§ Бала тәрбиесін екі жақты қолға алу;
§ Баланың мінез құлқы туралы бірі білмегенін екіншісіне толықтыру;
§ Ата-аналармен ашық түрде сұхбат жүргізу;
§ Бала тәрбиесіндегі одақтастықтың қаншалықты тиімді екеніне отбасы мүшелерінің көзін жеткізу болды.
Жиналыста ата-аналар сызба кестелермен жұмыс жасады. Мысалы бұл кестеде ата-аналарға келесі сұрақтар қойылған:
§ Балаңыз 7 жаста қандай еді?
§ 10 жаста қандай еді?
§ 15 жаста қандай болса дейсіз?
§ Ол үшін нестеу керек?
Бұл сұрақтарға ата-аналар әрқилы жауаптар берді. Осы аталған кестеге қарап ата-аналар өздері балаға не бергенін, не жетпейтінін біліп, ойланады. Келесі кезекте «Баламды жақсы білемін бе?» атты сауалнамаға жауап берді. Бұл сауалнама алдын-ала балалардың өзіне жүргізіліп, жауабы алынған болатын. Бұл сауалнамадан бала мен ата-ана жауаптары салыстырылады, егер де екі жақтың жауаптары дәл шықса, бала тәрбиесінің назардан тыс қалмағандығы, немесе керісінше екендігі анықталады. Бұндай жағдайда ата-ана жіберген қатесін түсінеді, ой елегінен өткізіп, қателік жібермеуге тырысады.
Отбасы мүшелері мен балалары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, жаңа жағынан қалыптастыру, ынтымағын нығайту мақсатымен екі жақтың да қатысуымен психологиялық тренинг түрінде өткен жиналыстар өте тиімді де ұтымды нәтижелер беретініне көз жеткіздім. Осындай жиналыстың бірі «Тәрбие- отбасынан басталады» атты тақырыпта ата-анармен оқушалрдың қатысуымен өткен шара болды. Бұл іс-шараның мақсаты: мектеп пен ата-аналар, ата-ана мен балалар арасындағы бірлікті нығайту, тәжірибе алмасу болды. Жиналыс барысында баланың отбасындағы тәрбие алуы, баланың отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі мектептің, ұстаздардың атқарар рөлі туралы сөз қозғалды. «Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер, байқамай сөйлесең, көрсетер бір өнер» демекші, балардың жат мінез көрсетуі, ашуланшақ күйге түсуі, сөз көтере алмауы сияқты жағдайлар көбінесе жанұя мүшелерінің бірін –бірі түсінбеушілігінен, үлкендердің балаға өктемдік көрсетуінен, олардың ойларымен санаспаушылығынан болып жататынын жиналыс барысында айтып өттім.
Бұндай біріккен жиналыстар оқушылар мен ата-аналар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасындағы сенімділікті туғызып, жақындатады.
Ата-аналар еңбегі – өте ауыр еңбек. Бұл еңбек барлық күш жігерді, адалдықты, адамгершілікті, мейірімділікті, шыдамдылықты, ізденісті талап ететін еңбек екенін ата-аналары да, балалары да түсінді.
Сонымен қатар алдағы уақытта К.Поппердің дебат технологиясы бойынша ата-аналар арасында «Қалталық ақша қажеттілік пе, әлде қажеттілік емеспе?» атты тақырыпта дебат өткізуді жоспарлап отырмын. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Сондықтан да:
Ана- үйдің берекесі,
Бала- үйдің мерекесі,
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты,
Бала болсаң балғындай бол,
Айналаңа қорғандай бол-деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ал, отбасындағы қарым-қатынас мәселесі баланы жалпы азаматтық құндылықтарды түсінуге жетелейді, өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тынысын танытып, талғамға, әдептілікке, жауапкершілікке баулиды. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин: «Жас уақытта көрген тәрбие, оқыған оқу тасқа жазған жазудай кетпейді» -деп ата-ананың, отбасының бала тәрибесіндегі орнын атап көрсеткен болатын. Ендеше тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі.
Достарыңызбен бөлісу: |