Ата-анаға берілетін кеңес: - Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
- Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
- Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
- Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
- Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
- Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Ой толғанысы ... - Егер баланы үнемі сынап отырса , оқуға құлқы болмайды Балаға үнемі күлсе , бұйығы болып өседі Баланы қолдап отырса , білімге деген ынтасы артады
- Балаға сенім артса , ол батыл болады Бала төзімділікте өссе , адал болып жетіледі Бала қауіпсіз жағдайда өссе , ол адамға сеніммен қарайды
- Бала кекшілдікте өссе , ол қатыгез болып өседі Бала адалдықта өссе , әділ болып жетіледі Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді
Қорытынды:
Ата-анаға көз қуныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой-өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: “Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер”,-деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. “Тілек шамы” жаттығуын бір-бірімізге тілек айту арқылы жиналысымызды аяқтаймыз.
Жақсы ілтипатпен
жүздескенше күн жақсы болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |