Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Орындаған: 7М01103«Педагогика және психология»



бет4/4
Дата10.11.2022
өлшемі2.59 Mb.
#464489
1   2   3   4
Отбасы т рбиесіні психологиялы -педагогикалы негіздері. Орында

Сатып алу беделі. Тіл алғыштық сыйлықтармен немесе уәделермен сатып алынса, бұл беделдің ең арсыз түріне жатады. Ата-аналар қысылып-қымтырылмай-ақ былай дейді: "тыңдайтын болсаң, саған ойыншық ат сатып әперемін, тыңдайтын болсаң, циркке барамыз..." Өздеріне сенімсіз ата-ана балаларының алдында беделін жоғалтады. Егер балаңыз нашар тәрбиеленсе, бірінші кезекте өзіңізді тексеріңіз. Іштей өз әрекеттеріңізге есеп беріп көріңіз. Баланы қайта тәрбиелеуге тырыспаңыз, тек өзіңіздің балаға деген қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз. Баланың жеке басына құрметпен қарауды олардың шешімдерін есепке алуды үйренгеніңіз абзал
  • Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінің бірқалыпты жағдайда іске асырылмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуының басты себебі - ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе, отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетеді. 1. Отбасының этикалық құрамы және құрылымы толық емес отбасы: бірбалалы, көпбалалы отбасы, бірұлттық, көпұлттық отбасы; 2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы; 3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер. 4. Ішкі отбасылық қатынастар, отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттерінің көзқарасы; 5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы; 6. Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналарының және мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. 
  • Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері:  ақпараттық;  тәрбиелік-дамытушылық;  қалыптастырушылық;  қорғау-сауықтырушылық;  бақылаушылық;  тұрмыстық.
  • Отбасы - сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі ата-аналарының білімдік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Отбасының әлеуметтік-экономикалық параметрі дүние-мүліктік сипаттамасымен және ата-аналарының жұмыспен қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық параметрі өмір сүру жағдайымен, баспананың жабдықталуымен, өмір салтының ерекшелігімен анықталады. Демографиялық параметрі отбасы құрылымымен анықталады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет