ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет16/61
Дата27.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488148
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61
метод-ПЗ-эпидем-ОЗ-каз

Жағдайлық есеп №1.
Науқас М., 16 жаста, ГПТУ оқушысы. Ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті. Жедел басталды, тоңып қалтырау, температурасы 39,20С, басы ауырды. Аспириннің 1 таб. ішкен, 3 рет құсқан. Түскендегі шағымдары: басының бірден ауруы. Жағдайы ауыр. Бозарған, әлсіз, бас ауруынан ыңыранады, температурасы 39,30С, бөртпелер жоқ. Қабылдау бөлмесінде құсқан. Жүрек тондары айқын, таза. Пульсі минутына 90, АҚ – 130/95. Іші жұмсақ, ауырмайды. Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі бар және Кернинг симптомы екі жағынан оң мәнді.
Қан анализі: эр. – 4,2 х 1012/л , НВ – 150 г/л, реңдік көрсеткіш – 0,9 л, лейкоциттер 23х1012/л, ЭТЖ – 003-30мм/сағ.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар жоспарын құрыңыз.

Жағдайлық есеп №2.
5 жасар бала, бала – бақшада жедел ауырды. Шағымдары: бастың ауруы, дене қызуының 39,5С – қа дейін көтерлу. Құсу байқалды. Қарау кезінде: менингеалды белгілер оң мәнді, теріде жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер бар.

  1. Болжам диагноз қойыңыз.

  2. Ошақта қандай шараларды жүргізу қажет?

  3. Ауруханаға дейінгі көмекті жүргізіңіз.

  4. Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын алу шаралар жоспарын құрыңыз.

1. Тақырыбы №9: Қызылша және қызамықтың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: Студенттерге қызылша мен қызамықтың эпидемиологиялық жиынтығының ұйымдастыру қа,идалары, этиология сұрақтары бойынша теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Қазақстандағы қызылша мен қызамықтың заманауи бағыттағы күресу және алдын алу шараларымен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:

  • Студенттердің қызылша мен қызамық этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру

  • Қызылша мен қызамық кезіндегі эпидемиялық процестің сипаттамасын меңгеру

  • Қызылша мен қызамық кезіндегі эпидемияға қарсы шаралардың қағидаларын меңгеру

  • Қызылша мен қызамықтың профилактикалық шаралардағы қағидаларын меңгеру

  • Қызылша мен қызамықтың эпидемиялық жиынтығының қағидаларын меңгеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет