1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қарақоға ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Қарақоға ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
3. Бөлек жиынды Қарақоға ауылдық округтің әкімі шақырады.
Меңдіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Қарақоға ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Қарақоға ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қарақоға ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Қарақоға ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қарақоға ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарақоға ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Меңдіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
2014 жылғы 28 наурыздағы №234 Меңдіқара аудандық мәслихаттың шешімі
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы
Краснопреснен ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидасын және
жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамын бекіту
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы М. Гизбрехт
Аудандық
мәслихаттың хатшысы В. Леонов
Нормативтік қүқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіміне 2014 жылдың 24 сәуірдегі 4643 санымен енгізілді.
2
Мәслихаттың
2014 жылғы 28 наурыздағы
№234 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
|
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
|
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Красная Пресня ауылының тұрғындарына
|
114
|
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Балықты ауылының тұрғындарына
|
12
|
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Лоба ауылының тұрғындарына
|
12
|
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Молодежное ауылының тұрғындарына
|
9
|
Мәслихаттың
2014 жылғы «28» наурыздағы
№234 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Краснопреснен ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Краснопреснен ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |