Оңтүстік Қазахстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Жедел шұғыл медициналық көмек курсымен емхана кафедрасы


тұрғысынан госпитальға дейінгі шұғыл жағдайлардың



бет89/95
Дата19.01.2024
өлшемі324.51 Kb.
#489453
түріСабақ
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95
метод.-скорая-и-неотложная-медицинская-помощь-с-курсом-экстремальной-медицины-каз

тұрғысынан госпитальға дейінгі шұғыл жағдайлардың
клиникалық көрінісі, диагностикасы, көмек көрсету,
ШМК қызметінің тактикасы.

Мақсаты: Ішкі, хирургиялық, акушерия-гинекологиялық, урологиялық аурулар клиникасында дәлелді медицина тұрғысынан госпитальға дейінгі шұғыл жағдайлардың клиникалық көрінісі, диагностикасы үйрету.
Ішкі, хирургиялық, акушерия-гинекологиялық, урологиялық аурулар клиникасында дәлелді медицина тұрғысынан госпитальға дейінгі шұғыл жағдайлар кезінде көмек көрсету, ШМК қызметінің тактикасы үйрету.

Дәріс тезистері: Техникалық және мәдениеттік процесс көптеген жаңа ғылымдардың пайда болуына әсер етті, соның ішінде раениматология – организімінің тірілуі туралы, өмір және өлім арасындағы жағдайды түсіндіретін, терминальды жағдайлардың бірі патогенезі, алдын алуы және емі туралы ілім. Дәл қазіргі күні кенеттен өлімнің негізгі себебі жүректің ишемиялық ауру бірінші орында тұр. Көптеген науқастар жүректің ишемиялық ауруының жедел ұстамасынан ауруханаға дейінгі этапта, медициналық көмек алмай қайтыс болады. Емдеу тактикасы дамып жатқан жедел ұстамасы және гемодинамиканың тұрақсыз жағдайы кезінде арнайы медициналық көмек көрсетуге негізделген. Миокард инфарктімен ерлер жиі ауырады. Осы жастық интервалдағы ерлер мен әйелдер қатынасы 5:1, 51:60 жаста 2:1 қатынасында, одан жоғары жаста әйелдер жиі ауырады. Инфакрт кезінде өлім 10% құрайды, мүгедектік 32%.
Гипертониялық криздер нервті-тамырлық және гуморальді бұзылыстармен артериялық қысымының біршама кенеттен жоғарылауы. Көбінсе криз эссенциальді гипертония кезінде дамиды, сирек жағдайда симптоматикалық кезінде. Бейімдеушілер факторлар неврті-психикалық әсерлер (алкоголь, ауа райының өзгеруі, гипертензивті дәрілерді алып тастау) болып табылады. Артериялық қысымының кенеттен жоғарылауы (қалыпты саннан жоғары және 180/100 мм с.б.б. дан жоғары) өмірге қажетті ағзалардың ауторегуляциясының бұзылуына әкеледі және мидың, жүректің, тамырлардың және бүйректің зақымдалуын шақырады. Ми қан айналымының бұзылысы, жиілігі бойынша Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде 2-ші орында, ал АҚШ-та 27-ші орында, АГ-ның таралуы бұл елдерде бірдей және 23-25% құрайды. Сонымен қатар, инсульттар Батыс Европа елдеріне қарағанда Қазақстанда 4 есе жиі кездеседі. Уақытылы адекватты ем аурудың болжамын жақсартады және мүгедектікке әкелетін және өлім себебі болатын асқынулардың даму қауіпін төмендетеді.
Жедел тыныс жетіспеушілігі дегеніміз бірнеше күн, сағат немесе минут ішінде тез дамитын және өршімелі тенденциямен сипатталатын, жедел диагностиканы және жедел ем шаралар қажет ететін синдром болып табылады. Уақытылы көмек көрсетілмеген жағдайда өкпедегі қан оксигенациясының бұзылып жоғарылайды, гиперкапния пайда болады және күшейеді, ОНЖ-сінің функциясының бұзылуымен жүретін ауыр қан айналым бұзылыстары қосылады. Коматазды жағдайлар қосылуымен жедел тыныс жетіспеушілігі әртүрлі жедел және созылмалы аурлардың өршуі кезінде дамуы мүмкін. Жедел ОАТЭ-сы жедел тыныс жетіспеушілігінің және кенеттен өлімнің едәуір жиі кездесетін себебі болып табылады.
АҚШ-та өкпе артериясының эмболиясы 500-600 мың науқаста анықталады, ал ӨАТЭ-сынан өлім жалпы мамандықты ауруханаларда 10% шамасында ауытқып турады, кардиоологиялық клиникасында 50%-ға дейін болады. Біздің елімізде операцияланған науқастардың жалпы санының ішінде ОАТЭ-сы науқастардың 0,1- 0,3%-нда кездеседі және барлық аутопсиялардың 12%-нда кездеседі. Бронхтық астма нозологиялық форма түрінде Қазақстанда актуальді, оның таралуы ересек адамдардың 3%-нда құрайды және балаларда 5%-дан көп, яғни жалпы елімізде шамамен 7 млн. науқаста БА кездеседі. Бронхтық астма – халық арасында едәуір кең таралған ауру.
Созылмалы обструктивті бронхит – ересек адамдар арасында таралуы 16% -ды құрайды, ал мұндай науқастардың жалпы саны 3,5 млн-ға тең. Тыныс азғаларының созылмалы өтетін аурулары құрамында созылмалы бронхит үлесі 70-80%-ды құрайды.
Күрделі өндірістік мекемелердің және қалалардағы көшелік қозғалыстардың интенсификациясының, өндірістік химияның, өзіндік емделудің, соның ішінде седативті заттармен емделудің пайда болуы тыныс бұзылысы мен жүретін қолайсыз жағдайлардың саны елдәуір жоғарылады.
Кеуде клеткасының травмасы кезінде кеуденің зақымдалуы барлық травма алған науқастардың 10-12%-ын құрайды. Қабырғалардың, төстің сынуы, егер олар көп сынықтар болса олар өздерінше қауіпті емес және көбінесе қысқа уақытта айығумен аяқталады. Өмірге қауіптісі негізінен ішкі ағзалардың зақымдалуы және пневмоторакс, гемоторакс, теріасты және медиастинальды эмфизема түрінде асқынулар болып табылады.
Іш патологиясы кезіндегі жедел медициналық көмек проблемасының актуальды болуының себебі, бұл патология науқас өміріне қауіп төңдіреді және көптеген жағдайларда шұғыл операцияларды қажет етеді. Науқасқа зерттеу жүргізу кезінде міндетті түрде жедел патологиясымен, ұқсас симптомды жүйелі аурулардың арасында дифференциальды диагностика өткізу қажет. Іш қуысының жедел патологиясы ауырсынумен, құсумен, ішек функциясының бұзылысымен және қан кетуімен білінуі мүмкін. Іштің жедел патологиясы өмірге қажетті ағзалар фунциясының бұзылысымен қатар жүреді және екі мақсатты шешуді қажет етеді.
1. Өмірге қауіпті жағдайларды анықтау және жою: перифериялық қан айналысы, қан жоғалту, деградация, генерализацияланған инфекция;
2. Операцияның қажеттілігін және жылдамдығын шешу; науқастарды қарауға мүмкіндігінше хирург және терапевт қатысуы қажет. Шұғыл операцияның қажеттілігін шешу. Шұғыл операциялар кезінде шоктан шығару және өмірге қажетті ағзалар мен жүйелердің функциясының бұзылуын коррекциялау операция үстінде және одан кейін де жалғастырылады.
Акушерлік – гинекологиялық шұғыл жағдайлар дені сау әйелдерде кенет дамуы мүмкін , бұл дәрігерге терең білімді және күттірмейтін жердемді дер кезінде көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар жедел жәрдем көрсету тәжірибесінде ауруханадан тыс босанулар, жүктілік мерзіміне жетпей үзілуі, жатырдан қан кетулер жиі кездеседі. Жедел жәрдем қажет ететін ауруларды емдеу дәрігерден өзінің барлық күшін мобилизациялауды қажет етеді. Оның әрекеттері әйел өміріне қатысты болады және ол оған ерекше жауапкершілікті қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет