ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде романтикалық тенденциялардың күшейе түсуіне қоғамдық сананың өсуі Қазақ жерінде романтизмнің қалыптасуы кездейсоқ, сырттан келген құбылыс емес. Қазақ романтизмі ұлттық әдеби-қоғамдық дамудың, ұлттық сананың ояну заңдылықтарын бейнеледі. Тарихи тұрғыдан қазақ романтизмі әлеуметтік дербестігі бар жеке тұлғаға сүйенген жоқ, қазақ топырағындағы романтикалық идеалда дарашылдық әуенінің басымдығынан гөрі жалпы қоғамдық жетілуге, кемелденуге деген берік сенім айқын аңғарылды. Бұл жағынан ол ағартушылық идеалдарына қарсы келген жоқ. - М. Дулатов, С. Торайғыров, М. Әуезов, Ж. Аймауытов шығармаларындағы ағартушылық пен сыншылдықта Абай дәстүрі сезіліп тұратын.
ХХ ғ. басында болған екі төңкерістен соң орнаған өмірге қазақ зиялыларының гуманистік таным-түсініктеріне сай келмеді. Сондықтан қоғамдағы қалыптасқан ахуалды уақытша деп қабылдау, оның келешегі жоқ деп қарау және ұлттық тәуелсіздікті аңсау қазақ зиялылары үшін заңдылыққа айналады.
Өмірді романтикалық тұрғыда бейнелеу қабілеті басқа суреткерлерге қарағанда тереңірек болған М. Жұмабаев шығармашылығында ұлт-азаттық идеялар көркем көрініс тапты
Дүниетанымы тұрғысынан ХХ ғасыр басындағы ақындар - Романтикалық эстетикаға анағұрлым жақын тұрғандардың бірі – Шәңгерей Бөкеев. Ш.Бөкеев шығармашылығының ерекше қуаты оның романтикалық сарынымен байланысты. Сұлулық пен әдемілік, табиғи үйлесім ақын туындыларының мұрат-мақсатына айналды. Ұзақ жылдар бойы, әсіресе тоталитарлық тәртіп тұсында Ш. Бөкеев шығармаларына тыйым салынды. Мұның бір жағы ақынның жеке өмірінен, дүниетанымынан туындайтын тағдырдың жазуы, өлім тақырыбының оның романтикалық поэзиясына күңгірт түсті әуендер қосуымен байланысты еді. Ш. Бөкеев поэзиясындағы тұрақты романтикалық мотивтер – жалғыздық сарыны, өлім тақырыбы, болмыстың құпия, жұмбақ, тылсым сырларына ден қою, мұңсыз балалық шақты, жоғалған бақытты жоқтау.
- Оның шығармашылығында романтикалық дүниетанымнан туындайтын басты концепт – өмірдің жалғандығы, өткіншілігі. Осындай дүниетанымның діни- философиялық парадигматикалық негізінен болмыс ағымынан романтикалық оңашалану, ығысу, өмір негіздерінің, болмыстың құпиялылығы туралы ой толғау тенденциясы келіп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |