ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет2/8
Дата26.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#159060
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Мақсаты: Студенттердің алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар негіздерін, практикалық эпидемиология принциптерін, табиғи ошақтың қалыптасуына ықпал ететін жағдайлардың теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру. Дезинфекцияның әдістемелік және теориялық негіздерін меңгеру, техникалық құралдар мен препараттарды қолдану әдістерін, эпидемиялық ошақтарды жоюда және алдын алуда әртүрлі эпидемиологиялық маңызды объектілерде дезинфекциялық шараларды ұйымдастыру. Стерилизация әдістерін меңгеру, оларды жүргізу және сапасын тексеруді меңгеру.

3. Тапсырма:

              1. Дезинфекция әдістері мен тәсілдерін оқып білу.

              2. Нақты бір дезинфекциялық затты регламенттейтін құжаттарды оқып білу.

              3. Стерилизацияның әдістері мен тәсілдерін оқып білу.

              4. Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құрастырған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

  • Реферат, презентация дайындау

  • Тапсырма құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

1. 5 –6 апта.



7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.

2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық



паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.

8. Бақылау ( тесттер):

1. Дезинфекция түрлері:

А) алдын алу

Б) химиялық

В)физикалық

Г)биологиялық

Д) механикалық

2. Стерилизациялауға жататын медициналық заттар мен құралдар:

А)жарақат беткейімен жанасқанда

Б)қанмен жанасқанда

В)ине препараттарымен жанасқанда

Г)кілегей қабаттармен жанасқанда

Д)тонометрлер, фонендоскоптар

3. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда қолданылған медициналық құралдарды стерилизация алды қанды тазалау сапалылығын қай сынамамен анықтайды?

А) Азопирамды

В) Фенолфталеинді

С) Судандық

D) Бензидиндік

Е) Гасперлендік

4. Ішек инфекциясымен ауырған науқастың қолданылған ыдыстарын 1% ас сода ерітіндісінде қайнату.

Толық залалсыздандыру үшін қанша уақыт қайнату қажет?

A) 15 мин

B) 3 мин

C) 10 мин

D) 12 мин

E) 5 мин

01_05_каз.

5. Орталықтандырылған стерилизация орталығында стерилизация алды қанды тазалау сапалылығын бақылау қандай жиілікте өткізілуі қажет?

A) күнінен 1 рет

B) айына 1 рет

C) кварталына 1 рет

D) аптасына 1 рет

E) жылына 1 рет

6. Хлорлы әктің қандай төмен концентрациялы мөлшерін қолдануға рұқсат етілмейді?

A) 16%

B) 38%


C) 32%

D) 28%


E) 12%

7. Дезинфекцияның көбірек маңызы бар, инфекция тобын анықтаңдар:



  1. тігінен берілетін инфекция

  2. тыныс алу жолымен берілетін инфекция

  3. ішектік

  4. трансмиссивті

  5. тері жамылғылық инфекция

8. Тырысқақтың эпидемиялық ошағында қорытынды дезинфекция жүргізілді. Мұндай жағдайда судан сынаманы неше реттен төмен алмауы тиіс?

A) 3-ден аз емес

B) 4-ден аз емес

C) 5-ден аз емес

D) 7-ден аз емес

E) 10-нан аз емес

9. Іш сүзегімен ауырған науқасты анықтап және оңашалағаннан кейін эпидемиялық ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Жүргізілген эпидемияға қарсы шаралардың сапасын бағалауды қамту қанша пайыздан (%) төмен болмауы мүмкін?

A) 80

В) 100


C) 90

D) 70


E) 60

10. Ойыншықтарды, науқастың заттарын дезинфекциялау үшін не қолданылады?



  1. қышқылдар

  2. формальдегид

  3. лизол

  4. хлорамин

  5. фенол

11. Йод қосылыстарымен нені дезинфекциялайды:

  1. ыдыс аяқ және тұрмыстық заттарды

  2. хирургтардың және операциялық мед. бикелердің қолдарын

  3. науқастардың төсек орындарын

  4. ауруханада бөлмені

  5. тағам өнімдерін

12. Дезинфекция жүргізгенде қандай препарат қолданылады?

  1. бор қышқылы

  2. дихлор

  3. карбамат

  4. пиретрум

  5. цинк фосфиді

13. Орталық стерилизациялық бөлімдерде стерилизация алды тазалау сапасына бақылау жүргізгенде қан қалдығына тексеру қаншалықты жиі жүргізілуі тиіс?

A) Жылына 1 рет

B) Айына 1 рет

C) Кварталына 1 рет

D) Аптасына 1 рет

E) Күніне 1 рет



1. Тақырыбы №6: Буынаяқтылардың эпидемиологиялық маңызы. Дезинсекция: тасымалдаушылармен күресу әдістері.

Кеміргіштердің эпидемиологиялық маңызы. Дератизация: анықтамасы, әдістері, кеміргіштермен күресу заттары және түрлері.

Жұқпалы және паразитарлық сырқаттанушылыққа эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігі және рөлі.

2. Мақсаты: студенттердің дезинсекция мен дератизацияның әдістемелік және теориялық негіздерін меңгеру, техникалық құралдар мен препараттарды қолдану әдістерін, эпидемиялық ошақтарды жоюда және алдын алуда әртүрлі эпидемиологиялық маңызды объектілерде дезинфекциялық шараларды ұйымдастыру; жұқпалы және паразитарлық сырқаттанушылыққа эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігі және рөлі туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Тапсырма:


  • Әртүрлі инфекцияларда эпидемияға қарсы шаралар жүйесінде дезинсекцияның мәнін оқып білу.

  • Дезинсекцияның әдістері мен тәсілдерін оқып білу.

  • Дезинсекция сапасын бағалау әдістрін оқып білу.

  • Деразитация заттары және негізгі әдістерін оқып білу.

  • Дератизацияның негізгі тәсілдерін оқып білу.

  • Кеміргіштердің орналасу жағдайын, олармен күресте дератизациялық шаралар туралы оқып білу.

  • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құрастырған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

  • Реферат, презентация дайындау

  • Тестік сұрақтар құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  1. 6 – 7 апта.

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.

2. Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Әміреев С.Ә.,

Ирсимбетова Н.А. – Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2002ж.



8. Бақылау ( тесттер):

1. Дезинсекцияға жататын инфекцияны таңдаңыз:

а) кене энцефалиті

б) бөртпе сүзек

в) дизентерия

г) тырысқақ

д) қайталамалы сүзек

2. Буынаяқтыларды жоюға қолданатын химиялық заттар:

А) инсектицидтер

Б) репелленттер

В) ультракүлгін сәулелері

Г) ультрадыбыс

Д) пастеризация

3. Жұқпалы ауруларды тасымалдайтын және көзі болып табылатын кеміргіштерді жоюға бағытталған шара қалай аталады?

А) дезинфекция

Б) дезинсекция

В) дератизация

Г) дегазация

Д) дезактивация

4. Бас биттері бар адамдарды өңдеу үшін қолданады:

А) бензил- бензоат 20% су-сабын эмульсиясы

Б) хлорамин

В) гипохлорит кальция

Г) формалин

Д) каприл қышқылы

5. Терапиялық бөлімшеге түскен науқасты қабылдау бөлімшесінде қарағанда, бас биттері мен сіркелер табылды. Науқастың киімін, іш киімін және басын тазалау жүргізуге нұсқау беріңіз.

1. Басты инсектицидты сабындармен тазалау

2. Басты карбофосты эмульсиямен тазалау

3. Басты ыстық суда кір сабынмен жуу

4. Іш киімдерді карбофосты эмульсияға салып қою

5. Іш киімдерді хлорамин ертіндісіне салып қою

6.киімдерді камералық өңдеуге жіберу.

6. Дезинсекция маңызды орын алатын инфекцияны атаңыз:

А) кене энцефалиті;

Б) бөртпе сүзегі;

В) дизентерия;

Г) тырысқақ;

Д) қайталамалы сүзек.

7. Аса қауіпті жұқпалы ауруларды жыл сайын алдын алу үшін дератизация жүргізіледі.

Қалада көктем айында 1000кв.м. дератизация сапасының қанағаттанарлық көрсеткішіне сай болу үшін, қанша кеміргіштерді ұстау керек?

А) 1,0-ден көп емес

В) 2,0-ден көп емес

C) 3,0-ден көп емес

D) 4,0-ден көп емес

E) 5,0-ден көп емес

8. Аса қауіпті жұқпалы ауруларды жыл сайын алдын алу үшін дератизация жүргізіледі.

Ауылда көктем айында 1000кв.м. дератизация сапасының қанағаттанарлық көрсеткішіне сай болу үшін, қанша кеміргіштерді ұстау керек?

А) 2,0-ден көп емес

В) 3,0-ден көп емес

C) 1,0-ден көп емес

D) 4,0-ден көп емес

E) 5,0-ден көп емес

9. Жыл сайын жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу шаралары жүргізіледі. Жеке меншік үйлерде, қораларда, азық-түліктерді, көкөністерді сақтау қоймаларында кеміргіштерге қарсы уларды қандай арақашықта қою керек?

A) 5-6 м

B) 1-2 м

C) 3-4 м


D) 7-8 м

E) 9-10 м

10. Жыл сайын жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу шаралары жүргізіледі. Балалар және емдеу мекемелерінде, тұрғылықты үйлерде кеміргіштерге қарсы уларды қандай арақашықта қою керек?

A) 10-12м

B) 1-2м

C) 6-7м


D) 3-4м

E) 8-9м


1. Тақырыбы №7: Иммунизацияның кеңейтілген бағдарламасы.

Иммундыпрофилактиканың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасында иммундыпрофилактиканы жүргізудің ерекшеліктері. Иммунобиологиялық препараттар. Иммундыпрофилактиканы ұйымдастыру. Вакцинамен алдын алу тиімділігін бағалау.



2. Мақсаты: студенттердің жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында иммундыпрофилактиканы ұйымдастыруды және жүргізуді үйрету. ҚР иммундыпрофилактиканы жүргізудің ерекшеліктері; вакцинды-профилактиканың жетістіктері мен перспективалары туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Тапсырма:

  1. Жұқпалы аурулар кезінде иммунитеттің қалыптасу заңдылығын игеру;

  2. Адамның иммунды статусын бағалау әдістерін игеру;

  3. Екпе кабинетінің жабдықталуы.

  4. Иммунизация жүргізуге талап.

  5. Алдын алу екпелерді жоспарлау.

  6. Иммунды алдын алудың балаларға қауіпсіздігі және тиімділігіне әсер ететін факторларды бағалау.

  7. Балалар мен ересектерге иммунизация жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу.

  8. Вакцинопрофилактиканың сапасы мен тиімділігін бағалау.

4. Орындау түрі:

  • Реферат, презентация дайындау

  • Тестік сұрақтар құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  1. 7 – 8 апта.

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н., 2006.

2. Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. Алматы, 2000ж.

9. Бақылау (тесттер):

1. Егу бойынша есеп беру нысанасы:

А) Ф.№ 5

Б) Ф.№ 357/у

В) Ф.№ 30

Г) Ф.№ 25

Д) Ф.№ 6

2.Тірі вакциналар сақталады:

А) тоңазытқышта

Б) тремостатта

В) қоймада бөлме температурасында

Г) барокамерада

Д) вакуумде

3. Бактериофагты сақтау керек:

А) тоңазытқышта

Б) 37С термостатта

В) бөлме температурасында

Г) эксикаторда

Д) сейфте

4. БЦЖ вакцинасын енгізеді:

А) тері ішіне

Б) тері үстіне

В) тері астына

Г) ауыз арқылы

Д) бұлшық етке

5. Анатоксинді алу үшін қолданылады:

А) формалин

Б) қыздыру

В) қышқылдар

Г) оксидтер

Д) сілтілер

6. Белсенді иммунитет пайда ету ушін қолданылады:

А) бактериофаг

Б) интерферон

В) иммундыглобулин

Г) вирусқа қарсы препараттар

Д) тірі және инактивацияланған вакцина, анатоксин

7. Жасанды белсенді иммунитет пайда ету жолдары:

А) бактериофаг

Б) иммуноглобулиндер

В) тірі вакцина егу

Г) сарысу егу

Д) анатоксин егу

8. Жоспарлы егуді ұйымдастыру мен жүргізуге қатысады:

А) педиатр, терапевт, бактериолог, иммунолог

Б) терапевт, эпидемиолог, иммунолог, мед. бике

В) педиатр, дәрігер-лаборант, мед. бике, эпидемиолог

Г) педиатр, терапевт, бактериолог, мед. бике

Д) терапевт, кардиолог, иммунолог, медбике

9. Тірі вакциналар...

А) көкжөтел вакцинасы

Б) антирабиялық вакцина

В) БЦЖ

Г) іш сүзегіне қарсы



Д) сальмонеллезді бактериофаг

  1. Тірі ивакциналарады дайындауда вакциналық штамдарға қойылатын

талаптар:

а) вируленттілігі мен патогенділінің жоқтығы

б) вируленттілігінің жоқтығы, патогенділілгінің жоғарылығы

в) иммуногенділігінің жоғарылығы

г) антигендердің толық жиыны

д) антиденелердің толық жиыны

10.Тірі вакциналарды сақтау қажет:

А) мұздатқышта 0+80С-та

Б) термостатта

В) бөлме температурасында

Г) -100С-темпеаратурада

Д) биксте, бөлме температурасында



1. Тақырыбы №8: Грипп, құс тұмауы этиологиясы мен эпидемиялогиялық жағдайларына заманауи көзқарас. Грипп, құс тұмауы кезінде шаралардың стандарты және алгоритмдері. Н1N1 грипп вирусымен шақырылған аурулардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы.

2. Мақсаты: студенттердің грипп, Н1N1 грипп, құс тұмауының эпид.анамнезін дұрыс жинауға эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастыру негіздері туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Тапсырма:

  1. Грипп, құс және шошқа тұмауының анықтамасы.

  2. Грипп, құс және шошқа тұмауының этиологиясы және эпидемиологиясы, H1N1 вирусының берілу жолы .

  3. Студент құрастырған нақты есепті шешу, ошақтағы эпидемияға қарсы шараларды белгілеу.

  4. H1N1 вирусымен шақырылған эпидемиологияның теориялық білімдерін қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

  1. Рефератты құру және қорғау

  2. Есептер құру

  3. Шаралар алгоритмі және стандарты

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  • 8-9 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.

2. Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2000ж

8. Бақылау ( тесттер, есептер):

Тесттер:

1. ... жататын тұмау қоздырғыштары аса үлкен эпидемиологиялық мәні бар.

а) А тұмау қоздырғышының серотипі

б) В тұмау қоздырғышының серотипі

в) С тұмау қоздырғышының серотипі

г) тұмау тәрізділердің қоздырғыштары

2.Тұмау қоздырғышының негізгі көзі:

а) адам, тұмаумен ауырған науқас

б) адамдағы персистентті тұмау қоздырғышы

в) вирустасымалдаушы

г) үй жануарлары және құстар

3. Тұмауға тән клиникалық белгілерін көрсетіңіз:

а) үдемелі қабыну синдромы

б) жоғарғы тыныс алу жолдарының бұзылуы, үлкен емес қабыну

синдромы

в) аңқаның жалған белгідегі ісігі

г) қарлыңқы дыбыс, «үрмелі жөтел»

д) абдоминальды синдром

4. Қанның қандай клиникалық анализі тұмауға тән?

а) лейкоцитоз

б) лейкопения

в) нейтропения

г) нейтрофилез

д) қалыпты ЭТЖ

5. Тұмаумен ауырған науқастың орташа ауырлық деңгейінің емін көрсетіңіз:

а) міндетті түрде ауруханаға жатқызылады

б) амбулаторлық емдеу

в) пероральді дезинтоксикация

г) антибиотиктер

д) десенсибилизациялық өнімдер, дәрумендар

6. Тұмаудың зертханалық диагностикасы аталған әдістердің барлығымен жүргізіледі, мынадан басқа:

а) тін культурасындағы қоздырғыштардың культивациясы

б) комплимент байланысының реакциясы

в) ТГАР


г) иммунофлюоресценция

7. Тұмау келесі клиникалық формаларды жүргізіледі:

а) жеңіл, симптомсыз

б) орташа ауырлық

в) ауыр

г) қас қағымды (гипертоксикалық)

д) аталғандардың барлығы

8. Балаларда аурухана ішілік вирусты-респираторлы инфекциялардың алдын алу шарасы мынадай мақаттармен жүргізіледі:

а) тұмауға қарсы иммуноглобулин

б) ремантадин

в) лейкоцитарлы интерферон

г) реаферон

д) виразол

9. Тұмау кезінде жиі кездесетін қызба:

а) ремиттирлеуші

б) толқын тәрізді

в) үнемі, 2-5 күн аралығында критикалық төмендеу

г) үнемі, 10-14 күн арлығында литикалық төмендеу

10. H1N1 қоздырғышының аурулардағы диагностикалық критерийлері:

а) тыныс алу жетіспеушілігі

б) лимфотүйіндердің гиперплазиясы және бадамшалардың бұзылуы

в) бауырдың және көкбауырдың ұлғаюы

г) лейкоцитоз және айқын лимфо- және моноцитоз

д) нейтрофилезді лейкоцитоз

11. Тұмау қоздырғышы ... жатады:

а) ротавирустерге

б) пикорна-вирустерге

в) энтеровирустерге

г) ортомиксовирустерге

д) арбовирустерге

12. Респираторлы-синцитильді инфекция ... шақырады:

а) ротавирустар

б) пикорно-вирусты

в) энтеровирусты

г)герпес вирустар

д) миксовирустар

13. Қандай патологиялық процестер аденовирусты инфекцияларды басқа ЖРВИ-дан ажыратылады?

а) конъюктивиттің бұзылуы

б) ішектің шырышты қабықтарының бұзылыстары

в) лимфоидті тіндердің бұзылуы

г) өкпенің бұзылуы

Жағдайлық есеп

1997ж. мамырда Гонконгте 3 жасар бала қызбадан, жұтқыншақтағы жарадан және жөтелден зардап шекті. Ауруы 2 аптаға созылды және пневмониядан қайтыс болды. Трахеядағы сұйықтықтан А тұмау қоздырғышы анықталған, стандарттық реагенттермен анықталмады. Ауруына дейін бала инфицирленген құстармен қарым-қатынаста болған.



  1. Қоздырғыштың берілу жолы, жұғу механизмін және инфекция көзін көрсетіңіз

  2. Асқынуларын көрсетіңіз

  3. Ошақтағы эпидемияға қарсы шаралардың жоспарын құрыңыз.



1. Тақырыбы №9: Туа біткен қызамық синдромы кезіндегі шаралардың стандартты және алгоритмдері. Қызылша кезіндегі шаралардың стандартты және алгоритмдері. Күлдің ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. Менингококкты инфекциялар ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. Мақсаты: студенттердің туа пайда болған қызамық, қызылша инфекцияларының, күл және менингококкты инфекциялардың эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру. эпид.анамнезін дұрыс жинауға, инфекция ошағында қатынаста болғандарды анықтауға, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын белгілеуге үйрету.

3. Тапсырма:

  1. Туа пайда болған қызамық синдромының, қызылшаның, күл және менингококкты инфекцияның анықтамасы.

  2. Туа пайда болған қызамық синдромының, қызылшаның, күл және менингококкты инфекциялардың этиологиясы және эпидемиологиясы, берілу жолы.

  3. Студент құрастырған нақты есепті шешу, ошақтағы эпидемияға қарсы шараларды белгілеу.

  4. Туа пайда болған қызамық синдромының, қызылшаның, күл және менингококкты инфекция синдромдарында эпидемиологияның теориялық білімдерін қолдана отырып, осы инфекциялар ошағында алдын алу шараларын белгілеу.

4. Орындау түрі:

  1. Реферат дайындау және қорғау

  2. Тапсырма құрастыру

  3. Шаралар алгоритмі және стандарты

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  • 9-10 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н., 2006ж.

2. Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А., – Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2000ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет