қосымша:
1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға
кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -
С.5-34.
Ағылшын тіліндегі
негізгі:
1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.
–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.
2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third
Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.
қосымша:
1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Анемия дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
-
Анемияның қандай түрлері болады?
-
Гемолитикалық анемия дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
-
Гипо-және апластикалық анемия дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
Кредит -2 №5
I. Тақырыбы: Лейкоздар.
II. Мақсаты: Жіктелуі бойынша қан жасау және лимфоидты тіндердің ісіктерінің түрлерін анықтауды үйрену, сонымен қатар морфологиялық негізі тұрғысынан оларды ажырату.
III. Дәріс тезистері: Қан жүйесінің ісіктері (гемобластоздар).
Қан жүйесінің ісіктері, яғни гемоблостоздар: 1) қан жасам тіні жүйесінің ісік аурулары – лейкоздар және 2) қан жасам тінінің аймақтық ісіктік аурулары – қатерлі леифомалар деп екі топқа бөлінеді.
Қанжасам және лимфалық тін ісіктерінің классификациясы
I.Лейкоздар – жүйелік ісіктік аурулар
А. Жедел лейкоздар: 1) толыспаған (недиференцированный); 2) мие- лобластты; 3)Лимфобласты; 4)плазмобласты; 5)монобласты (мие- ломонобластты); 6) эритроминелобластты (ди Гульельмо); 7) мегака-риобластты.
Б. Созылмалы лейкоздар.
―Мелоцит текті: 1) созылмалы миелоидтық; 2) созылмалы эритромиелоз; 3) эритремия; 4) шынайы полицитемия (Вакез-Ослер синдромы).
―Лимфоцит текті: 1) созылмалы лимфолейкоз; 2) тері лимфоматозды (Сезари ауруы); парапротеинемиялы лейкоз: а) миеломалы ауру; б) біріншілік макроглобулинемия (Вальденстрем ауруы); в) ауыр тізбектік ауру (Франклин ауруы).
―Моноцит текті: 1) созылмалы моноцитті лейкоз; 2) гистиоцитоздар (Х гистиоцитоз).
II Лимфомалар – аймақтық ісіктік аурулар.
―Лимфосаркома: лимфоцитті, пролимфоцитті, лимфобластты, иммун- бластты, лимфоплазмацитті, африкалық лимфома (Беркитт ауруы).
―Саңырауқұлақ тәрізді микоз.
―Сезари ауруы.
―Ретикулосакрома.
―Лимфогранулематоз (Ходжкин ауруы).
Лейкоздар – қан жасайтын тіннің жүйелік ісікті аурулары
Лейкоздар (лейкемия) – ісік текті қанжасамдық жасушалар (лейкоздық жасушалар) өрши өсіп, қан жүйесін түгел қамтитын аурулар тобы. Ісік жасушалары әуелі қан жасайтын мүшелерде (сүйек кемігі, талақта, лимфалық түйіндер) көбейіп, кейін қан арнасы арқылы басқа мүшелер мен тіндерге жайылады және тамырларының төңірегі мен іргесіндегі интерстицийде шоғырланады (лейкоздық ,яғни лейкемиялық инфильтраттар); мүшелердің паренхималық элементтері семіп, жойылады.
Этиологиясы мен патогенезі. Лейкоздың этиологиясы туралы мәселе ісіктер мәселесімен тығыз байланысты, өйткені ол ісік текті үдетіс екендігі күмәнсіз. Лейкоз – полиэтологиялы ауру. Ол қанжасам жүйесі *жасушаларын мутациялайтын әртүрлі әсерлерден туындауы мүмкін.
Жедел лейкоздар
Жедел лейкоздар анықтау үшін сүйек кемігінен (төссүйегінің пунктатынан) бластылық жасушалар табылу9ы қажет. Бұл жасушалар 10 -20%-ға жеткен кезде , мықын сүйегінің қырынан алынған трепанаттна да бластылық жасушалар шоғырын байқауға болады. Жедел лейкозға шалдыққандардың перифериялық (шеткі) қаны мен миелограммасынан лецкемиллық құлдырау (hiatus leucemicus) деп аталатын нышан көрініс береді; яғни қан арнасында бластылық жасушалар күрт көбейіп, қанның толық жетілген элементтерді де пайда болады, бірақ лейкопоэздің аралық буындары мүлде жойылып кетеді.
Промиелоцитті жедел лейкоз бірсыдырғы қатерлеу және жеделдеу ағымымен, айқын бейнелі геморрагиялық синдромымен ерекше(тромбоцитпения мен гипофибрингенемия орын алады).
Лимфобластты жедел лейкозға үлкендерден гөрі балалар жиі шалдығады (80% балаларды байқалады ). Лейкоздық жасушалар сүйек кемігінде, талақта, лимфалық
түйіндерде асқазан мен ішектің лимфалық құрылымдарында, бүйрек пен айыршық безде көбірек топтасады.
Созылмалы лецкоздар
Миелоцит текті созылмалы лейкоздар
Лейкоздың бұл тобы әр алуан; негізгі түрлері: созылмалы миелоидтық лейкоз, созылмалы эритромилоз, эритремия және шынайы полицитемия.
Созылмалы миелоидтық лейкоз (созылмалы миелоз) өзінің даму барысында екі сатыдан өтеді: моноклонды қатерсіз және поликлонды қатерлі. Аурудың алғашқы сатысы бірнеше жылды қамтиды. Промиелоциттер көбірек араласып, нейтрофилді лейкоцитоз өрши дамып, талақ ұлғаяды.
Лимфоцит текті созылмалы лейкоздар
Бұл лейкоздар екі топқа бөлінген: біріншісін созылмалы лимфолецкоз бен оған ұқсайтын лимфоматоз (Серари ауруы) құраса, екінші топқа парапротеинемиялы лейкоздар жатады.
Созылмалы лимфолейкоз, әдетте орта жастағы немесе егде тартқан адамдарда кездесіп, бірен – саран отбасына да тән. В – лимфоциттерден өрбіп, ағымы ұзақ мерзімді әрі қатерсіз келеді. Қанда лекоциттер күрт (100х10⁹/л дейін) көбейіп, лимфоциттер басым болады. Сүйек кемігі, лимфалық түйіндер, талақ, бауыр сияқты мүшелерді ісіктік лимфоциттер жайлап, ұлғаяды.
Бауыр, ұйқы безі мен өт жолдарының қызметі, топографиялық анатомиясы сабақтас болғандықтан, көбіне бұл мүшелерде дамитын аурулардың патогенезі де өз ара тығыз байланысты болатыны түсінікті. Олардың мән мазмұны мен патогенезін дұрыс ұғынып, айқындау жолдарын жетілдіру үшін биопсия тәсілінің маңызы зор. Көбіне биоптат бауырдан алынады.
IV. Иллюстрациялық материалдар:
1.Дәріс материалдың презентациясы.
2.Тақырып бойынша плакаттар.
V. Әдебиет:
Негізгі:
1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия.-Алматы. 2003.-393 б.
2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В.
– Ақтөбе. Жалпы білімі– 2-ші бас.-2010.-350 б. Перевод на казахский
Айткулова М.Т.
3. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –
Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.
-338 б. Перевод на казахский Айткулова М.Т.
4. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –
Ақтөбе. II бөлімнің 2-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. – 2-ші бас. - 2010.-330 5. Перевод на казахский Айткулова М.Т.
5. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.
қосымша:
1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға
кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -
С.5-34.
Ағылшын тіліндегі
негізгі:
1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.
–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.
2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third
Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.
қосымша:
1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Лейкоз дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
-
Қан жасау жүйесі ісігі қалай жіктеледі?
-
Лейкоздың лимфогранулематоздан айырмашылығын түсіндіріңіз?
-
Қан жасау жүйесінің ісіктері кезінде өлімнің себебін атаңыз?
5. Қан жасау жүйесінің ісігінің патоморфозын түсіндіріңіз?
Кредит -3 №1
I. Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің аурулары.
II. Мақсаты: Ас қорыту жүйесінің ауруларының клинико – морфологиялық көріністерін, этиологиялық факторларын түсіндіру.
III. Дәріс тезистері: Ас қорыту жүйесінің аурулары алуан түрлі. Олардың біразы осы жүйеде басталып, дербес сырқаттар. Асқазан мен ішектің аурулары алуан түрлі. Олардың біразы осы жүйеде басталып, дербес сырқаттар тобын құраса, енде ірі – инфекциялық, бейинфекциялық, жүре болатын немесе тұқымқуалайтын басқа да сырқаттардың салдары ретінде дамиды. Бұл екі топтың алғашқысын медицинаның үлкен бір саласы – гастроэнтерология зерттейді. Асқорыту жүйесінде қабыну мен дистрофия да, дисгенерациялық пен ісіктегі процестер де дами береді. Бұл процесттердің мәні мен даму механизмін айқындау үшін өңештен, асқазанна, ішектен, бауырдан, ұйқы безінен, басқада асқорыту ағзаларынан биоптат алып, морфологиялық тәсілмен зерттеледі. Өйткені, биоптат гистохимия, радиоавтография, электронды микроскоп сияқты деректі тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
IV. Иллюстрациялық материалдар:
1.Дәріс материалдың презентациясы.
2.Тақырып бойынша плакаттар.
V. Әдебиет:
Негізгі:
1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия.-Алматы. 2003.-393 б.
2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В.
– Ақтөбе. Жалпы білімі– 2-ші бас.-2010.-350 б. Перевод на казахский
Айткулова М.Т.
3. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –
Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.
-338 б. Перевод на казахский Айткулова М.Т.
4. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –
Ақтөбе. II бөлімнің 2-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. – 2-ші бас. - 2010.-330 5. Перевод на казахский Айткулова М.Т.
5. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.
қосымша:
1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға
кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -
С.5-34.
Ағылшын тіліндегі
негізгі:
1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.
–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.
2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third
Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.
қосымша:
1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Гастрит дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
-
Ас қорыту жүйесі ауруларының жіктелуін атаңыз?
-
Бауыр ауруларының жіктелуін атаңыз?
-
Вирустық гепатиттердің түрлерін атаңыз?
-
Қант диабеті кезінде ұйқы безі қалай өзгереді?
Кредит -3 №2
I. Тақырыбы: Бауыр мен ұйқы безінің патологиясы.
II. Мақсаты: Бауыр мен ұйқы безінің патологиясының клинико – морфологиялық көріністерін, этиологиялық факторларын түсіндіру.
III. Дәріс тезистері: Бауыр, ұйқы безі мен өт жолдарының қызметі, топографиялық анатомиясы сабақтас болғандықтан, көбіне бұл мүшелерде дамитын аурулардың патогенезі де өз ара тығыз байланысты болатыны түсінікті. Олардың мән мазмұны мен патогенезін дұрыс ұғынып, айқындау жолдарын жетілдіру үшін биопсия тәсілінің маңызы зор. Көбіне биоптат бауырдан алынады.
Бауыр аурулары алуан түрлі. Олардың тұқым қуалайтын және жүре болатын , біріншілік(бауырдың өзіндік аурулары) салдарлық (бауырдың басқа аурулардан зақымдалатын) нысандары бар.
Бауырдың ауырларын көбінесе инфекциялар (эпидемиялы гепатит, жедел сары қалтырау, лептоспироз, описторхоз, сүзек және т.б), эндогендік (уремия, тиреотоксикоз) және экзогендік (гепатотропты улар, алкоголь,улы тағамдар) улардың әсері дамытады. Қан айналымның (шок, қанның созылмалы іркілуі), тағамның (белок және витамин тапшылығы) мен заталмасулық үдерістің дұрыс болмауының (бауырдың зат алмасулық аурулары) да маңызы зор.
Жүре болатын гепатоздардың жедел және созылмалы нысандары бар. Желел гепатоздардың ішінде ең маңыздысы бауырдың токсикалды дистрофиясы (бауырдың өршімелі көлемді некрозы) болса, созылмалы гепатоздың ішінде – майлы гепатоз.
Гепатит – бауырдың қабынуы; оның даму барысында бауырдың перенхимасында дистрофия мен некробиоз өрістеп, стромасына қабыну үдерісіне тән жасушалар шоғырланады. Гепатит бірден бауырда басталып, біріншілік немесе басқа аурудың көрінісі ретінде байқалып, салдарлық нысанда дамиды. Гепатит жедел немесе созылмалы ағымды болады.
Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы гепатиттің паталогиялық анатомиясында айырмашылық бар.
Этиологиясы мен патогенезі . Гепатит дербес ауру, яғни біріншілік гепатит ретінде көбінесе гепатотропты вирустың (вирусты гепатит),алькагольдің ( алькогольдік гепатит) немесе дәрі – дәрмектің (медиекаменттік, яғни дәрі- дармектік гепатит) әсерінен дамиды. Холестаздық гепатитке көбіне жасуша сыртындағы холестаз бен бауыр астылық сарғаюды өрбітетін факторлар, кейде дәрі- дәрмектің (метилтестостерон, фенотиазин туындыларының) әсеті себеп болады. Дербес гепатиттердің ішінде ең маңыздылары вирустық және алкогольдік гепатит.
Алькагольдік гепатит – алкагольдің бауырға уытты әсерінен дамитын ауру; ол жедел және созылмалы ағымды болады.
Этиологиясы мен патогенезі. Алкоголь (этанол) – гепатоциттерге тікелей әсері бар у; ОЛ белгілі мөлшерден асса, бауыр жасушаларын жояды. Этанол зақымды бауырдың жасушаларына (майлы гепатоз, созылмалы гепатит, цирроз кезінде) тезірек және ауырлау әсер етеді. Алкогольдік жедел гепатит қайталана берсе, созылмалы үздіксіз гепатитке ұласады, егер алкогольді ішуді мүлде тоқтатпаса, оның ағымы қатерсіз бейне алады. Ал алкоголді ішуді одан ары созылса, қайталамалы жедел алкогольдік гепатит созылмалы үдерсіз гепатитке айналып, кейін протарлық циррозға жалғасады.
Бауыр циррозы. Созылмалы ағымда ауру; бауыр тыртықтанып, бүрісіп, қалыпты құрлысынан тыйып, сиықсызданады, біртіндеп қызметінің жеткіліксіздігі байқалады. « Бауыр циррозы » деген аталымды 1819 жылы Р.Лаэннек ұсынған. Бұлай аталғанда ол бауырдың морфологиялық бейнесін, яғни оның қатты, бұдырлы, сарғыш түсті екенді ескерген (грекше: kirrhos – жирен сарғыш ).
Этиологиясы. Даум себептеріне сәйкес цирроз: 1) инфекциялық (вирустық гепатит, бауырдың паразиттік аурулары); 2 токсикалық және токсикалық – аллергиялық (алкаголь, өнеркәсіппен тағамдық улар, дәрі – дәрмектер, аллергия); 3) билиарлық (холангит, әр текті холестаз 4 заталмасулық – алиментарлық белоктар, витаминдер липотроптық факторлардың жеткіліксіздігі); 5 циркуляциялық (веналық қанның бауырда ұзақ іркілуі); 6 криптогендік нысандарға жіктеледі.
Ұйқы безі көбіне қабынады, кейде одан ісік дамиды.
Панкреатит- ұйқы безінің қабынуы; жедел және созылмалы ағымды.
Жедел панкреатит ұйқы безінің сөлі дұрыс шығарылмағанда (өзекшелер дискенезиясы), өзегіне кері ағыстан өт түскенде (билиарлық – панкреастық рефлюкс), алкогольмен уланғанда, дұрыс қоректенбегенде (асты тым көп ішкенде) дамиды. Ұйқы безі су сіңіріп ісініп, онда ақшыл сары түсті майлы некрозды аймақтар, қанды ошақтар мен іріндіктер, жалған кисталар мен секвестрлер пайда болады. Безді қанды ошақтар жайлап кетсе , үдеріс геморрагиялы панкреатит деп,ал ірінді қабыну басым болса , - іріңді жедел панкреатит деп аталады. Ал некроз айқын бейнелі жағдайда – панкреонекроз деп аталады.
Созылмалы панкреатит жедел ағымды қайталамалы пакреатиттен өрістейді. Ол инфекциялар мен әртүрлі улардың әсерінен, зат алмасулаы үдеріс бұзылғанда, дұрыс қоректенбегенде және бауыр мен өт жолдарының, асқазан мен ұлтабардың аурулармен сырқаттарда дамиды. Созылмалы панкреатит кезінде деструкциялық – қабынулық үдерістен гөрі, склероз бен атрофиялық үдерістер және ацинустық жасушалардың жаңаруы мен регенерациялық аденомалардың қалыптасуы басымырақ орын алады. Склерозға ұшыраған өзекшелерге бездің сөлі жиналып, кисталар пайда болады. Тыртықтан бездің сиқы бұзылады, тіні ізбестенеді. Ол кішірейеді, шеміршек тәрізденіп қатаяды. Созылмалы панкреатитпен сырқаттарда кейде қантты диабеттің нышандары байқалады.
Жедел панкреатитпен сырқатталғандардың өліміне шок немесе перитонит себеп болады.
IV. Иллюстрациялық материалдар:
1.Дәріс материалдың презентациясы.
2.Тақырып бойынша плакаттар.
V. Әдебиет:
Негізгі:
1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия.-Алматы. 2003.-393 б.
2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В.
– Ақтөбе. Жалпы білімі– 2-ші бас.-2010.-350 б. Перевод на казахский
Айткулова М.Т.
3. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –
Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.
-338 б. Перевод на казахский Айткулова М.Т.
4. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –
Ақтөбе. II бөлімнің 2-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. – 2-ші бас. - 2010.-330 5. Перевод на казахский Айткулова М.Т.
5. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.
қосымша:
1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға
кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -
С.5-34.
Ағылшын тіліндегі
негізгі:
1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.
–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.
2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third
Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.
қосымша:
1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Гастрит дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
-
Ас қорыту жүйесі ауруларының жіктелуін атаңыз?
-
Бауыр ауруларының жіктелуін атаңыз?
-
Вирустық гепатиттердің түрлерін атаңыз?
-
Қант диабеті кезінде ұйқы безі қалай өзгереді?
Кредит -3 №3
I. Тақырыбы: Бүйрек патологиясы.
II. Мақсаты: Зәр шығару және жыныстық жүйелері ауруларының клинико – морфологиялық көріністерін, этиологиялық факторларын түсіндіру.
III. Дәріс тезистері: Құрылым қызметтік тұрғыдан, бүйрек ауруларын, яғни нефропатияларды, - гломерулопатиялар мен тубулопатиялар тобына жіктеуге болады, ал олардың әрқайсысы жүре пайда болуы не тұқым қуалауы мүмкін.
Гломерулопатиялардың даму барысында бірден және негізінен шумақтар зақымдалып, бүректің сүзгілік қызметі бұзылады. Жүре пайда болатын гломерулопатиялар тобына гломерунефрит, идиопатиялық нефроз синдромы, бүйрек амилоидозы диабеттік және бауырлық гломерулосклероз жатқызылса, тұқымқуалайтын гломерулопатияларға тұқымқуалайтын кереңді нефрит (Альпорт синдромы), тұқымқуалайтын нефрозды синдром және нефропатиялық амилоидоздың отбасылық түрлері кіреді.
Тубулопатиялар дамығанда бірден және негізінен өзекшелер зақымдалып, бүректің концентрациялау (несепті қанықтыру), реабсорбциялау (қайта сору) және секрет түзуі бұзылады. Жүре пайда болатын тубулопатиялар тобына бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігіне морфологиялық негіз болып табылатын некрозды нефроз ауру мен «миеломды бүйрек» және «подагралық бүйрек» аурулары жатады, ал тұқымқуалайтын тубулопатиялар тобы өзекшілік ферментпатияларды қамтиды.
Бүйрек ауруларының үлкен бір тобын интерстицийлік (аралық) нефрит, пиелонефрит пен бүйректің тасты ауруы және нефросклероз құрайды. Нефросклероз көптеген бүйрек ауруларының салдары ретінде дамып, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне морфологиялық негіз болады. Бүйрек ауруларының ерекше тобына поликистоз сияқты бүйректің құрсақта қалыптасатын кемістіктері мен бүйректің ісіктері жатады. Жыныс ағзаларының аурулары дисгормоналдыдың қабыну аурулары және ісіктерге бөлінеді.
IV. Иллюстрациялық материалдар:
1.Дәріс материалдың презентациясы.
2.Тақырып бойынша плакаттар.
V. Әдебиет:
Негізгі:
1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия.-Алматы. 2003.-393 б.
2. Струков А.И. Патологиялыќ анатомия: медициналыќ жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В.
– Ақтөбе. Жалпы білімі– 2-ші бас.-2010.-350 б. Перевод на казахский
Айткулова М.Т.
3. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –
Ақтөбе. II бөлімінің 1-ші кітабы: жеке аурулар білімі. – 2-ші бас. - 2010.
-338 б. Перевод на казахский Айткулова М.Т.
4. Струков А.И. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу
орындардың студенттеріне арналған оқулық/ Струков А.И., Серов В.В. –
Ақтөбе. II бөлімнің 2-ші кітабы: жеке аурулар бөлімі. – 2-ші бас. - 2010.-330 5. Перевод на казахский Айткулова М.Т.
5. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. – М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.
қосымша:
1. Ахметкалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға
кіріспе: Оқу құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы. -1999. -
С.5-34.
Ағылшын тіліндегі
негізгі:
1. Robbins Basic Pathology //Kumar V., Abbas A.K., Fausto N., Mitchell R.
–Saunders Elsevier, 2007. -851 p.
2. Robbins and Cotran. Review of Pathology //Klatt E.C., Kumar V., - Third
Edition – Saunders Elsevier, 2010. – 423 p.
қосымша:
1. Klatt E.C. Robbins & Cotran Atlas of Pathology - Second Edition - El-sevier Inc., 2009- New York - 464 p.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Гломерулопатия дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
-
Тубулопатия дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
-
Несеп – жыныс жүйесі ауруларының жіктелуін атаңыз?
-
Жіті гломерулонефрит кезінде бүйректің көрінісі қандай?
-
Несеп – жыныс жүйесі ауруларының қандай асқынуы және нәтижелерін ажыратады?
Кредит -3 №4
I. Тақырыбы: Эндокриндіқ жүйесінің патологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |