ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет44/61
Дата27.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488148
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61
метод-ПЗ-эпидем-ОЗ-каз

Жағдайлық есеп
Ер кісі, 21 жаста қабылдау бөліміне ауруының 6-шы күні мынадай шағымдармен түсті: әлсіздік, оң қабырғысының ауырсынуы, басының ауруы, тәбетінің болмауы, жүрегінің айнуы, зәрінің күңгірттенуі, тері жамылғысының сарғаюы. Зәрінің күңгірттенуі 3-ші күні пайда болды, сарғаю ауруының 4-ші күні пайда болды. Жанұяда барлығының дені сау. Науқасты қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы, склерасы аздап сарғайған. Бауыр 3см оң қабырға доғасынан шығып жатыр, көкбауыр шетінде. Перифериялық қанда: лейк-6700; таяқша – 6%, сегмент – 40%, лимф – 42%, мон -12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тікелей – 97 мкмоль/л,АлАТ – 1,1 мккат/л. Сіздің диагнозыңыз?

  1. Диагнозын қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?

1.Тақырыбы №21: Ауруханаішілік инфекциялар. Госпиталды инфекциялардың этиологиясы. Госпиталды инфекцияларды алдын алудың және эпидемиологиялық қадағалаудың негізгі бағыттары.
2. Мақсаты: Студенттерге ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шаралары мен эпидемияға қарсы қағидаларын, эпидемиялық процестердің сипаттамасын, негізгі теориялық этиологиясын қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:

  • Студенттерге ауруханаішілік инфекциясының этиологиясы жайында негізгі білімдерін қалыптастыру

  • Ауруханаішілік инфекциясының эпидемияға қарсы шараларының организациялық қағидаларын меңгеру

  • Ауруханаішілік инфекциясының эпидемиялық жиынтығын және алдын алу шараларының қағидаларын меңгеру

  • Ауруханаішілік инфекциясының алдын алу және эпидемияға қарсы шараларын жүргізуде дағдыларды қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Ауруханаішілік инфекциясы кезінде этиологияның сипаттамасы

  • Ауруханаішілік инфекциясының инфекция көзі, эпидемиологиясы

  • Ауруханаішілік инфекциясының берілу механизмі, факторы және берілу жолы

  • Ауруханаішілік инфекциясының қабылдағыштығы және иммунитеті

  • Ауруханаішілік инфекциясының эпидемиялық ерекшеліктері

  • Ауруханаішілік инфекциясының патогенезі, клиникасы, алдын алу шаралары және күлге қарсы күрес

  • Ауруханаішілік инфекциясының эпидемияға қарсы шаралары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет