«Отаным тағдырым»



Дата13.02.2020
өлшемі18.47 Kb.
Баяндама
Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты 76 мектептерде мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде құрылып, онда бірмезгіл ыстық тамақпен ата-аналар мен демеушілер есебінен 5905 оқушы 6 сағаттық және 18284 тамақсыз 4 сағаттық демалыс ұйымдастырылды. Мектеп оқушылар арасында жұмысшы топтар құрылып,көгалдандыру жұмыстарымен жылы жайларды ұйымдастыру жұмыстарына қатысты. Оқушыларымыздың кәсіп таңдауына ықпал ету мақсатында 1440 оқушы «Мерген-Н», «Барс-2030», «Каспиан Фоод» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне және ірі кәсіпорындар мен өндіріс орталықтарына, шаруа қожалықтарына саяхатқа алып барылды. Бұл түлектеріміздің кәсіпкерлердің жетістікке жету жолдарымен танысуына, ауданымызға қажетті мамандық иесіне болуына ынталандыру мақсатында жасалып жатыр.

Түлектеріміздің тиянақты ақпараттан құлағдар болуы құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Сондай-ақ, барлық білім беру мекемелерінде «Саналы азамат» бұрыштары жасақталған. Бұл бұрыштарға сол ауылдың тумасы қазіргі уақытта қай салада болса да үлкен жетістіктерге жеткен азаматтар туралы толық ақпараттармен қамтамасыз етілген.

«Отаным тағдырым» базалық бағыты бойынша оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мектептерде 93 спорттық, 54 қолөнер, 53 ән-би, 483 пәндік үйірмелер жұмыс істеуде. Оның ішінде;

9911 оқушы спорттық үйірмеге,

8105 оқушы қолөнер үйірмесіне,

7652 оқушы ән-би үйірмесіне,

2007 оқушы пәндік үйірмелерге қатысуда.

Сонымен қатар, мектептен тыс спорт мектептерінде 800-ге жуық, саз мектептерінде 1520 оқушы білім алуда.

Оқушылардың демалысын ұйымдастыру мақсатында 187 оқушыға Төлеби ауданында орналасқан «Балдәурен» оқу сауықтыру лагеріне, 48 оқушыға республикалық «Балдәурен» оқу сауықтыру лагеріне жолдама берілсе, аудандық «Балдәурен» сауықтыру лагерінде 2000 оқушы демалды.

Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, әлеуметтік мәртебеге ие 270 оқушыға тегін жолдама берілді және аудандық кәсіподақтан 150 көп балалы ұстаздардың балдарына тегін жолдамалар берілді.



Аудан әкімінің ұйымдастыруымен аудандық білім бөліміне қарасты мектептерден 800 оқушы Түлкібас ауданында орналасқан «Машат шатқалында» жергілікті бюджет есебінен тегін демалып қайтты. Оқушылардың бос уақытын лагерінде қызықты өткізді. Бұл аудан жалпы оқушылардың 88.8 пайызын құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет