Қостанай облысының 2013-2017 жылдарға арналғАН



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі334.5 Kb.
#24134
  1   2   3   4




Әкімдігінің 2012 жылғы

«28» қыркүйектегі

№ 419 қаулысына

мақұлданды




ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ

2013-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

БОЛЖАМЫ



МАЗМҰНЫ


1.

Қостанай облысының даму қарқындары мен шарттары

3

1.1.

2011-2012 жылдардағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары

3

1.2.

Сыртқы даму шарттары

6

1.3.

Даму басымдықтары

7

2.

2013-2017 жылдарға арналған экономикалық саясаттың негізгі

шаралары мен бағыттары


8


2.1.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету

9

2.1.1.

Қаржылық секторды реттеу саласындағы ақшалық-кредиттік

саясат және саясат



9

2.1.2.

Қостанай облысы бюджеттік және салық саясатының негізгі

басымдықтары



9

2.1.3.

Бюджетаралық қатынастар

10

2.2.

Индустриалдық-инновациялық даму

12

2.3.

Әлеуметтік саланы жаңғырту және тұрғындардың тіршілік жағдайларын жақсарту

14

2.3.1.

Білім

14

2.3.2.

Денсаулық сақтау

15

2.3.3.

Мәдениет

16

2.3.4

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету

16

2.4.

Өңірлерді дамыту

17

3.

2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

19

4.

2013-2015 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы

20

4.1.

Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің салық саясаты

20

4.2.

Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің болжамдары

23

4.3.

Бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары (оның ішінде бюджеттік инвестициялар)

26


1. Қостанай облысының даму қарқындары мен шарттары




1.1. 2011-2012 жылдардағы облыстың әлеуметтік-экономикалық

даму қарқындары

2011 жылдың қорытындылары бойынша облысты дамытудың оң нәтижелеріне барлық негізгі бағыттар бойынша қол жеткізілді.

2011 жылдың қорытындылары бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) өткен жылға қарағанда 15,7%-ға өсті және 1135,6 млрд. теңгені, оның ішінде тұрғындардың жан басына шаққанда 1289,6 мың теңгені құрады. ЖӨӨ өсуіне негізінен қарқындардың ауыл шаруашылығында – 59,7%-ға, саудада – 12,4%-ға, құрылыста – 10,6%-ға жоғарылауы әсер етті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару 394,4 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 2010 жылға қарағанда 159,7%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 231,8%, мал шаруашылығында – 98,4% құрады. Мал шаруашылығы саласында төмендеуге ірі қара мал санының 34%-ға, шошқаның – 17,9%-ға, жылқының – 1,7%-ға азаюы әсер етті.

Өсімдік шаруашылығында бидай дақылдарын жинау гектар түсімділігі 18,4 центнерден айналғанда 7,9 млн. тоннаны құрады. Аталған көлем облыстың ішкі қажеттілігін жаңа егінге дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Экспорттық бидай әлеуеті 1088,2 мың тоннаны құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі және қолдану аумағы 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 100 мың гектарға ұлғайтылып, 3,9 млн. гектарды (облыс бидай танабының 91,1%) құраған ылғал сақтаушы технологияны кеңінен енгізу әсер етті.

Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау көлемдері жыл сайын өсуде. 2011 жылы 8862,5 млн. теңге, оның ішінде субсидиялар 7182,3 млн. теңге көлемінде бөлінді.

2011 жылы 564 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 100,9%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде және кеніштерді қазуда – 100,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 102,5%, электрмен жабдықтауда, газ, бу беру мен ауаны реттеуде – 116,1%, сумен жабдықтауда, канализациялық жүйеде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда – 89% құрады.

Облыстың өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндірісі және кеніштерді әзірлеу әуелдегідей басым болып тұр, оның үлесі 65,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 29%, электрмен жабдықтауда, газ, бу беру мен ауаны реттеуде – 4,7%, сумен жабдықтауда, канализациялық жүйеде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда – 1% құрады.

2011 жылы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 16,1%-ға өсті және 150,7 млрд. теңгені құрады. 2011 жылы құрылыс саласында жұмыстардың көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға өсті және 58,6 млрд. теңгені құрады.

Облыстың экономикалық дамуының оң жағдайы әсіресе инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 2010 жылғы – 72,9%-дан (88,1 млрд. теңге) 2011 жылы 75,8%-ға дейін (114,2 млрд. теңге) өскен кәсіпорындардың, ұйымдар мен тұрғындардың өз қаражаттары есебінен негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру болып табылады. Кәсіпорындардың, ұйымдар мен тұрғындардың өз қаражаттары есебінен инвестициялар көлемі 2010 жылға қарағанда 2011 жылы 20,7%-ға ұлғайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген ҮИИДМБ сәйкес Индустрияландыру картасына енгізілген басым инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде жұмыс жүргізілуде. 2010-2011 жылдары 41,4 млрд. теңге сомасына 38 объекті пайдалануға берілді, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 21,5 млрд. теңге (жалпы көлемде 14,3%) немесе өткен жылға қарағанда 100,3%, жергілікті бюджет есебінен – 8,8 млрд. теңге (жалпы көлемде 5,8%) игерілді, бұл 2010 жылғыдан 25,2%-ға жоғары. Заемдық қаражаттар 6,2 млрд. теңгені құрады (жалпы көлемде 4,1%), бұл 2010 жылғыдан 7,8%-ға аз.

Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту көлік қызметтерінің өсуіне себеп болды. 2010 жылға қарағанда 2011 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 21%-ға ұлғайды және 268 млн. тоннаны құрады, жүк тасымалдау айналымы 49,1%-ға өсіп, 8257,2 млн. ткм. құрады.

2011 жылы пошта және курьерлік қызмет кәсіпорындары 491,1 млн. теңге, байланыс кәсіпорындары – 8602,2 млн. теңге сомасына қызметтер көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2010 жылғы көлемнен тиісінше 19,5%-ға және 25,8%-ға артық.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 13,6%-ға ұлғайып, 125,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көбінесе 2011 жылы тұрғындар нақты кірістерінің 12%-ға өсуімен және экономикада инфляциялық үдерістердің бәсеңдеуімен негізделіп отыр.

2010 жылдың желтоқсанына қарағанда 2011 жылдың желтоқсанында инфляция деңгейі 6,8% (республика бойынша – 7,4%) құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 8,5%-ға (республика бойынша – 9,1%), азық-түлік емес тауарлардың бағалары – 4,2% (республика бойынша – 5,3%-ға), ақылы қызметтер – 7,2%-ға (республика бойынша – 7,3%-ға) жоғарылады.

2011 жылы облыс аумағында бюджетке 151,3 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды, олардан 39 млрд. теңге немесе 25,8%-ы жергілікті бюджетке аударылды.

Мемлекеттік бюджет жоспары 103,3%-ға, оның ішінде республикалық бюджет жоспары 103,3%-ға, жергілікті бюджет жоспары 103,4%-ға атқарылды.

2011 жылы облыс бюджетінің шығыстары 118,1 млрд. теңге сомасында немесе жылдық жоспарға қарағанда 98,3%-ға атқарылды. Әлеуметтік салаға 68,9 млрд. теңге немесе жалпы атқару сомасына қарағанда 58,3% бағытталды.

2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жалғасып жатқан көшіп-қону үдерістеріне байланысты экономикалық белсенді халық 0,3%-ға (1,6 мың адамға) қысқарды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын, Жол картасының инвестициялық бағыттарын іске асыру тұрғындардың, оның ішінде жалданып жұмыс істейтіндерінің жұмыспен қамтылуына, санына және жұмыссыздық деңгейіне оң әсерін тигізді. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жұмыспен қамтылған тұрғындар 0,2 мың адамға ұлғайды. Жалдамалы жұмыскерлердің саны 2010 жылдың деңгейінде қалды. 2011 жылы 12,9 мың жұмыс орны құрылды.

Жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 5,7%-дан 2011 жылы 5,4%-ға дейін қысқарды. Жұмыссыздардың саны 1,8 мың адамға (2010 жылғы 30,9 мың адамнан 2011 жылы 29,1 мың адамға дейін) немесе 5,8%-ға төмендеді.

Облыс экономикасы 2012 жылы әлемдік экономикадағы үдемелі дағдарыстық құбылыстардың әсерімен және елдің негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылатын Қытай экономикасының бәсеңдеуімен дамитын болады. Экономиканың байланыс салаларында жұмыспен қамту мен белсенділікті жоғарылатуға әсер ететін ірі индустриалдық жобаларды іске асыруды бастау жоспарланып отыр.

2012 жылы ЖӨӨ 2011 жылдың деңгейіне қарағанда 93,5% деңгейінде күтіліп отыр. Ұзаққа созылған ыстықпен және жауын-шашынның болмауымен сипатталатын табиғи-климаттық жағдайларға байланысты өткен жылдың жоғары түсімділігінің аясында аграрлық сала құлдырайды деп күтілуде.

2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы ауыл шаруашылығында жалпы өнім 49,4%-ға, оның ішінде: өсімдік шаруашылығында 50,8%-ға, мал шаруашылығында – 21,3%-ға азаяды.

2012 жылға ауыл шаруашылығын дамытуға 9,3 млрд. теңге мөлшерінде немесе 2011 жылға қарағанда 129,2 % субсидиялар бөлінді.

Басқа салалар бойынша нақты көлем индексі 2011 жылдың деңгейінен жоғары болжамдалып отыр.

2012 жылы өнеркәсіп өнімін өндірудің күтілетін көлемі 501,6 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 2011 жылға қарағанда 101%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 291 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 100%, өңдеу өнеркәсібінде 176,6 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 105% құрайды.

2012 жылдың қаңтар-тамызында облыстың кәсіпорындарында 318,8 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 99,4% құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде нақты көлем индексі 95,7% құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда агломерацияланбаған темір кенін өндіру – 34,4%-ға, темір кені концентраттарын өндіру – 8,4%-ға, асбест – 9%-ға ұлғайды. Шекемтас өндірісі – 14,9%-ға, мыс концентраттары – 2,3%-ға, бокситтер – 2,5%-ға, агломерацияланған темір кенін өндіру – 9,2%-ға, құрамында алтын бар кенді өндіру – 2,8%-ға төмендеді.

Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 111,6% құрады. 2012 жылдың қаңтар-тамызында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жеңіл жолаушылар көлігін шығару 2,6 есеге, ұн – 31,2%-ға, «Доре» ерітіндісі – 18,3%-ға, сыра – 15,4%-ға, шұжық өнімдері – 14,6%, ет және ішек-қарын – 13,1%-ға, өңделген сұйық сүт және кілегей – 10,7%-ға, арақ – 3,2%-ға ұлғайды.

2012 жылы Индустрияландыру картасының шеңберінде жалпы 20,7 млрд. теңге сомасына 20 объектіні пайдалануға беру көзделіп отыр. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында құны 4,9 млрд. теңге, 5 объекті пайдалануға берілді, 198 жаңа жұмыс орны құрылды.

2012 жылы жүк тасымалдау көлемін 8,1%-ға ұлғайту күтілуде.

2012 жылдың қаңтар-тамызында 93,7 млрд. теңге сомасына негізгі капиталға инвестициялар салынды, бұл заем қаражаттарын – 1,6 есе, республикалық бюджет қаражаттарын – 0,4%-ға және жергілікті бюджет қаражаттарын – 0,1%-ға ұлғайту есебінен 2011 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 0,8% артық.

Негізгі капиталға инвестициялар негізінен кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаттары есебінен қаржыландырылады, олардың инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 73,5% құрады.

Инвесторлар үшін өнеркәсіп (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 52,6%); ауыл, орман және балық шаруашылығы (16,7%); көлік және жинақтау (10,0%) сияқты салалар тартымды болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012 жылы 155,8 млрд. теңге көлемінде, нақты көлем индексі – 103,3% күтіліп отыр.

Құрылыс саласында 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін 4,9%-ға ұлғайту көзделіп отыр.

Жылдың басынан бері тұтыну сұранысын ұлғайту көзделіп отыр, бұл туралы бөлшек сауда тауар айналымы куәландырады. 2012 жылдың қаңтар-тамызында бөлшек сауда айналымы – 80 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 117% құрады. 2012 жылы сауда көлемінің 7%-ға өсуі күтіледі.

Тұтыну сұранысын кеңейтуге тұрғындар кірістерінің және жалақының өсуі себеп болып отыр. 2012 жылдың шілдесінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 81062 теңгені құрады және 2011 жылдың шілдесімен салыстырғанда 16,5%-ға, нақты жалақы индексі 11,8%-ға өсті. Тұрғындардың орташа жандық ақшалай кірістері 2012 жылдың шілдесінде 45328 теңгені құрайды және 2011 жылдың шілдесімен салыстырғанда 12%-ға, нақты ақшалай кірістер индексі 7,5%-ға өсті.

Жылдың басынан бері облыста инфляциялық үдерістерді дамытудың қолайлы қарқыны байқалып отыр. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2012 жылдың тамызында 2011 жылдың желтоқсанына қарағанда 102,6% құрады, бұл 2012 жылға жоспарланған инфляциялық дәлізден 6-8%-ға төмен.

Жұмыссыздық деңгейі 2012 жылы болжам бойынша 5,3% құрады.

1.2. Сыртқы даму шарттары
Қазіргі уақытта облыс кәсіпорындары сыртқы экономикалық байланыстарының географиясы 83 мемлекетті қамтиды. Бұл ТМД, Еуропалық Одақ, Азия елдері және әлемнің басқа елдері.

2012 жылдың қаңтар-шілдесінде облыстың сыртқы сауда айналымы 2853,9 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 2151,4 млн. АҚШ долларын, импорт – 702,5 млн. АҚШ долларын құрады. 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сауда айналымы 34,9%-ға ұлғайды. Сыртқы сауда сальдосы оң сақталады және 1448,9 млн. АҚШ долларына тең. Тауар айналымы құрылымында экспорттық жеткізулер 75,4% алады, импорттық операциялар үлесіне 24,6% тиесілі.

Экспортың шамамен 90% бес тауар топтарына тиесілі: темір кені өнімі (70,3%), бидай (11,6%), ұн (5,2%), өңделмеген алтын (4,2%), асбест (2%).

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда облыстың экспорттық жеткізулерінде бидай көлемі – 9,9 есе, ұн – 2,3 есе, асбест – 1,5 есе, өңделмеген алтын – 1,4 есе, темір кені өнімі – 114,9% есе өсті.

Облыс өнімдері негізінен Қытайға (экспорттың жалпы өнімінен 46,7%), Ресей Федерациясына (28,9%), Швейцарияға (4,2%), Түркияға (2,8%) және әлемнің басқа елдеріне экспортталады.

Импорттық өнімдерді жеткізу әлемнің 70 елінен жүзеге асырылды, олардың ең ірілері: Ресей Федерациясы (импорттың жалпы өнімінен 43,9%), Қытай (11,4%), Украина (8,4%), Германия (4,6%) және басқалары болып табылады.

Импорт тауарларын жеткізуде көлік құралдарын жеткізу – 3,9 есе, қант 2,3 есе, мұнай өнімдері 1,6 есе, жабдықтар – 29,4%, дәрі-дәрмектер – 27,8%-ға, қара металдар 3,8%-ға ұлғайды.


1.3. Даму басымдықтары
Болжанып отырған кезеңде облысты дамытудың басты стратегиялық мақсаты тұрақты сату нарықтарымен ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті индустриалдық және агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыру болып табылады.

Өңірде басты мақсатты іске асырудың аса қажетті нәтижесі тұрғындар әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қамтамасыз етуде, білімде, мәдениетте, спортта, көлік инфрақұрылымында және қолайлы тұрғын үйде тіршілік сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз ететін серпінді дамып келе жатқан, балансталған және бәсекеге қабілетті экономика құру болып табылады.

Экономикалық саясаттың басты бағыттары:

бәсекеге қабілетті өндірістер құру, шағын және орта бизнесті тарта отырып, номенклатураны кеңейту және жоғары үстеме құнымен терең қайта өңделген өнім үлесін ұлғайту;

ресурс пен энергия сыйымдылығын төмендету мақсатында қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту және еңбек өнімділігін жоғарылату мақсатында осы заманғы басқарушылық технологияларды енгізу;

өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұрақты өсуіне әсер ететін егін шаруашылығының осы заманғы технологиялары мен озық әдістерін өндіріске енгізу жөнінде жүйелік жұмыс жүргізу;

ауыл шаруашылығы жер-суларының өнімділігін жоғарылату мақсатында егістік алқаптары мен егіс айналымдарының құрылымын оңтайландыру;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін асыл тұқымды өнімге қол жеткізушілікті қамтамасыз ету және асыл тұқымды шаруашылықтардың санын жыл сайын ұлғайту;

мал шаруашылығында орташа және ірі тауарлық өндірістерді ұйымдастыру;

қолайлы инвестициялық климатты, тиісінше қымбат емес займдарға қол жеткізуді сақтау, басталған ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың белсенді кезеңіне ену;

облыс тұрғындарын сапалы біліммен қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуды жоғарылату есебінен еңбек ресурстарының сапасын жақсарту болады.

Орта мерзімдік келешекте экономиканың индустриалдық және агроөнеркәсіп секторларының инвестициялық жобалары шикізат емес салаларды, шағын және орта бизнесті дамытудың және облыс экономикасына алдыңғы қатардағы технологияларды тартудың катализаторлары болады.

Қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыруға отандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуына жағдай жасауға бағытталған тиімді сауда саясаты және алақол бәсекелестікті жою ықпал ететін болады. Бәсекеге қабілеттілікті дамыту және жоғарылату үшін, облыс кәсіпорындарына инвестициялар тарту үшін Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында құрылған Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру тұғырнама болады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде оқыту, қайта даярлау және жұмысқа орналасуға көмектесу, бизнес-машықтарға оқыту және шағын кредиттер беру, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобилдігін қамтамасыз ету арқылы селода кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады.

2017 жылғы кезеңге дейін алдын алу медицинасын және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытын айтарлықтай күшейту денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық болады. Осы мақсаттарда алдын алу іс-шаралары, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы, емдеу және оңалту жетілдіріледі, бұл ана, бала және жалпы өлім-жітімді төмендетуге себеп болады.

Білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептер салу, сондай-ақ мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру себеп болады.




2. 2013-2017 жылдарға арналған экономикалық саясаттың негізгі

шаралары мен бағыттары
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауында жақын арадағы он жылдықта Қазақстан дамуының басты бағыты – экономиканы нығайтудың жаңа міндеттерін, халықтың әл-ауқатын жоғарылатуды қамтитын әлеуметтік-экономикалық жаңғырту деп белгіледі.

Орта мерзімдік кезеңге арналған экономикалық саясаттың мақсаты макроэкономикалық тұрақтылықты және жоспарлық деңгейдегі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету болып табылады.



2.1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
Макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген ақшалай-кредиттік және салықтық-бюджеттік саясат және инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде 6-8%-да ұстау есебінен қамтамасыз етілетін болады.

2.1.1. Қаржылық секторды реттеу саласындағы ақшалық-кредиттік

саясат және саясат
Облыстың ақшалай-кредиттік саясатының негізгі мақсаты тұтастай алғанда бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни жылдық инфляцияның төмен деңгейін қолдау сияқты Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген басымдықтар болып табылады.

Инфляцияның өсуіне жол бермеу және оны жоспарланған дәлізде 6-8%-да ұстау үшін ішкі нарықта бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жалғастырылды.

Азық-түлік нарығындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге азық-түлік тауарларының қалыптастырылған тұрақты қоры, бидай және май дақылдарының, көкөністердің егістік алқаптарын ұлғайту, қолданыстағы жылыжайлардың және көкөніс қоймаларының құрылысы және жаңғырту әсер ететін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет