу, өнімді экспортқа хабардар етуге шығаруын ұлғайту, ауыл шаруашылық шикізатының сапасын жоғарлату бойынша кешенді шаралар өткізу, жыл сайын асыл тұқымды мал басының санын ұлғайту есебінен қамтамасыз етілетін болады.



Сауда және кәсіпкерлікті дамыту.

Бәсекелестікті дамыту мақсатында қызмет көрсету сапасын жақсарту мен бағаны төмендетуге қол жеткізу жоспарлануда. Кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнаманың мәселелері бойынша тұрақты түрде ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу жоспарлануда, сондай-ақ ауданның шаруашылық субъектілеріне кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласын дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша тұрақты түрде ақпараттық-кеңестік көмек беру жоспарлануда.

Жұмыспен қамту бағдарламасының аясында жұмыссыздар мен аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен қамту санынан, ауыл кәсіпкерлері мен тұлғаларға шағын несие беруді жалғастырылуда. «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлермен жұмыс жалғасады.

Инвестициялық сала.

Инвестициялық процесті қалпына келтіру бойынша шаралар қолданылатын болады. 2014-2018 жылдардағы саланы дамытудың инвестицияның негізгі капиталының өсу қарқыны жылына орташа 2 % құрайды. Алдағы уақыттағы инвестициялық саясатта ел басының «Стратегия «Қазақстан -2050» берген стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен тапсырмаларында анықталған мақсат пен тапсырманы орындау.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған интеллектуалды және инфрақұрылымның негізін құру болып табылады.
Тұрғындарды жұмыспен қамтуын жоғарлату.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсетіледі.

Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдан бастап ауылдық кәсіпкерлерді және өз ісін ашқысы келетін және мүмкіндігі бар өз бетінше жұмыс істейтін, жұмыссыз және тұрмысы төмен тұрғындарға шағын несие беру

жүзеге асырылады.



Тұрғындарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Тұрғындарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қол жетімді жалға беру тұрғын үйдің құрылысын және тұрғын үй құрылысын дамыту.



Әлеуметтік саланы жаңалау.

Білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдарды ұлғайту, апатты мектептерді жою, жаңа мектептің құрылысы есебінен мекемеде оқыту мәселесін шешу және тапшы оқушылар орнын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласы бойынша «Салауатты Қазақстан 2011-2015 жылдар» мемлекеттік бағдарламасын алдағы уақытта орындау, өлімді төмендету бойынша, халық аралық бағдарламаны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ГОМБП аясында диспансерлік ауруларды ақысыз дәрілермен уақтылы қамтамасыз етуді бақылауға алу.

Мәдениет саласында мәдениет нысаналарын жөндеу және нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда.



1.3. жыл бойынша бөлінген ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты индикаторлары.

Ауданның 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Әулиекөл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 4 ақпандағы №217 шешімімен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған Әулиекөл ауданның аумақтың даму Бағдарламасымен анықталған әлеуметтік-экономикалық мақсатты индикаторларына жетуіне бағытталатын болады.




Индикатор

2012ж. есеп

2013ж. бағалау

Жыл бойынша болжам

2014

2015

2016

2017

2018

өткен жылда негізгі капиталға инвестициялар %

131

108

102

103

103

103

103

Өнеркәсіп өнімінің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемі

өткен жылға қарағанда нақтылы өзгеріс%



100,1

103

103,1

103,2

103,6

103,8

104

Реальное изменение объемов в горнодобывающей промышленности, в % к предыдущему году



101,4

100

100,2

100,2

101

102

102

өңдеу өнеркәсібінде өнім өндірудің өткен жылға қарағанда нақтылы өзгерісі %

100,0

105

106

106

106,6

106,7

106,7

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылға қарағанда %,оның ішінде:

54

101,3

102,1

102,5

103,3

103,7

103,7

өсімдік өсіру

27,8

123,9

131,3

131,9

132,1

132,5

132,7

мал өсіру

87,4

101,2

102

102,4

103,1

103,6

103,7

Бидай өндіру мың. тонн

76,2

123,0

128

132

136

140

144

Ет өндіру мың. тонн

16,7

16,8

16,9

17,0

17,2

17,4

17,6

Сүт өндіру

28,7

28,9

30,0

30,5

31,0

31,5

32,0

Жұмыртқа өндіру

18,4

18,6

18,8

19,0

19,2

19,4

19,6



Білім берудің дамуының мақсатты индикаторлары































Индикатор

2012 ж
есеп беру

2013 ж
бағалау

Жыл бойынша болжам

2014

2015

2016

2017

2018

Балалардың ,мектепке дейінгі оқытумен қамтылған саны,адам.

1358

1442

1467

1467

1492

1517

1517

6 жасқа дейінгі балалардың ,мектепке дейінгі оқытумен қамтылғаны,тұрғындардың жалпы санының %

95

92

95,6

95,8

96,2

96,2

96,2

Балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің саны,бірлік

 7/35

7/35

7/34

7/33

7/33

7/33

7/33

Жалпы орта білім ұйымдарының оқушылары саны,адам

5765

5555

5618

5600

5535

5520

5440

Орта жалпы білім беру ұйымдарының саны,бірлік

 35

35

34

33

33

33

33

Мектептерді компъютерлендіру деңгейі,100 оқушыға компъютер саны

14,4

13,6

14,9

15,1

15,1

15,3

15,3

Жалпы оқушылар санының ҰБТ қатысқандар үлесі, %

75,9

63,5

70,1

70,2

70,5

71,0

71,5

Бастапқы кәсіби білім беру ұйымдарының саны

 1

1

1

1

1

1

1

Бастапқы кәсіби білім беру ұйымдарын бітірушілер саны,адам

155

155

175

195

215

225

225

Білім беру саласында қызмет етушілер саны,адам

1866

1808

1796

1784

1784

1784

1784

Білім беру жүйесі қызметкерлерінің өткен жылға % қарағанда орташа айлық енбек ақы

 115,1

100 

100 

100 

100 

100 

100 



Денсаулық сақтауды дамытудың мақсатты индикаторлары


Индикатор

2012 ж. есеп беру

2013ж. бағалау

Жыл бойынша болжам

2014

2015

2016

2017

2018

Өлім деңгейі, 1000 адамға


10,4

10,4

10,3

10,3

10,0

10,0

9,5

Бала өлімі 1000 балаға, тірі туғандар

27,3

16,2

16,1

16,1

16,0

16,0

15,5

100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауырғандар деңгейі

66,4

66,4

66,3

66,3

66,0

66,0

65,0

100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезден өлгендер деңгейі

8,6

21,6

21,5

21,0

21,0

20,5

20,5

100 мың тұрғынға шаққанда қанайналымы жүйесінің ауруымен ауырғандар деңгейі

2816,7

3380,0

3380,0

3350,0

3320,0

3310,0

3300,0

100 мың тұрғынға шаққанда қанайналымы жүйесінің өлгендер деңгейі

226,7

182,2

182,2

181,0

180,0

179,0

178,0

100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі өспелерімен ауырғандар деңгейі

272,0

270,0

270,0

269,0

268,0

267,0

266,0

100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі өспелерінен өлгендер деңгейі

68,5

68,0

68,0

67,8

67,7

67,6

67,5

10 мың тұрғынға дәрігерлер саны

15,2

14,4

15,1

15,2

15,5

15,7

15,9

10 мың тұрғынға орта медицина қызметкері саны

61,6

60,4

60,7

61,0

61,1

61,5

62,0


1.4. 2014-2018 жылдардағы ауданның экономикалық даму көрсеткіші мен болжамы.

Экономикалық саясаттын бағытының диверсификациялауды жылдамдату есебінен экономиканың қалыпты артуын қамтамасыз ететін болады.

Экономиканың артуының мақсатты параметріне қол жеткізу инвестициялық белсенділік қабілетін арттырады. Аймақтың экономикасында инвестицияның орташа жылдық артуы шамамен 6% құрайды. Осыған байланысты өндірісті дамытуына бағытталған кәсіпорынның заем және жеке қаражаты есебінен белсенді технологиялық жаңғырту.

2014-2018 жылдары өнеркәсіп саласында басталған АҚ «Қазтеміртранс» Құсмұрын вагон жөндеу депосы базасында орындалған инвестициялық жобаны уақтылы аяқтауын қамтамасыз ету және орындалуы жалғасатын болады. ЖШС «АГФ Диевская» базасында нан қабылдау мекенінің құрылысы мен бордақылау алаңын құру бойынша агро өнеркәсіп кешені саласында жобаны орындау жалғасын табуда.

Бюджеттік қаражат әлеуметтік сала, тұрғын-үй коммунальдық шаруашылығына, су құбырларына, жылу құбырларын және автомобиль жолдарын жөндеп және дамытуға жолданады.

Индустриалды кешенде алдағы уақытта саланы дамытуға болады, жеткілікті шикізат және өндірістік өнімі- машина құрылысы, кен өндіру секторы азық түлік тауарларын өндіру.

Орта жылдық қарқын 2014-2018 жылдарында өнеркәсіп өндірісінің деңгейі 104% жетеді деп болжануда.



Ауыл шаруашылығы. Агроөнеркәсіп кешенінің саясаты Мемлекеттік қолдау көлемін жетілдіру ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Соның ішінде жекеменшік инвестициялардың тәуекелдігін төмендетуге арналған зайем кепілдемесін енгізу есебінен.

2014-2018 жылдары ауыл шаруашылық жалпы өнімін орта жылдық 3%. деңгейінде жоспарлануда

Дүние жүзілік рынокта астыққа сұрау бар, ауыл шаруашылықты дамытудың ең бір басымдық бағыты – астық өндірісі. Астықты жинаудың орташа жылдығы 134 мың. тонн.

Осы мақсатта асыл тұқымды дамыту, алдынғы қатарлы агро технологияны қолдану, аймақта ғылыми-негіздемелі жер телімін пайдалану арқылы өндірісті жоғарлату есебінен өсімдік шаруашылық өнімін қамтамасыз етеді.

2014-2018 жылдар аралығында мал шаруашылық өнімінің көлемін орташа 3,7%, арттыру асыл тұқымды малды, ауыл шаруашылық мал өнімін жоғарлату, мақсатқа бағытталған ұрықтандыру жұмыстарын жүргізу, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұлғайту.

Осы мақсатта 2018 жылы тірі салмақта 10,8 мың. тонна ет, сүт-43 мың.тонна, жұмыртқа-20 млн. дана өндіріледі.



Құрылыс. 2014-2018 жылдары құрылыс жұмыстарының көлемі жыл сайын 3% артырады.

«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы жалға беру тұрғын үй құрылысы жоспарлануда, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған шарттар жасалуда.



Кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту. Шағын және орта бизнесті қолдау және ішкі сұранысты дамыту мақсатында сыртқы сұранысты қысқарту шартарында бизнес климатты жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шараларды тиімді орындау кәсіпкерлікті дамытуға байланысты нақты бағыт болып табылады.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы. Тұрғындарды қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылым жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасын орындауды жалғасады. Ұсынылған коммуналдық қызмет көрсету жағдайын жақсарту және коммуналдық инфрақұрылым нысаналарын жаңарту арқылы тұрғындардың қолайлығы жоғарлайды. 2018 жылы сапалы коммуналдық қызмет көрсетуге тұтынушылардың 50% қанағаттанады.

Көлік және байланыс. Көлік инфрақұрылымын дамыту басымдық бағыты облыс орталығында сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету болып табылады, және де аудан ішінде көлік инфрақұрылымының қажетті жағдайын қамтамасыз ету.

Байланыс қызметі интернет желісін ұсыну, телекоммуникация желісін дамыту мен жаңарту, жаңа банктік және қаржылық қызмет көрсету, пошталық қызмет көрсетуін дамыту арқылы жыл сайын 6 % ұлғаяды.



Ішкі және сыртқы сауданы дамыту.

2014-2018 жылдары заманауй үлгідегі алаңдар санын ұлғайту және олардың үлесін сауданың бөлшектеп айналымын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сауданы дамытуға бағытталған іс шараларды жүзеге асыру, және де бөлшектеп тауар айналымының өсу қарқының сақтаудың қолайлы ішкі жағдайын қамтамасыз ету, нақты салада өсу қарқынының жоғарлығын сақтау.

Жыл сайынғы бөлшектеп сату көлемі орташа 4 %, бөлшектеп тауар айналымы 2% кем емес.

Кедендік одақ және экономикалық кеңістік бірлігінің аясында ішкі экономикалық саясат тауар мен қызмет көрсетудің жылжуына бағыт береді. Мал шаруашылығын дамыту, соның ішінде мал етін дамыту бағдарламасы аясында етті экспортқа шығару қабілеті туады.

Ауыл шаруашылық техникалырын , машина және жабдықтарды сатып алу есебінен импортқа шығару артады.



Білім беру. Білім берудің негізгі бағыты 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық тапсырмасын орындау орташа мерзімде болжанатын болады. Мектепке дейінгі білім беру саласының саясаты мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қамту. Білім беру сапасының барлық деңгейіне жоғарлатуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы тапсырма педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін жоғарлатудың жаңа әдісімен іске асады.

Білім беру сапасын жоғарлату пән кабинеттерін жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізу.

Техникалық және профессионалдық білім беруге жаңа әдістерді енгізу. Кадрларды дайындау болжанады, еңбек рыногында қажетті бірінші кезекте мамандарды оқыту.

Денсаулық сақтау. 2018 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласының негізгі басымдығы денсаулық сақтаудағы әлеуметтік бағытын және медицинада алдын алу күшін нығайту. Ерекше көңіл диагностика жасауға, скринингтік тексеріс, алдын алу шараларына бөлінеді. Осы шаралар ана мен бала өлімін және жалпы өлімді төмендету шаралары болады.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы орындауды жалғастырады.

Ұйымды заманауй жабдықтармен жабдықтауда ана мен бала өміріне түскен қауіп кезінде шараларды қолдануға, ертеде білінген ауруларды анықтауға көмектеседі

Алдағы уақытта туберкулез ауруын төмендету мақсатында заманауй емдеу әдістерін енгізу, флюорографиялық тексерістен өтуге қамту және олардың алдын алу жұмыстарын жүргізу

Ескеретін жай өлім себебінің құрылымының негізгі үлесін қан айналымы жүйесінің ауруы алады, ( 30% көп), оларға емдеу әдістерін жасау және ерте анықтау жұмыстарын жүргізу.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Негізгі шаралар, еңбек рыногында тиімді жоғарлатуға бағытталған, жұмыссыздар деңгейін төмендету және тұрғындарды жұмыспен қамту жолымен олардың кірісін жоғарлату, жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

2018 жылыжаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздар санын 2,1 % дейін төмендету жоспарланып отыр, жұмыс пен тұруға арналған қолайлы жағдайды қамтамасыз ету негізінде іс шаралар жүйесін әзірлеу. Профессионалды дайындау және қайда даярлау бағдарламасын жасау жоспарлануда, мамандарды оқыту кезінде қаржылық көмек көрсету. 2018 жылы жұмыссыздар санын 2012 жылмен салыстырғанда 54 % - 0,6 мың адамға төмендейді. Жалақы ақы арқылы тұрғындардың күн көріс үлесі 0,3 % дейін артады. Жалақы ақының орташа жылдық нақты өсуі 5% кем емес құрайды, тұрғындардың ақшалай кірісі 6% кем емес.



Аймақты дамыту. Аймақтық саясаттың негізгі мақсаты орташа мерзім кезінде аудан тұрғындарына кепілдемелік мемлекеттік қызмет көрсетуді құру. Негізгі тапсырма болып азаматтардың өмірге деген құштарлық сапасын жоғарлату табылады .

Жаңа аймақтық саясатты тиімді орындауға арналған қаржылық құрал 2011 жылы қабылданған «Аймақты дамыту» бағдарламасы болып табылады. В «Аймақты дамыту» бағдарламасы аясында селоны абаттандыру, көше және көлік жолдарын жөндеу, инфрақұрылымды дамытуға арналған жергілікті өзін өзі басқарма қаржыландыратын болады. 2014-2018 жылдарға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі көрсеткішінің болжамы ұсынылады. Қосымша 1.


  1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет