ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Акушерия және гинекология кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№ 8
Тақырыбы: Гинекологиялық аурулардың пропедевтикасы. Етеккір қызметінің бұзылыстары.
Пән: «Акушерия және гинекология»
Мамандық: 5В110400 – «Медико-профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі – 90 (2 кредит)
Курс - 4
Семестр – 7
Құрастырған: Кулбаева С.Н.
Шымкент, 2013.
Кафедра мәжілісінде қаралып бекітілді
Хаттама №_11__ _08.06.___2013 ж.
Акушерия және гинекология
кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Тлеужан Р.Т.
1. Тақырыбы: Гинекологиялық аурулардың пропедевтикасы. Етеккір қызметінің бұзылыстары.
2. Мақсаты: Гинекологиялық аурулардың негізгі симптомдарын, клиникалық ағымының ерекшеліктерін, жіктелуін, этиологиясын, клиникасын оқыту. қалыпты етеккір циклын білу арқылы студенттерді етеккір қызметінің бұзылыстарын анықтауға, етеккір қызметінің бұзылыстарымен әйелдерді тексере білуге, көмек көрсетуге үйрету.
3. Оқыту мақсаты: студенттерге гинекологиялық науқастардан анамнез жинау, науқастарды зерттеу жоспарын құру, жүргізу және емдеуді үйрету, гинекологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
Анамнез жинау
Жалпы объективті зерттеу
Негізгі гинекологиялық зерттеу
Гинекологиялық зерттеудің қосымша әдістері
Гинекологиялық инструменттер
Гинекологиялық аурулардың алдын алуы
Етеккір айналымының бұзылыстарының себептері.
Етеккір айналымының бұзылыстарының жіктелуі.
Етеккір айналымының бұзылыстарымен науқастарды тексеру.
Етеккір айналымының бұзылыстарының емдеу әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |