ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ТӘжірибелік сабақтардың Әдістемелік өҢдеулері



бет43/61
Дата27.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488148
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61
метод-ПЗ-эпидем-ОЗ-каз

6. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.
2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.
7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. Вирусты гепатит кезінде инфекция көзі болып … табылады:
а) адам
б) ауылшаруашылық жануарлар
в) адам және жануарлар
г) кеміргіштер
д) буынаяқты қансорғыштар
2. Дұрыс жауабын белгілеңіз:
а) ВГД берілу механизмі фекальді-оральді
б) ВГС берілу механизмі ВГВ-ға жақын
в) вирусты гепатит Е созылмалы тасымалдаушысы үлкен эпидемиологиялық қауіпке ие
г) гепатит Е негізгі берілу жолы - парентеральді
д) С және Е вирусты гепатиттері кеңінен таралған гепатит түрлері болып табылады
3. Дұрыс жауабын белгілеңіз:
а) кездейсоқ жағдайларда ВГ инфекция көзі жануарлар болып табылады
б) ВГ жеке инфекция көзі болып адам табылады
в) А және Е гепатиттерінің берілу жолы жыныстық жолмен
г) А гепатитінің көзі аурудың жедел формасымен ауыратын науқастар және созылмалы вирус тасымалдаушылары болып табылады
д) В және С гепатитімен ауырған адамдарда 1 жылға дейін жұғу қаупі сақталады
4. Дұрыс жауабын белгілеңіз:
а) ВГВ вирусы ағзада ұзақ персистенттеуге бейім
б) ВГС
вирусы ағзадан тезшығады
в) ВГ қоздырғышын инфицирлеу жиі аурудың клиникалық айқын формасына әкеледі
г) ВГД қоздырғышы суда, тағамдық өнімдерде, түрлі заттарда анықталады
д) ВГЕ қоздырғыштары жиі созылмалы симптомсыз инфекцияларды шақырады
5. Дұрыс жауабын белгілеңіз.
Вирусты гепатит кезінде:
а) ВГВ кезінде сарғаю алды кезеңі 3 күнге созылады
б) ВГС-ға аурудың циклдық ағымы тән
в) аурудың ағымдық ауырлығы билиарлық жүйенің бұзылуымен негізделеді
г) ВГВ-ға жоғарғы қызба тән
д) ВГА басым бөлігі сарғаюыз формасында өтеді
6. Дұрыс жауабын белгілеңіз.
Жасырын кезең:
а) В вирусты гепатиті кезінде 5 аптаға жетуі мүмкін
б) вирусты А гепатит кезінде 50 күннен аспайды
в) вирусты гепатит Е-ге созылмалы түрі тән
г) вирусты гепатит С кезінде 1 айдан 3 айға дейін ұзаруы мүмкін
д) вируснты гепатит Д кезінде ұзаруы жағынан гепатиту Е-ге жақын
7. Вирусты гепатит кезінде дұрыс жауабын белгілеңіз:
а) гепатит В кезінде диспепсиялық синдром тән
б) В вирусты гепатитіне айқын қышу тән
в) гепатит Е-ге грипп тәрізді синдром тән
г) вирусты гепатит А кезінде жиі артралгия байқалады
8. АИВ–бұл
а) оппортунистік инфекция
б) АИВ-инфекциясының синонимі
в) ауру сатысы
г) өздігінен дамитын аурулар
9. АИВ-инфекция – бұл:
а) сапроноз
б) антропоноз
в) зооноз
г) зооантропоноз
10. АИВ-инфицирленген адам инфекция көзі болып табылады:
а) айқын клиниакалық кезеңде
б) терминалды сатысы
в) симптомсыз инфекция сатысы
г) өмірлік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет