Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу



жүктеу 0.63 Mb.
бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу
Пән: патологиялық физиология

Пән коды: PF-3210

Мамандық: 051103-«Фармация»

Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 135 сағат (3 кредит)

Курсы және оқу семестрі: III курс, V семестр

2013 жылы

Әдістемелік өндеу кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді

_____ _____________ 2013 ж. Хаттама № _____
Каф. меңгерушісі _____________ доцент Жолымбекова Л.Д.

Кредит №1

Әдістемелік өндеу №1

1.Тақырыбы: Патофизиология пәні, міндеттері, әдістері. Жалпы нозология. Жалпы этиология және патогенез.

2.Мақсаты: типтік патологиялық үрдіс немесе патология түрлерін бағалауда және патофизиологиялық қорытындалауда жалпы нозология түсініктерін пайдалануды үйрету.

3.Оқыту мақсаты


  • патологиялық үрдістердің және эксперименттік терапияның маңызы және мүмкіншіліктері зерттеу;

  • нозология туралы негізгі түсініктерді зерттеу;

  • патологиялық типтерінің немесе нозологиялық түрлерінің патофизиологиялық анализінде жалпы нозология туралы түсінік және сипаттарының қолдана алуы.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Патологиялық физиология пәні және мақсаттары; басқа да медициналық ғылымдарының арасындағы орны.

2.Патологиялық физиология негізгі бөлімдері.

3.Патофизиология әдістері.

4.Эксперименттің маңызы. Медико-биологиялық эксперименттерді құрастырудың жалпы ұстанымдары және олардың нәтижелерінің интерпретациясы.

5.Жалпы нозологияның негізгі түсініктері.

6.Қалыптылық, денсаулық, ауру алды жағдай, ауру.

7.Аурудың кезеңдері. Аяқталуы. Толық және толық емес сауығу.

8.Этиология. Анықтамасы.

9.Себеп және жағдайдың ауру дамуындағы ролі және олардың өзара байланысы.

10.Аурудың негізгі экзогендік және эндогендік топтары.

11.Сыртқы орта факторларының әсерлері және жіктелуі.

12.Зақымдану патогенездің негізгі тізбегі ретінде.

13.Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастары.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: эксперименттер нәтижелерінің патофизиологиялық анализді жүргізу.

Лабораторлық жануарды (тышқан, егеуқұйрық) шағындау барокамераға кіргізеді. Қысымын 170-180 мм.с.б. (23-24 кПа) төмендете отырып 2-3 мин ішінде барокамерадағы ауаны сыртқа шығарады. Атмосфералық ауасы аз ор-тада 0,5-1 мин ішінде жануарда тынышсыздану белгілері байқалады: аяқ-тарымен тырмалап, тұмсығын қасылап, барокамера ішінде жүгіре бастайды; та-ғы да 2-3 мин кейін қалтырау, зәрін жіберіп қоюы байқалады, жануар бір шеті-мен жатып сирек терең «тыныс» (ақтық тыныс «гаспинг») алады. Соңынан ты-ныс толығымен тоқтап, жануар өледі. Сонымен атмосфералық ауасы аз ортада жануардың өмір сүру ұзақтығы 3-4 мин құрайды.

Сұрақтар


1.Берілген экспериментте жануар қандай патогендік факторлардың әсеріне ұшырады?

2.Көрсетілген факторлардың қайсысы дамыған патологиялық үрдістің (гипабариялық гипоксияның) себебі болып табылады?

3.Ұсынылған болжамдарды эксперимент арқылы қалай тексеруге болады?

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Сұрақтар

Тесттер

1.Патологиялық физиология – ... зерттейтін ғылым.

А) аурудың пайда болуының жалпы заңдылықтарын, ағымын және ауру аяқталуын

В) физиологиялық жағдайлардағы организмнің тіршілік әрекетін.

С) аурудың жіктелулері мен номенклатурасын

Д) аурулардың клиникалық көріністерін

Е) адам организміне дәрілік заттардың ықпал жасауын

2.Патологиялық экспериментте міндетті болып саналады ... .

А) адам ауруларының моделін жануарларда алу

В) функционалдық көрсеткіштерді зерттеу

С) морфологиялық көрсеткіштерді зерттеу

Д) биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу

Е) аурудың клиникалық белгілерін зерттеу

3.Абсцесс дегеніміз – бұл ... .

А) патологиялық жағдай

В) патологиялық серпіліс

С) патологиялық үрдіс

Д) патологиялық активация

Е) патологиялық супрессия

4.Күйіктен кейінгі терідегі тыртық ... жатады.

А) патологиялық жағдайға

В) патологиялық реакцияға

С) патологиялық үрдіске

Д) патологиялық активацияға

Е) патологиялық супрессияға

5.Ауру дамуындағы себебі мен себепкер жағдайлары туралы ілім ... деп

аталады.

А) нозология

В) патогенез

С) этиология

Д) патология

Е) валеология

6.Аурудың себебі болып табылатын фактор ... .

А) аурудың пайда болуына септесетін

В) ауруды тудыратын және арнайы ерекшеліктерін анықтайтын фактор

С) аурудың арнайы емес ерекшеліктерін анықтайтын

Д) аурудың пайда болу жиілігіне әсер ететін

Е) аурудың ауырлығын анықтайтын және даму ұзақтылығына әсер ететін

7.Ауру даму үшін ... .

А) бір себептің әсері жеткілікті

В) себептің әсерінсіз тек жағдайлар жиынтығының әсері қажет

С) міндетті түрде тұқым қуалауға бейімділік қажет

Д) ауруды дамытатын себеп те жағдайда қажет

Е) себептер жиынтығының әсері қажет

8.Патогенез – бұл ... ғылым.

А) ауру себептері мен даму жағдайлары жайлы

В) ауру туралы

С)аурудың даму механизмдері туралы

Д) организм реактивтілігі туралы

Е) организм тұқым қуалаушылығы туралы

9.Аурудың патогенезін зерттеу ... сұраққа жауап береді.

А) ауру неге туындады?

В) ауру туындауының себебі қайсы?

С) ауру дамуына не әкеледі?

Д) ауру дамуына не кедергі?

Е) ауру қалай, қандай жолмен дамиды?

10.Патогенездегі алғашқы тізбегі болып ... табылады.

А)екіншілік бүліністер

В) аурудың асқынуы

С) созылмалы түрге айналуы

Д) біріншілік бүліністер

Е) айналып соғу шеңбері



Жағдайлық есеп

Науқастын II дәрижеде 25% денесі температуралық қүйіктен жарақатталынды. Жағдайы ауыр. Науқас қоздырылу, күрделі шөлдеу, пульсы жиы, жене оның кернеу мен толтыруы әлсіз. Қан қысымы 100/60 с.б..

Сұрақтар

1.Науқастың жағдайын қалай түсіндіруге болады?

2.Патофизиологиялық негізгі емдеу шарттары қандай?

Әдістемелік өндеу №2

1.Тақырыбы: Реактівтілігінің дерттанудағы маңызы.

2.Мақсаты: организм реактивтілігінің сыртқы және ішкі факторларының әсерін түсіндіруді үйрету; организм реактивтілігінің құрылуының негізгі механизмдерін түсіндіру.

3.Оқыту мақсаты


  • реактивтілікті анықтайтын факторларды зерттеу;

  • ауруды емдеу және алдын алуда реактивтіліктің бағыттама өзгерістерінің мүмкіншіліктерін зерттеу;

  • организм реактивтілігінің құрылуының негізгі механизмдерін түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Реактивтілік және резистенттілік. Түсініктердің анықтамасы.

2.Реактивтіліктің түрлері, олардың сипаттамасы.

3.Реактивтілікті анықтайтын факторлар: генотиптің, жастың, жыныстың, конституцияның атқаратын ролі.

4.Патологиялық реактивтілік. Анықтамасы. Сипаттамасы.

5.Ауруды емдеуде және алдын алуда индивидуалдық және топтық реактивтіліктің бағыттық өзгерісі.

6.Иммунитет, оның түрлері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: жылдамдық және шыдамдылық жұмысына адам организмінің адаптациясын үйрену.

Сынаманы орындау барысында тексерілуші үш күштемені орындайды. Біріншісі 30 сек ішінде 20 рет отырып тұруы керек. Екінші күштеме – бар күшімен бір орнында тұрып жүгіру 15 с – бірінші сынамадан 3 мин кейін орындалады.

Үшінші күштеме – 180 қадам минутына атқарылатын бір орнында жүгіру 3 мин – екінші күштемеден 4 мин өткенде орындайды. Әрбір күштеме соңынан зерттелуші жүрек соғысының жиілігін (жсж) және артериялық қысымымен (АД) өлшеп регистрациялауы қажет. Бұл көрсеткіштердің регистрациясы күштемелер арасындағы демалу барысында және үшінші күштемеден 5 мин өткенде жасалынып отырады. Пульсті 10 сек интервалымен есептеп отырады. Зерттеудің нәтижесі бойынша 4 таблицаны толтырамыз. Серпілістің нормотониялық типі әр түрлі дәрежеде сынамаға сипатталады:




Уақыты, с

Күштемеге дейінгі пульсі

Әрбір күштемеден кейінгі пульсі

1-ші күштеме

2-ші күштеме

3-ші күштеме

1\ 2\ 3\

1\ 2\ 3\ 4\

1\ 2\ 3\ 4\ 5\

10

20

30



40

50

60















АҚ сист

АҚ диаст













Пульстің жиілеуімен, систолалық қысымның көтерілуі және диастолалық артериялық қысымның төмендеуімен. Ең маңызды критерий болып ЖСЖ және АҚ қалыпты жағдайдағы деңгейіне дейін қайта орнына келуі: бірінші күштемеден – 2 мин өткенде, екінші күштемеден кейін – 3 мин өткенде, үшінші күштемеден кейін – 4 мин өткенде демалысында тексеріп отыру қажет. Гипертониялық түрі систолалық АҚ 180-220 мм с.б. кенеттен көтерілуі мен сипатталады. Диастолалық қысым өзгермейді немесе аз ғана көтеріледі. ЖСЖ өте сылбыр қалпына келуімен жоғарғы пульстік реакция байқалады. Гипотониялық серпіліс түрі систолалық қысымның білінер-білінбес көтерілуімен, ал пульс екінші және үшінші күштемеден кейін 170-190 соққыға дейін жиілеуімен сипатталады.

Қайта қалпына келу уақыты созылады. Бұл өзгерістер систолалық көлем-нің азырақ көтерілгенімен жүрек жиырылуының жиілігінің есебінен минуттық көлемнің жоғарылауына байланысты болуы мүмкін. Дистониялық серпіліс түрі екінші және үшінші күштемеден кейін 0 – ге теңелетін диастолалық АҚ төмендеуімен сипатталады. Мұны біз «тоқтаусыз ағым феномені» дейміз. Бұл кезде систолалық АҚ ең жоғарысы 180-200 мм с.б. көтеріледі.

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Биологиялық (түрлік) реактивтіліктің көрінісі ... болып табылады.

А) мезгілдік анабиоз

В) зооноздар

С) қабыну

Д) аллергия

Е) антропоноздар

F) жануарлардың мезгілдік миграциясы

2.Реактивтілікті анықтайтын жүйелерге ... жүйесіні жатқызады.

А) иммундық

В) жүрек-тамырлық

С) жүйелік

Д) қан

Е) эндокриндік



F) бүйректік

G) арнайы емес тосқауылдар

3.Реактивтіліктің жүйке жүйесі жағдайын сипаттайтын көрсеткіштеріне ... жатқызады.

А) хронаксияны

В) комплемент титрін

С) АКТГ/СТГ гормондарының арақатынасы

Д) шартсыз рефлекстердің күшін және жылдамдығын

Е) гипофиз гормондарының концентрациясын

F) шартты рефлекстер күші және жылдамдығын

G) қозғыштығын

Н) қандағы пирогендер концентрациясын

4.Эндокринді жүйе жағдайын сипаттайтын реактивтіліктің көрсеткіштеріне ... жатқызады.

А) қандағы гормондардың концентрациясын

В) қозғыштығын

С) зәрдегі гормон концентрациясын

Д) нысана жасушадағы гормондарға рецепторлардың саны

Е) қандағы пирогендер концентрациясы

F) АКТГ/СТГ және ГСК/МК гормондарының арақатынастары

G) комплемент титрі

5.Иммундық жүйе жағдайын сипаттайтын реактивтіліктің көрсеткіштеріне ... жатады.

А) лимфоциттердің саны

В) АКТГ/СТГ гормондарының арақатынасы

С) лимфоциттердің популяция және субпопуляциясының арақатынасы

Д) қандағы пирогендерконцентрациясы

Е) тері бактерицидтік қасиеті

F) иммуноглобулиндер концентрациясын

G) митогендермен бласттрансформация серпілісінің белсенділігін

Н) хронаксиясын

6.Арнайы емес тосқауылдардың жағдайын сипаттайтын реактивтіліктің көрсеткіштеріне ... жатқызуға болмайды.

А) иммуноглобулиндер концентрациясын

В) терінің бактерицидтік қасиетін

С) асқазан сөлі қышқылдығын және құрамын

Д) биологиялық сұйықтықтарда лизицим концентрациясын

Е) нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділігін

7.Арнайы емес физиологиялық реактивтіліктің көрінісі ... болуы мүмкін.

А) шок


В) кома

С) мезгілдік анабиоз

Д) иммунитет

Е) аллергия

F) ағзалар және жүйелердің мезгілдік өзгерістері

8.Арнайы физиологиялық реактивтіліктің көрінісі ... болуы мүмкін.

А) шок

В) кома


С) иммунотапшылық

Д) мезгілдік анабиоз

Е) туа пайда болған иммунитет

F) жүре пайда болған иммунитет

G) аллергия

9.Жоғары арнайыланған патологиялық реактивтіліктің көрінісі ... болуы мүмкін.

А) гуморалды аллергия

В) иммунитет

С) шок

Д) иммундық тапшылық



Е) иммундық депрессиялар

F) кома


G) жасушалық аллергия

10.Төмендеген арнайы патологиялық реактивтіліктің көрінісі ... болуы мүмкін.

А) гуморалды аллергия

В) иммунитет

С) шок

Д) иммундық тапшылық



Е) иммундық депрессиялар

F) жасушалық аллергия

G) жасушалық аллергия

Н) анабиоз



Жағдайлық есеп

Антибиотикті инъекция түрінде жасап, 20 минуттан кейің, балтыр флегмонасымен аурыатын науқас шағым айтты:қорқыныш сезімі,мазасыздық,бетінің қызаруы,қан қысымы 180/90 мм.с.б.

Ендігі 20 минуттан кейін науқастын жағдайы нашарлады: әлсіздік,есінің шатасуы,қалтырау,қан қысымы 75/55 с.б.

Сұрақтар

1.Пациентте қандай жағдай дамиды?

2.Ем жолдары қандай?



Әдістемелік өндеу №3

1.Тақырыбы: Жасушаның жалпы патологиясы.

2.Мақсаты: жасуша деңгейінде патологиялық үрдістердің дамуы және аяқталуының механизмдерінің пайда болу себептерін тұжарымдауды үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • жасушалық деңгейде зақымданудың анықтауы, коррекциялау және алдын алу әдістері мен ұстанымдарын зерттеу.

  • әр түрлі ауруларда цитолиздік синдроммен байланысты жағдайда білімін қолдана алу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.«Жасуша зақымдануы» деген түсінікке сипаттама беру.

2.Жасуша зақымдануының экзогенді және эндогенді факторлары.

3.Жасушаның қайтымды және қайтымсыз зақымдануындағы құрылымдық зат алмасулық, физика-химиялық және функционалдық өзгерістері.

4.Жасуша зақымдануының типтік механизмдері.

5.Жасуша зақымдануындағы бос радикалдардың және Са 2+ маңызы.

6.Апоптоз. Апоптоз себебіжәне механизмдері.

7.Жасуша зақымдануындағы адаптациялық серпілістер.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: гемолитикалық анемияның моделін жасау.

Гемолитикалық анемияны моделін алу үшін тышқандарға фенилгидразин енгізді. Яғни ол жасушадағы бос радикалдық реакцияны белсендіруші, ретінде танымал. Фенилгидразинді енгізгеннен 30 мин өткенде жануарлардың қанында эритроциттердің саны төмендегені және бос гемоглобинмен метгемоглобиннің бар екендігі анықталды.

Сұрақтар


1.Эритроцит мембранасының зақымдану механизмдері қандай?

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1. ... жасушаның гендік бағдарламасының өзгеруі нәтижесінде жасушаның зақымдануы мүмкін.

А) Патологиялық гендердің экспрессиясында

В) Қалыпты гендердің репрессиясында

С) Гендердің транслокациясында

Д) Гендер құрылымының өзгерісінде

Е) Негізгі систосиымдылықты комплекс гендерінің экспрессиясында

2.Ишемиялық зақымдануда жасушадағы иондар және судың тепе-теңдігі

бұзылыстарының көріністеріне ... жатады.

А) К + жиналуы

В) Na + жиналуы

С) Cl деңгейінің төмендеуі

Д) PO -4 жиналуы

Е) H + деңгейінің төмендеуі

F) Гипергидратация

G) НСО -3 жиналуы

H) ОН - жиналуы

3.Жасуша зақымдануының механизмдерінің бірі нәтижесінде ... жасуша ішілік үрдістердің реттелуі бұзылыстары болып табылады.

А) жасуша рецепторларымен биологиялық активті заттардың өзара әрекеттесуінің бұзылыстары

В) гормондар мен енйромедиаторлардың әсеріне жауап ретінде түзілетін екінші-аралық заттардың әсерінің блокадасы.

С) циклдік нуклеотидтермен реттелетін зат алмасулық үрдістердің тежелуі

Д) жасуша ферменттердің шектен тыс белсендірілуі

Е) эндоплазмалық ретикулумда кальций иондарының циклдік транслокациясы

4.Жасуша мембранасының зақымдану механимздері ... болып табылады.

А) бос радикалды және липопероксидті серпілістердің интенсификациясы

В) цитозольге лизосомдық гидролазалардың шығуы

С) жасуша ішілік және мембраналық фосфолипазалардың активациясы

Д) жасушаға глюкоза транспортының активациясы

Е) жасуша және жасуша ішілік құрылымдардың осмостық гипергидратациясы

F) цитолеммада белоктардың адсорбциясы

G) липидтер сутек асқын тотығының зақымдаушы әсері

5.Энергия қамтамасыз етуі бұзылысына байланысты жасуша зақымдануы ... дамуы мүмкін.

А) митохондрияларда тотығу үрдістерінің бұзылыстарында

В) гликолиз төмендеуі

С) КФК және адениннуклеотидтрансфераза активтілігінің төмендеуі

Д) плазматикалық мембранадағы Ка+, К+ - АТФ аза активтілігінің төмендеуі

Е) креатинин деңгейінің төмендеуі

F) гликогенолиз төмендеуі

G) саркоплазмалық ретикулумда Са 2+, Мg2+ - АТФаза активтілігінің төмендеуі

6.Апоптоз некроздан айырмашылығы – ... .

А) жасушалық мембраналардың айқын зақымдануы дамиды

В) физиологиялық жағдайда «артық» жасушалардың жоюын қамтамасыз етеді

С) қабынуды қайталайды

Д) жасушаның «бүрісуімен» бірге жүреді

Е) механизмнің реализациясында лизосомды ферменттердің маңызы зор

F) апоптоз механизмінде цитозоль каспазасының маңызы зор

G) гендік түрде бағдарламаланған

7.Бос радикалдардан жасушаны қорғайтын заттарға ... жатады.

А) токоферолдар

В) екі валентті темір ионы

С) СОД

Д) сульфатаза



Е) пероксидаза

F) глюкуронидаза

G) витамин А

8. ... жасуша мембранасына детергентті әсеретеді.

А) Май қышқылы

В) Лизофосфолипидтер

С) Кетондық денелер

Д) Лактат

Е) Өт қышқылы

F) Амин қышқылы

G) Гликоген

9.Бос радикалдық және асқын тотықтық серпілістердің шектен тыс активациялануы ... шақырады.

А) жасуша мембранасының липопротеидті комплексінің конформациялық өзгерістері

В) ақуыз сульфгидрильді тобының инактивациялануы

С) фосфолипаза активациясы

Д) тотығу-фосфорлану үрдісінің төмендеуі

Е) Na+, Са +, трансмембраналық алмасу механизмі активтілігінің төмендеуі

F) мембранамен байланысты рецепторлар функциясының активациялануы

10.Жасуша антимутациялық жүйесінің ферменттеріне ... жатады.

А) рестриктаза

В) гистаминаза

С) гиалуронидаза

Д) ДНК - полимераза

Е) креатинфосфаткиназа

F) ДНҚ- лигаза



Жағдайлық есеп

Клиникаға түскен емізулі екі монозиготты егіздердің бауыр ұлғаюы анықталған, аш қарынға қан сарысуында көмірсу деңгейі төмендеген, адреналинді енгізгенде глюкоза деңгейі аздап қана көтеріледі, бауыр жасушаларында фосфорилаза фктивтілігі төмендеген және гликоген мөлшері жоғарылаған.

Сұрақтар

1.Егіздерде қандай патологиялық үрдіс дамыды?

2.Бұл патологиялық үрдістің қандай себебі болуы мүмкін?

3.Гепатоциттердегі берілген патологиялық түзілу механизмі қандай?

4.Гепатомегалия, гипогликемия және адреналиннің әлсіз гипергликемиялық әсерінің даму механизмі қандай?

Әдістемелік өндеу №4

1.Тақырыбы: Шеткері қанайналымының бұзылыстары.

2.Мақсаты: ағзалық-тіндік қанайналым және микрогемоциркуляция бұзылыстарымен байланысты клиникалық және моделдеу жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты


  • шетккері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстарының клиникалық көріністерін және олардың патогенезін зерттеу;

  • шеткері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстарының негізгі

түрлерінің жіктелуін түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Шеткері қанайналым және микроциркуляция бұзылыстарының түрлері.

2.Вазоконстрикция, вазодилятация механизмдері.

3.Компрессиялық және рециркуляторлық ишемия механизмдері.

4.Артериялық және веналық толыққандылықтың механизмдері

5.Ишемияның клиникалық механизмдері.

6.Артериялық және веноздық толыққандылықтың клиникалық көріністері.

7.Тромбоз. Тромбоэмболиялар.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: бақада артериялық және веналық гиперемияны туғызу.

Қимылсыздандырылған бақаны тақтайшаға іш қуысын жоғарыға қаратып орналастырамыз. Бақаның оң жақ бүйірі тақтайшадағы дөңгелек тесіктің үстіне үштен ортаңғы бөлігі түсуі керек. Ортаңғы және төменгі үштен бір бөлігінің оң жақ іш сызығында қайшымен біртіндеп бірінші терісін, бұлшық етін іш пердесін кесеміз. Ішкі органдарды зақымдап алмай ашылған іш қуысынан аш ішекті шығарып, тақтайшаның бүйір тесіктерінің үстіне іш шажырқайын түйрегішпен бекітеміз. Шажырқай препаратын дайындап жатқанда ішектің айналып кетпеуін бақылау керек. Дайындалған препаратты микроскоппен үлкейтілген күйде тамырлар ішіндегі қалыпты жағдайдағы қан ағу көрінісін үйренеді. Тамырдың ішкі қуысына, қызмет атқаратын капиллярлар санына, олардағы қан ағу жылдамдығына көңіл аудару керек. Артериалды және веналық гиперемияға тән өзгерістерді түсіндіреді.

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Артериялық гиперемияның негізгі тізбегі ... болып табылады.

А) жұмыс істейтін капиллярлар санының көбеюі

В) қан келуінің азаюы

С) қанның ағып кетуінің қиындауы

Д) қан ағымының сызықтық жылдамдығының жоғарылауы

Е) артериолалардың кеңеюі, қан ағып келуінің жоғарылауы

2.Артериялық гиперемияға ... тән.

А) қан ағымының көлемдік жылдамдылығының азаюы

В) веналық қанның артериялизациялануы

С) дәнекер тіннің өсіп кетуі

Д) тамырлардың көлденең кесіндісінің ауданы азаюы

Е) қызмет атқаратын қылтамыр санының азаюы

3.Артериялық гиперемия кезінде микроциркуляцияның өзгерістеріне ... тән.

а) қан ағымының көлемдік жылдамдығының төмендеуі

б) веналық қанның артериализациялануы

в) капиллярлық қысымның жоғарылауы

г) қан тамырларының көлденең қимасының ауданының кішіреюі

д) қызмет атқаратын қыл тамырлардың санының көбеюі

А) в,г,д

В) а,в,г,

С) б,в,д


Д) а,б

Е) г,д


4.Артериялық гиперемия белгісі ... болып табылады.

А) ұлпа температурасының жоғарылауы

В) ұлпаның көгеруі

С) қан ағу жылдамдығының баяулауы

Д) веналық қысымның жоғарылауы

Е) ұлпа көлемінің кішіреюі

5.Артериялық гиперемия кезінде ... байқалады.

А) қызару

В) көгеру

С) тін тургорының төмендеуі

Д) тін бөліктері температурасының төмендеуі

Е) жергілікті температурасының төмендеуі

6.Артериялық гиперемия салдарына ... жатады.

а) тіннің некрозы

б) ағза қызметінің күшеюі

в) қан тамырларының жыртылып қан құйылуы немесе эритроциттердің тамыр сыртына шығуы

г) дәнекер тіннің өсіп кетуі

д) зат алмасу өнімдерінің қарқынды шығарылуы және дерттің жайылуы

А) б,в,д

В) в,г,д


С) а,б,в

Д) а,г,д


Е) а,б,д

7.Веналық гиперемияның даму себебі ... болуы мүмкін.

А) әкелуші артерияның қысылып қалуы

В) ангиоспазм

С) әкелуші артерия саңылауының тромбпен бітелуі

Д) веналардың ісікпен басылып қалуы

Е) ұлпа жұмысының күшеюі

8.Веналық гиперемияның себебіне ... жатады.

А) артериолардың кеңеюі

В) артериосклероз

С) вена қақпақшаларының жеткіліксіздігі

Д) артерияның тромбозы

Е) артериолалардың тарылуы

9.Ишемия дамуының себебі ... болуы мүмкін.

А) ангиоспазм

В) ұлпалардың қызметінің артуы

С) тамыр тарылтқыш жүйкелердің зақымдануы

Д) веналардың ісіктермен бітелуі

Е) веналардың тромбпен бітелуі

10.Компрессиялық ишемия ... пайда болады.

А) сырттан артерияның қысылып қалуында

В) артерияның жыртылуында

С) артериялардың тромбпен бітелуінде

Д) артериялардың тарылуында

Е) артериялардың эмболмен бітелуінде

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет