Қостанай облысының әкімі Н. М. Садуақасовтың халықтың өкілдерімен есептік кездесуіндегі «Қостанай облысының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2013 жылға арналған негізгі міндеттері туралы»



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4


Қостанай облысының әкімі Н.М. Садуақасовтың

халықтың өкілдерімен есептік кездесуіндегі «Қостанай облысының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2013 жылға арналған негізгі

міндеттері туралы» сөйлейтін сөзінің

тезистері
Барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері – бұл тек атқарушы органдарының өткен жылғы жұмыс қорытындысын шығару ғана емес. Таяудағы жылдарға даму перспективасын, өңірдің өткір проблемалық мәселелерін айқындау мүмкіндігі мұндай кездесулерге дайындық кезіндегі басты міндет болуға тиісті.

Мұндай ыңғай жұмыстың жүйелі және жоспарлы болуына мүмкіндік береді.



Ағымдағы ахуалға тап осындай көзқарастың және ұзақ мерзімді, стратегиялық жоспарлауды әзірлеудің негізі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы болып табылады.

Ел Президенті, Қазақстанның соңғы он бес жылғы жүріп өткен жолын терең талдай отырып, біздің жетістіктерімізді, мемлекеттегі және әлемдегі ағымдағы ахуалды, мүмкін боларлық сын-қатерлерді нақты атап көрсетті. Және соның негізінде ол экономиканы және әлеуметтік саланы нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың бұдан арғы жолы мен дамудың жаңа шептеріне қол жеткізудің нақты қадамдарын айқындады.

1997 жылы да осылай болған, ол кезде «Қазақстан-2030» Стратегиясында белгіленген бағдарлар еліміздің сенімді өсу траекториясына шығуға мүмкіндік берді. Ол кезеңнің негізгі стртегиялық жоспарлары іске асырылды – Қазақстан табысты, серпінді дамып келе жатқан посткеңестік кеңістікте және одан да сыртқары жерлерде көшбасшылық шептерді алатын мемлекетке айналды.

Он бес жыл ішінде елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елімізде өндірістік байланыстар жаңадан орнықтырылды және нығайтылды. Кәсіпкерлік қызмет үшін базалық жағдайлар және заманауи салық жүйесі қалыптасты.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын артыру және әлемдік нарықтағы ықтимал теріс өзгерістердің еліміздегі экономикалық өсімге әсер ететін факторларының алдын алу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, Қазақстанның Даму Банкі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі «Қазинвест» мемлекеттік орталығы, Ұлттық инновациялық қоры, Қазақстанның инвестициялық қоры сияқты тағы да басқа бірқатар қаржылық институттары құрылды.

Еліміздің ІЖӨ 16 еседен астам өсті, жан басына шаққанда 1998 жылғы 1500 АҚШ долларынан 2012 жылғы 12 мың АҚШ долларына жетіп,7 еседен астам өсті.

160 миллиард доллардан астам шетелдік инвестициялар тартылды – бұл жан басына шаққанда 9200 АҚШ доллары және ТМД елдері арасындағы үздік көрсеткіш.

Сыртқы сауда 12 есе өсті, ал өнеркәсіп өнімінің көлемі – 20 есе.

Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 миллиард теңгелік 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде жалпы көлемі 101,2 миллиард теңге сомасындағы 225 жоба мақұлданды.

Мұның барлығы қазақстандықтар табысының 16 есе өсімін қамтамасыз етті.

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азамттардың саны 7 есе азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды. Орташа айлық еңбекақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды.

Бүкіл республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар 758 аурухана және басқа да денсаулық сақтау объектілері салынды.

48 мың шақырымнан астам ортақ пайдаланудағы жол, сондай-ақ 1 100 шақырым темір жол салынды және қайта жаңғыртылды.

2030 жылға дейінгі Стратегияның қабылданған сәтінен бастап өткен 15 жыл ішінде біздің мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді.

Қол жеткізілген табыстар 2030 жылға дейінгі Стратегияның мерзімінен бұрын іске асырылғандығын және мемлекеттің дамуын ұзақ мерзімді кезеңге жоспарлаудың қажеттігін сенімді түрде куәландырады.

Тап сондықтан ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Жолдауында Қазақстанның одан арғы дамуының осы жолын көрсетіп берді.

Жаңа Стратегия-2050 әлемдік экономиканың және республиканың ұзақ мерзімді артықшылықтарының объективті болмысы ескеріле отырылып әзірленді.

Оның негізінде әлемдік қауымдастықта да, сол сияқты республиканың ішінде де болып жатқан саяси және экономикалық үрдістердің талдауы жатыр.

Қостанай облысы да соңғы он бес жылда жаңа үлгідегі және деңгейдегі экономиканың қалыптасуының қиын жолынан өтті.

Және біз, бүгінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойған жаңа міндеттерге қол жеткізу үшін нақтылы негіздердің барлығын сенімді түрде айта аламыз.

Облыс экономикасы дамуының басты индикаторының – жалпы өңірлік өнімінің мөлшері 1997 жылғы деңгейге қарағанда шамамен 9 есе өсімімен 2011 жылы 1 триллион 136 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, облыстың ЖӨӨ халықтың жан басына шаққанда осы кезеңде 5,6 есе өсті (1997 жылы- 1544,3$, 2011 жылы– 8690$).

Бұл көрсеткіш біздің өңірде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда есебінен түзіледі.



Өнеркәсіп.

Облыстың өнеркәсібінде 1998 жылы дәстүрлі өндірістік қатынастардың ыдырауы, реформалардың жүзеге асырылуы, елдің әлемдік экономика жүйесіне енуі әсер еткен өндіріс көлемінің құлдырауы (физикалық көлемінің индексі – 1997 жылға қарағанда 76,7%. Құлдырауға негізінен тау-кен байыту саласында өндіріс көлемінің азаюы себеп болды, бұл салада физикалық көлемінің индексі 61,8%-ды құрады) байқалды.

Облыстың неғұрлым ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары ауыр жағдайда қалды. «ССКБӨБ»АҚ-да «Магнитогорский металлургический комбинат» АҚ-ның темір рудасын тұтынуының азаюы, өндірілетін өнім бағасының бәсекеге қабілетсіздігі себепті темір рудасын өндіру көлемдері және шекемтас өндірісі төмендеді. «Лисаков КБӨК», «Қостанайасбест», боксит руда басқармасы сияқты саланың басқа да кәсіпорындары осыған ұқсас жағдайда қалды.

1999 жылдан бастап облыстағы экономикалық ахуал теңестіріле бастады.

Өнеркәсіп өндірісінің оңды серпіні қалыптасты. Облыс бойынша кен байыту саласында тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындарының көлемдерін арттыру нәтижесінде өсім қалыптасты.

2003 жылдан бастап республикада Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру басталды, соған сәйкес 2009 жылға дейін облыста 95 өнеркәсіп объектісі енгізілді.



(Мәселен, бұл кезеңде құрамында алтын бар руда өндіру жөніндегі «Металл Трейдинг» кәсіпорны ашылды, дизель зауытының базасында «Агромаш-Холдинг» комбайндар құрастыруға кірісті, «БК-Құрылыс» кірпіш зауыты пайдалануға берілді, цинк рудасын өндіру және жөнелту жөніндегі «Шаймерден» АҚ және темір рудасын байыту жөніндегі «Өркен» фабрикасы құрылды. «Варваринское» тау-кен байыту және өңдеу кешені белсенді жұмысын бастады, Арқалықта «Агроинтерптица» ЖШС пайдалануға берілді, Арқалық қаласының «Алюминстрой» ЖШС-те ТББ зауытында қабырғалық блоктар өндірісі игерілді. Қостанай ауданындағы «Тэрра» шаруа қожалығы сыйымдылығы 3500 тонна көкөніс қоймасын салды).

Әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың орнықты және теңгерілімді өсімін қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Соған сәйкес облыста Индустрияландыру картасы бойынша жаңа объектілер енгізілуде, олар инвестициясының жалпы көлемі 369,4 млрд. теңгелік 6 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып 79 инвестициялық жобаны қамтиды, соның ішінде 25 жоба индустрия саласында және 54 жоба агроөнеркәсіп кешенінде.



Үш жылда (2010 – 2012 ж.ж.) пайдалануға инвестициясының көлемі 62 млрд. теңгеден астам және 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құра отырып 58 объекті берілді (соның ішінде Рудный қаласындағы «ССКБӨБ» АҚ-ның металлилемдеу зауыты, Затобол кентіндегі «Қарасу-ЕТ» ЖШС ет өңдеу кешені сияқты ірі кәсіпорындар. Қостанай ұн тарту комбинатында қысқа-кесілген макарон өнімдері өндірісі цехы салынды. Рудныйда «Жас-Қанат» заманауи жаңғыртылған құс фабрикасы ашылды және тағы басқалары). Бұл кәсіпорындар үш жылда 56,7 млрд. теңгенің өнімін өндірді, соның ішінде 2012 жылы 15,2 млрд. теңге сомасының өнімі өндірілді, бұл өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 8,7%-ын құрайды.

(Индустрияландыру картасын іске асыру барысында өңірде жаңа өндірістер ашылды: 2 автоқұрастыру өндірісі, 1 комбайндар құрастыру зауыты, полиэтилен құбырлары өндірісі жөніндегі 2 зауыт, жаңа құрал-жабдықтарды қолданатын 3 ет өңдеу кешені, итальян технологиясы бойынша 1 макарон цехы, компьютермен басқарылатын 7 тауарлы-сүт фермасы, 3 шаруашылық-репродуктор және 5 мал бордақылау алаңы, заманауи құрал-жабдықпен жарақтандырылған 8 диірмен, 3 май зауыты және т.с.с.).

Жалпы, өнеркәсіп өнімі өндірісі 15 жылда 9,6 есе - 50,3 млрд. теңгеден бастап 482,3 млрд. теңгеге дейін өсті, соның ішінде тау-кен байыту саласында 13 есе (20,6 теңгеден 271,8 млрд. теңгеге дейін), өңдеу саласында – 10 еседен астам (16,8 млрд. теңгеден 174,6 млрд. теғгеге дейін).

Облыс аумағында өнеркәсіп өнімі өндірісімен жұмыс істеушілерінің саны 51 мыңнан астам адамымен 500-ден астам кәсіпорын айналысады.

2012 жылы облыстың өнеркәсібін дамытуға Рудный қаласы айтарлықтай үлес қосты - 246,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді (облыстың жалпы көлемінде 51%), Қостанай - 103,1 млрд. теңге (21%) және Таран ауданы - 36 млрд. теңге (7,5%).

Сонымен қатар, облыстың 3 өңірінде өнеркәсіп өнімі көлемінің азаюы байқалады, бұл Рудный (96,5%) және Арқалық (87,9%) қалалары, сондай-ақ Жітіқара ауданы (89,1%).

Республиканың 2012 жылғы өнеркәсіп көлемінде облыс 2,9%-ды құрайды (ҚР – 2012 жылғы өнеркәсіп өндірісінің көлемі - 16 618,4 млрд. теңге), ал өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша облыс 10-шы орында (101,7 %) тұр.

Өнеркәсіптегі еңбекақы 15 жылда 7,7 есе өсті (1997 жылы 11,6 мың теңге) және орташа облыстікінен 1,2 есе артық (облыс бойынша - 75185 теңге, өнеркәсіпте - 89520 теңге).

Атап өткен жөн, бұл кезеңде заттай көрінісіндегі де өнім өндірісі ұлғайды. Мәселен, темір рудасы өндірісі (1,9 есе), шекемтас (12,9%-ға), боксит (1,5есе), асбест (1,3 есе) ұлғайды.

Өнімнің құрамында алтын бар руда мен мыс концентраттары сияқты жаңа түрлері пайда болды.

Өңдеу өнеркәсібінде ұн өндірісі ұлғайды (4,6 есе), шоколадтан және қанттан жасалатын кондитер өнімдері (3 есе), сүт пен кілегей (1,8 есе), шұжық өнімдері (1,8 есе), сары май (1,5 есе), тракторлар (1,2 есе), жеңіл автомобильдер (3 есе), егін жинау комбайндары (2,3 есе), «Доре» қорытпасы (19,6%).

Өнімнің жаңа түрлері - «Доре» қорытпасы, жеңіл автомобильдер, астық жинау комбайндары және басқалары облыстың өнеркәсіп құрылымына және өндіріс көлемдеріне айтарлықтай әсер етті.

Облыстың барлық өнеркәсіп кәсіпорындары өнімнің 90-нан астам түрлерін шығарады, ассортиментін молайту, заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтарды енгізу, жаңа өндірістерді ашу және істеп тұрғандарын жаңғырту жөніндегі жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

Соның нәтижесі, 2012 жылы өнеркәсіптік өндіріс құрылымы өзгерді. Мәселен, 2011 жылмен салыстырғанда тау-кен байыту саласының үлесі 9%-ға төмендеді және 56%-ды құрады (2011ж. - 65,3%), ал өңдеу саласынікі 7,2%-ға артты және 36%-ды құрады (2011 ж.- 29%).

Тау-кен байыту өнеркәсібінде 272 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл республиканың тау-кен өнеркәсібі көлемінде 2,6%-ды құрайды (ҚР - 10232,6 млрд. теңге).

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 175 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл ел көлемінде 3,3%-ды құрайды (ҚР– 5261,9 млрд. теңге).

Өткен жылы өңдеу өнеркәсібі қарқын өсімі 12,4%-ды құрады, бұл республика бойынша 2-ші орынға сәйкес келеді.

Атап айтқанда өндіріс көлемдерінің өсуі машина жасау кәсіпорындарында «АгромашХолдинг» АҚ-да (өсімі 2,7 есе), «Агротехмаш» АҚ-да (193,7%), жеңіл өнеркәсіпте - «Большевичка» ӨК тігін фабрикасында (109,8%), тамақ саласында - «Арасан» фирмасында (107,7%), «Милх» ЖШС-де (158,2%), «Қостанай ұн комбинаты» АҚ-да (101%) және басқаларында байқалады.

Автомобильдер өндірісінің өсімін ерекше атап өткім келеді (2012 жылы 1797 «Ssang Yong» автомобилі, Chance маркілі 784 автомобилі құрастырылды).

Ағымдағы жылы «АгромашХолдинг» АҚ 4200 «SsangYong» автомобилін (2012 жылғыға қарағанда 2,3 есе көп және 2010 жылғыдан 54,5 есе артық) және 5500 Chance (2012 жылғыдан 7 есе көп) автомобилін құрастыруды жоспарлауда.

«СарыаркаАвтоПром» ЖШС кәсіпорны «УАЗ» және «Iveco» маркілі автомобильдерін сериялап шығаруды ұйымдастырған (2012 жылғы шілдеден бастап «УАЗ» маркілі 102 автомашина құрастырылды, сондай-ақ Iveco маркілі 27 коммерциялық шағын автомашиналарын құрастыру жүзеге асырылды). 2012 жылғы тамызда кәсіпорын қорабын дәнекерлеу мен сырлауды қоса отырып, ұсақ тораптық құрастыру әдісімен «Ssang Yong Nomad» автомобильдері өндірісі жөніндегі жобаны іске асыруға кірісті, және ағымдағы жылы 802 автомобильді жинау жоспарлануда (2012 жылғыдан 6,2 есе көп).

Нәтижесінде біздің облыс жеңіл автомобильдер өндірісі жөнінен республикада Шығыс Қазақстан облысынан (51,3 млрд. теңге) кейінгі 2-ші орынға шықты (2012 жылы 8,5 млрд. теңге сомасының өнімі өндірілді).

Өнімдер өндірісіне өңдеу көлемдерінің 50%-дан астамы тиесілі (88,2 млрд. теңге), облыс республикада Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан кейінгі 4-ші орынды иеленді.

Жоғарыда аталған жәйт, өңірдің индустриялдық-инновациялық жаңаруы ойдағыдай бастау алғандығын көрсетеді.

Индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында мынадай бағдарламалар іске асырылуда: «Өнімділік-2020» (бұл бағдарламаның қатысушылары 4 кәсіпорын – «Лисаков картон-қағаз кешені» ЖШС, «Титан» жылу энергетикалық компаниясы» ЖШС, «Океан» ЖШС және «СарыаркаАвтоПром» ЖШС), «Экспортер 2020» (2011 жылы облыстың 12 кәсіпорнына өнімнің экспортына байланысты 13 млн. теңге сомасындағы шығындары өтелді, 2012 жылы – 29 млн. теңге сомасына 9 кәсіпорынға), «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарын сауықтыру)» (4 компания қатысуда – «Қарасу» СӨК» ЖШС, «Термо Мастер» ЖШС, «Бахыт-Мұнай» ЖШС және «Мегастрой-Север» ЖШС).



Индустрияландыру картасын одан орындаудың негізгі мақсаты - жаңа технологиялар трансфертін қарастыратын инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірістің сапалы жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтарды енгізу және өнімнің жаңа түрлерін шығару.

Басты назарды инновациялық жобаларға аудару қажет болады.

2013-2014 жылдары тағы да 3 мыңдай жұмыс орнын құру перспективасымен жалпы сомасы 307,1 млрд. теңгелік 21 жобаны іске асыру болжамдалуда.

Олардың ішінде неғұрлым маңыздылары:

Рудный қаласында металдандырылған өнім өндірісі жөніндегі зауыт құрылысы («ССКБӨБ» АҚ);

Қостанай қ. жылына қуаты 450 мың тоннаға дейін құрылыс илемін шығаратын ұсақ сортты илемдік орнақ құрылысы («ЕвразКаспианСталь» ЖШС).

цемент зауытының құрылысы («Рудный цемент зауыты» ЖШС);

үй құрылысы комбинатының құрылысы («Қостанай МББ» ЖШС).

Бүгінгі күні облыста индустриялдық аймақтар құру жөніндегі жұмыс жүргізілуде (Қостанай және Рудный қалаларында), бұл шикізаттық емес, бәсекеге қабілетті өндірістерге инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.



Өңірдің 2013-2015 жылдарға арналған өнеркәсіптік дамуының басымдықтықтары болуға тиіс:

өнеркәсіп әлеуетінің дамуы, соның ішінде ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін одан әрі ұлғайту, инновациялық-белсенді кәсіпорындардың көбеюі;

Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын 2013-2014 жылдары одан әрі уақтылы іске асыру (21 жоба шамамен 3 мыңдай жұмыс орнын құрай отырып 300 млрд. теңгеден астам сомаға, соның ішінде 11 жоба индустрия саласында, 10 жоба АӨК-нікі);

2010-2012 жылдары енгізілген инвестициялық жобаларының жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету;

Индустрияландыру картасына жаңа инвестициялық жобалар іздеу және қосу.

Облыстың агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, республиканың әлемнің экспорттық әлеуетін жоғарылатуға айтарлықтай үлесін қосуда.

Бүгінде біздің өңір АӨК даму деңгейі бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің тұрақты және серпінді өндірісін қамтамасыз ете отырып, елімізде көшбасшылық шептен орын алып отыр.

Бүгінде Қостанай облысы агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейі бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің тұрақты және серпінді өндірісін қамтамасыз ете отырып, республикада көшбасшылық шептен орын алып отыр.

Атап өткен жөн, 90-шы жылдардағы күрделі көшпелі кезең облыстың ауыл шаруашылығында өндірістің жалпылама төмендеуіне әкеліп соқтырды.

Ауыл шаруашылығындағы ауылдың қайта түлеуіне және дамуына, үдемелі индустрияландыруға, прогрессті технологияларды енгізуге бағытталған дәйекті, терең ойластырылған саясаттың, барынша үдемелі мемлекеттік қолдаудың, ірі бағдарламалардың іске асырылуының арқасында облыс саланың тұрақты және орнықты дамуына қол жеткізді.

Ауылдың дамуына соңғы 10 жылда 225 млрд. теңге құйылды, соның ішінде 50,5 млрд. теңге (немесе 22%) – қайтарымсыз қолдау. Саланың дамуының басымдықты бағыттарын демеуқаржыландырылуға ғана шамамен 40 млрд. теңге бөлінді.

Егер 2003 жылы бірінші бөлінген демеуқаржылар 456 млн. теңгені құраса, ал 2012 жылы бұл сома 10 млрд. теңгеге жетті, яғни 22 есе өсімі қамтамасыз етілді.

2008 жылдан бастап ауылшаруашылық мақсаттағы пайдаланылмайтын жерлердің 413 мың гектары айналымға қосымша енгізілді.

Қосымша алаңдарды игеру орташа жылдық өндірісті: астықты - 5,1 млн. тонна; майлы дақылдарды – 54,2 мың тонна; картопты 165 мың тонна; көкөністі – 60 мың тонна қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жыл сайын 1 млн. тонадан астам пішен, 500 млн. тоннадан астам пішендеме мен сүрлем дайындалады.

Облыстың ауылшарқұрылымдарында топырақтың құнарлылығы мен ауылшардақылдарының өнімділігін артыру жөнінен үлкен жұмыс жүргізілуде.



Бес жылда 123,5 мың тоннадан астам минералдық тыңайтқыштар сатып алынды, 3 млн. гектардан астам алқап тыңайтылды.

Бұл жылдары дәнді дақылдарының орташа жылдық өнімділігі 12 ц/га, көкөніс – 248 ц/га, картоп – 165 ц/га құрады.

Астық өндірісі көлемдерінің өсімі оның экспортынан айтарлықтай байқалды, бес жыл ішінде 12,9 млн. тонна жөнелтілді, соның ішінде 8,5 млн. тоннадан астамы астық және 3 млн. тонна ұн.

Облыстың осы кезеңдегі астық экспорты бойынша республикалық көрсеткіштегі үлесі 33%, ұн 31% құрады.

Мұның сыртында елдің ішкі рыногына 4,5 млн. тоннадан астам астық, 1 млн. тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл астық баламасында 6,2 млн. тоннаға сәйкес келеді.

Бұл жылдары мемлекеттік ресурстарға 4,4 млн. тоннадан астам астық тапсырылды.

Облыстың ауылшарқұрылымдарында машина-трактор паркі айтарлықтай жаңартылды. 15 жыл ішінде (1998-2012 ж.ж.) шамамен 130 млрд. теңге сомасына 15 мың бірлік ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.

Нәтижесінде, облыста энергоқуатты техниканы пайдалану тиімділігі артты, қазіргі уақытта егіс кешендерімен алқаптың 51%-на тұқым себіледі (2008 жылғыға қарағанда 42%), егіннің 68% (2008 жылғыға қарағанда 58%), жоғары өнімді комбайндармен жиналады.

Бұл негізгі агротехникалық іс-шараларын өткізу мерзімдерін елеулі қысқартуға мүмкіндік берді.

Өткен жылдары ғылыми әзірлемелерді пайдалану бөлігінде егіншілікке деген көзқарасты өзгерту мүмкін болды.

Ылғал сақтау технологиясын енгізу алқаптары 2008 жылғы 3 млн. гектардан 2012 жылы 4 млн. гектарға дейін, нөлдік технологияны енгізу 360 мың гектардан 870 мың гектарға дейін ұлғайтылды (өсімі 2,5 есе).

Қолда бар қоймалық жайларды қайта жаңғырту мен жаңаларын салу есебінен өсірілген егінді сақтау жөнінде үлкен жұмыс жүргізілуде. Облыстың ауылшарқұрылымдарында және астық қабылдау кәсіпорындарында осы кезеңде астықты сақтау көлемі 5,8 млн. тоннадан 6,8 млн. тоннаға дейін (өсімі 19%), көкөніс пен картопты 33 мың тоннадан 50 мың тоннаға дейін (өсімі 51%), ұлғайтылды.

Атап өткен жөн, 2012 жыл ауа райы-климаттық жағдайлары бойынша ауыр болды. Өсіп-өну кезеңіндегі 60 күнде жауын жаумады және ұзақ уақыт бойы ауа температурасы 30-35 градусты ұстап тұрды. Бұл ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығын айтарлықтай азайтты. Соның қорытындысы, жалпы жиналған астық 2,7 млн. тоннаны құрады – соңғы он жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Сондықтан құрғақшылықтың салдарларын еңсеру, мал қыстату және көктемгі дала жұмыстарына дайындық үшін қажетті шаралар қолданылды.

Облыстың агроөнеркәсіп кешенінде бірқатар жүйелік проблемалары бар, олармен таяудағы кезеңде жұмыс жүргізу қажет.

Бірінші кезекте, бидай алқаптарын оңтайландыру есебінен ауылшардақылдарының егістік алқаптары құрылымын әртараптандыруға сәйкес, жармалық, майлы, бұршақты, жемдік дақылдардың, көкөністің және картоптың алқаптарын ұлғайту қажет.

Егіс алқаптарының құрылымына сәйкес 2013 жылы майлы дақылдарының егістігі 256 мың гектарға дейін (өсімі 16%), жармалық 11 мың гектарға (өсімі 70%), дәнді бұршақ 4 мың гектарға (өсімі 6%), көкөніс 117 гектарға (өсімі 21%), картоп 160 гектарға (өсімі 5%) ұлғайтылатын болады.

Тиісінше барлық егістік алқабына қарағанда бидай егістігі 76%-ға дейін (3,9 млн. га) қысқартылады. 2015 жылға қарай бұл үлес 72%-ға дейін (3,6 млн. га) азаяды, сонымен бір мезгілде майлы дақылдар алқаптары 7%-ға, жемдік және жемшөптік дақылдар алқаптары 20%-ға дейін ұлғаяды.



Пайдаланылмайтын ауылшаржерлерін айналымға енгізу, ылғал сақтау (дәнді дақылдардың 100% егістік алқаптарына) және нөлдік технологиясын (1,5 млн. гектарға - 2015 жылы дәнді дақылдар егістігінің 42%) енгізу, минералдық тыңайтқыштар қолдану есебінен астық өндіру көлемдерін 2015 жылға қарай 5,5 млн. тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ облыс халқының көкөніс өніміне және картопқа қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, ауылшарқұрылымдарында алқаптарды ұлғайту, өндіріске суарудың, тамшылатып суарудың озық технологияларын енгізу есебінен олардың өндірісінің көлемдерін ұлғайту қажет.

Соңғы уақытта ауыл шаруашылығының шектеусіз перспективалары бар перспективалы және маңызды саласы ретінде мал шаруашылығына айрықша назар аударылуда.

1997 жылы ІҚМ-нің 42%-ы ауылшарқұрылымдарының және 58%-ы халықтың үлесінде болды. 10 жылдан кейін, 2008 жылы бұл үйлесім 18% және 82% қатынасына айналды және 2010 жылға дейін сақталды.

2011 жылдан бастап ауылшаруашылық малын сәйкестендірудің жүргізілуіне байланысты малдың 556,8 мың бастан 379,7 мың басқа дейін кемігені анықталды (2008 жылға қарағанда 31,8% кеміген).

Жоспарлы жұмыс 2008 жылмен салыстырғанда өндірістік сектордың үлесін ІҚМ бойынша 17,5%, қой мен ешкі бойынша 12,1%, шошқа бойынша 6,7%, жылқы бойынша 17,1%, құс бойынша 12,7% ұлғайтіға мүмкіндік берді.

Ірі қара малдың өнімділігі артты, 2012 жылы облыс бойынша жалпы алғанда 1 сауын сиырынан сүт сауу 2761 кг (2008 жылы 2690 кг, өсімі 2,6%) құрады, ауылшарқұрылымдарында осы кезең ішінде (2008-2010 ж.ж.) ол 3172 келіден 3990 келіге дейін өсті (өсім 26%).

Өнімділіктің өсімі облыстың ауылшаркәсіпорындарында мал шаруашылығы өнімінің өндірісін, еттің барлық түрлерін 4,5 мың тоннаға (36%-ға), сүтті 11,2 мың тоннаға (23,3%-ға), жұмыртқаны 126,8 млн. данаға (70,8%-ға) ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Асыл тұқымды ірі қара малдың саны 6%-ға ұлғайды.

ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында 7659 бас мал жақын және алыс шетелдерден тасып әкелінді, тұқымдық қайта жаңғыртудың «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 7499 бас ІҚМ сатып алынды, соның ішінде 7139 бас аналық мал.

2009 жылдан бастап 7 тауарлы-сүт фермасы, 8 мал бордақылау алаңы салынды, 5 шаруашылық-репродуктор пайдалануға берілді, 5 құс фабрикасына қайта жаңғырту мен жаңғырту жүргізілді.



Облыстың алдында 2015 жылға қарай ІҚМ санын 416,5 мың басқа, қой мен ешкіні – 398,1 мың басқа, шошқаны – 280,5 мың басқа, жылқыны – 91 мың басқа, құс санын 5 384,4 мыңға жеткізу міндеті тұр.

Мал шаруашылығы өндірісін – малдың барлық түрлерінің етін тірілей салмақпен 279,5 мың тоннаға, сүтті 368,7 мың тоннаға, жұмыртқаны 748,4 млн. данаға ұлғайту, бір сауын сиырынан орташа сүт саууды 3100 келіге, соның ішінде өндірістік секторда 4500 келіге дейін жеткізу қажет.

2010 жылы облыстық, аудандық, сондай-ақ селолық округ деңгейінде жергілікті атқарушы органдарының ветеринариялық қызметтері құрылды, олар ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінен дәйекті жұмыс жүргізуде.

Осы кезең ішінде ірі қара малдың бруцеллезге шалдығу деңгейі 2010 жылғы 1,4%-дан 0,7%-ға дейін азайғаны байқалады, әрі ірі қара малдың туберкулезі жойылды (0,03%).

Мал шаруашылығын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу жүйесін жетілдіруге бағытталған бағдарлама әзірленді.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2013 жылы облыс аумағында эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуді одан әрі жетілдіру жөнінен іс-шаралар кешені әзірленді.

Алдағы 2 жылда жаңадан құрылған ветеринариялық стансалар нығайтылатын болады (2013-2014 ж.ж. арнайы автомашиналарды, ДУКтерді, ұйымдық техниканы, кеңсе жиһазын, ветеринариялық аспаптар жиынтығын, ветеринариялық препараттарға арналған тоңазытқыштарды, мал үшін бөлу құрылғыларын, биоматериалдарына арналған мұздатқыштарды, бензин электрогенераторларын, мал өлекселерін жағуға арналған крематорлар және биологиялық материалдар сатып алу).

Атап өткен жөн, ірі қара малдың бруцеллезі бойынша күрделі эпизоотиялық жағдай облыстың бірқатар аудандарында (Амангелді, Жангелдин) сақталып отыр, оларда жыл сайын жоспарлы диагностикалық зерттеулер жүргізген кезде ауру мал көптеп анықталады.

Аталған проблеманы шешу үшін санитарлық союға тапсырған бруцеллезге шалдыққан мал үшін иелеріне рыноктық құнының 30%-на дейін өтемге арналып 21 млн. теңге бөлінді.

ІҚМ сәйкестендіру рәсімін үздіксіз жүзеге асыру мақсатында жаңа туған төлді сәйкестендіруге және жоғалтылған биркаларын ауыстыруға арналған қаражат бөлінеді. Бұл үшін 2013 жылы қосымша 30 млн. теңге бөлінді.

Соңғы жылдары негізгі тамақ өнімдерінің өндірісі мен тұтынуының өсімі, ассортиментінің молығуы, өндірілетін өнім сапасының жақсаруы, өндірісті жаңғырту мен жаңа технологияларды енгізу жөнінен оңды тенденциялар байқалады.

Бұл өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын дамытудың нәтижесі.

Мәселен, 2009-2012 жылдары облыстың АӨК-де жалпы құны 39,2 млрд. теңгенің 57 инвестжобасы іске асырылды (соның ішінде құны 30,7 млрд. теңге 44 инвестжоба Индустрияландыру картасына енген).

Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасы аясында 7,4 млрд. теңгенің 9 жобасын іске асырылды (соның ішінде мал шаруашылығы саласында – 7 жоба; өсімдік шаруашылығында – 2 жоба).

Жүргізілген өзектілендіру барысында тағы да 2 млрд. 377,7 млн. теңге сомасына 11 инвестжоба енгізілді, олардың 6-уы 1 млрд. 954,млн. теңге сомасына Индустрияландыру картасына және 5-уі 424 млн. теңге сомасына өңірлік картаға енгізуге ұсынылды.

Жоспарланған барлық осы жобалардың іске асырылуы ауыл экономикасының тиімділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, ауыл тұрғындарының жұмысқа орналасуын және оның табысын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

2012 жылы облыстың агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істеушілердің еңбекақысы 2008 жылмен салыстырғанда 47%-ға, 2011 жылмен салыстырғанда – 6%-ға өсті және 50593 теңгені құрады.

Жұмыс істеп тұрғандарын техникалық және технологиялық қайта жарақтау, жаңа заманауи өңдеу кәсіпорындарын салу, негізгі әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне ішкі қажеттілікті толықтай қамтамасыз етеді.

Алайда, оңды ілгерілеушіліктерге қарамастан, бірқатар проблемалар да бар, олармен таяудағы перспективада жұмыс жүргізу қажет.

Өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтау, халықаралық сапа стандарттарына көшу және соның негізінде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру өзекті күйінде қалып отыр.

Ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған сервистік-дайындау орталықтарын құру, жабдықтау, ауылшарөнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. 2015 жылға қарай ауылшартауарөндірушілерінің және өңдеушілердің қажеттіліктерін, сондай-ақ өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, облыстың әр ауданында бір-бірден СДО құру қажет.

Мұндай құрылымдарды қалыптастыру ауылшаруашылық шикізатын дайындау саласында бәсекелестік ортаны кеңейтуге, елді мекендеріндегі өңдеу кәсіпорындарынан шалғайдағы халықты және ауылшартауарөндірушілерін өндіріске барынша тартуға, соның нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық саулығына ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Облыста сондай-ақ АӨК-ні дамыту резервтері бар. Олар ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарумен байланысты.

Өткен жылы ауылшармақсатындағы жерлерге жүргізілген тексеру, 721 мың га пайдаланылмайтын жарамды жерлерді анықтады.

Олардың ішінде 280 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды, 302 мың га ауылшаруашылығы айналымына тартылды, 101 мың га бойынша материалдары шаралар қолдану үшін жер инспекциясына берілді, 38 мың га материалдарын кейіннен сот органдарына жіберу үшін иесіз ретінде есепке қойылды.

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет