Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ


Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)



бет60/65
Дата06.09.2023
өлшемі0.75 Mb.
#476739
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз (1)

7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Шаншуға арналған ерітінділерге қандай талаптар қойылады?

  2. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау үшін асептикалық жағдайларды жасау қалай жүргізіледі. Шаншуға арналған ерітінділердің стерильдігін және апирогендігін қамтамасыз ету үшін асептиканың маңызы.

  3. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау үшін қандай еріткіштер қолданылады.

  4. Шаншуға арналған суды алу үшін қолданылатын аппараттар. Оны сақтау және сапасын бағалау ережелері.

  5. Құтыларды, тығындарды, қосымша материалдарды алдын ала өңдеу неге негізделген және шаншуға арналған ерітінділердің сапасын қамтамасыз етуде маңызы қандай?.

  6. Әлсіз негіз және күшті қышқыл, күшті негіз және әлсіз қышқыл тұздары ерітінділерін тұрақтандыру механизмі.

  7. Шаншуға арналған ерітінділерді фильтрлеу үшін қолданылатын фильтрлеуші материалдар және аппараттар. Шаншуға арналған ерітінділер технологиясының қай сатысында механикалық қоспаларға тексереді?

  8. Шаншуға арналған ерітінділерді дәріхана жағдайында қалай дайындайды және бұл жағдайларды қалай қамтамасыз етеді?

  9. Шаншуға арналған су қандай талаптарға жауап беруі тиіс?

  10. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау технологиясы қандай сатылардан тұрады?

  11. Шаншуға арналған ерітінділерді механикалық қоспалардан қалай тазартады?

  12. Тұрақтандырғыштар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі.

  13. Шаншуға арналған глюкоза ерітінділерін дәріхана жағдайында қалай дайындайды?

  14. Жылы стерилизацияға тұрақсыз шаншуға арналған дәрілік заттар ерітінділерін қалай дайындайды?

15. Шаншуға арналған ерітінділерді изотондау қажеттілігі немен түсіндіріледі?
16. Изотондық концентрацияларды есептеудің қандай тәсілдерін білесіз?
17. Изотондық коэффициент дегеніміз не?
18. Вант-Гофф және Рауль заңдары бойынша изотондық концентрацияны есептеу.
19. Натрий хлориді бойынша изотондығын есептеу.
20. Шаншуға арналған ерітінділердің стерильдігін бақылау қалай жүргізіледі?
21. Шаншуға арналған ерітінділердің апирогенділігін тексеру қалай жүргізіледі?
22. Шаншуға арналған ерітінділердің сапасын бағалау қалай жүргізіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет