Қостанай облысының әкімі. Н. М. Садуақасовтың халық өкілдерімен «Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы» есеп беру кездесуіне тезистері



жүктеу 356.44 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі356.44 Kb.


Қостанай облысының әкімі. Н.М. Садуақасовтың

халық өкілдерімен «Қостанай облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған негізгі міндеттері туралы» есеп беру кездесуіне тезистері
2014 жыл жаһандық әлемдік ауқымдағы күрделі және бірегей оқиғалар жылы ретінде мәңгіге тарихқа енеді.

Ол Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына тарихи Жолдауынан басталды, онда біздің республикамыздың әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену бағдарламасы ұсынылған болатын.

Ал сол жылдың қарашасында болып жатқан заманауи саяси және экономикалық оқиғаларға стратегиялық, көрегенділік және алдын алу жауабы ретінде ел Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізі болып табылатын Жаңа экономикалық саясаты жарияланды.

Украинадағы жалғасып жатқан қантөгісті қарсылықтар, Ресей мен ЕО елдерінің өзара ықпал-шаралары, мұнай бағасының күрт құлдырауы, Қытай экономикасы қарқынының баяулауы – мұның барлығы отандық өндіріс көлемдеріне айтарлықтай теріс әсер етеді.

Оларды қалайша еңсереміз, қандай іс-әрекеттер қажет және біз бұған нені қарсы қоя аламыз – осынау басты сұрақтарға іс-қимылдың жаңа бағдарламасы жауап береді.

Өндіріс көлемдері өсуінің серпінді қарқыны елімізде соңғы жылдары Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, озық технологияларды енгізу, кәсіпорындарға елеулі инвестициялық капитал салымдарын тарту есебінен Қазақстан бойынша жалпы алғанда Жалпы ішкі өнімді ұлғайтудың 4 пайыздық көрсеткішін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Есепті жыл қорытындылары бойынша ел экономикасы салалары өсімінің қарқыны мынадай: өнеркәсіпте нақты көлем индексі 100,2%, ауыл шаруашылығында – 100,8%, құрылыста – 104,2%, саудада – 108% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3,9%-ға өсті (+1%).

Инфляция 7,4%-ды құрады, яғни жоспарланған 6-8%-дық дәлізден асқан жоқ, ал жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрады.



Біздің облысымызда дәйекті және сапалы экономикалық өсім үшін сол сияқты жүйелі шаралар қолданылды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылық макроэкономикалық көрсеткіштері осыны айғақтайды.

2014 жылғы 9 айдың ішінде жалпы өңірлік өнім облыс бойынша 4,5%-ға өсті және халықтың жан басына шаққанда 1 млн. 024 мың теңгені құрады, ал жыл қорытындысы бойынша болжамды өсім 3,9% белгісінде күтіледі.

Соңғы үш жыл бойына тау-кен өндіру саласының өнімдері – темір рудасы мен өңделмеген алтын үшін әлемдік нарықтың қолайсыз конъюнктурасы қалыптасты. 2014 жылы да осылай болды. Өндіріс көлемдері осы себепті 6,9%-ға төмендетілді.

Соған қарамастан, өнеркәсіптегі нақты көлем индексі 100,2%-ды құрады.

Мұндай жағдайда өңдеу секторындағы оңды серпінді атап өту қажет, онда өнім өндірісі 9,1%-ға немесе 35,6 млрд. теңгеге өсті. Осының өзі тау-кен өндіру саласындағы артта қалушылықты толықтай жабуға мүмкіндік берді.

Экономиканың дамуының болашақ әлеуетін айқындайтын негізгі капиталға шамамен 191 млрд. теңге инвестиция салынды.

Пайдалануға 248мың ш. м. тұрғын үй берілді, өсімі 7%.

Инфляция 7,1% деңгейінде қалыптасты, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,3 пайыздық пунктке төмен.

Орташа айлық еңбек ақы 8%-ға, 88095 теңгеге дейін өсті.

Жұмыссыздық деңгейі 0,2%-ға төмендеді және облыс бойынша 5%-ды құрады.

Қостанай облысы бұрынғысынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қоса отырып, Қазақстанның негізгі агроөнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып қалып отыр. Сондықтан, өңірдің экономикасын сөз еткенде, біз әрине, аграрлық секторға назар аударамыз.

Ауылшаруашылығы өнімі өндірісінің жалпы көлемі 233 млрд. теңге деңгейінде тіркелді (оның ішінде өсімдік шаруашылығы 160,3 млрд. теңге (69%) және мал шаруашылығы 71,6 млрд. теңге (31%).

Өкінішке қарай, айрықша күрделі ауа райы жағдайлары салдарынан егінді кем жинау себепті өсімдік шаруашылығы өнімдері көлемдерінің 2,6%-ға қысқаруы орын алды, бұл ретте мал шаруашылығында 4,9%-ға өсім байқалды. Қорытындысында, саланың нақты көлем индексі 99,5% деңгейінде болып шықты.

Өсімдік шаруашылығындағы негізгі міндетті біз жүйелі әртараптандыру деп көптен бері айқындап алғанбыз және бұл бағытта әдісқойлықпен жұмыс істеудеміз.

Тек өткен жылы ғана негізгі дақыл – бидайдың егісі 300 мың га кемітілді, ал майлы дақылдар 129 мың га ұлғайтылды және 363 мың га жетті, бұл 2010 жылғыға қарағанда 2,3 есе көп.

Облыстың ауылшаруашылығы құрылымдарында картоп отырғызылатын егіс алқаптарының 313 га, бақша дақылдарынікі – 290 га өскені байқалады.

Жемдік дақылдар егілетін алқаптар 600 мың га дейін ұлғайтылды. Бұл қолда бар мал басы мен құсты жеммен қамтамасыз ету үшін толығымен жеткілікті.

Мұның барлығы, өсімдік шаруашылығында қазіргі уақыт талаптарына сәйкес келетін іс-қимыл бағдаржолы қамтамасыз етілген деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Облыста инновациялық технологияларды егіншілікке белсенді енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Есепті жыл ішінде нөлдік технологияны қолдана, жұмыстың толық технологиялық циклын сақтай отырып 1,2 млн. га егілді (дәнді дақылдардың барлық егіс алқабының 28%).



2,8 млн. га алқапта арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді, шегіртке тектес зиянкестерге қарсы 1,7 млн. га жер өнделді. Егіннің пісіп-жетілу мерзімдерін қысқарту үшін 240 мың га дәнді дақылдарына десикация жүргізілді.

Жаздың екінші жартысында түскен мол жауын-шашыннан кейін солтүстік аудандардағы егіннің шығымдылығы көзбен шолғанда 20-22 ц/га құрады. Мамандар кемінде 5 млн. тонна астық жинап алуды болжамдады.

Алайда, тамыздағы және қыркүйектегі толассыз мол жауын-шашынның салдарынан, тіпті жекелеген өңірлерде 2-3 айлық нормадан астам жауын-шашын түсті, топырақтағы ылғалдың аса молдылығынан және орташа тәуліктік төмен температурадан егіннің пісіп-жетілу кезеңі ұлғайды. Адами ресурстардың және машина-трактор парктерінің толық дайындығына қарамастан егін жинау жұмыстарының мерзімдері айтарлықтай созылып кетті.

Неғұрлым шиеленісті жағдай Ұзынкөл, Меңдіқара, Қарабалық, Федоров және Сарыкөл аудандарында қалыптасты, оларда астық бастыру қараша айына дейін жалғасты.

Жылдың форс-мажорлық жағдайлары себепті астықтың жалпы жиналымы шығымдылығы 9,9 ц/га кезінде есептік салмақта 4 млн. тоннаны, ал шығымдылығы 11,3 ц/га кезінде бункерлік салмақта - 4,5 млн. тоннаны құрады. Бұл орайда 12% немесе 542 мың тонна жоғары рефракацияны атап өткен жөн.

Егін дәнді дақылдардың 97,9% немесе 4 млн. 14 мың га алқаптан жиналды. 32,6 мың га, оның ішінде Меңдіқара ауданында – 3,6 мың га, Ұзынкөл ауданында – 29 мың га жиналмай қалды.



230 мың тонна майлы дақылдар жиналды, 2013 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемдері 65%-ға өсті.

Мал басын қамтамасыз ету үшін пішеннің біржарым жылдық қоры бар (1 млн. 376 мың тонна), сүрлем мен пішендеме 100 пайыздық көлемде салынды.

Өз тиімділігін дәлелдеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кредиттеудің оңайлатылған схемасы мінсіз іске қосылды.

Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарына 5,1 млрд. теңге кредиттік қаражат бөлінген болатын, олардың 91%-ы өтелді.



«Агробизнес 2020» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдаудың шаралары сақталып қана қоймай, тіпті елеулі түрде өсті. Тек, өткен жылы ғана 15,7 млрд. теңге субсидиялар төленді, бұл 2013 жылғыға қарағанда 1,6 есе көп.

Машина-трактор паркін жаңғырту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. 2014 жылы ауылшаруашылық техникасының 870 бірлігі сатыа алынды, соның ішінде 304-і немесе 35% «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы лизинг бойынша, олардың ішінде: 85 трактор, 105 егін жинау комбайндары, 15 егіс кешендері, 3 тұқым сепкіш және басқа да техниканың 98 бірлігі сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржылық сауықтыру тетігі іске қосылды. Берілген 75 өтінімнің 48-і 52 млрд. теңге сомасына мақұлданды.

Мал шаруашылығы саласының дамуында да оң үрдістер нығайды.

2007 жылы өндірістік секторда 201 шаруашылық жүргізуші субъектісі болды, оларда 98 мың мал басы бар еді, бұл қолда бар жалпы мал басының 18%-ын құраған-ды.

Қазіргі уақытта облыстың 904 шаруашылығында 164 мыңнан астам ІҚМ бар, немесе жалпы мал басының 40%-ы.

Еттің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын іске асыру арқасында елден тыс жерлерден 12,6 мың бас асыл тұқымды мал, оның ішінде өткен жылы 2 мың басқа жуық, әкелінді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша облыс ішінде шаруа қожалықтары 16,7 мыңнан аса ІҚМ сатып алды.

Сонымен қатар, біз қолжеткізген қарқындарымызды қанағат тұтпауға тиіспіз.

Бұл, әсіресе мал шаруашылығын дамытумен нашар айналысатын, «Сыбаға» бағдарламасында, малды асыл тұқымдандыруда, Еттің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасында тиісті белсенділік танытпайтын аудандарға қатысты.

Оларға Жітіқара (40%), Қамысты (50%) аудандарын және Арқалық қаласын (64%), жатқызуға болады, оларда төрт жылдың ішінде «Сыбаға» бағдарламасын орындау берілген тапсырманың 4 0-70%-ын құрайды.

Бағдарламаны орындаудың жоғары көрсеткіштері Меңдіқара (140%), Науырзым (132%), Федоров (128%) аудандарында байқалды.

Біздің облысымыздың мал шаруашылығын дамыту жөнінен үлкен әлеуеті барлығын ескере отырып, біз «Агробизнес 2020», «Құлан», «Алтын Асық», «Ырыс» бағдарламаларының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануымыз және жайылымдық жерлерді суландыру жөніндегі жұмысты жалғастыруымыз қажет.

Тек осы бағыттар бойынша ғана биылғы жылы Аграрлық-Кредиттік Корпорациясының заем қаражаттарын пайдалана отырып, 2 мың бас жылқы, 10 мың бас қой және 1,5 мың бас ІҚМ сатып алуымыз қажет.

Мал шаруашылығы саласын дамыту үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді нысаналы және тиімді пайдалану жөнінен қолданылатын шаралар, ерекше маңызға ие болып отыр.

Бұл жұмыс қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелерін әкелуде. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына 4 млн. 283 мың га жайылымдық жер тіркелген, пайдаланылып жүргені - 3 млн. 824 мың га.

Мемлекеттік меншікке пайдаланылмайтын 402 мың га жерді қайтару (2013 жылдың соңында бұл сан 1 млн. г-дан астам құрады) және оларды неғұрлым шаруақор қожаларына беру жөніндегі жұмыс тиісті деңгейде жүргізілуде.

Біз әлеуетті инвесторлардың аграрлық секторға қызығушылық танытатындығын көреміз, оны өзіміздің қолдауымызбен қамтамасыз етуіміз қажет.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Салық кодексіне ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбағандығы үшін жер салығы мөлшерлемелерін он есеге дейін көтеру туралы толықтырулардың күшіне енуі, аудандардың әкімдеріне ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды неғұрлым тиімді өткізуге көмектеседі.

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытумен қатар қайта өңдеу саласын жаңғырту мәселелеріне және қосылған құны жоғары өнімді шығаруды ұлғайтуға көп көңіл аударылады.

Өндіріс секторында бір жылдың ішінде ғана біз ет өндірісін 24% (5,8 мың тоннаға), сүт – 21% (13,8 мың тоннаға), жұмыртқа – 29% (66,4 млн. данаға) ұлғайта алдық.

Индустриаландырудың бірінші кезеңіндегі жылдары (2009-2014 жылдар) агроөнеркәсіп кешенінде 13 тауарлы-сүт фермасы, асыл тұқымды 15 репродуктор шаруашылығы, 27 ірі бордақылау алаңы мен 6 құс фабрикасы пайдалануға берілді.



Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің шығарылатын көлемі облыс тұрғындарын негізгі азық-түлікпен толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті.

Оның сыртында үнемі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп тұрады, өңірлік тұрақтандыру қорынан тауарлы интервенциялар жасалып жатады, олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.



Жыл сайын саланың экспорттық әлеуеті артып келеді, оның ассортименті де ұлғаюда.

Өткен жылы, дәстүрлі түрге айналған бидай мен ұн экспортынан тыс, облыс өзге елдерге 557 тонна ет пен ет өнімдерін жөнелтті, бұл 2013 жылғыға қарағанда 3,3 есе артық, 2 есе сүт өнімдерін немесе 8,8 мың тонна, 3 есе өсімдік майын немесе 656 тонна.

Сонымен қатар, республиканың басқа өңірлеріне 690 мың тонна астық және 114 мың тонна ұн, 6,5 мың тонна ет пен ет өнімдерін жөнелтті.

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде қайта өңдеу кәсіпорындарының техникалық және технологиялық жаңғыртылуын жалғастыру, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған қосылған құны жоғары өнім шығару міндеті тұр.

Өсімдік шаруашылығында 2015 жылдың көктемгі дала жұмыстарына ұйымшылдықпен дайындалу және оны өткізу үшін барлық шаралар қолданылуда. Мұнда шешімі шешу кезеңінде тұрған тұқымның жетіспейтін мөлшерін қамтамасыз ету, кредиттік ресурстардың қолжетімдігі, техника жөндеу және т.б. проблемалық мәселелер әлі де аз емес.



Өнеркәсіп облыс экономикасының негізгі бағыты болып табылады.

500 өнеркәсіптік кәсіпорын айналысады өткен жылы 532,5 млрд. теңгенің өнімін шығарды, немесе 2013 жылға қарағанда 100,2%.

Аталған салада 51 мыңнан астам адам жұмыс істейді, олардың еңбек ақылары облыс бойынша орташа айлық еңбек ақыдан 1,3 есе асып түседі.

Өткен жылы объективті себептермен («ССКӨБ», «Варваринское», «Қостанай минералдары», «Орион Минералс») темір рудасы мен мыс концентратын, шекемтас, боксит пен асбест өндірісінің көлемі төмендеді. Бұл Рудный, Лисаков, Арқалық қалалары мен Таран ауданының экономикасына әсер етпей қоймады.

Қалыптасқан жағдайда, өнеркәсіп өндірісінің көлемдерін төмендетуге жол бермеу мақсатында, облыс үшін өңдеу саласында өндіріс көлемін ұлғайту бірінші кезектегі болып табылады.

Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс делінген, бұл ретте «Индустрияландырудың мақсаты – бұл бытыраңқы жобалардың жиынтығы емес, керісінше қуатты өңдеу өнеркәсібін дамыту».

Соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, шикізат бағасы тұрақсыз болған кезде өңдеу секторы дағдарыс көріністеріне мейлінше төтеп береді. Өңдеуші кәсіпорындар нық сеніммен қарқын алып келеді.

Соңғы 4 жылда ондаған инвестжобалар іске асырылды, бұл бізге тау-кен өндірісі кәсіпорындарынан тәуелді болуды төмендетуді жалғастыруға мүмкіндік туғызады.

2011 жылы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 29% құрады, ал өткен жылдың қорытындысы бойынша алғаш рет тау-кен өндірісінен 1,5% артып, 46,9% құрады.



Бұл тарихи өте маңызды сәт. Біз Қостанай облысының өнеркәсібінде дайын өнім өндірісі шиказат шығарудан басым тұрғанын ендігіде айта аламыз.

Жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс өсімі бір жылда 9,1% құрады. Бұл ел бойынша 2-ші орын.

Ең көп өсім металлургия өнеркәсібінде 24,3% (немесе 11,5 млрд. теңге). Аталған салада 36 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Саланың өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы үлесі бір жыл ішінде 3% ұлғайды және 14,5% құрады. Бұл 2013 жылдың желтоқсан айында енгізілген құрылыс илемін өндіретін «ЕвразКаспианСталь» ЖШС зауыты жұмысының арқасында мүмкін болды. Мұнда Италия, Ресей мен Украинадан әкелінген жоғары өнімді заманауи жабдық орнатылған. Тек қана өткен жылдың қорытындысы бойынша сомасы 8,9 млрд. теңгеге 92 мың тонна арматура шығарылды, ал 2015 жылға – кемінде өнімді 3 есеге арттыру жоспарланып отыр.

Машина жасауда өсім 7,3% құрады. Сала үлесі бір жылда 3,2% ұлғайып, 24,5% құрады. Автомобиль жасауда біз айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік, бір жылда ол 16% ұлғайды. 8,5 мыңнан астам автомобиль құрастырылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 20% артық.

Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес автокөлік құралдарын өндіру экономиканың жаңа индустриясы және қызметтің басым түрі болып табылады.

Өкінішке қарай, бұл жерде біз Ресей рублі құлдырауының барынша кері әсерін тартып отырмыз. Тек қана соңғы үш айда республикаға 60 мыңнан астам машина әкелінген, бұл елімізде машина жасаудың жылдық мөлшері болып табылады.

Аталған саланың одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында біздің міндетіміз – «СарыарқаАвтоПром» мен «АгромашХолдинг» кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешуде көмек көрсету.

Мұның сыртында, оқшаулану деңгейін ұлғайту үшін жинақтау өндірісін дамыту мүмкіндіктерін қарау қажет.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінде 51% иеленіп отырған тамақ өнімдері өндірісінде өсім 7,6%-ға жетті.

Сектор шикізат жеткізуші ретінде ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты.

Бұл салада ет және ет өнімдерін өндіру 21% ұлғайды, 2,6 есеге – балық өңдеу. Жеміс-жидек пен көкөніс өндірісі 22,3%, сүт өнімдерін шығару – 22,5% ұлғайды.

Республикалық көлемде облыс ұн өндіруден бірінші орында, сүт пен сары май өндіруден үшінші орында, макарон және ұннан жасалған өнімдер шығарудан төртінші орында.

Еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуындағы жаңа бесжылдығында тамақ өнімдерін шығару секторы басым қызметтер түрі ретінде белгіленген. Бізге осы бағытта одан әрі де белсенді жұмыс жасау қажет.

Өңірдің өнеркәсібіне құрылыс индустриясы да оң ықпал етеді. 145 кәсіпорын тауарлы бетон, арматура, этилен полимерлі құбырлар, терезе және есік блоктарын, кірпіш пен басқа да көптеген өнімдер өндірісімен айналысады.

Осы салада бұрін енгізілген инвестжобалармен қатар өткен жылы іске қосылған «Қостанай МБИ» ЖШС үй құрылысы комбинатын атап өтуге болады.

Қазақстан халқына «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өңірлерде шағын және орта бизнес өндірісін дамытуға және қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа Индустриалдық аймақтарды құру мәселесін пысықтау керек деген болатын.

Бүгінгі күнге облыста Қостанай мен Жітіқара қалаларында 2 индустриалдық аймақ құру жөнінен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Олар замануи өндірістерді дамытумен байланысты бірқатар міндеттерді шешуге, жалпы өңірлік ішкі өнімді ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Жұмыс орындарын сақтап қалу және жұмыссыздықты болдырмау экономиканың ерекше кезеңінде жергілікті атқарушы органдарының маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта облыс әкімдігі өңірдің ірі кәсіпорындарымен меморандумдарға қол қойды.

Осындай жұмыс облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің деңгейінде де жүргізіліп жатыр.

Бұған қоса, әлемдік нарықта қалыптасқан қаржылық тұрақсыздық жағдайын алдын алу мақсатында бизнес өкілдерімен бірлесіп, Инвестициялар министрлігіне 2015 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау жөнінен ұсыныс жіберілді.

Автоөнеркәсіп, «ССКӨБ» АҚ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері, өндірушілердің валюталық заемын ұлттық валютаға конвертациялауға, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде қазақстандық үлесті ұлғайтуға қатысты бастамалар іс-шаралардың республикалық жоспарында өз көрінісін тапты.

Үстіміздегі жыл біздің өнеркәсібіміз үшін өте күрделі болмақ, сондықтан мүмкіндігінше кәсіпорындарға көрсетілетін барлық мемлекеттік қолдау шаралары жасалатын болады.

Біздің міндетіміз өндіріс көлемін сақтап қалу және оны одан әрі ұлғайту. Оған негіз ретінде бірінші бес жылдықта Индустриаландыру картасы шеңберінде енгізілген 77 нысан (сомасы 115,8 млрд. теңге, жаңадан 4,7 мың жұмыс орны ашылды) қызмет етеді. Олардың ішінде 8-і өткен жылы енгізілген болатын (жалпы құны 14,5 млрд. теңге), бұл ретте 455 жұмыс орны ашылды.

Индустриаландыру картасы шеңберінде ашылған кәсіпорындар тек өткен жылы ғана 79 млрд. теңгенің өнімін шығарды, бұл жалпы қайта өңдеу өнеркәсібі көлемінің 32% құрайды.

2014 жыл ішінде бұрын пайдалануға берілген 69 объектіден 55 кәсіпорын немесе 80%-ы 100% жоспарлы қуаттылығына шықты. Қалғандарымен жұмыс істеуді жалғастырып жатырмыз.

Еуропа Достастығы елдерінде кәсіпорындардың орташа жүктелімі 80% асуы өте сирек кездеседі. Қазақстанмен салыстырғанда Польша мен Латвияда жан басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткіші - 75%.

Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 6 басым сала мен 14 сектор айқындалды.

Облыста осы басымдықтарға сәйкес 3266 жұмыс орнын аша отырып, жалпы сомасы 316 млрд. теңгеге 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Алдағы уақытта экономиканы үдемелі дамыту үшін пайдалы қазбаларға геологиялық барлауды барынша белсенді жүргізуіміз қажет.

Облыстың жер қойнауларында кенсіз пайдалы қазбалардың: отқа төзімді және кірпіш сазы, құрылыс тастары, құрылыс және кварцты құмдар, әктас, құмды-гравий қоспалары, минералдық пигменттер, базальттардың көп қоры бар.

Ағымдағы күнге «Тобыл» ӘКК жалпы сомасы 203 млрд. теңге тұратын 44 инвестициялық, олардың 19 – темір, түсті және полиметалды кен мен бағалы металдарды барлау және өндіру, қоңыр көмірді өндіру мен көпшілікке таралған пайдалы қазбаларды қазу жөніндегі жобаларды іске асырады.

Өткен жылы қатты пайдалы қазбалардың 29 кен орнын қазуға келісім-шарт алу жөнінде жұмыс жүргізілді.



Мұның бәрі бізге таяудағы перспективаға арналған тау-металлургия өнеркәсібін дамыту үшін маңызды дайын бөлігін тудыратынын сеніммен айтуға мүмкіндік береді.

Облыс үшін өзекті мәселе инвестициялар мөлшерін тарту мен арттыру бойынша мақсатқа сай жұмыс, жаңа өнеркәсіптерді ашу үшін жағымды жағдайлар жасау, яғни қолайлы инвестициялық климат жасау болып қалады.

Облыс инвестициясы бес жылда 1,6 есе ұлғайды және 191 млрд. теңгені (2010 жылы – 120,8 млрд. теңге) құрады. Бір жылда олар 10,5 млрд. теңгеге өсті.

Облыстың инвестициясының жалпы көлемінде 55,6 %-ын өнеркәсіп алады (оның ішінде кен қазушы- 29,2%, өңдеу – 13,9 %), ауыл шаруашылығының үлесі – 10,2%, көлік және жинақтау – 15,2%.



Барлық қалалар мен аудандардан өңделетін салалар, қызмет көрсету секторы және ауыл шаруашылығына капиталды тарту және инвестицияларды әртараптандыру талап етіледі.

Сыртқы экономикалық қызмет, ал облыс әлемнің 80 елімен бірлесіп қызмет істейді, бұл өңірдің экономикасын дамытудың тағы бір тетігі болып табылады.

Облыстың сыртқы сауда айналымының жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысының салдары 17,7% азайды, оның ішінде тауарларды экспорттау 25%, импорт – 5,8% қысқарды. Бұл ретте, өткен жыл ішінде облыстың сыртқы сауда сальдосы оң болды, яғни облыстың экспорты импорттан артық болды.

Бірыңғай экономикалық одақ елдерімен сыртқы саудадағы біздің өзара қарым-қатынасымыз барынша белсенді дамып келеді. Осы жылдарда (2010 жылдан бастап) Кедендік одақ елдерімен облыстың сыртқы сауда айналымы 2 еседен артық өсті, ал оның үлесі 15% ұлғайды (48% құрады).

Бірыңғай экономикалық одақ аясында бәсекелестік жағдайларында экспортты бағдарланған кәсіпорындар шикізаттық экспортты ұлғайту мақсатында сапалы және талап етілетін өнімдерді өндіру үшін мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын барынша пайдалану қажет.

Тек біздің облыс бойынша шикізаттық экспорттың үлесі бір жылда экспорттың жалпы мөлшерінде 3% артты және 22,4% (қаңтар-қарашадағы деректер – 353,3 млн. АҚШ доллары) құрады.

Дайын азық-түлік тауарларының эскпорты 6,7% -өсті (227 млн. АҚШ доллары). Біз ұнды 8,4%, кондитер өнімдерін – 2,8%, көбірек экспорттай бастадық, сүт және сүт өнімдерін, газдалған сусындарды шығаруды екі есеге арттырдық, етті және ет өнімдерін 3,3 есеге, жарма – 6 есеге өсті.

Өкінішке қарай бізде дайын азық-түлік емес тауарлардың экспорты аз дамыған. Металл өнімдері, тоқыма және тоқыма заттар, киімдер, құрылыс материалдарының экспорты өте мардымсыз. Мұнда өсудің резерві бар.

Алдағы уақытта біздің өңірді дамыту және облыс экономикасына шетелдік инвестициялар тарту, ынтымақтастықты нығайту мақсатында халықаралық деңгейдегі іс-шаралар мен кездесулер өткізіледі.

Мәселен, облыста қазан айында министрліктер мен ведомстволар өкілдерінің, Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің, кәсіпорындар басшыларының, Ресей, Беларусия, Қырғызстан және Қазақстанның ғылыми орталары мен бизнес-қауымдастықтарының қатысуымен Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағындағы бәсекелестік мәселелері бойынша екі ірі халықаралық конференция өткізілді.

Өткен жылы облысқа Франция және Норвегия Королдігінің Төтенше және Өкілетті елшілері келді.

10 жылдан астам уақыт Ынтымақтастық туралы Келісім әрекет ететін Қытай Халық Республикасы Ганьсу провинциясының делегациясы өткен жылы тамыз айында келіп қайтты.

Корея Республикасы елшілігінің өкілдері облыстың басым инвестициялық жобаларымен танысты.

Ресейдің іргелес жатқан облыстарынан бізге жыл басында Қорған облысының жұмыс тобы келді. Ал қараша айында облысқа Губернатордың басшылығымен Челябі облысының делегациясы келді. Бүгінде «Биржа контактов» және өңірдің кәсіпкерлері өте белсене жұмыс істейді.

Әлбетте, Еуразиялық экономикалық одақ жағдайларында алдағы уақытта сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасын табады.

Еуразиялық экономикалық одаққа Арменияның және 2015 жылғы мамырдан бастап Кырғызстанның кіруі біздің кәсіпорындар үшін перспективаны кеңейтеді.

Осы елдермен кедендік, сауда және техникалық кедергілерді жою өнімдерді экспортқа шығару, тәжірибемен, технологиялармен алмасу және жалпы алғанда өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін өндіріс көлемдерін арттыруға қосымша мүмкіндік береді. Бізге осы бағытта алға жылжу қажет.

Президенттің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес ауыспалы экономикалық жағдайларда тез әрекет етуге қабілеті бар шағын және орта бизнеске қолдау көрсету алдағы кезеңде біздің елімізді дамытудың негізгі жеті бағытының бірі ретінде белгіленді.

Аталған мақсаттарды іске асыру мен бизнесте түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге ықпал етуді «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы көрсетеді. Барлық өткен жылдар үшін өңірде аталған карта өзін кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін ынталандырудың нақты жолдары көрсетілген құрал ретінде, нағыз тиімді және қажетті бағдарламаның бірі екендігін көрсетті.

Әлемде экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңдестірілген өсуін шынайы қамтамасыз ететін мұндай мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасы еш жерде жоқ, сондай-ақ жұмыс істеп тұрғандарын сақтап қалуға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.

Мәселен, оны іске асыру нәтижесінде 10 мыңнан аса істеп тұрған жұмыс орны сақталды және 2 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды.

Жылдан жылға біздің өңір үшін республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат сомасы (2011 – 1,3 млрд. теңге, 2012 жылы – 1,4 млрд. теңге, 2013 жылы – 2,1 млрд. теңге, 2014 жылы – 2,7 млрд. теңге) артып келеді.

Облыста бес жыл ішінде бағдарлама бойынша субсидиялауға және кепілдендіруге 400 жоба мақұлданған, оның ішінде 2014 жылы – 152.

Ең көп үлесті өңдеуші өнеркәсіптер, көлік және жинақтау, автомобильдер мен мотоциклдер жөндеу құрайды.

Бағдарлама аясында құралдармен қолдау көрсетуді іске асыру жылдарында жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеден аса субсидиялар төленген, оны Индустрияландыру картасына енгізілген кәсіпорын пайдалана алды, олардың ішінде: «Евраз Каспиан Сталь» (430,7 млн. теңге), «Баян Сұлу» (294,3 млн. теңге), «БК-Строй» (67,3 млн. теңге), «Казторгтранс» (60 млн. теңге), «Жас-Канат-2006» (59 млн. теңге) және басқалар.

Гранттық қаржыландыру 62,3 млн. теңге сомасына кәсібін жаңадан бастаған 32 кәсіпкерге, оның ішінде 2014 жылы – 18 млн. теңге сомасында 12 кәсіпкерге берілді.

Кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдаудан басқа «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағыты бойынша оларды сервистік қолдау жағынан жұмыс жүргізіледі. Қаржылық емес қолдау көрсету бағдарламасын іске асырудан бастап 7 мың, оның ішінде 2014 жылы 2,5 мың шамасында кәсіпкер қамтылған.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың жиынтығы олардың санын 2010 жылы 33-тен 2014 жылы 44-ке дейін көбейтуге мүмкіндік берді.

Осы секторда жұмыс істейтіндердің саны бір жылда 2,7% артты және экономикалық белсенді халықтың 30%-ын құрады (159,9 мың адам немесе облыс халқы санының 18,1%).

Шағын және орта бизнес субъектілерінің тауар шығару, жұмыс және қызметтері 6,3% артты (321,7 млрд. тенге).

Ел Президенті «экономикалық өсу драйвері ретінде» шағын және орта бизнесті дамыту және еліміздің жалпы ішкі өніміндегі оның үлесін ұлғайту жөнінде міндеттер қойды. Сондықтан бізге мемлекеттік қолдау шараларын толығымен пайдалана отырып, одан әрі кәсіпкерлікті тиімді дамыту қажет.

Жұмыспен қамтудың пәрменді шараларының бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» болып табылады.

2014 жылы аталған бағдарламаға 5,2 млрд. теңге бөлінді.

Жұмысқа орналастырылған тұлғалардың саны (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына) 2013 жылғы 10 мыңнан 2014 жылы 17 мыңға дейін артты.

Жыл сайын еңбек нарығында қажет етілетін мамандықтар бойынша мыңға жуық адам кәсіптік оқытудан өтеді, 5 мыңға жуық жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға қатысады.

Жұмыспен қамту жол картасының шеңберінде 2011 жылдан бастап ауылдарда 1,9 млрд. теңге сомасына 1023 шағын кредит берілді. Тек 2014 жылы 915 млн. теңге сомасына 460 шағын кредит бөлінді.

Алушылардың неғұрлым көп саны Жітіқара ауданында (103 адам), Меңдіқарада (97адам), Таранда (84 адам) және Науырзым ауданында (78 адам).

Көптеген адамдар өз кәсібін ашқысы келеді. Бағдарлама өз идеяларын іске асыру жолында жақсы түрткі болып табылады. Бұл көмек, ынта және үміт береді, әсіресе жас кәсіпкерлер үшін маңызды болып табылады. Соның арқасында көптеген ауылдарда әртүрлі идеялар мен жобалар іске асырылды.



Мысалы, Қарасу ауданының тұрғыны Лашенов Азамат, 2010 жылы Қостанай мемлекеттік университетін (А.Байтұрсынов атындағы) бітірген. Автомобиль дөңгелектерін жөндеу қызметін көрсету жөнінен өз ісін ашқан.

2013 жылы бизнесін кеңейту үшін Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы бойынша автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциясы үшін қосымша орын-жайлар салуға 2 млн. 400 мың. теңге мөлшерінде кредит алды. Қазіргі заманғы талаптарға сай жабдықтар сатып алды, сонымен қатар 3 жұмыс орнын құрды.

Қарызды мерзімінен бұрын өтеп, кәсіпкер 2014 жылғы мамырда өз ісін кеңейту үшін тағы да 6 әлеуметтік орын құрып, қайтадан 5 млн. теңге сомасында шағын кредит алды.

Абрамов Павел Владимирович, 1981 жылы туған, 1-топтағы мүгедек, 2012 жылы Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде Тобыл кентінде ақылы автотұрақты салуға 1 млн.теңге шағын кредит алды.

Оны мерзімінен бұрын өтеп, 2014 жылғы тамызда Жол картасы мүмкіндіктерін пайдаланып, 5 млн. теңге сомада шағын кредит алды.

Жұмысқа орналастыру, халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінен қолданылып жатқан шаралардың арқасында, облыста жыл сайын табысы ең төменгі күнкөріс дейгейінен төмен халықтың үлесінің төмендеуі байқалады. Мәселен, оның деңгейі 2014 жылы 2,2% құрады, бұл 2013 жылғы кезеңдегіден 0,4 пайыздық пунктке төмен, ал жұмыссыздық деңгейі 5,2% -дан 5%-ға дейін төмендеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасы, басқа елдердің экономикасымен қатар қиын кезеңді өткеріп отырғаны мәлім. Шикізат ресурстарына бағаның төмендеуі бюджеттің кіріс бөлігіне қаражаттың түсуін төмендетуге алып келеді. Мемлекет басшысы нақты міндет қойды – барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде қамтамасыз ету қажет.

Сондықтан жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бар күш-жігер салынады. Сонымен қатар көп нәрселер азаматтардың белсенді ұстанымдарына байланысты. Қазіргі таңда жұмыс іздеуде интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында кең мүмкіндіктер ұсынылады.

Қолайлы мүмкіндіктері бар елде жақсы идеясы, батылдығы бар және тынымсыз еңбек етем деген әрбір адам өз ісін бастап, табысқа жете алады. Ал жалпы өңіріміз бен еліміз үшін пайдасы, салық салу базасының артуы, демек бюджеттің кіріс бөлігінің өсімі болып табылады.

Өткен жылғы белгілі бір қиындықтарға қарамастан, жалпы даму бюджеті облыс бойынша 44 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғыға қарағанда 10 млрд. теңгеге артық (34 млрд. теңге).

Халықтың әл-ауқатын әрі қарай арттыру, облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2014 жылы айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарылды.

Осылайша, Қостанай қаласында қазақ тілінде оқытылатын 500 орындық орта мектептің, 280 орындық бала бақшаның және онкологиялық диспансер емханасының құрылысы басталды, аталған жобалардың аяқталуы осы жылға жсопарланып отыр.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Рудный қаласы, Перцев кентінде 150 орындық орта мектептің құрылысы басталды.

Қостанай, Сарыкөл, Алтынсарин, Әулиекөл, Таран аудандары мен Арқалық қаласында 7 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды (2 АДА).

Құсмұрын, Затобол және Федоров кенттерінде спорт залдары мен стадиондар салынды. Облыс орталығында теннис орталығының құрылысы жалғасуда.

Бюджет қаражаты есебінен 34 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй берілді.

Сондай-ақ, 1,6 млрд. теңге сомасына жылумен жабдықтаудың 5 жобасы іске асырылды. Денисов ауылында 2 газды жылу көзінің, Құсмұрын кентінде «Южная» қазандығының және жылу желілерінің құрылысы аяқталды.

8,5 млрд. теңге сомасына аудандық және облыстық маңызы бар жолдарды, елді мекендердегі көшелерді 174 км қайта жаңғырту және жөндеу жөніндегі жұмыстар атқарылды.

Өкінішке қарай, елді мекендердің барлығы бірдей орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылмаған, сондықтан осы аталған проблеманы шешуге жыл сайын қомақты бюджет қаражаты бағытталады.

Өткен жылы сумен жабдықтаудың 24 объектісін (9 қалалық, 15 ауылдық) қайта жаңғырту мен салуына 8 млрд. теңгеге жуық сомада қаражат бағытталған.

Орындалған іс-шаралар сумен жабдықтаудың 9 объектісін пайдалануға енгізуге мүмкіндік берді (2 қалалық, 7 ауылдық), оның ішінде орталықтандырылған жүйесіне 4 ауыл қосылды (6,7 мың адам, Озерное, Таран, Саға және Ұзынқарасу), 5 ауылды сумен жабдықтау жақсартылды, су құбыры желілерінің 363 км қайта жаңғыртылды және салынды (19,6 мың адам, Қамысты, Қарабалық, Әйет, Зааят, Байғабыл),

Нәтижесінде халықтың 75% орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді, ауылда аталған көрсеткіш 52% тең (Облыс бойынша елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамту 28% құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде – 27,4%).

Халық қайтарымды негізде мемлекеттік қаражат есебінен көп пәтерлі үйлердің жалпы мүлігін жөндеуге пәтер иелеріне мүмкіндік беретін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасына жоғары қызығушылық танытуда. Бағдарлама шеңберінде 3 жылдың ішінде 1,2 млрд. теңге жалпы сомасына 91 көп пәтерлі үй жөнделді, оның ішінде 2014 жылы 668 млн. теңге сомасына 40 үй жөнделді.

Облыс халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жағдайын жақсартуға салымдар ондаған миллиард теңгемен өлшеніп отырғанын көріп отырсыздар.

Сонымен қатар, барлық қордаланған мәселелерді біржола шешу мүмкін емес, сондықтан бұл жөнінде халықтың көптеген сұрақтары бар.

Бұл тұрғын үй, мектеп, балалар бақшасы, жолдар салу, су және газбен жабдықтау және басқа мәселелер.

Ағымдағы жылы бюджетті қалыптастырудың қиындықтарына байланысты, бюджет қаражаты, негізінен басталған жобалардың жалғасуы мен аяқталуына бағытталатын болады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Меңдіқара ауданының Первомай ауылында, Федоров ауданының Пешков және Ұзынкөл ауданының Преснегорьков ауылында 3 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады.

Қостанай қаласында теннис орталығының құрылысын іске асыру да жалғасатын болады.

Сумен жабдықтаудың 21 объектісін (12 ауылдық және 9 қалалық) қайта жаңғырту мен салуға 8,1 млрд. теңге жұмсау жоспарлануда. 2015 жылдың аяғына дейін 200 км су құбыры желілерін қайта жаңғырту мен салу, 6 ауылдық елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін пайдалануға беру, 7 ауылда сумен жабдықтауды жақсарту қажет. Бұл ретте, ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылуы 28,4% арта түседі.

Сомасы 2,8 млрд. теңгеге 31 км кәріз желілерін салу жоспарлануда, олар 10 жобаның іске асырылуына бағытталады, Қостанай қаласының Алтынсарин көшесіндегі жылу магистралінің 2 км қайта жаңғыртылады.

«Рудный-Қашар-Федоров» магистральді газ құбырының құрылысы жалғасады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 256 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға енгізу белгіленіп отыр, оның ішінде 14 мың шаршы метрі кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін үй, 16 мың шаршы метрі ипотекалық тұрғын үй.

Әлемдік экономиканың өазіргі тенденциялары жалпы еліміздің, оның ішінде біздің облысымыздың бюджетінің кіріс бөлігінің атқарылуына теріс әсер етеді.

Бүгінгі күні республика Үкіметі Қазақстан экономикасы дамуының түрлі сценарийлерін әзірледі, 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қысқарту жағы қарастырылды.

Секвестр жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларға және мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жалақысын көбейтуге қатысты. Әкімшілік, іссапарлық және өкілдік шығыстар, ақпараттандырудың және жалғасатын инвестициялық жобалардың шығындары қысқартылады.

Біздің облыс үшін қандай трансферттер және қандай сомаға қысқартылатыны белгісіз, бірақ қысқартылу болатыны сөзсіз.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, 2015 жылдың қорытындысы бойынша болжамды 7,2 млрд. теңге құрайтын жергілікті бюджеттің күтілетін кірістердің орындалмауын есептедік. Тиісінше, біз облыстық бюджеттің шығындарын және әрбір аудан мен қаланың бюджет шығындарын қайта қарадық.

Нәтижесінде облыстық бюджеттің, аудандар мен қалалардың бюджетін баланстау үшін бірінші жартыжылдықта пайдалануға болмайтын, кейінге қалдыру жағдайын енгізу үшін 6 млрд. теңге сомада шығыстар белгіленді. Аталған қаражатты пайдалану жөніндегі шешімді кірістердің түсімін талдау негізінде облыстық бюджеттік комиссиясы екінші жартыжылдықта қабылдайтын болады.



Зейнетақы, жәрдемақы және бюджет саласындағы қызметкерлерге жалақы төлеумен байланысты барлық қолданыстағы әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, ағымдағы жылы 2015 Жолдауын іске асыру шеңберінде бөлінетін республикалық бюджеттен қаражат алу күтілуде.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Жаңа Экономикалық Саясаттың негізі инфрақұрылымды дамытудың бесжылдық жоспары болады. Осы инфрақұрылымдық жобалар барлық салалар үшін мультипликативтік әсер береді, сондай-ақ дағдарыс кезеңінде өте маңызды болып табылатын жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік саланың әрі қарай дамуы қазіргі әлемдік өркениетті дамуының объективті заңдылығы болып табылады. Осы саланың даму деңгейі кез келген елдің экономикалық өсуі және жалпы алғанда шаруашылық жүйенің қызмет ету тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.

Облыста білім беру ұйымдарын салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыс жалғасуда (4,5 млрд. теңгеден астам), бүгінгі күні мектептердің 45% күрделі жөнделді (436 орта және негізгі мектеп).

Ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша қажетті жағдайлар жасалынуда. Халықтың әлеуметтік жағынан осал жігінен барлық балалар мектептердегі тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Білім сапасын арттыру ақпараттық ресурстарды және компьютерлік технологияларды кең қолдану есебінен жүргізіледі. Бүгінгі күні барлық орта білім беру ұйымдары компьютерлермен жабдықталған және интернетке қол жетімділігі бар (оның ішінде 66% – кең жолақты, 60,4% – ауылдық).

Жасалған жағдайдың нәтижесінде БҰТ қорытындысы (ҚР 6-орын), біздің оқушыларымыздың республикада ғана емес, халықаралық олимпиадалардағы жеңістері болды (облыстың олимпиадалық құрамы жалпы білім беретін пәндер бойынша республиканың ең үздік құрамасы болып табылады).

Мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығын қысқарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Өткен жылдың қортындысы бойынша балабақшалар желісі 17 бірлікке ұлғайды ( 2014ж.- 167.,оның ішінде. 34 – жеке меншік).

«Балапан» бағдарламасының шеңберінде 1763 орын енгізілді, 2015 жылы 2 мыңға жуық орын енгізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда балабақшаға мұқтаж 3-тен 5- жасқа дейінгі балалар кезегі 6 мыңға жуық адамды құрайды (5846).

Өндіру күштерінің қуаттылығымен және өндірістік қатынастардың сипатымен, техникалық қарулығымен және жұмыс істеушілердің кәсіби даярлығымен айқындалатын қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі көптеген жағдайда халықтың денсаулық жағдайына, денсаулық сақтауды дамыту деңгейіне байланысты.

Экономиканың соңғы мақсаты әрбір адамның денсаулығы мен игілігі болғандықтан, қоғамдық инфрақұрылымда халықтың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу, дені сау ұрпақты дүниеге әкелуді қамтамасыз ету басымдықты орын алуға тиіс.

Ағымдағы жылы 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталады. Оны іске асыру кезеңінде денсаулық сақтау саласында халықты, соның ішінде ауылды сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету жөнінде табысты жұмыс жүргізілді.

Бұл аталған салада 2012 жылы 27,3 млрд теңгеден, 2014 жылы 32,9 млрд теңгеге дейін жыл сайынғы қаржыландыруды ұлғайтудың арқасында мүмкін болды.

Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің қарқыны үш жыл ішінде нәрестелердің шетінеуі 24,3% төмендеді, онкологиялық аурулардың өлімі 25,5% төмендеді, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының өлімі - 36,8% төмендеді, туберкулезден 47,5% төмендеді.

Медициналық техника мен медициналық бағыттағы бұйымдармен қамтылуын 11% дейін арттырдық (2013 жылы 53%-дан 2014 64% дейін ).

Есептік жылы Рудный қаласында екінші перинаталдық және инсульттік орталықтар, Қостанай қалалық балалар ауруханасының базасында оңалту орталығы ашылды

Ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің 7 объектісі пайдаланылуға енгізілді.

Денсаулық – бұл біздің табысты болашағымыздың негізі.

Тек салауатты өмір салты ғана ұлт денсаулығының кілті болып табылады.

Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымды дамыту, қол жетімді спорттық сауықтыру клубтарын құру, мектептердің спорт залдарын, алаңдарын спорттық жабдықтармен қамту еліміздің әлеуметтік саясатының басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Өткен жылы спорттың 26 объектісі пайдаланылуға енгізілді, соның ішінде: Қостанай қаласында және Затобол кентінде 2 спорт кешені, Сарыкөл ауылында стадионның құрылысы аяқталды, Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентінде спортзал салынды. Қалалар мен аудандарда халықтың дене шынықтыруын дамыту үшін 15 спорт алаңы салынды. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік шеңберінде Қостанай қаласында конькимен сырғанау стадионы қайта жаңғыртылды.

Нәтижесінде бүгінгі таңда халықтың 28% белсенді спортпен айналысады (ҚР – 26%). Дене шынықтырумен және спортпен облыстың 250 мыңға жуық тұрғыны қамтылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 7,6 мың адамға артық.

Спорт ұйымдарымен Қазақстан Республикасының 76 спорт шебері (2013 жылдың деңгейінен 33,3% артық), халықаралық класының 5 спорт шебері дайындалды.

Облыстың 44 спортшысы 23 халықаралық жарысқа қатысты, Азия және әлем чемпионаттарында 42 медаль, оның ішінде 22 алтын медаль иеленді.

Облыс мәдениеті де ауқымды оқиғалармен қамтылған. Облыстық, республикалық және халықаралық конференцияларды, фестивальдер мен конкурстарды ұйымдастыру және өткізу, мәдениет саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейту және нығайту, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Федерациясы өңірлерінің шекаралық ынтымақтастығы бағдарламасын іске асыру шеңберінде мақсатты жұмыстар жүргізіледі.

Мәселен, 2014 жылы халықаралық және республикалық деңгейдегі 2 шара өткізілді.

Біздің облысымыз халықаралық, республикалық конкурстарға белсенді қатысатын халық таланттарына бай. Өткен жылы өңіріміздің 111 дарынды өкілі, оның ішінде 28 шығармашылық ұжымы халықаралық фестивальдер мен конкурстарда лауреат және дипломант атанды ( 2013 жылы – 187 өкіл, 9 ұжым).

Мұның барлығы өткен жылы біз бен сіздердің арамыздағы жұмысымыздың маңызды қорытындысы болып табылатын қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

Бүгінгі күннің жетістіктерін ескере отырып, біздің өткенді қабылдау түйсігіміз, тұтас және позитивті болуы тиіс. Бұл бәрімізді біріктіруі қажет.

Тарихи мұраны, ата-бабаларымыздың қаһармандығын құрметтеу және сақтау – бұл біздің ұрпақ үшін үлкен жауапкершілік пен абырой. Өткен жылы біз Тың игерудің және еліміздің ірі өндіріс алыбы «ССКӨБ» АҚ құрылғанына 60 жыл толу мерейтойын атап өттік.

Жігерлі еңбектерімен өңір тарихының маңызды беттеріне кірген атақты жерлестерімізге құрмет көрсеттік. Торғай өңірінде Ыбырай Алтынсарин ашқан жаңа үлгідегі мектептің 150 жылдығын ерекше құрметпен атап өттік. Қазақ даласының бар тарихы – бұл бірігу мен ынтымақтасу тарихы болғандықтан, Еуразиялық экономикалық одағының шеңберіндегі ықпалдасудың алғашқы кезеңінде еске салу өте маңызды болып табылады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды және жаңа мерейтойлық оқиғалармен ерекшеленеді.

Алдағы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның 20 жылдығын және Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын мемлекетіміздің қалыптасу мен дамуының дәйектілігі ретінде қарау керек.

Президент біздің дәуіріміз - бұл жылдамдықтың уақыты дегенді бірнеше рет атап өтті. Қоғам әрбір бес жыл сайын түбегейлі өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда елдің тағдырын екі басты қағида белгілейді: біріншісі - ұрпақ пен құндылықтардың сабақтастығы, екіншісі – ұлттың серпінділігі мен жастардың жаңашылдығы.

Сондықтан барлық даталарды жасына, діни сеніміне, кәсібіне қарамастан, Қазақстанның барша халқы болып мерекелеуі қажет. Біз тоғысу нүктелерін, әрбір халықтың мәдениетінде бар ортақ нәрсенің барлығын іздеуге және табуға тиіспіз. Бұл өмірді, отбасын, сүйіспеншілікті, еңбекті мадақтайтын салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар. Біздің барлығымыз үшін ата-бабаларымыз туралы естелікті сақтау, мықты тылымызды қамтамасыз ету, жылы тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту маңызды болса керек.

Әрбір қазақстандықтың, бұл мерейтойлардың тәуелсіз Қазақстанның көп ұлтты халқының жасампаз күшіне айналған кемеңгерліктің, ұрпақтар мұрагерлігінің символы болып табылатындығын ұғынуы маңызды.

Мерейтойлық даталардың идеялық мазмұнын ескере келе, облыстың қалалары мен аудандарында оларды елдің тарихи мұраларын сақтау және азаматтық бастамаларды жандандыру жөнінен біздің азаматтарымызды топтастыруға бағыттай отырып, әрбір тарихи оқиғаның тұжырымдамалық негіздерін ашу жөнінен нысаналы бағытталған және жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажет.

Мерейтойлардың – тек қана той-домалақ емес екендігін түсіну маңызды. Бұл тағы да бір қол жеткенді бағалау, позицияларымызды нығайту және болашақ үшін жоспарлау мүмкіндігі.

Бүгіндері біз сіздермен бірге әртүрлі жаһандық, өңірлік және ішкі қатерлердің, тәуекелдер мен қауіптердің куәлары және қатысушылары болып табыламыз. Қазақстан, заманауи әлемдегі маңызды геосаяси ойыншы ретінде, әлбетте, аталған үдерістерге белсенді тартылған болып барады.

Біз әлемдік қауымдастықпен тығыз өзара іс-қимылда өмір сүреміз және экономикалық кеңістіктегі өзгерістерге уақтылы ден қоюымыз қажет.

Елбасы, халыққа Жолдауын өткен жылдың қарашасында жариялай отырып, тағы да өзінің тапқырлық стратегиялық көрегендігін танытты. Ол бізді алдымызда жаһандық сынақтардың күтіп тұрғанын, барлық әлемдік архитектониканың түбегейлі өзгеретінін болжап білді.

Ел Президентінің Жолдауында айтылған шараларды іске асыру үшін, Ұлттық қордан алдағы үш жылға 3 млрд. теңгеден қосымша 9 млрд. теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

Олар көліктік, энергетикалық, индустриалдық және әлеуметтік инфрақұрылымға, шағын және орта бизнеске бағытталатын болады.

Алдын алу шаралары дағдарыстың теріс беталысын біркелкілеуге мүмкіндік береді және ел Үкіметі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жөнінен іс-шаралар өткізуде.

Біздің міндетіміз, заманауи экономиканың қатерлеріне жауап бере отырып, теңгерілу және өз мүмкіндіктеріміз бойынша өмір сүру.

Біздің сіздермен бірге ерекше кезеңді лайықты еңсеретінімізге және біздің экономиканың өсу қозғалтқышына айналатын «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық саясатын іске асыратындығымызға сенімдімін.

Біз жекелей алғандағы елді мекеннің, облыстың және, жалпы алғанда, республика бюджетінің тапшы болған аса күрделі уақыттарын бастан өткергенбіз. Қазір бюджет өткен жылдарға қарағанда біршама азайтылған, айтарлықтай секвестрлеу күтілуде. Бірақ ол – даму бюджеті.

Бұл, облыста басталған инвестициялық жобаларды енгізу жалғастырылады, әлеуметтік нысандар құрылыстары аяқталатын болады деген сөз. Шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шаралары тоқтатылмайды. Олар жалғастырылады, бірақ басқа көлемдерде.

Мемлекет басымдық бойынша мәселелер шешілетін кезде, үнемнің қатаң режіміне көшеді. Ал ең басты басымдық – бұл халықтың әл-ауқаты.

Қостанай облысы үшін де осылай. Барлық деңгейдегі әкімдердің, облыстық әкімдіктің алдында қазіргі қалыптасып отырған жағдайды талдау, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, шағын және орта бизнесте бұған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың барлық мүмкіндіктерін белсенді түрде тарта отырып, резервтер қарастыру, жаңа нарықтық өз орындарын табу міндеті тұр.

Негізгісі – облыс экономикасының тоқырауына жол бермеу. Өйткені Қазақстан осынау ауыр дағдарыс жылдарында да әлемнің жетекші мемлекеттерінің алғашқы отыздығына қарай өзінің жолын жалғастыруға мүдделі.



«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық саясаты біздің экономикамыздың өсуінің таяу жылдарға арналған қозғалтқышына айналады.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет