«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»



бет2/57
Дата02.01.2022
өлшемі324.83 Kb.
#452179
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Лекция Мейіргер ісі 2 курс каз

Дәрiс тезистерi:


Анатомия – адамның пішінін, құрылысын, пайда болуын, дамуын зерттейтін ғылым. Анатомия дененің ағзалары мен бөліктерінің, пішінінің, жеке ағзалардың, оның конструкциясын, микроскопиялық құрылысын зерттейді.

Анатомия міндеттеріне эволюция процессі кезінде негізгі даму кезеңдерін зерттеп, әр түрлі жас ерекшеліктеріне қарай ағзалардың ерекшеліктерін, сыртқы орта жағдайларындағы адам организмінің дамуын зерттейді. Негізгі анатомия зерттеу әдістері ретінде бақылау, денесін тексеру, ашу, жеке ағзаның және ағза топтарын бақылау (микроскопиялық анатомия), олардың ішкі құрылысын (микроскопиялық анатомия), Анатомиямен эмбриология, цитология, физиология, гистология тығыз байланысты. Анатомияның зерттеу объектісі – организм болып табылады. Организм жекелеген дара құрылымдардан – біріңғай тұтас болып біріккен ағзалар, тіндер және тіндік элементтерден тұрады. Организмнің құрылымдық бірлігі – клетка болып табылады. Клеткалардың бірігуі-тіндер. Тіндер шектес, дәнекер, бұлшықет, нерв тіні болып бөлінеді. Ағза - өзіне тән құрылысы мен қызметі бар тарихи қалыптасқан әр түрлі тіндер жүйесі. Ағза өзіне ғана тән пішіні, құрылысы, атқаратын қызметі, дамуы мен организмдегі орны бар біртұтас түзіліс болып табылады. Кейбір ағзалар өз кезегінде түрлі тіндерден тұратын, құрылымы жағынан ұқсас көптеген түзілістерден құралған. Организмде бірқатар функцияларды атқару үшін бір ағза жеткіліксіз болады. Сондықтан ағзалар жиынтықтары – жүйелер пайда болады. Құрылысы мен дамуы бірдей емес жекелеген ағзалар мен ағзалар жүйелері де ортақ қызметті атқару үшін біріге алады. Әртекті ағзалардың мұндай функционалдық бірлестіктерін аппарат деп атайды. Адам организмінің бір қызметі – жердің тарту күшін дененің әрбір қозғалысын өзгерту. Қозғалыс қызметінен басқа тірек-қимыл аппараты дененің жерге тірегі қызметін де атқарады, сондықтан да оны тірек-қимыл аппараты деп атайды. Тірек –қозғалыс аппараты пассивтік және активтік бөліктерден тұрады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет