Отбасы тәрбиесінің айрықша әлеуметтік ҚҰбылыстары а.Қ. Абжаппарова Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, жаратылыстану ғылымдары факультеті «Информатика және ет»



Дата05.07.2016
өлшемі57.44 Kb.
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ АЙРЫҚША әлеуметтік ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
А.Қ.Абжаппарова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, жаратылыстану ғылымдары факультеті «Информатика және ЕТ» кафедрасының магистрі

Қоғамдағы барлық оқыту және тәрбиелеу іс - әрекетімен шұғылданатын әлеуметтік институттардың ішінен отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп - өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым – қатынасы, байланыстары, іс – қимылдар мен мінез – құлық нормаларын меңгеруі отбасынан басталады. Отбасы бізге белгілі баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа, жігерлі, қайратты, адал болуға тәрбиелейді. Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, ана да балалардың жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жетік білгені жөн. Жанұядағы ұрыс-жанжал, біреуді балағаттау сөздері, ішімдік ішіп, темекі шегуі балаға теріс әсер етеді.

Сонымен, отбасы дегеніміз – қоғамның ең маңызды әлеуметтік институты, онда жаңа өмір өсіп-өнеді, дамиды, баланың жеке басы қалыптасады, оның мәдени, адамгершілік-рухани, азаматтық қалыптасуы жетіледі, жынысына байланысты әлеуметтік рөлді меңгереді. Баланың әйелдік және ер азаматтық рөлді меңгеруі көбінесе отбасының әдет-ғұрпы, ата-аналардың тәжірибесі, отбасылық қарым-қатынастар, ата-аналардың, туысқандардың, достардың басымдылығының құндылығымен және мәдениеттілік әлеуетімен анықталады.

Дәстүрлі түрде, біздің қоғамымызда, біздің халқымызда отбасын дәріптеу сақталған, оның жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі, қоғам мен мелекеттің ілгері дамуын қамтамасыз етудегі рөлі жоғары. Отбасының басшысы ерлер болатын құрылымын нақты реформалау тенденциясы және гендерлік теңдік, әріптестік және ынтымақтастыққа бағытталған әртүлі жаңа үгідегі отбасылар пайда болғаны байқалады.

Шындығында да, отбасы берік болуының негізгі қағидасы адам бойындағы осы қасиеттерге негізделсе керек. Басшысы әрдайым ақылын басшылыққа алса,ой таразысына салып шешім қабылдап, бақытты отбасын құруға талаптанса, ең мықты қорғаушы – сабырды серік етіп, арын – бәрінен де қымбат санаса және ең бастысы өмірін ардақтап,  оны сыйластықтың бал шырынымен сусындатса – міне бұл отбасы бақытының  кілті болар еді.  Ал бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғаларды дүниеге әкелуге қабілетті болмақ.

Бала тәрбиесінде, әрине, отбасының атқаратын қызметін ештеңемен салыстыруға келмейді. Яғни, ата-ана мен бала, ұстаз бен шәкірт арасында тәрбие деп аталатын мораль заңы бар. Олар бір-бірімен тағыз байланысты болса ғана, үлкен мақсаттарға жете алады.

Тәрбиелік жүйе – ата-ана, оқушы, мұғалім және қоғамдық мекеме қызметкерлерінің педагогикалық іс-әрекетін сипаттайтын өзара байланысты компоненттердің реттелген жиынтығы болып табылады.

Әлеуметтену – оқу және тәрбиенің барлық процесін қамтып, әлеуметтік өмірге араласуға, қарым-қатынасқа түсуге негіз болады. Әлеуметтену процесіне тұлғаның барлық қоршаған ортасы қатысады: отбасы, көршілері, құрдастары, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары.

Отбасылық тәрбие берудің мақсаты – баланың жастайынан-ақ, жеке басы ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жан жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеп, баланың өсіп жетілуіне, денсаулығана қамқорлық жасау, нығайту, бекіту, еңбекті қажетсінуге баулу.

Отбасы баланың мінез-құлқының, дүниеге көзқарасының негізін қалайды. Ата-бабаларымыздың тілімен айтқанда, ұлттық құндылык, қадір-қасиет ата құлқымен, ана сүтімен ұрпақ қанына сіңген. Қазақтың отбасындағы тәрбиелік ықпалы бірімен-бірі ұштасып жатқан үш сатыдан тұрады деуге болады. Ол – ата-әже, әке-шеше, ұл мен қыз. Бұлардың әр бірінің өз құқыктық міндеттері мен өздеріне тиесілі талап-тілектері бар. Бұл міндеттердің салмағы өте ауыр, қасиеті мол.

Тәрбиелеу дегеніміз – бұл жас ұрпақтың өмірге және еңбекке дайындауды қамтамасыз ететіндей оған буынның өзінің әлеуметтік тәжірбиесін беруі.

Адамзат баланың адам ретінде қалыптасуында тәрбиенің қалыптасу негізі сонымен қатар жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, жанұяның, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні ақиқат. Бұлардың бәрін, ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын дінгегі ата-анасының ұрпағы отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сондықтан да, мұғалім мен отбасының тығыз қарым – қатынаста болуы міндетті және отбасы мәртебесін биіктетуі шарт.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда отбасының мынадай төрт түрлі мәртебесі бар: әлеуметтік – эконолмикалық, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік – мәдени, және ситуативтік міндеттер.

Мұғалім отбасы мен жұмыс нысаны барысында – балалар, жастар, ересек адамдар, қарттар жалпы отбасының барлық мүшелерімен жұмыстанады. Отбасымен жұмыс жасай отырып, оларға: білім алуға, оқуға, психологиялық көмек алуға жәрдем береді.

Сондықтан педагог ата-анамен мынадай іс-шаралар жүргізеді:

- тәрбиелеуде балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру;

- ата-аналардың бала тәрбиесінде жіберген қателерінің себеп, салдарымен мәлімет беру және айғақтар мен дәлелдер келтіру арқылы дұрыс тәрбиенің мәнін ашып көрсету;

- оқу, еңбек, ойын, демалыс және бос уақытын дұрыс пайдалану бойынша кеңестер беру;

- жастайынан, әуелі санасыз, еліктеу арқылы пайда болатын жаман әдеттерден алдын алу шараларын үйрету.

Мұғалімнің ата - аналарға беретін көмегі, ақыл кеңесі баланы тәрбиелеудегі мақсат пен міндетті түсіну, оның мүддесін қорғап қажеттенуін қанағаттандыру, отбасы мүшелерінің ой санасына, ақыл – кеңесіне ықпал ететін әңгімелер өткізу басқа да іс – шаралар ұйымдастыру осы қызметтің пәрменділігін көрсетеді. Салауатты отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық көмектің тағы бір аса маңызды құрамды бөлігі – психологиялық көмек. Психологиялық болсын, әлеуметтік – педагогикалық болсын дерлік тәрбиенің дұрыс қалыптасуы ұстаз, бала, ата – ана еңбегімен байланысты. Береке бірлікте жұмыс істеп, бұзылмайтын, айнымайтын тәртіпке бас игенде ғана іс оңға баспақшы. Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысындп адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.

Туыстық, отбасылық және әлеуметтік қатынастарды бала кезінен қалыптастырғын. Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді.

Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі.

Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін барлық балабақша, мектеп, ата - ана болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет. Тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы жаман қасиеттерді ажырата біліп, еңбекке, өнерге, білімге бой ұрады. Сондықтан да отбасында болып жатқан оқиғалар ата-ананың бір-бірімен қатынасы, баламен сөйлесуі үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекте көз қарасы, уақытты өткізуі, туыстарымен жолдастарының ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі балаға тікелей әсер етеді, мінез құлқыда соған қарай қалыптасады.

Олай болса, ата-аналар мен падагогтар болып ұрпағымыздың еңбекке дайындығын, рухани шынығуын, денсаулығының дұрыс қалыптасуын, адамгершілік қасиеттін, адамгершілік жауапкершілігін шешуді ынтымақтаса отырып ұйымдастырса алар асуымыз биік болары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. К.Ж.Бұзаубақова, З.Қ.Қашқынбаева. «Педагогика» – Тараз, ТарМПИ, 2014 ж.

  2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. – Алматы, Санат 1995 ж.

  3. Меңжанова А. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы, Рауан , 1992 ж.

  4. Шерьязданова Х. Т. Балалармен қарым – қатынас. – Алматы, Рауан, 1992 ж.

  5. Ауталипова. У. И. Психолого – педагогические основы взаимоотношений детей

дошкольного возраста в семье. Диссертация кандидата психологических наук.,

Алматы, 1999 ж.



  1. Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. – Алматы: Рауан, 1990 ж.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет