Қостанай облысының 2014-2018 жылдарға арналғАН



бет1/3
Дата25.02.2016
өлшемі367.5 Kb.
#23417
  1   2   3


Қостанай облысы бюджеттік

комиссиясының отырысында

мақұлданды

(2013 жылғы 22 сәуірдегі хаттама)




ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ

2014-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

БОЛЖАМЫ



МАЗМҰНЫ


Кіріспе

3

1.

Қостанай облысының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары

3

2.

Облыстың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары туралы

8

3.

Экономиканы дамыту басымдықтары

15

4.

2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және нысаналы индикаторлар

16


5.

Бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары

25

6.

Бюджетаралық қатынастар

26

7.

2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы

28

7.1.

Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің салық саясаты

28

7.2.

Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің болжамдары

31

Қосымшалар



Кіріспе

Қостанай облысының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Облыстың даму болжамы) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Даму болжамы стратегиялық және бағдармалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ескеріп, әзірленді.

Даму болжамы Қостанай облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, қарқындарын, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін, экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын, 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамын қамтиды.



  1. Қостанай облысының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары

Қостанай облысының жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2011 жылы Қазақстанның ЖӨӨ 4,1%-ын, 2012 жылдың 9 айында – 3,6% өндірді. 2011 жылы облыстың ЖӨӨ нақты көлем индексі 115,7%, 2012 жылдың 9 айында – 101,1% құрады.

Облыс индустралды-аграрлық. 2011 жылы облыстың ЖӨӨ құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы – 21,2%, өнеркәсіп – 23,8% құрады. Облыс 2011 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өндірісінің көлемі бойынша республикада 1-ші орынды (17,1%) алды. Облыста алюминий (боксит) кені, асбест, темір кені және темір кені шекемтастары өндіріледі.

Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің төмендеуіне байланысты 2012 жылы елдің аграрлық саласының көлемінде облыстың үлес салмағы төмендеді, оның үлесі 2011 жылы 17,1%, 2012 жылдың 9 айында – 10% құрады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында ауыл шаруашылығы 21,2% және тиісінше 11,3% құрады. Сала көлемінің азаюы 2011 жылдың жоғары түсіміне қарағанда қалыптасқан табиғи жағдайларға байланысты егін түсімінің төмендеуімен түсіндіріледі.

Облыс өнеркәсібінің үлес салмағы ауыл шаруашылығымен тең. Осылайша, 2011 жылы облыстық ЖӨӨ үлесі 25,2%, 2012 жылдың 9 айында – 23,3% құрады. Тау-кен өндіру саласы бұрынғыша өңірдегі басым сала болып қала береді, ол облыстың құрылымында 15% және тиісінше 11,6%, өңдеу саласының үлесі 8,8% және 10,1%, сауда 10,9% және 16,4%, электрмен жабдықтау 1,2% және 1,4%, сумен жабдықтау және канализация жүйесі 0,3% және 2,2%, құрылыс 4,5% және 5,6%, сауда 10,9% және 16,4% құрады.

2011 жылы ЖӨӨ облыс бойынша жан басына шаққанда 1289,6 мың теңгені, 2012 жылдың 9 айында – 840,9 мың теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару 2012 жылы – 179,6 млрд. теңгені, оның ішінде: мал шаруашылығы – 93,2 млрд. теңгені, өсімдік шаруашылығы – 86,1 млрд. теңгені құрады. НКИ 48,5%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 36,7%, мал шаруашылығында – 72,7% құрады.

Мал шаруашылығында өндірістің төмендеуіне тірі салмақтағы барлық мал түрлерінің етін өндірудің 21,9%, сүт – 42,8%, жұмыртқа – 4,7% төмендеуі ықпал етті.

Өсімдік шаруашылығында көлемнің төмендеуіне 2011 жылдың жоғары түсіміне қарағанда қалыптасқан ұзаққа созылған ыстық пен жауын-шашынның болмауымен сипатталатын, табиғи-климаттық жағдайлар ықпал етті.

2012 жылы бидай және дәнді бұршақ дақылдарын жинау алқабы 4027,9 мың гектарды, гектар түсімділігі 6,7 центнерден айналғанда бидайды жалпы жинау – 2706,8 мың тоннаны құрады.

Шаруашылықтың барлық санаттарында гектар түсімділігі 178 центнерден айналғанда 186,9 мың тонна картоп жиналды. Тұрғындардың картопқа қажеттілігі толығымен қанағаттандырылды. Гектар түсімділігі 267 центнерден айналғанда 60,7 мың тонна көкөніс жиналды.

Майлы дақылдар 157,5 мың гектар алқаптан жиналды, гектар түсімділігі 2,5 центнерден айналғанда 38,8 майлы дақылдар тұқымы жиналды.

2009 жылдан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін және өсіру сапасын арттыру бағдарламасы әрекет етеді. Өткен жылғы қалдықты ескеріп, 2012 жылға 28 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді, тыңайтылған алаң 683 мың гектарды құрайды.

«Тобыл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік копрпорациясы» акционерлік қоғамының (АҚ) кепілдігімен 4111,5 млн теңге сомасына кредиттер берілді, олардың 2037,3 млн. теңгесі (50%) ұзартылды, өтеуге – 2074,2 млн. теңге, 1714,6 млн. теңге (83%) өтелді.

Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау көлемдері 2012 жылы 10,7 млрд. теңгені құрады.

2012 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 482,3 млрд. теңгеге өнімі өндірді, НКИ 101,7% құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде және кеніштерді қазуда НКИ 98,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 112,4%, электрмен жабдықтауда – 90,6%, сумен жабдықтауда және канализациялық жүйеде – 95,1% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде азық-түлік өнімдерін 3,5%-ға, сусындарды – 5,1%-ға, тоқыма бұйымдарды шығаруда – 6,7%-ға, металлургиялық өнеркәсіпте – 18,7%-ға, машина жасауда – 1,8 есе өндіру заттай түрінде өсті.

Тау-кен өнеркәсібінде және кеніштерді барлауда агломерацияланған темір кенін өндіру 5,2%-ға, құрамында алтын бар кен – 8,1%, шекемтас өндірісі – 5,7%-ға, мыс концентраттары – 0,8%-ға, бокситтер – 5,9%-ға төмендеді.

Электрмен жабдықтауда, газ, бу беру мен ауаны реттеуде НКИ – 90,6%, электр энергиясын өндірудің төмендеуіне байланысты – 1,4% құрады.

Сумен жабдықтауда, канализациялық жүйеде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда НКИ – 95,1% құрады. Төмендеу қалдықтарды жинау мен бөлу бойынша қызмет көрсету және канализациялық жүйе бойынша қызмет көрсетуде болды.

Облыстың өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндірісі және кеніштерді барлау үлесі 56,4% (2011 жылға қарағанда 9% төмендеген), өңдеу өнеркәсібінде – 36,2% (7,3%-ға өсті), электрмен жабдықтауда, газ, бу беру мен ауаны реттеуде – 6,1% (1,4%-ға өсті), сумен жабдықтауда, канализациялық жүйеде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда – 1,3% (0,3%-ға өсті) құрады.

Облыстың өңдеу өнеркәсібінің құрылымында айтарлықтай үлес салмақты азық-түлік өнімдерін өндіру – 50,5% құрады.

2012 жылы 161,4 млрд. теңге сомасына негізгі капиталға инвестициялар салынды, бұл 2011 жылға қарағанда заемдық қаражаттарды 1,8 есе ұлғайу есебінен 1,2% артық.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 22,8 млрд. теңге (жалпы көлемде 14,1%) немесе өткен жылға қарағанда 99,9%, жергілікті бюджет есебінен – 9,3 млрд. теңге (5,8%) немесе өткен жылға қарағанда 100% игерілді. Заемдық қаражаттар 11,8 млрд. теңгені құрады (7,3%), бұл өткен жылғыдан 1,8 есе аз. Кәсіпорындардың және халықтың жеке қаражаттарының көлемі 2,7%-ға төмендеді және 117,5 млрд. теңгені құрады.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаттары есебінен негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру облыстың экономикалық дамуының оң сәті болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі 72,8% құрады.

Өнеркәсіп (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 51,4%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (15,8%), көлік және қаттау (10,5%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,4%) сияқты салалар инвесторлар үшін тартымды болып табылады.

2012 жылы Индустрияландыру картасының шеңберінде жалпы 20,8 млрд. теңге сомасына 20 объекті пайдалануға берілді, 1148 жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ өңірде өндірістік инфрақұрылымды жақсарту жөнінде шаралар қолданылады, оның дамуына 2012 жылы – 882,9 млн. теңге игерілді. 2012 жылы өңірлік үйлестіру кеңесі (ӨҮК) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамытуға арналған 6 жобаны мақұлдады.

Шағын орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің өнімдер шығаруы 2012 жылы 349,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне қарағанда 9,6%-ға төмен және бұл дақылдар түсімділігінің төмендеуінен шаруа (фермерлік) қожалықтарының өнімдер шығаруының төмендеуімен байланысты.

Белсенді ШОК субъектілерінің саны 8,6%-ға азайды және 39 мың бірлікті құрады. Төмендеу Салық комитетінің Бірыңғай базасына сәйкес өткізілген жеке кәсіпкерлік жөніндегі мәліметтердің түзетілуіне байланысты.

ШОК-те жұмыс істейтіндер саны – 1,1%-ға ұлғайды және 138,8 мың адамды құрады. Тұрғындардың жалпы санындағы ШОК-те жұмыс істейтіндердің үлесі – 15,8%, экономикалық белсенді тұрғындар – 25,6% құрайды.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің филиалдары шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 42,5 млрд. теңге сомасына кредиттер берді, бұл 2011 жылғыдан 6,2 млрд. теңге артық.

Салалық құрылымда кредиттеудің аса үлкен көлемі сауда қызметіне – 56,6%, өнеркәсіп үлесіне – 19,1%, ауыл шаруашылығына – 8,3% тиесілі.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру шеңберінде Қостанай облысына 2012 жылы жеке кәсіпкерлікті қолдауға – 556,8 млн. теңге сомасына, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға – 882,9 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферт бөлінді.

2012 жылы бағдарламаның шеңберінде жалпы кредиттеу сомасы – 15,5 млрд. теңге тұратын 126 жоба мақұлданды, оның ішінде:

- Бағдарламаның «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты бойынша жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға жалпы кредиттеу сомасы 7,9 млрд. 97 өтініш қарастырылды және мақұлданды.

ӨҮК екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін кепілдендіруге 97,8 млн. теңге кредит сомасына 7 өтінішті мақұлдады. Мақұлданған жобалар бойынша жалпы кепілдеме сомасы – 48,3 млн. теңгені, олардан мемлекет кепілдемесі 9,7 млн. теңгені (20%) құрайды.

- Бағдарламаның «Кәсіпкерлердің валюталық қатерін төмендету» үшінші бағыты бойынша – 7 454,9 млн. теңге кредиттеу сомасына 22 жоба мақұлданды.

Гранттық қаржыландыру шеңберінде гранттардың жалпы 15 млн. теңге сомасына жаңа бастаған кәсіпкерлердің 7 жобасы мақұлданды.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауылдық елді мекен аумағында әрекет ететін шағын кредиттік ұйымдар 613 млн. теңге сомасына 2485 жобаға кредит берді.

Құрылыс саласында жұмыс көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 28,6%-ға өсті және 79,5 млрд. теңгені құрады. Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы көлемі 204,8 мың шар.м. тұрғын үй ғимараттары немесе 2011 жылға қарағанда 104,4% пайдалануға берілді.

2012 жылы тұрғын үй құрылысына 16,2 млрд. теңге инвестициялар бағытталды, өткен жылдың деңгейінен 13,9% жоғары. Негізгі капиталға инвестициялар көлеміндегі тұрғын үй құрылысының инвестициялық үлесі 10% құрады.

Қалалық және ауылдық елді мекендердегі тұрғын үй ғимараттары құрылысының үлесі тиісінше 79,1% және 20,9% құрады.

Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы көлік қызметінің өсуіне себеп болды. 2012 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 275,6 млн. тонна жүкті немесе 2011 жылдың деңгейіне қарағанда 102,8% құрады. 2012 жылғы жүк айналымы 9236,8 млн. ткм құрады, бұл 2011 жылғыдан 11,9% артық.

2012 жылы облыс аумағында Орталық Қазақстанды Солтүстік Қазақстанмен байланыстыратын «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолының құрылысы басталды. Қостанай облысы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 214 км құрайды.

2012 жылы облыста 500,5 млн. теңгеге, олардың ішінде халыққа – 265,5 млн. теңгеге пошталық және курьерлік байланыс қызметі көрсетілді. 2011 жылы пошталық және курьерлік қызметтердің НКИ 106,3%, халыққа – 107,9% құрады.

Байланыс қызметтерінен түсетін кірістер 9166,5 млн. теңгені, олардың ішінде халыққа – 6630,7 млн. теңгені құрады. 2011 жылға қарағанда байланыс қызметінің НКИ 108,6%, халыққа – 106,6% құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 14,2%-ға ұлғайды және 126,6 млрд. теңгені құрады. Бұл көбінесе 2012 жылы тұрғындар нақты кірістерінің 10,5%-ға өсуімен және экономикада инфляциялық үдерістердің бәсеңдеуімен негізделіп отыр.

Көтерме сауда тауар айналымы 2012 жылы 512,6 млрд. теңгені құрады. 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 124,7% құрады.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылы 4619,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылғыдан 10% жоғары. Сауда балансының 2015,6 млн. АҚШ доллары мөлшерінде оң сальдосы сақталады.

Қостанай облысының әр түрлі 86 мемлекетпен жеткілікті сауда-экономикалық байланысы бар. Бұл – ТМД елдері (облыстың жалпы сыртқы сауда айналымынан 8%), Еуропалық одақ (6%), Кедендік одақ (35,4%), Азия (44,5%) және әлемнің басқа да елдері (6,1%).

2012 жылы экспорт 2011 жылдың деңгейінде қалды және 3317,7 млн. АҚШ долларын құрады, 0,9%-ға төмендеді.

Соңғы жылдары экспорттың тауарлық құрылымын негізгі құраушы өзгеріссіз қалады және оның шикізаттық бағыты бар.

Облыс экспортының негізін (шамамен 90%) бес тауар топтары құрайды: темір кені өнімі (71%), бидай (9%), ұн (5%), өңделмеген алтын (5%), асбест (2%).

Облыс өнімдері Қытайға, Ресей Федерациясына, Швейцарияға, Өзбекстанға, Ауғанстанға, Түркияға және басқа елдерге, барлығы 41 мемлекетке экспортталады.

2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы облыстың экспорттық жеткізулерінде бидай көлемі 2 есе, асбест – 66,1%-ға, ұн – 39%-ға, өңделмеген алтын – 26,3%-ға, темір кені өнімі – 13,5%-ға төмендеді.

Темір кені өнімдерін жеткізу құны жағынан төмендеді (әлемдік нарықта бағаның түсуі), өйткені жеткізулердің заттай түріндегі көлемі 15,4%-ға ұлғайды. Тұтынушылар Ресей және Қытай кәсіпорындары болып табылады. Темір кені өнімдерін экспорттық жеткізуді «ССКӨБ» АҚ жүзеге асырады.

2012 жылы импорттық түсімдер 1302,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылғыдан 52%-ға жоғары. Тауарларды әкелу көлемі көлік құралдарын жеткізу 4,3 есе, қант және кондитерлік өнімдерді 2,3 есе, мұнай өнімдерін 2,2 есе, дәрі-дәрмектерді 1,7 есе, жабдықтарды 50%-ға, қара металдар және олардан жасалатын бұйымдарды жеткізудің – 28,2%-ға ұлғаюына байланысты өсті.

Импорттық өнімдерді жеткізу әлемнің 72 елінен жүзеге асырылды. Облысқа негізінен өңірде өндірілмейтін тауарлар импортталады. Аса үлкен үлес салмақ жабдықтарға (16,3%), көлік құралдарына (15,4%), дәрі-дәрмектерге (5,5%), қара металдан жасалған бұйымдарға (5,2%) тиесілі.

Өнімдер негізінен Ресей Федерациясынан, Украинадан, Қытайдан, Германиядан, АҚШ-тан импортталды.

Облыс бойынша 2012 жылғы инфляция деңгейі 5%, оның ішінде азық-түлік тауарлары 5,3%, азық-түлік емес – 3,5% және ақылы қызметтер – 6,1% құрады.

2012 жылы облыс аумағында бюджетке 116,7 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды, олардан 43,8 млрд. теңге немесе 37,5%-ы жергілікті бюджетке аударылды.

Мемлекеттік бюджет жоспары 102,2%-ға, оның ішінде республикалық бюджет – 101,5%-ға, жергілікті бюджет – 103,4%-ға атқарылды.

2012 жылы бюджет шығыстары 136,7 млрд. теңге сомасында немесе жылдық жоспарға қарағанда 99,7%-ға атқарылды. Әлеуметтік салаға 75 млрд. теңге немесе жалпы атқару сомасына қарағанда 54,8% бағытталды.

Еңбек нарығы. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы жалғасып жатқан көшіп-қону үдерістеріне байланысты экономикалық белсенді халық 0,4%-ға (2,3 мың адамға) қысқарды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын, Жол картасының инвестициялық бағыттарын іске асыру тұрғындардың, оның ішінде жалданып жұмыс істейтіндердің жұмыспен қамтылуына, жұмыссыздық деңгейіне оң әсерін тигізді. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы жалдамалы жұмыскерлердің саны 1,2%-ға немесе 3,4 мың адамға ұлғайды. 2012 жылы 18,5 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 11,7 мың.

Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылғы 5,4%-дан 2012 жылы 5,3%-ға дейін қысқарды. Жұмыссыздардың саны 0,6 мың адамға (2011 жылғы 29,1 мың адамнан 2012 жылы 28,5 мың адамға дейін) немесе 2,1%-ға төмендеді.

Тұтыну сұранысының ұлғаюына тұрғындардың кірістері мен жалақыларының өсуі әсер етеді. 2012 жылғы бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 76593 теңгені құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 13,9%-ға өсті, нақты жалақы индексі 9,1%-ға өсті.

Тұрғындардың жан басына шаққанда атаулы ақшалай кірістері 2012 жылы 45694 мың теңгені құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 15,4%-ға өсті.





  1. Облыстың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары туралы

2013 жылы облыс экономикасы, оның ішінде метал мен бидай әлемдік бағаларының әсерімен дамитын болады. Экономиканың байланысқан салаларында жұмыспен қамтуды және белсенділікті арттыруға әсер ететін ірі индустриалық жобаларды іске асыруды бастау жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы айтарлықтай өсім ауыл шаруашылығы және өндіру өнеркәсібінде жоспарланып отыр, енгізілген инвестициялық жобалардың жобалық қуаттылыққа шығуы 2012 жылмен салыстарғанда 2013 жылы ЖӨӨ 107,6% деңгейінде күтіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген (ҮИИДМБ) Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Индустриаландыру картасына енгізілген басым инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

2013 жылы Индустрияландыру картасының шеңберінде облыс бойынша 1009 жаңа жұмыс орнын құра отырып, құны 36,8 млрд.теңге тұратын 13 инвестициялық жобаны, оның ішінде: индустрия саласында 724 жұмыс орнын құра отырып, құны 29,5 млрд. теңге тұратын 4 жобаны, агроөнеркәсіп кешені саласында 285 жұмыс орнын құра отырып, құны 7,3 млрд. теңге, 9 жобаны пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығында 2013 жылдың басынан бастап жалпы өнімдерді шығару көлемі 10%-ға төмендеді және 15 267,8 млн. теңгені құрады.

Ет өндірісі 15,3%-ға төмендеді, сүт өндірісі – 4,8%-ға, жұмыртқа – 2,1%-ға ұлғайды; ірі қара мал басы 5,6%-ға (оның ішінде сиыр – 9,2%-ға), ешкі – 4,4%-ға, жылқы – 0,6%-ға ұлғайды, шошқа саны – 29,1%-ға, құс – 7,7%-ға, қой – 1,2%-ға азайды.

2013 жылы ауыл шаруашылығында жалпы өнім өндірісі 261,9 млрд. теңге көлемінде күтілуде, 2012 жылға қарағанда өсім 39,8%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында 66,3%, мал шаруашылығында – 15,8% құрайды.

Мал шаруашылығы саласындағы өсім: ҮИИДМБ бағдарламасының шеңберінде мал шаруашылығы фермалары, көбейту шаруашылығы, бордақылау алаңы, мал шаруашылығы кешендерінің жаңа объектілерін салу есебінен жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Сыбаға» етті тұқымның жас төлін өсіру үшін ұрғашы ІҚМ басы мен асыл тұқымды өндіруші-бұқаларды сатып алу бойынша бағдарламаны іске асыру есебінен 2013 жылы 4801 бас (2014-2015 жылдары – 11600 бас) сатып алу жоспарланып отыр.

Өсімдік шаруашылығында өсім егін алқаптары мен ауыспалы егін құрылымын оңтайландыру, әртараптандыру есебінен қамтамасыз етіледі.

Егістік құрылымында бидай басым орынды алып тұр. 2013 жылғы егін алқабының алдын ала құрылымына сәйкес әртараптандыру мақсатында 4304,4 мың гектар алқапқа дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын, бұл 2012 жылдың егінінен 41,2 мың гектарға кем, оның ішінде бидайды 3911,4 мың гектарға (39,1 мың гектарға аз) егу көзделіп отыр. Жем-шөп дақылдарының алаңы 296,1 гектарды құрайды, жарма дақылдарын 26,2 мың гектар алқапқа орналастыру көзделіп отыр. 2012 жылмен салыстырғанда майлы дақылдар егу алқабын 35,4 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр, ағымдағы жылы оларды 256,3 мың гектар алқапқа орналастыру жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында картоп, көкөніс және бақша дақылдары алқаптары ұлғайтылады. Картопты 3119 гектар (2012 жыл – 2959 гектар), көкөністер – 659 гектар (2012 жыл – 542 гектар), бақшалар – 284 гектар (2012 жыл – 345 гектар) алқапқа орналастыру көзделіп отыр.

Қостанай облысының ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 2013 жылы мемлекеттен 10,3 млрд. теңге мөлшерінде субсидия бөлінді.

Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдауға көктемгі-егістік және жинау жұмыстарын өткізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар құнын 2,7 млрд.теңгеге арзандатуға жергілікті бюджеттен 1,67 млрд. теңге қарастырылды.

Облыста 2013 жылдың қаңтар-наурызында өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 100,1% құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде және кеніштерді қазуда облыс бойынша нақты көлем индексі 93,2% құрады, заттай түрінде агломерацияланбаған темір кенін өндіру – 12,1%-ға, құрамында алтын бар кенді өндіру – 31,6%-ға, мыс концентраттары – 22,9%-ға, темір кені концентраттарын өндіру – 9,3%-ға төмендеді.

Өндеу өнеркәсібінің НКИ – 114,5%, заттай түрінде мынадай салалар бойынша: сусындар өндіру 15,7%-ға, киімдер – 8,6%-ға, металлургиялық өнеркәсіп – 1,7 есе, машина жасау – 1,7%-ға өсті.

Электрмен жабдықтаудың НКИ – 93,8%, сумен жабдықтау және канализациялық жүйе – 117,6% құрады.

2013 жылы күтілетін өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі 497,2 млрд. теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 101%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі 271,9 млрд. теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 100 %, өндеу өнеркәсібі 184,6 млрд. теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 110 % құрады.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің төмендеуі темір-кені өнімдерінің нарық және баға қажеттілігінің өзгеруімен, «ССКӨБ» АҚ фабрикалық кешенінде жөндеу жұмыстарын өткізумен және Қостанай жол бөлімі өнімдерді тиеуге жартылай вагондарды біркелкі бермеуімен негізделіп отыр.

2013 жылы өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсуі машина жасау саласын дамыту есебінен жоспарланып отыр. «Агромаш Холдинг» АҚ және «Сарыарқа Автопром» ЖШС жеңіл автомобилдер өндірісін ұлғайту 2012 жылға қарағанда (2012 ж. – 2581 дана) 2,4 есе 6074 данаға дейін өсті.

2013 жылдың қаңтар-наурызында негізгі капиталға 26,1 млрд. теңге сомасында инвестициялар салынды, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық. Инвестициялар құрылымында, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кәсіпорындар мен тұрғындардың жеке қаражаттарының индексі 5,5% төмендегені байқалып отыр, сол уақытта заемдық қаражаттардың – 4,5 есе, жергілікті бюджет қаражаты – 1,7% және республикалық бюджет – 37,1% өскені байқалады.

Кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың жеке қаражаттарының үлес салмағы индексінің төмендеуіне қарамастан, инвестициялар құрылымы ең жоғарғы 77,6% болып қалады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2013 жылы 169,5 млрд. теңге көлемінде, НКИ – 105% күтіліп отыр.

Облыста «2013 жылдарға инвестицияларды тарту бойынша жоспар» әзірленді және Қостанай облысының әкімі бекітті, қарастырылатын іс-шаралар өңірдегі инвестициялардың өсуіне бағытталған.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсімі қолданыстағы Индустриаландыру картасының шеңберінде жаңа объектілерді пайдалануға беру, 2014 жылы іске асыру жоспарланған объектілерде құрылыстық-монтаждық жұмыстар жүргізу, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің машина және жабдықтар сатып алуы есебінен жоспарланып отыр.

Құрылыс саласында жылдың басынан бастап орындалған жұмыстар көлемінің оң серпіні байқалып отыр, яғни өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2013 жылдың қаңтар-наурызында олардың көлемі 1,4 есеге ұлғайды. 2013 жылы орындалған құрылыс жұмыстары 2%-ға өсіп, 81 млрд. теңге көлемінде күтіледі.

Өсімі құрылыс, қайта жаңарту, кеңейту және қайта жарақтандыру бойынша құрылыстық-монтаждық жұмыстар көлемінің ұлғаюымен байланысты болады. Яғни 2013 жылдың қорытындылары бойынша бюджеттік инвестициялардың өсімі 2012 жылғыдан 8,2% артық.

2013 жылдың қаңтар-наурызында облыстың көлікпен жүк тасу көлемі 59,6 млн. тонна жүкті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 111,7% құрады.

Жүк айналымының көлемі 2099,2 млн. ткм құрады және 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға өсті.

Автомобиль көлігімен 393,3 млн. жолаушылар тасымалданды немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 107,8%.

Жолаушылар айналымының көлемі 3599,2 млн. қкм құрады және 11,5%-ға өсті.

2013 жылы автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға ұлғаяды және 279,6 млн. тоннаны құрайды, жүк айналымы 1,5%-ға өседі.

2013 жылы темір жол көлігімен жүк тасу көлемін 2012 жылға қарағанда 1,4%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.

Көлік қызметінің өсімі жолаушылар ағымының ұлғаюы, облыс аумақтары бойынша жаңа қатынастарды ашу, жүк тасымалдауды көбейту есебінен жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес 2013 жылы облыста жалпы 11 млрд. теңге сомасына жұмыс жүргізу, 4,1 млрд. теңге сомасына 34,7 км қайта жаңарту, 1,9 млрд. теңге сомасына 24,4 км күрделі жөндеу, 1,5 млрд. теңге сомасына 170 км орташа жөндеу, 1,4 млрд. теңге сомасына ағымдағы жөндеу және ұстау жоспарланып отыр.

2012-2013 жылдардың басынан бастап 3 жаңа жобаны іске асыру басталды, бұл «Әулиекөл-Диев-Қосағал-Ақжол» автожолын қайта жаңарту, «Адаев-Ұрқаш-Аралкөл» және «Таранов-Варварин-обл.шекарасы» автожолдарын күрделі жөндеу. 2013 жылы облыстық бюджеттен әлеуметтік-маңыздағы қатынастарды қаржыландыруға 155,8 млн.теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді.

2013 жылы «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жол желісінің құрылысы бойынша жұмыс жалғасады. Жобаның құны 133,2 млрд. теңге.

2013 жылдың қаңтар-наурызында облыста пошта және курьерлік қызметтер 110,1 млн. теңге сомасына, оның ішінде халыққа – 53,6 млн. теңге сомасына көрсетілді.

Пошта және курьерлік қызметтердің нақты көлем индексі 2012 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 82,7%, халыққа – 72,4%-ды құрады.

Байланыс қызметінің кірістері 2408 млн. теңгені, олардың ішінде халыққа – 1761,2 млн. теңгені құрайды. Байланыс қызметінің нақты көлем индексі – 99,1%, халыққа – 93,5% құрады. Интернеттен түсетін кірістер 862,6 мың теңгені, жергілікті телефон байланысы – 731,7 млн. теңгені, қалааралық және халықаралық қызметтер телефон байланысы – 492,2 млн.теңгені құрады.

2013 жылы байланыс қызметі көлемінің 2012 жылға қарағанда 6%-ға өсуі жоспарланып отыр.

2013-2014 жылдары 2013 жылғы бекітілген Бизнес-жоспарларға сәйкес Қостанай облыстық телекоммуникациялық дирекциясының телекоммуникация желісін дамытуға және жаңғыртуға бағытталған объектілерді коммерциялық пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Облыста байланыс қызметінің өсуі жаңа объектілерді коммерциялық пайдалануға беру байланыс және деректерді беру қызметінің сапасын жақсарту есебінен жоспарланып отыр. Жаңа абоненттерді телефон желілеріне және кең жолақты Интернет желісіне қосу.

2013 жылдың басынан бастап тұтынушылар сұранымының ұлғайғаны байқалып отыр, бұл туралы бөлшек сауда айналымының өсімі куәландырады.

2013 жылдың басынан бастап бөлшек сауда айналымы 32 млрд. теңгені, НКИ 111,7% құрады. 2013 жылы сауда көлемінің 7%-ға өсуі күтіліп отыр.

2013 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 4662 млн. АҚШ долларын құрады, 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 1%-ға өскен. Сауда балансының сальдосы оң деп көзделіп отыр – 1978 млн. АҚШ доллары.

2013 жылы импорт 1342 млн. АҚШ доллары сомасында жоспарланып отыр немесе 2012 жылға қарағанда 3%-ға өскен.

Облыстан экспортталатын тауарлардың (темір-кен өнімі, асбест, ұн, бидай) негізгі топтарының әлемдік нарықтағы сұранысының және бағаларының түсіп кетуіне байланысты экспорт көлемі 2013 жылы 2012 жылдың деңгейінде (3320 млн. АҚШ доллары) көзделіп отыр.

2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 2013 жылдың наурызында тұтынушы бағалар индексі 102,1%, оның ішінде азық-түлік тауарлары – 100,7%, азық-түлік емес тауарлар – 100,6%, ақылы қызметтер – 105,3% құрады.

Инфляцияға ақылы қызметтер бағалары мен тарифтерінің өсімі айтарлықтай әсер етті. 2013 жылдың басынан бастап электр энергиясы – 11,2%-ға, байланыс қызметтері – 4,8%-ға, орталықтан жылыту – 13,7%-ға, ыстық су – 9,3%-ға және газ – 7,4%-ға қымбаттады.

Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2013 жылы 2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 102,6% инфляциялық дәлізден 6%-8%-ға аспайтыны күтіліп отыр.

Инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін ішкі нарықта бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жолымен азық-түлік тауарларының бағаларын бір қалыпта ұстау бойынша шаралар қабылданатын болады.

Азық-түлік нарығында тұрақты бағаларды қамтамасыз етуге: азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорын қалыптастыру (облыста 2012 жылы қалалар мен аудандардың әлеуметтік дүкендері мен нарықтарында, өткізіліп жатқан азық-түлік жәрмеңкелерінде сату үшін «Тобыл ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының операторы 770 тонна өнім (картоп, сәбіз, қарақұмық жармасы, күріш, өсімдік майы, сиыр еті) және 215,9 млн.теңге сомаға мөлшері 3320 мың дана жұмыртқа сатып алынды); басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін кеңейту мақсатында егін алаңын әртараптандыру жөніндегі шаралар; қолданыстағы жылыжайлар мен көкөніс қоймаларын құру және жаңарту әсер ететін болады.

Білім. Балалардың шағын орталықтарда толық күн болуы есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекті қысқарту, мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту жөніндегі жұмыстар 2013 жылы жалғасып жатыр.

3 мыңнан астам педагогтардың біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдарын күрделі жөндеуден өткізу, 46 білім ұйымдарына электронды оқыту «e-learning» жүйесін енгізу есебінен сапалы білім үшін жағдайлар жасалатын болады.

2013 жылы Әулиекөл ауданының Әулиекөл селосында 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептің құрылысын, Рудный қаласындағы балабақшаны және Лисаков қаласының Октябрь кентінде «Белочка» балабақшасын қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр.

19 білім объектісін күрделі жөндеуге және 12 ұйымның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 3,2 млрд. теңге бағыттау көзделді.

Жастарға қол жетімді білім беруді қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіби білім мамандарын дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын 10%-ға ұлғайту, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4-бағытының шеңберінде Боровской кәсіби-техникалық колледжінің № 2 жатақханасын күрделі жөндеу есебінен жатақханаларда тұру шарттарын жақсарту көзделіп отыр.

Денсаулық сақтау. 2013 жылы ана және бала өлімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде негізгі әлеуметтік аурулардан қайтыс болуды азайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғасып жатыр.

2013 жылы денсаулық сақтау объектілерін материалдық-техникалық жабдықтауға республикалық бюджеттен 0,6 млрд. теңге бөлінді.

676,2 млн. теңге сомасына 3 денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу жоспарланды.

2013 жылы республикалық және облыстық бюджеттен Рудный қаласында 500 келушіге арналған қалалық емхана құрылысына және 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына 1270 млн. теңге сомасында трансферттер бөлінді.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен Рудный қаласында 500 келушіге арналған қалалық емхана құрылысына, 8 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына және 4 дәрігерлік амбулаторияның ЖСҚ үйлестіруге 531,3 млн. теңге бөлінді.

Дәрілік қамтамасыз етуге 3,3 млрд. теңге қарастырылды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының шеңберінде жұмыссыздықты төмендету және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүзеге асырылады.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының шеңберінде: 1501 адамды кәсіби даярлауға және қайта даярлауға жіберу; 723 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру; білім ұйымдарының 487 түлегі үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру; Бағдарламаның 133 қатысушысына шағын кредит беру; 52 адамды кәсіпкерліктің негізіне оқыту көзделіп отыр.

Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыру жұмыссыздық деңгейін 5,2% шегінде сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану есебінен табыстары ең төмен күн көру деңгейінен төмен халықтың үлесін 4,2%-ға дейін азайту жоспарланып отыр.

Бағалау бойынша 2013 жылы орташа айлық жалақы 77 966 теңгені құрайды.

Орта мерзімдік кезеңге өңірлік саясат «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту» Мемлекеттік Бағдарламаларымен және Бесжылдық кезеңге аумақты дамыту бағдарламасымен белгіленген басымдықтардың негізінде қалыптасатын болады.

Өңірлерді дамыту бағдарламасының шегінде 2013 жылы Қостанай қаласында Западная ҚС 110/35/10 кВ екі дәнекерлеумен ЖЖ-110 кВ құрылысы аяқталатын болады, жалпы сметалық құны 1113 млн. теңге, бұл Қостанай қаласының трансформаторлық қосалқы стансаларының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау шеңберінде 2013 жылға республикалық бюджеттен 339,7 млн. теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылды.

Бағдарламаның «Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын тұрғындардың оңтайлы санына есептей отырып дамыту» төртінші бағытының шеңберінде 2013 жылға республикалық бюджеттен 4,5 млрд. теңге сомасында, оның ішінде әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 3,2 млрд. теңге, моноқаланы жайластыру мәселесін шешуге – 889,1 млн. теңге және кәсіпкерлікті қолдауға – 429,4 млн. теңге нысаналы трансферттер бөлу жоспарланды.



3. Экономиканы дамыту басымдықтары
Орта мерзімдік кезеңде экономикалық даму жеке және мемлекеттік қаражаттардың есебінен аса теңгерімді болады және индустриалық және инфрақұрылымдық жобаларға өсіп жатқан инвестицияларға бағдарлап, ішкі сұранымға бағытталады.

Орта мерзімдік кезеңге экономикалық саясаттың мақсаты жоспарланған деңгейде тұрақты экономикалық өсім болады. 2014-2018 жылдары экономиканың өсімі жыл сайын орташа есеппен 4-5%-ға бағаланады.

Болжамдалып отырған кезеңге облыс дамуының басты стратегиялық мақсаты тұрақты өткізу нарығы бар ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті индустриалды және агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру болып табылады.

Өңірде басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет, спорт, көлік инфрақұрылымы және жайлы үй қамтамасыз ететін теңгерімді, бәсекеге қабілетті және серпінді дамитын экономиканы құру болып табылады.

Экономикалық саясаттың басты бағыттары:

бәсекеге қабілетті өндірістер құру, шағын және орта бизнесті тарта отырып, номенклатураны кеңейту және жоғары үстеме құнымен терең қайта өңделген өнім үлесін ұлғайту;

ресурс пен энергия сыйымдылығын төмендету мақсатында қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту және еңбек өнімділігін жоғарылату мақсатында осы заманғы басқарушылық технологияларды енгізу;

өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұрақты өсуіне әсер ететін егін шаруашылығының осы заманғы технологиялары мен озық әдістерін өндіріске енгізу жөнінде жүйелік жұмыс жүргізу;

ауыл шаруашылығы жер-суларының өнімділігін жоғарылату мақсатында егістік алқаптары мен егіс айналымдарының құрылымын оңтайландыру;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін асыл тұқымды өнімге қол жеткізушілікті қамтамасыз ету және асыл тұқымды шаруашылықтардың санын жыл сайын ұлғайту;

мал шаруашылығында орташа және ірі тауарлық өндірістерді ұйымдастыру;

қолайлы инвестициялық климатты, тиісінше қымбат емес займдарға қол жеткізуді сақтау, басталған ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың белсенді кезеңіне ену;

облыс тұрғындарын сапалы біліммен қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуды жоғарылату есебінен еңбек ресурстарының сапасын жақсарту болады.

Орта мерзімдік келешекте экономиканың индустриалдық және агроөнеркәсіп секторларының инвестициялық жобалары шикізат емес салаларды, шағын және орта бизнесті дамытудың және облыс экономикасына алдыңғы қатардағы технологияларды тартудың катализаторлары болады.

Қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыруға отандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуына жағдай жасауға бағытталған тиімді сауда саясаты және алақол бәсекелестікті жою ықпал ететін болады. Бәсекеге қабілеттілікті дамыту және жоғарылату үшін, облыс кәсіпорындарына инвестициялар тарту үшін Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында құрылған Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру тұғырнама болады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде оқыту, қайта даярлау және жұмысқа орналасуға көмектесу, бизнес-машықтарға оқыту және шағын кредиттер беру, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобилдігін қамтамасыз ету арқылы селода кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады.

2018 жылғы кезеңге дейін алдын алу медицинасын және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытын айтарлықтай күшейту денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық болады. Осы мақсаттарда алдын алу іс-шаралары, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы, емдеу және оңалту жетілдіріледі, бұл ана, бала және жалпы өлім-жітімді төмендетуге себеп болады.

Білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептер салу, сондай-ақ мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру себеп болады.


4. 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және нысаналы индикаторлар
2014-2018 жылдары экономика өсімі көбінесе жеке және мемлекеттік қаражаттардың есебінен индустриалық және инфрақұрылымдық жобаларда өсіп жатқан инвестицияларға бағдарлап, ішкі сұранымға сүйенеді.

2014-2018 жылдары нақты ЖӨӨ жылына орташа есеппен 4-5%-ға өсуі болжамдалып отыр.

2018 жылы 2013 жылға қарағанда өнеркәсіп өнімі көлемінің 13,8%-ға ұлғаюы күтіледі. Облыс экономикасы қайта өндеу салаларының көрсеткіштерін өндіруші салалардың деңгейіне дейін ұлғайтуға талпынатын болады.

Облысты индустриаландыру экономика өнімділігін кешенді жоғарылатуға көздеп, мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

шикізат өндірістерін кейін аса жоғары қайта өңдеуге көшіріп, тау-кен өнеркәсібін дамыту;

шикізат секторымен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістерді дамыту;

кейінгі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлді атқаратын «болашақ экономикасы» секторларын дамыту.

2018 жылы 2013 жылға қарағанда кен өндірудің - 13,1%-ға, өндеу өнеркәсібі көлемінің 43,4%-ға ұлғаюы күтіледі.

Тұрақты экономикалық өсімді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жаңғырту ҮИИДМБ іске асыру арқылы жалғасатын болады.

Экспортқа бағдарланған шикізаттық емес секторды кеңейтуге жаңа өндірістерді дамыту көзделіп отыр.

Осылайша 2014 жылы 245,8 млрд. теңге сомасына «Соколов-Сарыбай кен-байыту өнеркәсібі бірлестігі» («ССКӨБ» АҚ) акционерлік қоғамы 3 жобаны іске асыратын болады: жоғары сапалы концентраттың байыту кешені: жылына қуаттылығы 7 млн. тонна ДОФ-2, ММО-4 және Рудный қаласында жылына қуаттылығы 1,8 млн. тоннаға дейін металданған брикет өндіретін металданған өнім өндіру зауытының құрылысы, өнімділігі жылына 5 мың тонна күйдіру машинасының құрылысы.

Альтернативтік энергетиканы дамыту мақсатында Арқалық қаласында қуаттылығы 48 МВт жел паркінің құрылысы бойынша мәселені пысықтау жоспарланып отыр.

«Қарасу ауданының Восток селосында қуаттылығы жылына 800 мың текше метр органикалық қалдықтарды биогаз етіп қайта өндеу кешенінің құрылысы» жобасының қуаттылыққа шығуы күтіледі.

Облыс ішіндегі шикізатты барынша қайта өңдеу, базалық металдарға шығу және қайта өңделген өнімдерді өндіру тау-кен металлургиялық өнеркәсіпте саясаттың басты мақсаты болады.

Қойылған мақсатты іске асыру:

шикізат алу және оны кешенді қайта өңдеу технологиялары, өнімдердің жаңа түрлерін барлау бойынша инновацияларды дамыту және инновациялық үдерістерге саланың ғылыми-техникалық белсенді енуі;

салалық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

минералдық-шикізаттық базаны қайта өндіруді кеңейту және қамтамасыз ету;

саланы білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде орташа техникалық буындағы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;

ішкі нарықта шикізатты және металлургиялық өнімді алға жылжытуға көмектесу;

сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету арқылы жүзеге асырылатын болады;

«жасыл» экономиканы дамыту.

Өнеркәсіп салаларын дамытуға өнеркәсіп өнімдерін өндіретін қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту, ескірген жабдықтарды мүлдем жаңаларына ауыстыру.

Өндірілетін өнім түрлерін кеңейту, әрекет ететін Кеден одағының шеңберінде жергілікті кәсіпорындардың Ресей Федерациясы және Беларусь нарықтарына шығуы.

Облыс аумағында бар пайдалы қазбалардың қорларын толық барлау.

«Костанайские минералы» АҚ-да әзірленген даму стратегиясына сәйкес 3-6 топтағы хризотил өндірісінің көлемін 2013 жылы 10,2%-ға өсіріп, 2018 жылы 280 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Өңдеу өнеркәсібінде 2013 жылмен салыстырғанда 2018 жылы мынадай салалар бойынша өндірісті ұлғайту жоспарланып отыр:

Азық-түлік өнімдері өндірісінде номенклатура бойынша: шұжық өнімдерін 1,6 есе («Ирина и К» ЖШС, «Қарасу-Ет» ЖШС және т.б.), нанды 7,4%-ға («Алтын Өмір» ЖШС, «Алтын нан» ЖШС, жеке кәсіпкерлер), кондитерлік өнімдерді 2,1%-ға («Баян-Сұлу» АҚ), макарон өнімдерін 15,9%-ға («Костанайский мелькомбинат» АҚ, «Злак плюс» ЖШС және т.б.), сүтті 48%-ға («ДЕП» ЖШС, "Космис" Филиалы "RG BrandsKazakhstan" ЖШС, «Милх» ЖШС, «ПК «Вита» ЖШС), және т.б. өсіру жоспарланып отыр.

Сусындар өндірісінде: алкогольсіз сусындар 50,5%-ға өсті («Алтын-Омір» ЖШС, «Фирма «Арасан» ЖШС Рудный филиалы, "Космис" Филиал "RG BrandsKazakhstan" ЖШС), сыра 34,3% («Алтын-Өмір» ЖШС, «Фирма «Арасан» ЖШС Рудный филиалы).

Тоқыма өнімдерінің өндірісінде иірілген жіп 17,2%-ға ("Қостанай иірілген жіп-тоқыма фабрикасы"), жүн 3,3%-ға (шаруа қожалықтары).

Киім өндіруде: сыртқы киім өсімі 5,5% («Большевичка» ӨК, «Азурит» ЖШС және басқа.), басқа да тоқыма және трикотаж өнімдері 7,2% («Жейде» ЖШС, «Грация» ЖШС және басқа.).

Металлургиялық өнеркәсіп: шойын, болат, ферроқорытпалар өндірісі 2,8 есе («МехЛитКом» ЖШС, «ССКӨБ» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС).

Машина құрылысында: облыстың авто жинау кәсіпорындарында жеңіл автокөлік өндірісі 2013 жылғы өсімге қарағанда 8,2 есе («Агромаш Холдинг» АҚ, «Сарыарка Автопром» ЖШС), 2018 жылы 50 тың бірлікке дейін өседі.

2018 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 2013 жылмен салыстырғанда 12,8%-ға, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 2,4%-ға, мал шаруашылығы – 30,2%-ға ұлғаяды.

Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы саласы перспективалық болып табылады, оның көлемдері аталған сала табиғи жағдайларға сәл ғана тәуелді болуына байланысты айтарлықтай дәрежеде ұлғаяды.

Мал шаруашылығында көлемдердің ұлғаюы жоғары өнімді мал үлесінің ұлғаюы есебінен жүзеге асырылатын болады.

Мал шаруашылығы саласында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін жоғарылату жөніндегі жұмысты жалғастырудың және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін етті мал шаруашылығын дамытуға ынталандырудың арқасында өсімге қол жеткізіледі.

Асыл тұқымды базаны дамыту және мал мен құстың генетикалық әлеуетін жоғарылату жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, оның ішінде әрі қарай көбейту үшін асыл тұқымды жануарларды импорттау есебінен жалғастырылады. ҮИИДМБ бағдарламасының шеңберінде мал шаруашылығы фермалары, көбейткіш шаруашылықтар, мал бордақылау алаңдары, мал шаруашылығы кешендері сияқты жаңа объектілер құрылысы есебінен жоспарланып отыр. «Садчиковское» ЖШС, «Тобольское-1» ЖШС, «Нұр-Жайлау НС» ЖШС, «Шаңдыкөл» ЖШС, «Степное» ЖШС «Мақсұт-Н» ЖШС, «Арыстан ПК» ЖШС, «Беляевка» ЖШС және т.б. сияқты ірі шаруашылықтарда көбейтуші шаруашылықтар, мал шаруашылығы фермалары және мал бордақылау алаңдарының құрылысы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, «Сыбаға» етті тұқымның жас төлін өсіру үшін аналық ІҚМ және асыл тұқымды өндіруші-бұқалар сатып алу жөніндегі бағдарламаны іске асыру есебінен (2014-2015 жылдары – 11600 бас).

Мал шаруашылығының дәстүрлі салаларын дамыту үшін айдама мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды ынталандыратын іс-шаралар кешені қабылданады. Сондай-ақ, жарма өндірісін дамыту және бұзылған жайылым жерлерді қалпына келтіру, суландыру жөнінде шаралар қолданылатын болады.

2014-2018 жылдарға өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды ескеріп, майлы, көкөніс және жем-шөп дақылдарының егістік алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр.

Өсімдік шаруашылығы жаңа технологияларды қолдануға қарамастан, табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді, оған өнімдер өндірісінің 2011 жылы 59,7%-ға өсуі және 2012 жылы 51,5%-ға төмендеуі мысал болып отыр. Өсімдік шаруашылығы саласын дамыту әртараптандыру, ылғал сақтаушы технологияларды қолдану алқаптарын кеңейту, тұқым айналымының, жоғары селекциялы сорттардың сұлбасын енгізу есебінен жүзеге асырылатын болады.

Өсімдік шаруашылығында 2013 жылға қарағанда 2018 жылы өсім егістік алқаптарының және ауыспалы егістіктердің құрылымын оңтайландыру, әртараптандыру, дақылдарды өсірудің ғылыми-негізделген ылғал сақтаушы технологиясына көшу жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемдерін ұлғайту, ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және бүгін қолданылмайтын жерлерді тарту есебінен жоспарланып отыр. Жоғары өнімді техниканы сатып алып, машина трактор паркін жаңарту.

Бидай өндірісі инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлінетін болады, өйткені бидай дақылдары ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының құрылымында үлкен үлесті алады. Элеваторлар мен дәнді дақылдар тасымалының жетіспеу проблемасы бидайды өңдеуге және сақтауға арналған қуаттылықтарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады. Осы мақсаттарда «Еңбек 07» ЖШС, «Виталмар-Астық» ЖШС, «ПКФ «Қайрат» ЖШС, «Элеватор «Торғай-07» ЖШС, «Ряжское» ЖШС және «СарыкөлАстық» ЖШС бидай қоймалары пайдалануға беріледі. 2014 жылы «Пресногорьковское-250» ЖШС-да желілік элеваторды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнімдердің сапасын жоғарылату, азық-түлік тауарларының түрлерін кеңейту және сол арқылы Кеден одағы бойынша біздің негізгі сауда әріптестерімізбен бәсекелестік үшін тең жағдайлар жасауға өндірісті технологиялық және техникалық қайта жарақтандыру, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қала береді.

Сондай-ақ, халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу арқылы органикалық өнімдерді өндіруді ынталандыру үшін де жағдайлар жасалатын болады. 2018 жылы ИСО және ХАССП стандарттарын жалпы саннан 15%-ға дейін енгізген қайта өңдеу кәсіпорындарының саны ұлғайтылады.

Тұтынушыларға өнімдерді жеткізу және сақтау логистикасын дамыту арқылы базарды отандық өндірістегі азық-түлік тауарларымен әрі қарай толықтыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін біріктіру жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланып отыр.

Орта мерзімдік кезеңге көлік инфрақұрылымын дамытуда аудандардың облыс орталығымен сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету басым бағыт болып табылады.

Облыс аумағында Орталық Қазақстанды Солтүстік Қазақстанмен байланыстыруға шақырған, 2015 жылға қарай аяқталатын «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолының құрылысы жалғасады.

Қазақстан Республикасында инфрақұрылымды дамыту жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес 15 млрд. теңгеден астам сомаға қайта жаңарту және күрделі жөндеу, 6 млрд. теңгеден астам сомаға орташа жөндеу және ұстау жоспарланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.09.2010 жылғы № 1006 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламамен 2014 жылдан бастап Қостанай қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңарту көзделді.

2018 жылы байланыс қызметтерінің көлемі 2013 жылға қарағанда 23,8%-ға ұлғаяды. Өсім телекоммуникация желілерін және объектілерін пайдалануға беру және жаңғырту есебінен жоспарланып отыр.

Жоспарланған кезеңде инфляция Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерінде жоспарланған деңгейде – 6-8% болады.

Азық-түлік нарығындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге азық-түлік тауарларының қалыптастырылған тұрақты қоры, бидай және май дақылдарының, көкөністердің егістік алқаптарын ұлғайту, қолданыстағы жылыжайлардың және көкөніс қоймаларының құрылысы және жаңғырту әсер ететін болады.

Облыс қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылығы құрылымдарының, қайта өңдеу кәсіпорындарының, нарықтардың, супермаркеттердің басшыларымен және көтерме сауда жеткізушілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және сауда орындарының жалдамалы төлемақысын төмендету жөніндегі меморандумдарға қол қойылады. Азық-түліктер базар бағасынан 15-30%-ға төмен бағамен сатылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.

Мұнай өнімдері, азық-түлік тауарларының бөлшек сауда нарығындағы ахуалдың мониторингі үнемі өткізіледі. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылады.

Шараларының бірі азық-түлік тауарлары бағаларының болжамды дәлізін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және шекті рұқсат берілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу арқылы оларды болжауды анықтау болып табылатын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және инфляциялық үдерістерді бір қалыпта ұстау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Осы іс-шараларды іске асыру инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде сақтауды қамтамасыз етеді.

2018 жылға қарай сыртқы сауда айналымы 5717 млн. АҚШ долларына дейін өседі, өсу қарқыны 2013 жылы 22,6% құрайды.

2014-2018 жылдарға болжамдалып отырған сыртқы сауда айналымы орташа есеппен жылына 211 млн. АҚШ долларына немесе 4,5%-ға өседі.

2014-2018 жылдары экспорттың орташа есеппен жылына 84,8 млн. АҚШ долларына немесе 2,6 %-ға өсімі болжанып отыр.

2014-2018 жылдары импорттық түсімдердің орташа есеппен жылына 126,2 млн. АҚШ долларына немесе 9,4%-ға өсімі болжанып отыр.

Орта мерзімдік кезеңде сыртқы сауда саясаты облыстың бәсекеге қабілетті экономикасын құруға бағытталады.

2014-2018 жылдарға арналған сыртқы сауда қызметінің басым бағыттары:

Кеден одағы, Еуропалық одақ елдерімен, Қытай және әлемнің басқа да елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;

тауарларды (темір кені, асбест, өңделмеген алтын, бидай көлемі және ұн) сыртқы нарықтарға экспорттық жеткізу және сауда балансының оң сальдосын сақтау;

экспорттың жалпы көлемінде шикізат емес бағытындағы өнімдерді экспорттау үлесін ұлғайту;

экономиканың жетекші салаларында бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер саласында байланыстарды жаңғырту және реттеу;

жаңа өткізу нарықтарын іздестіру және бұған дейінгілерін кеңейту;

Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының шекара маңындағы облыстарымен және өңірлерімен, басқа елдермен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту.

Орта мерзімдік кезеңде өңірлік саясат «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту» және бес жылдық кезеңге арналған аумақты дамыту бағдарламаларымен белгіленген, басымдықтардың негізінде қалыптастырылатын болады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде өңір үшін айтарлықтай маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, даму әлеуеттері орташа және жоғары өңірлердің экономикалық дамуына көмектесу жөніндегі шараларды іске асыруға ауылдық (селолық) округтерді жайластыру мәселелерін шешуге қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Моноқалалардың өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шараларды үйлестіру Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Облыста 4 моноқала бар:

Рудный қаласы – даму әлеуеті жоғары және тұрғындарының саны 127,8 мың адамды құрайтын қала, Лисаков қаласы – даму әлеуеті орташа және тұрғындарының саны 40,7 мың адамды құрайтын қала; Жітіқара қаласы – даму әлеуеті орташа және тұрғындарының саны 35,1 мың адамды құрайтын қала және Арқалық қаласы – даму әлеуеті төмен және тұрғындарының саны 28,4 мың адамды құрайтын қала, бұлар проблемалары ұқсас – жоғары жұмыссыздық деңгейі, көлік және өндірістік инфрақұрылымның жоғары тозуы, экологиялық проблемалары бірдей қалалар.

Өңірлердің экономикасын дамыту үшін мәслихат 2013-2015 жылдарға арналған кешенді дамыту бағдарламалары әзірлеп, олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында ведомоствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды, оларда олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өңірлердің шаруашылық ерекшеліктерін олардың бәсекелік басымдықтарының негізінде жетілдірудің негізгі жолдары көрсетілген. Жұмыс өңірлерді дамыту үшін жаңа резервтерді іздеуге және пайдалануға бағытталады.

Бұл орайда экономикалық бастамаларды мемлекеттік қолдау инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы мен қайта жаңарту арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаның «Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есептей отырып дамыту» төртінші бағытының шеңберінде 2014-2015 жылдарға республикалық бюджеттен 11,4 млрд. теңге сомасында, оның ішінде әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 8,7 млрд. теңге, моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге – 1,7 млрд. теңге және кәсіпкерлікті қолдауға – 0,9 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Орта мерзімдік кезеңге арналған өңірлік дамудың негізгі бағыттары:

әлеуметтік салада – әлеуметтік объектілердің құрылысын оптимистік демографиялық болжамдары және даму перспективалары бар елді мекендерде жүзеге асыру;

индустриялдық саясатта – барлық қажетті факторлардың (ресурстар, кадрлар және басқалар) болуын ескеріп, кәсіпорындарды ұтымды орналастыруға көмектесу;

бюджеттік саясатта – ресурстарды тиімсіз шығындарды бір мезетте қысқартып, перспективалық, тез өсіп келе жатқан өңірлерді дамытуға шоғырландыру керек.

2014-2018 жылдары білім саласында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» Бағдарламасының міндеттері мен іс-шараларын іске асыру басым бағыт болып қалады.

Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі білім ұйымдарының желісін кеңейту, шағын орталықтарды толық күн оқытуға көшіру және мектепке дейінгі тәрбие сапасын жоғарылату жөніндегі жұмыс жалғасады.

Қостанай ауданының Заречное селосында, Таран ауданының Тобол кентінде, Арқалық және Рудный қалаларында 2015 жылы іске асыру басталатын, әрқайсысы 280 орындық 4 балабақша салу көзделіп отыр.

Барлық деңгейлерде білім сапасын жоғарылатуға айрықша назар салынады. Аталған міндетті шешу педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жаңа үлгісін енгізуді жалғастыру, «e-learning» электрондық оқыту жүйесін кезең-кезеңмен енгізу, облыстың жалпы білім беру мектептерінің 12-жылдық оқыту бағдарламасына біртіндеп көшуі есебінен жоспарланып отыр (2015 жылдан бастап 12-жылдық оқыту бағдарламасына 1,5,11 сыныптарды көшіру жоспарланып отыр).

Білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептердің құрылысы, оларды жаң үлгідегі кабинеттермен жабдықтау себеп болады. Қостанай қаласында 120 орындық интернаты бар 720 оқушыға арналған Назарбаев Интеллектуалдық мектебін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жастардың техникалық және кәсіби білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін екі колледжге жатақханалар салу мүмкіндігі қарастырылады.

Өңірдің техникалық және кәсіби білім жүйесіне дуалдық оқу жүйесінің элементтерін енгізу және кәсіби тәжірибені кеңейту мақсатымен облыс колледждері мен кәсіпорындары арасындағы әлеуметтік әріптестікті әрі қарай дамыту жөніндегі шаралар кешені көзделіп отыр.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4-бағыты бойынша даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде білім объектілері күрделі және ағымдағы жөндеуден өтетін болады.

2018 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласында алдын алу медицинасын және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын айтарлықтай күшейту басым бағыт болады.

Осы мақсаттарда алдын алу іс-шаралары, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың ерте кездегі диагностикасы күшейтілетін болады, сапалы жоспарлау, диспансерлеу, жаңа диагностикалық технологияларды енгізу және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жалғастыруды қамтамасыз ету жолымен халықты скринингтік тексеру тиімділігі жақсарады.

Аталған іс-шараларды іске асыру үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен облыста 100 бірліктен астам медициналық жабдық және санитарлық автокөлік (компьютерлік томограф, УДЗ, телепатологияға арналған жабдықтар, гастроскопы бар эндовидиостойка, колоноскопы бар эндовидиостойка, жедел жәрдем үшін реанимобиль, стереотактикалық тіреуіші бар сандық момограф, сандық рентгенологиялық аппарат, өкпені жасанды вентиляциялау аппараты және т.б.) сатып алу, 16 дәрігерлік амбулатория, Рудный және Арқалық қалаларында ауысымда 500 келушіге арналған, Қостанай ауданының Затобол кентінде ауысымда 300 келушіге арналған 3 емхана құрылысы жоспарланып отыр.

Бұл шаралар аналардың, балалардың және жалпы қайтыс болуды төмендетуге әсерін тигізеді.

Болжамдалып отырған кезеңде облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыты онкологиялық ауыру мен одан қайтыс болуды төмендету болып табылады. Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджет қаражаттары есебінен Қостанай қаласында 300 келушіні қабылдайтын облыстық онкологиялық диспансер емханасының құрылысы жоспарланып отыр.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4-бағыты бойынша даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіледі, сондай-ақ дәрігерлік амбулаториялар салынады.

Облыстың мәдениет саласын әрі қарай дамыту мынадай бағыттарды қарастырады:

инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз ету және мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

облыс өңірлері бойынша мәдениет мекемелерінің желісін дамытуда сәйкессіздікті жою;

мәдениет объектілерін қайта жаңарту және қалпына келтіру, әсіресе селода;

мәдениет мекемелеріне бару деңгейін жоғарылату;

облыс өңірлерінде жаппай іс-шаралар өткізу арқылы халықтың қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін дамыту.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4-бағыты бойынша даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде мәдениет объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде оқыту, қайта даярлау және жұмысқа орналасуға көмектесу, бизнес-машықтарға оқыту және шағын кредиттер беру, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобилдігін қамтамасыз ету арқылы селода кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады.

Облыста кейін жұмысқа тұрғызу шартымен кәсіби оқуға 1 мың адамға дейін жыл сайын бағыттау, 2 мыңға жуық адамды әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесіне бағыттау жоспарланып отыр, 4,5 мыңға дейінгі адам қоғамдық жұмыстарға қатысады.

Болжам бойынша жыл сайын облыста 9 мың көлемінде тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылады.

Көзделген іс-шараларды орындау нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2018 жылға қарай 5%-ға дейін қысқарады.

Жұмыссыздардың саны және жұмыссыздық деңгейі ҮИИДМБ және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға байланысты қысқаратын болады.

Индустрияландыру картасының шеңберінде 2014 жылы 1,7 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.

Орта мерзімдік кезеңде әлеуметтік қамтамасыз ету саласында негізгі бағыттар асыраушылықты қоспағанда, атаулылыққа және тиімділікке негізделген әлеуметтік көмекті беруге бағытталады.

Мамандығы жоқ, тұрмысы төмен азаматтардың санын қысқарту үшін олар кейін, оның ішінде жаңа құрылған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жұмысқа тұрғызылатын кәсіби даярлауға және қайта даярлауға бағытталады. Осындай іс-шараларды өткізу 2018 жылға қарай кедейшілік деңгейін 0,4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны жыл сайын төмендейтін болады. Бұл орайда атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2018 жылға қарай 30%-ға дейін төмендейді (2013 жылғы 1 қаңтарға – 37%).

Кірістері ең күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі төмендейтін болады және 2018 жылы 3,8%-ға жетеді.

Психоневрологиялық интернат-үйге кезектілікті қысқарту үшін (кезек 167 адамды құрайды) кемінде 100 орындық психоневрологиялық интернат-үй ашу есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін ұлғайту жөніндегі мәселе қарастырылатын болады.

Арнайы әлеуметтік қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатымен бірінші кезекте ауыл халқы үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен қиын өмір жағдайына тап болған тұлғаларға шағын үйлер салу жөніндегі мәселе талқыланып жатыр.


5. Бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары
Алдағы орта мерзімдік кезеңде фискалдық саясат экономикалық және қаржы дағдарысының салдарларын жою, мемлекеттік басқару, экономиканы тез арада қалпына келтіру және әрі қарай сапалы жоғарылауын қамтамасыз ету үшін жоспарлау жүйесін ретке келтіру және жетілдіру жөніндегі шараларды қамтитын бағыттар бойынша бір уақытта жүргізілетін болады:

- экономиканы қолдау жөніндегі бірінші кезектегі шараларды жүргізу халықтың тіршілік деңгейін көтеруді және жұмыссыздықтың көбеюіне жол бермеуді қоса алғанда әлеуметтік проблемаларды шешу, қаржы секторын тұрақтандыру салаларында бұрын қолданған шараларды іске асыруды жалғастыруды көздейді, ахуалға байланысты бюджеттік саясатты, оның ішінде бюджеттің параметрлерін нақтылауды түзететін жедел және оралымды шаралар қабылданады;

- бюджеттік жоспарлауды мемлекеттік жоспарлаудың айқын вертикаліне сәйкес жүзеге асыру: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – іс-шаралар – ресурстар – бюджет. Өз кезегінде бюджет оңтайлы шаралар мен экономикаға оң әсерін тигізетін, қолайсыз орта мерзімдік және ұзақ мерзімді салдарларға – инфляцияға, бюджеттік тапшылықтың күрт өсуіне апармайтын, бюджеттік қаражаттар көлемін белгілеп, құрастырылады;

- бюджетаралық қатынастардың айқындылығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- аудандар мен қалалардың бюджеттік қамтылу деңгейлерін теңестіру;

- бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін жоғарылату және халықтың қорғалмаған жігін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;

- негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджеттік шығыстардың айқын басымдықтарын белгілеу, әсіресе білім, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, көлік және инженерлік инфрақұрылым салаларында бірінші кезекті тәртіппен және толық көлемде бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету.

6. Бюджетаралық қатынастар
Орта мерзімдік кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толыққанды беру және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ азаматтарға Конституциямен және заңнамамен олардың тұрғылықты жеріне қарамастан кепілдік берілген, мемлекеттік қызметтердің жалпыға бірдей қол жетімділігін және ұсыну сапасын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржылық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексімен белгіленген бюджеттер деңгейлерінің арасындағы шығыстар мен түсімдерді бөлуде және қағидаттарда құрастырылады және ең алдымен облыс-аудан деңгейінде өзара қатынастардың айқындылығы мен тұрақтылығына, әр басқару деңгейінің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджеттік саясатты жүргізуді ынталандыруға бағытталды.

2013 жыл республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011 - 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң үшжылдық көлемдерінің әрекет ету мерзімінің аяқталатын жылы болып табылады.

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2011 - 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының бюджетіне 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен субвенциялар көлемі 51 166 230 мың теңге сомасына жеткізілді.

Субвенциялардың аталған көлемі Қаржы министрлігі 40 441 856 мың теңге сомасында белгілеген 2013 жылға арналған облыс бюджеті кірістерінің болжамына сүйене отырып, қалыптастырылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттің болжамдық параметрлерін белгілеу жөніндегі жұмысты жүргізді.

Қостанай облысының алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетінің кіріс бөлігінің параметрлерін әзірлеу кезінде төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша болжам 2012 жылғы қалыптасқан, аталған салықтар бойынша алымдардың коэффициенттерін ескеріп, облыс бойынша 2014-2016 жылдарға болжамдалған еңбек ақы қорына сүйеніп, қабылданды. Сондай-ақ, 2012 жылы аванстық төлемдер ескерілді, төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша осы салық бойынша ұстап қалуға жататын минималды жалақының жыл сайынғы өсуі ескерілді.

2013 жылғы бағалау және 2014-2016 жылдарға арналған болжам:

- шаруашылық субъектілерінің еңбек ақы қоры бойынша Қостанай облысы Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес 2011-2012 жылдары қалыптасқан өсімге пропорционалды белгіленді. Жалпы облыс бойынша шаруашылық субъектілері қызметкерлері жалақысының өсу қарқыны 11,5 % деңгейінде болжамдалып отыр. Бюджеттік сала жалақы қорының өсуі алдағы үш жылдық кезеңде жоспарланбай отыр;

- акциздер бойынша 2012 жылғы түсімдердің деңгейінде белгіленді, бұл орайда акциздердің мөлшерлемесін өзгерту жоспарланбайды.

Болжам 2012 жылғы түсімдердің деңгейінде белгіленген Троицк МАЭС-тан эмиссиялар үшін төлемақы бойынша түсімдердің болжамын қоспағанда 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы эмиссияларға төлемақы бойынша төлемдердің өспеуіне байланысты көрсетілген көз бойынша болжам 2013 жылғы бағалау деңгейінде белгіленді. 2013 жылы Троицк МАЭС-тан төлемақылар тек қана III және IV тоқсандарда күтіліп отыр, өйткені аталған төлеушіге күл қоқыс қалдықтарын әкелуге рұқсат тек 2013 жылдың сәуірінде берілді.

2014-2016 жылдарға арналған:

- жер салығы бойынша;

- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;

- жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер бойынша;

- жер учаскелерін жалдау құқығын сатудан түскен түсімдер бойынша болжам 2013 жылғы бағалау деңгейінде белгіленді.

Төлем көздеріне салынбайтын, кірістерден жеке табыс салығы бойынша:

- мүлік салығы бойынша;

- көлік құралдарына салынатын салық бойынша;

- кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алымдар бойынша;

- мемлекеттік баж салығы бойынша;

- салықтық емес түсімдер бойынша;

- мүлікті сатудан түскен түсімдер бойынша болжам 2013 жылғы бағалауға сүйеніп, 2014-2016 жылдардағы тұтыну бағаларының 7 %-ға жыл сайынғы өсуін ескеріп белгіленді.

2014-2016 жылдары Қостанай облысының бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін трансферттер (субвенциялар) мөлшерлерін белгілеу мақсатында ағымдағы жылы облыстың алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетінің болжамдық параметрлерін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келістіру жөніндегі жұмыс өткізілетін болады.

Аудандық және қалалық бюджеттердің болжамдық шығыстарының көлемдері Бюджеттік кодекспен бекітілген функционалдық белгілер бойынша шығыстардың бағыттарын ескеріп, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша сомалар түрінде есептелді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет