Қостанай облысының 2015 – 2019 жылдарға арналғАН


Бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары



бет3/4
Дата23.02.2016
өлшемі345 Kb.
#8647
1   2   3   4

5. Бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары
Алдағы орта мерзімдік кезеңде фискалдық саясат экономикалық және қаржы дағдарысының салдарларын жою, экономиканы тез арада қалпына келтіру және әрі қарай сапалы жоғарылауын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін ретке келтіру және жетілдіру жөніндегі шараларды қамтитын бағыттар бойынша бір уақытта жүргізілетін болады:

- экономиканы қолдау жөніндегі бірінші кезектегі шараларды жүргізу халықтың тіршілік деңгейін көтеруді және жұмыссыздықтың көбеюіне жол бермеуді қоса алғанда әлеуметтік проблемаларды шешу, қаржы секторын тұрақтандыру салаларында бұрын қолданған шараларды іске асыруды жалғастыруды көздейді, ахуалға байланысты бюджеттік саясатты, оның ішінде бюджеттің параметрлерін нақтылауды түзететін жедел және оралымды шаралар қабылданады;

- бюджеттік жоспарлауды мемлекеттік жоспарлаудың айқын вертикаліне сәйкес жүзеге асыру: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – іс-шаралар – ресурстар – бюджет. Өз кезегінде бюджет оңтайлы шаралар мен экономикаға оң әсерін тигізетін, қолайсыз орта мерзімдік және ұзақ мерзімді салдарларға – инфляцияға, бюджеттік тапшылықтың күрт өсуіне апармайтын, бюджеттік қаражаттар көлемін белгілеп, құрастырылады;

- бюджетаралық қатынастардың айқындылығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- аудандар мен қалалардың бюджеттік қамтылу деңгейлерін теңестіру;

- бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін жоғарылату және халықтың қорғалмаған жігін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;

- негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджеттік шығыстардың айқын басымдықтарын белгілеу, әсіресе білім, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, көлік және инженерлік инфрақұрылым салаларында бірінші кезекті тәртіппен және толық көлемде бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджетаралық қатынастар
Орта мерзімдік кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толыққанды беру және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ азаматтарға Конституциямен және заңнамамен олардың тұрғылықты жеріне қарамастан кепілдік берілген, мемлекеттік қызметтердің жалпыға бірдей қол жетімділігін және ұсыну сапасын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржылық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексімен белгіленген бюджеттер деңгейлерінің арасындағы шығыстар мен түсімдерді бөлуде және қағидаттарда құрастырылады және ең алдымен облыс-аудан деңгейінде өзара қатынастардың айқындылығы мен тұрақтылығына, әр басқару деңгейінің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджеттік саясатты жүргізуді ынталандыруға бағытталды.

Қостанай облысының алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеті кіріс бөлігінің параметрлерін әзірлеу кезінде төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша болжам 2014 жылы қалыптасқан, аталған салықтар бойынша алымдардың коэффициенттерін ескеріп, облыс бойынша 2015-2017 жылдарға болжамдалған еңбек ақы қорына сүйеніп, алдағы кезеңде бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысының жоспарлы ұлғаюын, сондай-ақ ЖІӨ өсуіне үйлесімді шаруашылық субъектілер қызметкерлерінің еңбекақы қорының өсуін ескере отырып анықталды. Сонымен қатар, төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша аталған салықтың шегерімдеріне жататын ең төмен еңбекақының жыл сайынғы өсімі ескерілді.

Акциздер бойынша 2014 жылғы бағалау және 2015-2017 жылдарға арналған болжам қатты алкоголь өніміне акциздер мөлшерлемесінің, сондай-ақ өндіріс көлемі өсуінің өзгеруінің ескере отырып анықталды.

Төлем көздерінен ұсталмайтын кірістерден жеке табыс салығы, мүлікке салынатын салық, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер участкесін пайдаланғаны үшін төлем, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем, кәсіпкерлік және кәсіптік қызметті жүргізгені үшін алымдар, мемлекеттік баж салығы, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша болжам 2015-2017 жылдары тұтыну бағаларының жыл сайын 7 %-ға өсуін ескеріп, 2014 жылғы бағалауға сүйене отырып, белгіленген.

Жоспарланған өсімге қарамастан, Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған бюджетінің кіріс бөлігі шығыс бөліктен төмен болжамдалып отыр. Осыған байланысты Қостанай облысының бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін трансферттер (субсидиялар), оның ішінде 2014 жылы – 63 071,2 млн. теңге, 2015 жылы – 58 910,2 млн. теңге, 2016 жылы – 55 912,4 млн. теңге.

Аудандық және қалалық бюджеттердің болжамдық шығыстарының көлемдері Бюджеттік кодекспен бекітілген функционалдық белгілер бойынша шығыстардың бағыттарын ескеріп, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша сомалар түрінде есептелді.
7. 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы


7.1. Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің салық саясаты

Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған бюджетінің кірістері Салық кодексінің ережелерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді ескеріп, орта мерзімдік кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдық параметрлерінің негізінде белгіленді.

Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша болжамның үлес салмағы бюджетте 2015-2017 жылдары орташа есеппен 68,4 % құрайды.

Кірістердің өсуі салық салынатын базаның өсуі, салық заңнамасын жетілдіру, салықтық әкімшілікті жақсарту есебінен жоспарланып отыр.



Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті кірістерінің болжамы кестеде көрсетілген.
Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған жергілікті бюджетіне кірістер түсімдерінің болжамы

млн. тенге

Атауы

2014 жыл бағалау

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

болжам

Салықтық, салықтық емес түсімдер және капиталмен операциялардан түсетін кірістер

50403,6

55638,2

61734,9

64418,6

Салықтық түсімдер

49680,1

54811,9

60773,3

63585,6

Жеке табыс салығы

19523,9

21794,4

25350,9

25226,1

Әлеуметтік салық

14020,2

16004,5

17587,8

18319,8

Мүлік салығы

3477,9

3528,2

3574,0

4260,6

Жер салығы

325,0

337,6

351,5

398,2

Көлік құралдарына салынатын салық

1602,2

1713,1

1826,0

2105,5

Бірыңғай жер салығы

120,4

121,6

122,8

147,5

Акциздер

2691,1

3137,6

3478,6

3812,3

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін кірістер

7103,8

7300,9

7547,4

8316,7

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алымдар

419,5

452,2

482,9

513,9

Ойын бизнесіне салынатын салық

61,4

63,3

67,7

75,2

Өзге де салықтар

0,2

0,2

0,2

0,0

Мемлекеттік баж салығы

334,5

358,3

383,5

409,8

Салықтық емес түсімдер

343,8

380,9

421,1

370,8

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері

35,5

41,5

41,6

43,4

Мемлекеттің меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер

0,0

0,0

0,0

0,0

Мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғаларға қатысудың үлесіне кірістер

0,3

0,5

0,7

0,0

Мемлекеттің меншігіндегі мүлікті жалдаудан түскен кірістер

128,8

134,2

145

157,7

Банк шоттарында бюджеттік қаражаттарды орналастырғаны үшін сыйақылар (мүдделер)

0,0

0,0

0,0

0,0

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)

5,4

5,1

5,0

0,0

Мемлекеттік меншіктен түсетін басқа кірістер

0,8

0,9

1,0

0,0

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер


8,5

9,0

9,5

10,5

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшалардың түсімі

0,0

0,0

0,0

0,0

Әкімшілік айыппұлдар

1,2

1,3

1,4

1,5

Басқа да салықтық емес түсімдер

163,3

188,4

216,9

157,7

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

379,7

445,4

540,5

462,2

2015-2017 жылдары жергілікті бюджетке төлемдерді жоспарлы ұлғайтуға қарамастан бюджеттер деңгейлерінің арасындағы түсімдерді бөлудің қолданыстағы тәртібімен облыс кезекті орта мерзімдік кезеңге субвенциялық болып қалады, өйткені салықтық, салықтық емес төлемдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жиынының 63%-ы республикалық бюджетке аударылады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексі 495-бабының 9-тармағына сәйкес жергілікті өкілетті органдар осы баппен бекітілгенқоршаған ортаға эмиссиялар төлемінің мөлшерлемелерін жылына екі рет жоғарылатуға құқығы бар. 2011 жылдан бастап жоғарыда айтылған бапқа сәйкес 100%-ға ұлғайтылған күл және күл-қоқыс қалдықтары бойынша мөлшерлемелерді қоспағанда 50%-ға ұлғайтылған мөлшерлемелер қолданылады.

2015 жылы салықтық, салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша облыстық бюджеттің кірістері 6 332,1  млн. теңге сомасында болжамдалып отыр, осы сомадағы айтарлықтай үлес салмақты табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер – 97,4% немесе 6 164,4 млн. теңгені құрайды.


Қостанай облысының 2015-2017 жылдарға арналған

бюджетіне кірістер түсімдерінің болжамы



млн. теңге

Атау

2014 жыл бағалау

2015 жыл

2015

жыл


2016 жыл

болжам

1

2

3

4

5

Кірістер, барлығы

124177,3

86971,0

80197,1

66457,7

Салықтық, салықтық емес түсімдер және капиталмен операциялардан түсетін кірістер

6102,0

6332,0

6578,9

7328,4

Салықтық түсімдер

5945,0

6164,4

6400,0

7184,7

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер

5945,0

6164,4

6400,0

7184,7

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алымдар

0,0

0,0

0,0

0,0

Салықтық емес түсімдер

143,7

153,3

163,6

127,2

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері

32,3

34,6

37,0

39,6

Мемлекеттің меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер

0,0

0,0

0,0

0,0

Мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғаларға қатысудың үлесіне кірістер

0,0

0,0

0,0

0,0

Мемлекеттің меншігіндегі мүлікті жалдаудан түскен кірістер

30,8

33,0

35,3

37,7

Банк шоттарында бюджеттік қаражаттарды орналастырғаны үшін сыйақылар (мүдделер)

0,0

0,0

0,0

0,0

Жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)

5,3

5,1

5,0

0,0

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер

3,1

3,4

3,6

3,9

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік қызметтерді өткізуден түсетін ақша түсімі

0,0

0,0

0,0

0,0

Әкімшілік айыппұлдар

1,2

1,3

1,4

1,5

Басқа салықтық емес түсімдер

71,0

75,9

81,3

44,5

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

13,5

14,3

15,3

16,5

Трансферттердің түсімдері

118075,1

80639,0

73618,1

59129,3

Қарыздардың түсімі

2463,9

1460,0

1695,5

0,0

Сондай-ақ, қарызды өтеу

1301,6

1344,0

849,5

323,5

Барлығы

127942,8

89775,0

82742,0

66781,2


7.2. Облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің болжамдары
Облыс бюджеттік саясатының негізгі бағыты бюджетке шығыс жүктемесінің түсуі болып табылады.

Облыс бюджетінің өз кірістерін және республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттердің пысықталған көлемін ескеріп, жоспарланған кезеңде үш жылдық кезеңдегі қарқыны орташа есеппен 8,7%-дан аспайтын шығындардың өсуін бір қалыпта ұстау саясаты жүргізілетін болады. Бұл шығыстардың өсімі ЖІӨ өсу қарқынынан аспайтынын білдіреді.

Қостанай облысы жергілікті бюджетінің

2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлері



млн. тенге

Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Бағалау

Болжам

Түсімдер

51705,2

56982,2

62584,4

64742,1

ЖӨӨ-ға қарағанда пайызда

3,8

3,8

3,8

3,6

Кірістер

50403,6

55638,2

61734,9

64418,6

Салықтық түсімдер

49680,1

54811,9

60773,3

63585,6

Салықтық емес түсімдер

343,8

380,9

421,1

370,8

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

379,7

445,4

540,5

462,2

Бюджеттік кредиттерді өтеу

1301,6

1344,0

849,5

323,5

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер

0,0

0,0

0,0

0,0

Шығыстар

166173,0

114560,9

117647,2

123548,5

ЖӨӨ-ға қарағанда пайызда

12,2

7,7

7,2

6,9

Атаулы шығыстардың өсімі, %

114,9

68,9

102,7

105,0

Тапшылық

-114467,8

-57578,6

-55062,7

-58806,3

ЖӨӨ-ға қарағанда пайызда

8,4

3,9

3,4

3,3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет