Жағдайлық есеп №1
Шет елден, жапон теңізінен портқа кеме келген. Кемеден «кемеде тырысқаққа ұқсас 3 ауру анықталды» - деген радио хабарландыру келіп түскен. Кеме жолда бір портқа кірген, онда су алған.
Кемеде 48 команда қызметкері, 38 жолаушы бар.
Кемеде дәрігер, изолятор, антибиотиктер, дезинфекциялық заттар бар.
Аурудың себебін анықтау. Алдын алу шараларын жоспарлау.
Жағдайлық есеп №2
Ауруханаға тырысқаққа күдікті науқас жеткізілген: іші жиі өткен, құсқан,
дене қызуы–37,1°. Науқас адам ауырардан 3 күн бұрын ауылға тойға барған.
Тойда барлығы 150-200 адам болған, оның ішінде 12 адам басқа жақтан келген. Ауылда 1200 адам тұрады. Ауыл өзен бойында, шекараға жақын жерде орналасқан. Ауыл тұрғындары суды өзеннен алады, су дұрыс хлорланбайды. Соңғы 2 ай ішінде ауылда 95 асқазан-ішек аурулары тіркелген, аурулар ауруханаға жатқызылмаған, 5 адам қайтыс болған.
Аурудың себебін анықтау. Алдын алу шараларын жоспарлау.
1. Тақырыбы №15: Энтеровирусты инфекциялардың және ротавирусты инфекциялардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары. Эпидемиологиялық қадағалау.
2. Мақсаты: студенттердің энтеровирусты инфекциялардың және ротавирусты инфекциялардың этиологиясы, эпидемиялық процестің сипаттамасы, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау туралы негізгі теориялық білімін жетілдіру.
3. Оқыту мақсаты:
Студенттерге энтеровирусты және ротавирусты инфекцияларының этиологиясы, топтары туралы білімін жетілдіру
Эпидемиялық процестің сипаттамасы туралы үйрету
Инфекцияның қоздырғыш көзі, берілудің басты механизмі туралы үйрету
Берілу факторлары, клиникалық байқалуы, патогенезі, диагностикасы, емі
Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары
Эпидемиологиялық қадағалау
Достарыңызбен бөлісу: |