Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет50/52
Дата07.05.2024
өлшемі134.2 Kb.
#500713
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
метод-ПЗ-инф.бол.-СД-каз

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 14 мин (15%)
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)

  • Тілме, сіреспе,сібір жарасы,құтырма этиологиясы, инфекция көзі

  • Берілу механизмдері

  • Патогенез, алдын алу шаралары

  • Емдеу, арнайы профилактика

  • Тілме, сіреспе,сібір жарасы,құтырма эпид.ерекшеліктері

Ақпараттық-дидактикалық блок
Тілме сыртқы тері жабындылар инфекциясына жатады. Инфекция көзіне қандайда болмасын стрептококкты ауруы бар адамдар, сондай-ақ бактерия тасымалдаушылар жатады. Тілме – терінің зақымдануымен, интоксикация белгілерімен, қайталамалы ағымымен сипатталатын инфекциялық-аллергиялық ауру. Бұл аурудың дамуында жұқпалы агентке қарағанда, жеке бейімділіктің ролі жоғары. Тілме науқастарының көбісі үйінде емдеуге қалдырылады. Ауру белгілерін уақытында анықтап, дұрыс емдеу оның қайталануларын болдырмауға септігін тигізеді, сондай-ақ басқа да терінің зақымдануларымен өтетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан ажырату диагнозын жүргізу үшін аталған тақырыпты оқып-үйрену қажет.
Сіреспе – қатерлі дерт, бұл аурудың қоздырғышы жарақаттанған тері және кілегей арқылы жұғады. Соңғы кездегі жарақаттанушылықтың жоғарылығына және оның түрлі мамандық дәрігерлерді практикасында кездесетіндігіне байланысты аталған аурудың тән клиникалық белгілерін, емін және жарақаттанған кездегі көрсетілген аурудың алдын алатын медициналық іс-шараларды жүргізуді меңгеруі тиіс.
Сібір күйдіргісі – жалпы уыттану белгілерімен, терінің серозды-геморрагиялық және некрозды зақымдануымен, лимфа түйідерінің және жайылмалы түрде ішкі ағзаларды зкақымдайтын, жедел бактериалды зоонозды инфекция.
Этиологиясы. Сібір күйдіргісінің қоздырғышы – Bacillaceae туысына, Bacillus тұқымдастығына жататын, ірі спора түзетін, грам оң таяқша. Олар капсулалы және асоматикалық антигендерден тұрады, экзотоксин бөлуге қабілетті, белокты жиынтықтан тұратын және ісікті шақыратын протективті және леталды компоненттерден тұрады. Сібір күйдіргісінің қоздырғышының вегетативті формалары қайнатқанда және дезерітінділерге сезімтал. Көбінесе споралары шыдамды болып келеді. Олар топырақта бірнеше жылдар бойына сақталына алады. Спорацидті әсер ететін активті ерітінділерге мыналар жатады: хлорамин, ыстық формальдегид және сутегі тотығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет