7. Бақылау (тесттер, ситуациялық сауалдар)
Тесттер:
Қан тоқтататын Эсмарх жгутын дұрыс қою белгілерін атаңыз:
қан кету тоқтайды
переферияда пульстің сезілмеуі
аяқ – қолдың мұздауы
аяқ – қолдың бозаруы
аяқ – қолдың қызаруы
Дұрыс жауаптар комбинациясын табыңыз:
а) 1 3 5
б) 2 3 4 5
в) 1 2 3 4
г) 1 3
д) 1 2 3 4 5
2. Коллапстың белгілерін көрсетіңіз:
1. кенеттен тері қабатының қызаруы
2. тері қабатының кенеттен бозаруы
3. артериалды қысымның төмендеуі
4. Брадикардия
5. мұздай тер
Дұрыс жауаптар комбинациясын табыңыз:
а) 2 3 5
б) 1 3 4 5
в) 2 3 4
г) 1 2 3 4 5
д) 1 2 3
3. Жгутты қоюға болады:
1. 1 сағатқа
2. 2 сағатқа
3. 3 сағатқа
4. 4 сағатқа
5. 5 сағатқа
4. Артериалды қан кетуді уақытша тоқтатуда қолданады:
1. басып тұрушы таңу
2. тамырды таңу
3. термокоагуляция
4. аяқты жоғары көтеру
5. жгутты қою
5. Қан кету симптомдарына жатады:
1. артериалды қан кету
2. венозды қан кету
Сәйкестікті табыңыз:
а) қан алқызыл түсті
б) қан баяу ағады
в) тамырдың толық қанды соғуы
г) артериалды қысымның кенеттен төмендеуі
д) қан қошқыл түсті
6. Қан тоқтату әдістеріне жатады:
1. уақытша
2. біржолата
Сәйкестікті табыңыз:
а) викасолды енгізу
б) жгутты қою
в) фибриногенді енгізу
г) термокоагуляция
д) тамырды таңу
7. Қандай факторлар қан кетуге себеп болады?
1. термиялық
2. химиялық
3. механикалық
4. психикалық
5. физикалық
8. Артериядан қан кеткенде уақытша қан тоқтату әдісін қолданады:
1. аяғын жоғары көтеру
2. мұзды мұйықты қою
3. саусақпен басу
4. тамырды тігу
5. тамырды басу
9. Жедел қан жоғалтқан науқасты тасымалдау қажет:
1. горизонтальді қалыпта
2. жартылай отырғызып
3. жатқызып, басын шалқайтып, жамбасын көтеріп
4. жатқызып, басын көтеріп, жамбасын түсіріп
5. отырғызып
10. Естен тануда қажет:
1. науқасты отырғызу
2. қан шығару
3. жүрек аймағына қыша қою
4. науқасты аяғын көтеріп жатқызу
5. дибазолды енгізу
11. Асқазан – ішектен қан кеткенде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету:
1. кальций хлориді, ауруды басатын дәрілер
2. мұзды мұйық, спазмолитиктер, жүрек препараттары
3. тыныштық, мұзды мұйық, викасол, ауруханаға жатқызу
4. аналгетиктер, қантамырын кеңейтетін дәрілер
5. грелка қою
12. Өкпеден қан кеткенде барлығы қажет мынадан басқа:
1. науқасқа сөйлесуге рұхсат етілмейді
2. аузына лоток беру
3. көкірегіне мұзды мұйық қою
4. физиопроцедуралық ем қабылдау
5. грелка қою
13. Капилярлы қан кету тоқтайды:
1. жгут қою арқылы
2. артерияны саусақпен жарақаттың жоғарғы жағынан басу
3. басып тұрушы таңуды қою
4. мұзды мұйық қою
5. аяқты жоғары көтеру
Дұрыс жауаптар комбинациясын табыңыз:
а) 1 3 4
б) 2 4 5
в) 3 4 5
г) 1 2 3 5
д) 2 3 4 5
14. Венозды қан кетуді тоқтатады:
1. жарақаттың жоғарғы жағынан жгутты қою
2. буынды максимальді бүгу
3. басып тұрушы таңуды қою
4. мұзды мұйық қою
5. аяқты жоғары көтеру
15. Мұрыннан қан кетуді тоқтату:
1. отырғызу, басын артқа максимальді шалқайту, мұрын аймағына мұздай компресс қою
2. отырғызу, басын алға шамалы еңкейту, мұрынға мұзды мұйық басу
3. науқасты бетін төмен қаратып жатқызу, мұрынға мұзды мұйық басу
4. науқасты арқасына жатқызып, мұрынға мұзды мұйық басу
5. тұрғызып қою
Достарыңызбен бөлісу: |