ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»



бет45/55
Дата28.10.2023
өлшемі145.08 Kb.
#481846
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
метод-ПЗ-СД-хир-и-реаним-каз

Ситуациялық есептер:
ЕСЕп №1.
Орта оқу орнының медициналық пунктіне оқушы қаралды, ол ішінің оң жақ бөлігінің ауыруына және көңілінің айнуына шағымданды. Мейірбике сұраған кезде ауырсыну сезімінің 12 сағат бұрын эпигастральді аймақ жақтан басталғанын анықтады, бір рет құсу болған. Қараған кезде: жағдайы орта дәрежелі ауырлықта, тері жабындысы қалыпты түсте, тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Пульсі 104 рет мин., АҚҚ 120/80 мм.сп.бб., температурасы 37,8ºC градус. Іштің оң жақ бөлігі күштенуі және тынысалу кезінде қалып қоятындығы анықталды. Оң жақ мықын аймағында Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді болып шықты.
ТАПСЫРМА
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Мейірбике іс - әрекетінің алгоритмін құраңыз.
3. Аппендэктомия үшін құралдарды жинақтаңыз.
ЕСЕП №2.
Операциядан кейінгі палатада 36 жастағы науқас әйел адам жатыр, диагнозы: жіті флегмонозды аппендицит. Мейірбикеге операция жасаған орын мен ішінің ауырғанына шағымданды. Қараған кезде: температурасы 37,8 С, пульсі 86 рет минутына, толымдылығы қанағаттанарлық, АҚҚ 130/80 мм.сп.бб., ТАЖ 20 рет минутына. Операциядан кейін 3 сағат өтті, науқас кіші дәретке шықпаған.
ТАПСЫРМА
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Мейірбике іс - әрекетінің алгоритмін құраңыз.
3. Жұмсақ катетермен қуық катетеризациясын жасап көрсетіңіз.
ЕСЕП №3.
Аппендэктомиядан соң науқас хирургия бөлімінің палатасында жатыр. Операция 3 күн бұрын жасалған. Операциядан кейінгі ағымы асқынусыз. Бірақ, 3 – күні кешкісін дене қызуы 37,8 С дейін көтерілді, қалтырау, дімкәстік, операциядан кейінгі жара орнында пульсацияланатын ауыру сезімі мазалауда. Қараған кезде операциядан кейінгі тігіс орнының ісінуі, қызаруы, 3 тігіс ажыраған.
ТАПСЫРМА
1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз; басты мәселелері бойынша мейірбикелік күтімнің мақсаты мен жоспарын құраңыз.
2. Науқасқа асқынудың сипатын түсіндіріңіз, оның болуы мүмкін себептері.
3. Жара тігісін алыңыз.
ЕСЕП №4.
Операциядан кейінгі палатада ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясынан кейін науқас жатыр. Алғашқы тәуліктің соңына қарай науқастың жағдайы нашарлай бастады. Іш ауыруының күшеюіне және ықылыққа шағымдануда.
Объективті: жалпы жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші кебіңкі, тынысы тарылған, ішек перистальтикасы естілмейді, жел шықпай жатыр.
ТАПСЫРМА
1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз; басты мәселелері бойынша мейірбикелік күтімнің мақсаты мен жоспарын құраңыз.
2. Науқаста пайда болған асқынуды алып келген себептерін және оның сипатын түсіндіріңіз.
3. Газ шығаратын түтікті қою үшін қажетті құралдарды атап шығыңыз, муляжда жасап көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет