7. Әдебиет:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1.Қ.М.Тұрланов С.А.Қалқабаева. Жедел медициналық жәрдем. Оқулық. Алматы, 2004,330бет.
Қосымша:
2.С.А.Қалқабаева. Бірінші медициналық көмек. Оқу құралы, Шымкент, 2008,220 бет.
Орыс тілінде:
Негізгі:
3.Орта медициналық қызметкерлер үшін нұсқау+CD.Ю.П.Никитина, В.А.Чернышева. медицинасымен - М., 2007. -992п
4.Верткин А.Л.Шұғыл медициналық көмек. Фельдшерлерге нұсқау: оқулық-3-ші баспа. М., 2008.-400п
Қосымша:
5.Мухина С.А., Тарновская И.И.Мейірбике ісі негіздері пәніне әдістемелік нұсқау, Москва,199 «Мейірбике ісі» журналы
6.Иванова В.И., Тарновская И.И. Мейірбике ісін ұйымдастыру, Минск, 2006. 7.«Мейірбике ісі» журналы
8.«Медициналық көмек» журналы.
8. Бақылау ( сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) ұсынылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Электрожарқаттар туралы түсінік.
2. Электрожарқаттар кезінде ағзадағы жергілікті және жалпы өзгерістер.
3. Электрожарқаттардлың түрлері.
4. Электрожарқаттар клиникасы.
5. Электрожарқаттар кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.
Бақылау есептері:
1.ЖЖ машинасы заводқа шақыртумен келді.Жұмысшы электротравма алды.Қараған кезде шағымданбайды,алақанда кірген және шыққан нүкте байқалады.Жүрек ритмі бұзылмаған.Тынысы 18 минутына,ҚҚ 84 минутына.
Сіздің диагнозыңыз.Жедел жәрдем тактикасы.
2.ЖЖ дәрігері ессіз жағдайда қолында электр тогын ұстаған күйінде жерде жатқан науқасқа келді.Тамыр соғысы және ҚҚ анықталмайды.
Сіздің диагнозыңыз.Жедел жәрдем тактикасы.
Бақылау тесттері:
1. Электрожарақат кезінде көмек көрсету ... басталуға тиісті.
А) электр тогының әсерін тоқтатудан
Б) жүрекке тікелей емес массаж жасаудан
В) прекордиальді соққыдан
Г) өкпені жасанды желдендіруден
Д) жара бетін өңдеуден
2. Электрожарақаттың екінші ауырлық сатысына ... тән.
А) жүректің тоқтауы
Б) естен танусыз бұлшықеттердің ұстамалы құрысуы
В)тыныс және қан айналымның бұзылуы
Г) естен тану
Д) естен танумен бұлшықеттердің ұстамалы құрысуы
3. Электр тоғының әсері жергілікті ... түрінде көрінеді.
А) зақымдалған аймақтың терісінің қызаруы
Б) токтың кірген және шыққан жеріндегі электробелгі
В) зақымдалған аймақтың ылғалды некрозы
Г) токтың шыққан жерінде электробелгінің меташизациясы
Д) геморрагиялық сұйықтыққа толы көпіршіктер
4. Электрожарақат кезінде иммобилизация ... жағдайда жасалады.
А) құрыспа ұстамасы болған
Б) электробелгі болған
В) сынық болған
Г) естен танған
Д) жүрек тоқтап қалған
5. «Токтың жылдамдық қуаты» дамуы үшін қатерлі аймақ радиусы ... құрайды.
А) 10 метрді
Б) 5 метрді
В) 15 метрді
Г) 20 метрді
Д) 1 метрді
6. Электрожарақат кезінде «уақытша өлімнің» негізгі симптомдары:
А) жарыққа сезімтал көзқарашықтарының тарылуы
Б) жүрек және тыныс алу қызметінің нашарлауы
В) тері қабаттарының қызаруы
Г) тыныстың тоқтауы және жүрек қызметінің лезде нашарлауы
Д) зақымдалған аймақ айналасы терілерінің көгеруі
7. Атмосфералық электр қуатымен (найзағаймен) зақымдалудың сыртқы көріністеріне ... тән емес.
А) «найзағай» белгілері
Б) керең болып қалу
В) мылқау болып қалу
Г) тыныстың тарылуы
Д) электро белгі
8. Жылу мен күн сәулесі соққысының негізгі белгілеріне ... тән.
А) дене қызуының жоғарылауы, тері қабаттарының қызаруы және құрғауы
Б) дене қызуының төмендеуі және тері қабаттарының бозаруы
В) тері қабаттарының көгеруі және дене қызуының жоғарылауы
Г) тері қабаттарының тершеңдігі және қызаруы
Д) тері қабаттарының тершеңдігі және бозаруы
9. Жылу немесе күн сәулесінің соққысы кезінде, бірінші дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетудің негізгі элементі:
А) ыстықты түсіретін дәрілер тағайындау
Б) жәбірленушіні суыту
В) алкогольді сусындарды ұсыну
Г) жәбірленушіні жылыту
Д) асқазанды жуу
10. Жылу немесе күн сәулесінің соққысы кезінде, тыныс алу және қан айналымның тоқтап қалуы жағдайында ... керек.
А) прекордиальді соққы жасау
Б) зембілдің бас жағын төмен түсіру
В) жүрек-өкпе реанимациясына кірісу
Г) жәбірленушіні тез және лезде мұздату
Д) ауа өткізгіш түтікшесін қою
№8 Тақырыбы: Үсік. ШМК қызметінің қимылы.
Достарыңызбен бөлісу: |