Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша экзамен сұрақтарына жауап


Ашық және жабық бұрышты глаукома.Операциялық емнің көрсетілімі



бет12/28
Дата18.06.2024
өлшемі80.65 Kb.
#502669
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша симуляциялық сабақтардың тақырыптық жоспары (копия) (копия)

22.Ашық және жабық бұрышты глаукома.Операциялық емнің көрсетілімі.
Глаукоманың екі негізгі түрі бар: 1. ашық бұрышты глаукома (кең бұрышты глаукома) – бұл кең таралған түрі. Тексеріп қарағанда көздің құрылысы өзгермеген, бірақ, көз ішілік сұйықтық көздің трабекулярлық жүйесі аталатын каналдары арқылы тиісті түрде ағып шықпайды. 2. жабық бұрышты глаукома. Жіті немесе созылмалы жабық бұрышты немесе тар бұрышты глаукома деп те аталады. Глаукоманың бұл түрі кең таралмаған, бірақ, көз ішілік қысым күрт көтерілгенде пайда болуы мүмкін. Нұрлы қабық пен мөлдір қабықтың арасындағы (сұйықтықтың ағатын түтіктері орналасқан жерде) бұрыш кішірейгенде дренаждық қызмет. Глаукома кезіндегі лазерлік хирургия. Глаукома кезіндегі лазерлік хирургия ашық бұрыштық глаукомада сұйықтықтың ағып шығуын жақсартады немесе жабық бұрышты глаукомада сұйықтықтың бітелуін жояды. Глаукома кезіндегі лазерлік хирургияның түрлеріне жататындар: трабекулопластика, бұл кезде лазердің көмегімен дренаж жасалатын аумақтың трабекулярлық жүйесі ашылады; нұрлы қабықтың бөлігі алынып тасталады, нәтижесінде, кішкене ойық саңылау пайда болады, ол арқылы сұйықтық еркін ағатын болады; циклофотокоагуляция, бұл кезде лазер сәулесімен көздің ортаңғы қабаттары өңделеді, осылайша сұйықтықтың өндірілуі азаяды. • глаукома кезіндегі микрохирургия. Трабекулотомия аталатын операцияда сұйықтық ағып шығуы үшін жаңа канал жасалады, осылайша, глаукомаға апаратын көз ішілік қысым азаяды. Кейбір жағдайда қайтадан операциялық араласу қажет болады. Глаукома кезіндегі микрохирургияның басқа асқынулары: уақытша немесе ұдайы көруді жоғалту, сондай-ақ, қан кетуі немесе инфекциялар.
23.Біріншілік және екіншілік глаукома жайлы түсінік.Емі.
24.Көз жарақаттары.Хирургиялық көмек қажет ететін көздің терең жарақаттары.
Көздің жиі кездесетін жарақаты көздің сыртқы қабығының тітіркенуінде пайда болды. Мұндай жарақаттар өнеркәсіп кәсіпорындарында немесе ұсталық өнімдермен жұмыс істеуде жиі пайда болады. Сондай-ақ, олар контактілік линзаларды кигенде пайда болуы мүмкін. Химиялық заттектердің әсерінде немесе күшті жылу әсерінде көздің күйігі орын алуы мүмкін. Химиялық заттектер түскенде көзді жұмуға душар ететін ауырсыну пайда болады. Бұл көзге тітіркендіргіштің үлкен көлемінің түсуіне ықпал етіп, көбірек зиян келтіруі мүмкін. Жедел жәрдемді күткен кезде көзді сумен мұқият шаю қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет