Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет1/9
Дата27.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
#161423
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы


Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі
Балалар аурулары кафедрасы


«Бекітемін»

ОӘжТЖ жөніндегі проректор, м.ғ.д., доцент


________________________М.У. Анартаева

« ____» _________________________2009 ж.



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
____________Балалар аурулары_________________ пән бойынша

(пәннің аты)


_____051102_-Педиатрия______________мамандығына арналған

(нөмері мен мамандық атауы)


7 курсы
ХIII-XIV семестр
Тәжірибелік (семинар) сабақ - 144 сағат
Өздік жұмыс - 72 сағат
Жалпы сағат - 216 сағат

Диф.сынақ ХIII-XIV

(семестр)

2009 ж.


Жұмыс бағдарламасы «Педиатрия» мамандығы дәрігер-интерн балалар хирургтарын дайындау үшін интернатураның Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жасалған, Астана, 2007 ж.

Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ң клиникалық пәндер бойынша Орталық әдістемелік комиссия мәжілісінде талқыланып бекітілінген.

“____”_______2009 ж.
Төрайымы _________м.ғ.д., доцент Саркулова С.М.

ОҚМФА-ң Орталық әдістемелік Кеңесте мақұлданған


“___”_______2009ж. Төрайымы___________м.ғ.д., доцент М.У.Анартаева



III. Жұмыс бағдарламаның мазмұны:

  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

    1. Пән оқыту мақсаты:

Дәрігер-интерн балалар хирургтарын мамандығы бойынша Педиатрия аумағында өз бетінше диагностикалауға, емдеу, реабилитациялау және алдын алу шараларын тәжірибелік дағдыларды орындауға, білім алуға кәсіби оқу стандартына сай маманды дайындау.


    1. Пән оқыту міндеттері:

  • Ішкі ағза патологиясы бар науқас балаларды зерттеуде тәжірибелік дағдылардың (деңгейін) біліктілігін арттыру;

  • Түрлі аурулармен ауыратын балаларда заманауи зертханалық және аспаптық әдістерімен зерттеу және диагностиканы интерпретациялауда интерндердің білімін тереңдету;

  • Балалар ауруларын ажыратпалы диагностика жүргізуде біліктілігін арттыру;

  • Өз бетінші тәжірибелік жұмысқа және кәсіптік деңгейі мен дәрежесін көтеру;

  • Интерндерге күнделікті дәрігерлік медициналық және есептік құжаттарды жүргізуді үйрету.


- Дәрігер интерн білуге тиіс:

  • Балалардағы жиі кездесетін соматикалық патологиялардың заманауи этиопатогенезін, жіктелуін, диагностикасын, ажырату диагностикасы мен емін;

  • Фондық аурулары бар науқастарды жүргізу тактикасы мен диагностикасының заманауи көзқарасын;

  • Нәрестелердің тері және тері асты май қабатының іріңді-қабыну аурулары, сепсис, анемиялар, созылмалы тамақтану бұзылысы, мальабсорбция синдроммен жүретін аурулар, ревматизм, туа пайда болған жүрек ақаулары, созылмалы жүрек жетімсіздік, жедел және созылмалы пневмониялар, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, зәр жүйесінің инфекциялары, гломерулонефрит, зәртас ауруы, тубулопатиялар, созылмалы бүйрек жетімсіздік, қант диабеті, геморрагиялық васкулит, тромбоцитопениялық пурпура, жедел және созылмалы холецистит, созылмалы гепатит, гастрит, гастродуоденит, ойық жара ауруы, жедел және созылмалы панкреатит сияқты ауруларды болжауды.


- Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:

  • Соматикалық ауруы бар науқас балалардан анамнез жинау, соматикалық ауруы бар науқас балалардан клиникалық зерттеу, соматикалық аурулары бар науқастарға алдын ала диагноз қою, зерттеу жоспарын, зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелерін бағалау, нәрестелерді зонд арқылы тамақтандыру, кіндік жарасы мен кіндік қалдығын тазалау, люмбальді пункциялау, стернальді пункциялау, дәрілерді ингаляциялау, оттегімен емдеу, созылмалы жүрек жетімсіздігі бар балаға дигоксинді есептеу әдістерін меңгеруін;

  • Жалпы қан талдауының, биохимиялық қан талдауының, коагулограмма, жалпы зәр талдауының, зәрдің Нечипоренко сынамасының, зәрдің Зимницкий сынамасының, копрограмма, нәжістің, қанның, зәрдің бактериологиялық егу; УДЗ, кеуде қуысын, буындардың рентгенографиясын, ФГДС және дуоденальді зондтау нәтижелерін бағалауды;

  • Мальаборбция синдромы, дистрофия, тыныс жетіспеушілік, токсикоз, гепатоспленомегалия синдромы, созылмалы жүрек жетімсіздік, созылмалы бүйрек жетімсіздік, гематуриялық синдром, дизуриялық синдром, ми ісігі, қант диабетіндегі коматозды жағдайлар, анемиялық синдром, қанағу түрін анықтаумен геморрагиялық синдром, ДВС-синдромындағы процесстің кезеңдерін анықтауды, буындық синдром ауруларын диагностикалауды.

  • Токсикоз, тыныс жетімсіздік, өкпе ісігі, созылмалы жүрек жетімсіздік, созылмалы бүйрек жетімсіздік, ми ісігі ауруларын емдеуді;

  • Геморрагиялық синдромын, ДВС синдромындағы процесстің әр түрлі кезеңін жоюды.




    1. Дәрігер-интерндерге осы пәнді оқу үшін қажетті бөлімі (тақырыбы) көрсетілген пәндер тізбесі:

  1. Балалар хирургиясы – «Тума гепатиттер», «Балалардағы құрсақ қуысының жіті аурулары», «Тыныс алу жүйесінің аурулары».

  2. Реанимация және интенсивті терапия – «Тырысу синдромындағы шұғыл жағдайлар», «Тыныс алу жетімсіздігі кезіндегі шұғыл жағдайлар».

  3. Сәулелік диагностика және сәулелік терапия – «Педиатриялық стационардағы сәулелік диагностикалау және сәулелік терапия бөлімшесінің жұмыстарын ұйымдастыру», «Барлық ағзалар мен жүйелердің сәулелік диагностикасы, сәулелік диагностиканың физикалық негіздері».

  4. Клиникалық фармакология – «Кеңінен таралған балалар ауруларының рационалды жекеленген терапиясы».


1.4. Дәріс, тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары мен толық пән бойынша өз бетімен оқитын тақырыптар және олардың сағатпен берілген көлемі (№ 3 үлгі).
Пән сағатының үлестірілуі.


Жалпы сағат саны

Дәріс

Тәжірибе сабағы

Өз бетімен атқаратын жұмыс

Семестр

Бақылау түрі, семестр

216

-

144

72

XIII-XIV

Диф. сынақ, XIII-XIV семестр

  1. Пәннің мазмұны.

2.1. Дәріс тақырыптарының атауы, олардың қысқаша мазмұны және сағаттағы көлемі (дәрістер жоқ)


2.2. Тәжірибелік және семинар сабақтары, оның аттары, мазмұны мен сағатта көрсетілген көлемі




Тақырыптың аталуы

Мазмұны

Сағат көлемі





Балалар аурулары

144

1.

Ерте жастағы балалардағы құсу және лоқсу синдромының диагностикалық алгоритмі

Құсу және лоқсу патофизиологиясы. Синдромның этиологиялық себептері. Құсу синдромын тудыратын себептердің клиникалық көріністері. Диагностикалау әдістері (клиникалық-зертханалық, аспаптық). Науқастарды жүргізу тактикасы

7,2

2.

Нәрестелердегі ірінді- септикалық аурулардың диагностикасы және емі (ЖІИ, энтероколит)

Везикулопустуллездің, көпіршіктің, Риттер эксфолиативті дерматитінің, псевдофурункулездің клиникалық маңыздылығы. Нәрестелердің жергілікті іріңді инфекциясы. Нәрестелердегі энтероколитің диагностикалық критерийлері. Нозологиясына байланысы емдеу тактикасы

7,2

3.

Сепсистің диагностикасы және емдеу тактикасы

Жетіліп және шала туылған балалардағы сепсистің пайда болуы және ағым ерекшеліктері. Диагностиканың клиникалық-зертханалық критерийлері. Емдеу тактикасы

7,2

4.

Балалардағы анемиялық синдромының диагностикалық алгоритмі

Анемиялық синдромның клиникалық зертханалық маңыздылығы. Анемиялық синдроммен жүретін нозологиялар. Емдеу тактикасы

7,2

5.

Тамақтанудың созылмалы диагностикалық алгоритмі

Жасына сай дененің салмағы мен ұзындығының сиппатамасы. Гипотрофияның диагностикалық критерийлерін бағалау. Паратрофияның диагностикалық критерийлері. Диетотерапия

7,2

6.

Балалардағы сорылудың бұзылуы синдромының диагностикалық алгоритмі. Дәрігер- интерн курациялайтын аурудың сырқатнамасын эксперттік бағалау

Сорылу бұзылысының клиникалық маңыздылығының анықтамасы. Ұзақ мерзімді диарея синдромының түсуніктемесі. Клиникалық диарея синдромымен жүретін (целиакия, дисахаридазды жетімсіздік, экссудативті энтеропатия, муковисцидоз) нозологиялар. Емдеу тактикасы

7,2

7.

Балалардағы ревматизмнің диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеу қағидалары

Ревматизмнің диагностикалау критерийлері. Емдеу қағидалары. Жүре пайда болған жүрек ақауларының клиникалық-аспаптық диагностикасы. Науқастарды жүргізу тактикасы.

7,2

8.

Балалардағы туа біткен жүрек ақауларының диагностикасы және ажырату диагностикасы

Туа біткен ақ және көк жүрек ақауларының клиникалық-зертханалық сипаттамасы. Ауырлығына байланысты ентігу-көгеру ұстамасын жою.

7,2

9.

Созылмалы жүрек жетімсіздігі бар науқастардың диагностикасы және жүргізу тактикасы

Асқынуына қарай созылмалы жүрек жетімсіздіктің клиникалық көріністері. Созылмалы жүрек жетімсіздіктің емдеу тактикасы. Жүрек гликозидтерінің эффективтілігінің критерийлері. Емдеу қағидалары.

7,2

10.

Балалардағы буындық синдромының диагностикалық алгоритмі

Нозологиясына байланысты буындық синдромның сипаттамасы (ревматизм, ювенильді ревматоидты артрит, дәнекер тіндерінің диффузды аурулары, геморрагиялық васкулит, лейкоз). Диагностикалық критерийлері. Емдеу тактикасы

7,2

11.

Дизуриялық бұзылыстарының диагностикалық алгоритмі

Циститтер, энурез, нейрогенді қуық, пиелонефрит. Балалардағы пиелонефриттің заманауи антибиотикотерапиясы. Рефлюкс – нефропатия туралы түсінік.

7,2

12.

Гематуриялық синдромның диагностикалық алгоритмі

Гломерулонефрит, тұқым құалайтын нефрит, нефролитиаз.

7,2

13.

Созылмалы бүйрек жетімсіздіктің диагностикасы, науқасты жүргізу тактикасы. Дәрігер- интерн курациялайтын аурудың сырқатнамасын эксперттік бағалау

Гемодиализге көрсеткіштер

7,2

14.

Балалардағы жедел пневмонияның диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емдеу қағидалары

Жедел пневмонияны диагностикалаудың клиникалық критерийлері. Жедел пневмонияның асқынулары. Жедел пневмонияның емдеу тактикасы

7,2

15.

Жедел пневмонияның диагностикасы және ажырату диагностикасы. Науқастрады жүргізу тактикасы

Созылмалы пневмонияның жіктелуі. Созылмалы пневмонияның клиникалық түрлері. Ағымы. Асқынулары. Хирургиялық емдеуге көрсетілімдер.

7,2

16.

Қант диабетінің диагностикасы, асқынулар. Комада жедел көмек көрсету

Диабетикалық кетоацидоздың клиникасы. Қант диабетінің асқынулары. Қант диабеті кезіндегі коматоздық жағдайлар. Инсулинотерапияның асқынулары. Комадағы шұғыл терапия.

7,2

17.

Балалардағы асқазан ішек жолдарының патологиясында, іштің созылмалы ауырсыну синдромының диагностикалық алгоритмі

Гастродуодениттің, панкреатиттің, холециститтің, ойық жара ауруларының ажырату диагностикасы. Ойық жара ауруының асқынулары. Асқазан-ішектен қанағудың диагностикалық алгоритмі. Шұғыл көмек.

7,2

18.

Балалардағы сарғаю синдромының диагностикалық алгоритмі

Нәрестелердегі сарғаю синдромының диагностикалық алгоритмі. Ерте және ересек жастағы балалардағы сарғаю синдромымен сиппаталатын нозологиялардың диагностикалық критерийлері. Балалардағы сарғаю синдромының ажырату диагностикасы мен емдеу тактикасы.

7,2

19.

Балалардағы гепатоспленомегалияның диагностикалық алгоритмі

Балалардағы гепатоспленомегалияның диагностикалық алгоритмі

7,2

20.

Балалардағы диарея синдромының ажырату диагностикасы

Секреторлы диареялар, құрылысы, диагностикасы, емі. Инвазивті диареялар, құрылысы, диагностикасы, емі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының диареямен қарсы бағдарламасы. Оральді регидратацияны өткізу қағидалары.


7,2


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет