Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша экзамен сұрақтарына жауап


Болезнь Меньера.Клиникалық белгілері.Емі



бет24/28
Дата18.06.2024
өлшемі80.65 Kb.
#502669
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша симуляциялық сабақтардың тақырыптық жоспары (копия) (копия)

51.Болезнь Меньера.Клиникалық белгілері.Емі.
Меньер ауруы – ішкі құлақтың ауруы, қуыстағы сұйықтық мөлшерінің ұлғаюына апарады және тепе-теңдік сезіміне және естуге әсер етеді.
Себептері:
Меньер ауруының пайда болуының нақты себептері белгісіз. Ол ішкі құлақтағы сұйықтықтың қысымының күрт артуы салдарынан пайда болуы мүмкін. Ауру кейде бастың жарақатымен немесе ортаңғы, ішкі құлақтың инфекциясынан туындайды.
Басқа қауіп факторлары: Аллергия Алкоголь тұтыну Отбасылық тарихы Шаршау Вирустық аурудан кейін Респираторлық инфекциялар Темекі шегу Күйзеліс Симптомдары Меньер ауруының келесі симптомдары бар: Бас айналу ұстамалары, жүрек айнуымен және құсумен қосарланады; Бір немесе екі құлақтағы шуыл; Естудің төмендеуі (бір жақты немесе екі жақты)​Ауру үшін ең ауыры – бас айналу ұстамасы. Бұл ұстамалар жиі (аптасына 1-2 рет), сирек (жылына 1-2 рет) және аса сирек (бірнеше жылда 1 рет) болуы мүмкін. Бас айналу ұстамасы бірнеше минуттен бірнеше аптаға дейін созылады. Көбінесе, 2-6 сағатқа созылады. Ұстамалар кез келген уақытта пайда болады, көбінесе, таңертең және түнде. Бас айналу ұстамасын психологиялық және дене ширығуы туындатуы мүмкін. Науқас қоршаған заттар айналатындай немесе қозғалатындай көрінеді. Бұл симптомдар науқасқа орасан жайсыздық әкеледі.
Емі:
Егер Меньер ауруын емдеудің консервативтік әдістері көмектеспесе, хиургиялық араласуға жүгіну қажет. Хиургиялық емдеудің негізгі мақсаты – құлақтың құрылысын зақымдамастан, аурудың көрінісін жою. Операция кезінде ішкі құлақтың вестибулярлық аппаратын хиургиялық бұзу орындалады. Сондай-ақ, вестибулярлық аппаратты антибиотик енгізумен бұзу жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ем-шара химиялық абляция аталады. Бірақ, мұндай әдістер естімеуге апарады, сондықтан, олар аса сирек қолданылады.
52.Құлақтың травмалық жарақаттары.
Құлақтың баро-жарақаты – дыбыс жарғағының сыртқы және ішкі жағындағы қысым деңгейлерінің күрт айырмашылығы нәтижесінде ортаңғы құлақтың зақымдануы.
Себептері:
Ортаңғы құлақтағы қысым әдетте, сыртқы ортадағы қысымның деңгейімен бірдей. Бұл қызметті евстахиев түтігі реттейді. Әдетте, евстахиев түтігі жабық, оның қабырғасы біріне бірі жақын орналасқан. Жұтынғанда немесе есінегенде евстахиев түтігі ашылады, дыбыс жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын бірдей етіп сақтап, ауа мұрыннан ортаңғы құлаққа өтеді. Сыртқы қысымның күрт өзгеруінде (артуында немесе сирек - төмендеуінде) евстахиев түтігі ортаңғы құлақ қуысына қысылатын ауаның жеткілікті көлемін тез енгізе алмайды (анатомиялық ерекшеліктерінің салдарынан), қуыстағы қысым артады немесе қажет болатыннан едәуір баяу төмендейді. Сыртқы және қуыс ішіндегі қысымдардың арасында теңсіздік орын алады, осыдан баро-жарақат пайда болады.
Симптомдары:
Бас айналуы Жайсыздық немесе/және құлақтың «бітіп қалу» сезімі Бір немесе екі құлақтағы ауырсыну Естудің төмендеуі (аздаған) Күшті немесе ұзақ уақыт бойғы баро-жарақат кезінде: Құлақтағы күшті ауырсыну Құлақтағы қысым сезімі (судың астында болатындай сезім) Естуді ішінара немесе толықтай жоғалту Мұрыннан және/немесе құлақтан қан кетуі
Емі:
Евстахиев түтігі жоғарыда аталған әдістермен ашылмаса, хирургиялық операция – миринготомия жасалуы мүмкін. Хирург ортаңғы құлақта қысымды реттеу үшін және сұйықтықтың ағуын қамтамасыз ету үшін дыбыс жарғағында тілік жасайды. Мұндай операция өте сирек жасалады. Егер ұдайы қысымның өзгеруіне ұшырайтын болсаңыз, баро-жарақатқа бейім боласыз, мұндайда қысымды реттеу үшін дыбыс жарғағына арнайы түтік орнату мүмкіндігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет