ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет58/61
Дата27.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488148
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
метод-ПЗ-эпидем-ОЗ-каз

3. Оқыту мақсаты:

  • Қауырт эпидемиологиялық талдауын оқып үйрету

  • Ретроспективті эпидемиологиялық талдау. Мақсаты, міндеттері, кезеңдері оқып үйрету

  • Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасын талдауын үйрету

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Қауырт эпидемиология негіздері

  • Ретроспективті эпидемиологиянін мақсаттары, міндеттері, кезеңдері

  • Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, эпидемиолог маманына қажеттіліктер көлеміндегі науқастардың курациясы, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиеттер:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.
2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):
Сұрақтар:

  • Қауырт эпидемиологиялық талдау негіздері?

  • Ретроспективті эпидемиологиялық талдау мақсаттары, міндеттері, кезеңдері?

  • Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасы?

  • Жұқпалы ауруларының эпидемиологиялық жіктелуінің қағидалары қандай?

  • Эпидемиялық процестің дамуында әлеуметтік және табиғи жағдайлардың ролі қандай?

  • Эпидемиялық процестің көрінісін бағалауда қандай терминдер қолданылады?

Тесттер:
1. Эпидемиологиялық талдау - бұл:
| эпидемиялық барысты оқыту мақсатында жүргізілетін әдістердің жиынтығы
| эпидемиологиялық жағдайды бағалау
| эпидемиологиялық диагноз қою
| алдын алу және індетке қарсы шаралар жүйесі
| нақты анықталған аумақта аурудың эпидемиялық барысын бақылау жүйесі
2. Эпидемиологиялық талдаудың мақсаты:
| эпидемиялық барыстың пайда болу, ағымын және жойылу себептерін
зерделеу
| эпидемиологиялық диагноз қою
| алдын алу және індетке қарсы шаралар жүйесі
| эпидемиологиялық жағдайдың пайда болуын, таралу механизмінің
себептерін зерделеу
| басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету
3. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаудың негізгі міндеті:
| әрбір жұқпаның нозологиялық түрін анықтау
| зерттеу бағдарламасын құру
| біріншілік ақпаратты өңдеу
| алдын алу шараларын жүргізу
| шұғыл хабарламаны толтыру
4. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаудың бастапқы жүргізу сатысы:
| біріншілік ақпаратты өңдеу
| әрбір жұқпаның нозологиялық түрін анықтау
| зерттеу бағдарламасын құру
| алдын алу шараларын жүргізу
| шұғыл хабарламаны толтыру
5. Бірнеше аудандарды ауру қауіпі бойынша бөлу үшін қанша шаманы қолдану
ыңғайлы:
| келесі жылға болжамдық интенсивті көрсеткіштерін
| есеп беру жылындағы экстенсивті көрсеткіштерін
| 10 жылдық медианалық интенсивті көрсеткіштерін
| есеп беру жылындағы интенсивті көрсеткіштерін
| келесі жылға болжамдық экстенсивті көрсеткіштерін
6. Аурудың жылдық динамикасына қандай эпидемиологиялық көрсеткіштер
сипатталады:
| маусымдылық
| эпидемиялық тенденция
| циклді тербелу
| ретсіз тербелу
| маусым аралық кезең
7. Ретроспективті эпидемиологиялық талдаудың негізгі міндеті:
| эпидемиялық процестің даму тенденциясы мен жағдайын бағалау
| масштабтарды бағалау, аурудың таралу сипаты
| жұмыс болжамын жүргізу
| эпидемиологиялық жағдайды таныту
| эпидемияның басталуын анықтау
8. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдау жүргізудің соңғы мақсаты:
| эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау
| сырқаттылықтың динамикасының циклділігін анықтау
| сырқаттылықтың құрылымын анықтау
| әртүрлі аумақтағы сырқаттылықтың деңгейін салыстыру
| сырқаттылықтың тенденциясын анықтау
9. Қауырт эпидемиологиялық талдау қарастырады:
| эпидемиялық ошақтар туралы мәліметтер талдау
| жұқпалы аурудың құрылымын анықтау
| аймақтың санитарлық көрінісіне бақылау жасау
| халықтың иммунологиялық құрылымына бақылау жасау
| сырқаттылықтың деңгейіне болжам жасау
10. Қауырт эпидемиологиялық талдаудың мақсаты:
| алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды белгілеу
| жұғу қаупінің факторларын анықтау
| ауру қауіпінің факторларын анықтау
| қауіп факторлары туралы болжамды тексеру
| жұқпалы аурулардың алдын алудың бағдарламасын құру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет